Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 6 страница




Көз ұясының веналарының тромбофлебиті. Клиникалық флегмонаның симптомдарымен сипатталады, бірақ айырмашылығы­ біраз бәсең білінеді. Одан басқа симптомдар болуы мүмкін: қабақтың,беттің веналарының кеңеюі, терінің сүйелденген қызаруы. Көбінесе тромбофлебит орбитаның флегмонасына әкеп соғады.

Жедел жәрдем және емі көз ұясының флегмонасының емі,оған қосымша +антикоагулянттар.

Тенонит – көздің тенондық қабатының қабынуы.Клиникалық белгілері: көзді қозғалтқанда ауырсыну, экзофтальм, қабақтың ісінуі әлсіз, бірақ айқын хемоз. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлықтай. Себебі – таза аллергиялық жәй.

Көз ұясының қабырғасының остеопериостит – көз ұясының қабырғалары бойымен тығыз, жайылған немесе шектелген қызару.Ісік бар аймақта пальпация кезінде ауырсыну бар Хемоз, көз алмасының конъюнктивальді инъекциясы. Аталған белгілері қабыну ошағы көз ұясының алдыңғы бөлігінде орналасса байқалады және патологиялық процесстің сыртай белгілері негізгі қабыну ошағының орналасуына сәйкес келеді (танаудың қосалқы қуысының қабынуына, веналардың қабынуына және т.б.).

Периостит көз ұясында терең орналасса: экзофтальм, көз алмасы ығысады, оның қозғалысы шектеледі, хемоз және көру қабілеті төмендейді.

Ауру кокка флорасымен шақырылады,жиі балаларда тұмау, қызылша, қызамық ауруларында,немесе гематогенді - метастатикалық жолмен дамиды (мерез,туберкулез).Екі процессте «суық» түрде өтеді,бірақ мерезді периоститке тән жәй -түнгі ауысынудың болуы;ал туберкулезді процесс–ешбір аурусынусыз, субпериостальді ошақтар мен фистулалардың болуымен сипатталады. Емі: көз ұясының флегмонасы сияқты.

 

Бір жақты экзофтальмның жиі себептерінің бір і: қабынусыз тамырлы аурулар:

1- артерио-венозды аневризма,

2- көз ұясының веналарының варикозды кеңеюі,

3- каротидті-кавернозды өзектің (соустье.) венозды кеңеюі

Веналардың варикоздық кеңеюінде наукас басын,денесін еңкейткенде,дененің жоғарғы жағына күш түскенде,немесе мойындырықтық(яремная вена) венаны басқанда интермиттенген экзофтальм мен көз алмасының пульсациясы байқалады. Ауыр субъективті өзгерістер байқалмайды.Басын қалыпты ұстағанда экзофтальм басылады.

Бастың жарақаттарында каротидті-кавернозды өзек(sinus cavernosus арқылы өткенде ұйқы артериясы жарылғандықтан).Соның салдарынан артериальды қан жоғарғы көз венасына өтеді.Вена кеңейіп,қысым көз алмасына беріледі,яғни пульсациялық экзофтальм пайда болады.Венаның қабырғасының тербелісі пульстың толқынында көз алмасының пульспен бірге тербелісіне әкеледі.Субъективті құлағында шу,басында қатты ауырсыну пайда болады.Көздің пальпациясында,фонендоскоппен тыңдағанда көзде систалиялық шу естіледі.Ұйқы артериясын басқанда шу жойылады.Маңдай,самай, ұрт,конъюктива,склера тамырлары кеңейеді,көру нервісінің дискісінің сұйелденуі,келесіде процесс көру нервісінің семуімен аяқталады.Көз қимылдатқыш бұлшық еттердің салдылығы да болуы мүмкін

Экзофтальмның бір түрі – симпатикалық.Ол симпатикалық мойын нервісі тітіркендіргенде пайда болады. Оның белгісі: зақымданған жағында көз саңылауы кеңейеді, және мидриаз. Себебі: қалқанша бездің ісігі, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы, 7-мойын омыртқасының және оның маңының түрлі бастапқы зақымданулары. Егер олар симпатикалық нервтің салдылығын тудырса Клод-Бернар-Горнер синдромы дамиды (көз саңылауының тарылуы, миоз, экзофтальм).

Экзофтальмның дифференциальді диагнозын жоғары дәрежелі миопиямен,балаларда буфтальммен;энофтальмді көз ұясының даму аномалиясымен жұргізу керек.Оны анықтауда қолданылатын зерттеу тәсілі-эхоофтальмографиялық зерттеулер.

Келесі көз ұясының ауруларының белгісі-энофтальм.Оның себептері-көз ұясының қабырғаларының жарақаттары,Клод-Бернар-Горнер синдромы,көз ұясының ретробульбарлы клетчаткасының қабыну процесстерінің салдарында семуі,ауыр жұдеу аурулар.

Энофтальмға дифференциальды диагнозды микрофтальммен,жеңіл птозбен,беттің іштен туа пайда болған ассиметриясымен (эхографиялық) жүргізіледі..

Келесі патология-көз алмасының шетіне (бүйірге) ығысуы -қылилықтың дамуымен өтеді.Ол көз алмасының қозғалысының шектелуімен,диплопиямен сипатталады.Соңғы екі симптом көз ұясында (+) тінмен немесе жарақаттармен,инфекциялардың,уланудың,оның ішінде одонтогенді инфекциялардың,полиневриттердің, қыртысының,ми бағанасының ядросының зақымдалуы,энцефалиттер,менингиттер,арахноидтер және т.б.салдарымен қамтамасыз етіледі.Аурудың себептері ретінде келесі жайлар да болуы мүмкін: тамырлардың аурулары-периартерииттер,аневризмалар,тромбофлебиттер,шашыранды склероз (оның көздегі белгісі - көз қимылдатқыш нервтер мен бұлшық еттердің салдылығы,оның ішінде жиі-әкетуші нерв);қан ауралары (анемия,лейкемия) көз қимылдатқыш бұлшық еттердің салдылығының себебі ретінде және авитаминоздар (әсіресе,В тобындағы).

 

 

Көз ұясының ісіктері

Біртіндеп дамитын біржақты экзофтальм жиі орбитаның ісіктерінде байқалады. Оған ісіктердің барлық түрлері жатады. Ол ересектерде осы аурудың белгісі ретінде 45% жағдайда, ал балаларда 60 % жағдайда кездеседі. Ісіктер іштен туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді.Ісікті прцесс көз ұясының өзінен (біріншілік) немесе көрші аймақтардан(екіншілік) басталады Бірінші топқа гистогенезі бойынша ажыратылатын ісіктер жатады.Олар қатерсіз және қатерлі болып бөлінеді. Қатерсіз ісіктің белгілері: клетка құрамының жоғары, тұрақты дифференцациясы, ісіктің баяу өсуі, алып тастағаннан кейін қайта өспеуі. Оған жататындар: аденомалар, фибромалар, липомалар, остеомалар, хондромалар, миомалар, лимфомалар, глиомалар, кисталар.Кисталар іштен туа пайда болған(дермоидты,эпидермальды,холестеатома-сүйектітіннен,тератома-эмбриональды тіннен)және жүре пайда болған-қанды және паразитарлы(эхинококк,цистицерк) болып бөлінеді.

Қатерлі ісіктер: рактың барлық түрлері, саркома (фибросаркома, липосаркома, остеосаркома және т.б.) карцинома және бластома. Аталған ісіктердің бәрі біріншілік ісіктер.

Диагноз қойғанда міндетті түрде ісіктің таралуын халықаралық жұйеге сай көрсету керек- TNM:бұнда Т -ісіктің мөлшері немесебіріншілік ісіктің таралуы, N -аймақтық лимфа тұйіндеріне беретін метастаздар, М- метастаздардың алысқа таралуы.

Негізгі көрсеткіштер дәрежесіне сай бөлінеді:

Т1 – ісік диаметрі 1 см дейін және ағзаның 1 анатомиялық бөлімін зақымдайды,

Т2 – ісік диаметрі 2 см дейін және ағзаның 2 анатомиялық бөліміннен артық еместі зақымдайды,

 

Т3 – ісік диаметрі 3 см үлкен және ағзаның 2 анатомиялық бөлімн зақымдайдые

Т4 –ісік ағзаның көп бөлігін алады және басқа ағзалармен жұйелерге тарайды

N0 –аймақтық лимфа тұйіндерінде метастаздар жоқ

N1 -, аймақты лимфа тұйіндерінде біржақты,аралас метастаздар анықталады.

N2 – аймақты лимфа тұйіндерінде екі жақты немесе шектелген,аралас метастаздар анықталады.

N3-, аймақты лимфа тұйіндерінде біржақты,аралас емес метастаздар анықталады.

N4 аймақты лимфа тұйіндерінде екіжақты,аралас емес метастаздар анықталады.

М- алыстаған метастаздар жоқ

Клиникалық мағынасы жағынан орбитаның екіншілік ісіктері өзіне назар аударады. Себебі, олар орбитаға көз алмасынан, оның қосақыларынан, танаудың қосалқы қуысынан, мидан дамитын метастикалық ісіктер. Олар: бас миы іші ісіктері, мысалы: негізгі сүйектің кіші қанатының менингиомасы, самай аймағының ісіктері, бас ми сүйегінің негізінің ісіктері: мукацеле, менинго және энцефалоцеле; жоғарғы жақ аймағының ісіктері және танаудың қосалқы қуысының ісіктері. Мысалы: остеомалар (жиі орбитаның жоғарғы қабырғасында); саркома (жиі төменгі қабырғасында орналасады),ешбір аурусыз өтеді.

Көз ұясының ісіктерінің емі

Қатерсіз ісіктер – негізінде хирургиялық жолмен емделеді(жәй немесе сүйекті орбитотомия)

- егер ісік алдыңғы бөлікте орналасса-орбитотомия;ретобульбарлы орналасса-уақытша көз ұясының сыртқы қабырғасының резекциясы, орбитотомия және сүйекпен пластика

Қатерлі ісіктерде құрастырмалы ем: (оперативті, сәулелі, химиотерапия, -гормондар).

Хирургиялық ем - орбитаның экзентерациясы (орбитаның ішіндегілерін сүйек қабығымен алып тастау), ал егер ісік танаудың қосалқы қуысына жетсе,синустардың экзентерациясы. Капсулаланған ісіктерде-орбитотомия мүмкін.Профессор Бровкина А.Ф.жаңа емдеу тәсәлін, экзентерациясының жаңа түрі - лазерлі экзентерацияны ұсынды. Ол операциядан кейінгі асқынуларды төмендетеді (максимальды. гемостаз береді, асептика, операциядан кейінгі емдеу уақытын қысқартады).

Сәуле терапиясы жеке ем түрінде қолданылады (әсіресе саркоманың жеке түрлерін емдеу жоғары нәтижелер береді).

Біріншілік қатерлі ісіктерде сәулелі ем мен хирургиялық ем қолданылады.

Екіншілік ісіктерде,әсіресе Ш-1У сатыларында химио ем және гармондар,иммунодепрессанттар (циклофосфан, сарколизин, лейкеран, имуран, кортикостероидтар және т.б.) қолданылады.

Көз ұясының ауруларын анықтау тәсілдері:

- экзоофтальмометрия (көз алмасының көз ұясынан шығыңқы орналасуын анықтау.Қалыпты жағдайда 17-19 мм.Екі көз арасындағы айырмашылық 1,5 мм)

- орбитотонометрия (көздің ішкі тканьдерінің қысымын өлшеу)

- экзофтальмның редуктабельділігін зерттеу (саусақпен көз алмасын басқанда, оның көз ұясына қарай енуі,қалыпты жағдайда ол 6 мм)

- стетоскоппен көз ұясы маңында шуды тыңдау

- көз алмасың пульсациясын анықтау

- рентгенді зерттеулер

а) көз ұясы мен бас сүйегінің 2 проекциядағы рентгенографиясы.

б) орбитаның қабырғаларының жеке рентгенографиясы

в) орбитаның пневмоконтрастты және бояғыш заттпен рентгенографиясы.

компьютерлі томография

стереорентенографияс

ксерография

термография

- контрастты орбита, вена, ангиография

- термография, орбита

- радионуклеидті зерттеулер,сканерлеу мен сцинтифотографиямен

- көз ұясын ультрадыбыспен зонт енгізу арқылы зерттеу

- биопсия,пункция

- қажет болса-контрастты каротидті ангиография

Бақылау сұрақтары:

1.Көз ұясының негізгі белгілері қандай?

2.Экзофтальм – этиологиясы,түрлері,клиникасы,дифф.диагноз,емі.

3.Эндокринді экзофтальмның ерекшеліктері-түрлері,белгілері,емі.

4.Энофтальм-этиологиясы,клиникасы,анықтау тәсілдері,жедел жәрдем

5.Көз ұясының флегмонасы-этиологиясы.клиникасы,анықтау тәсілдері,жедел жәрдем.

6.Көз ұясының веналарының тромбофлебиты-этиологиясы,

Клиникасы,анықтау,жедел жәрдем

7.Тенонит – этиологиясы,клиникасы

анықтау,емі.

8.Остеопериостит-этилогиясы,клиникасы,анықтау,емі

9.Көз ұясының ісіктері –жіктелуі,анықтау,емдеу тәсілдер

Дәрістер

Тақырыбы:Қабақтың аурулары.

Оқу мақсаты:Қабақ негізгі қабыну аурулары туралы, олардың маңыздылығы,белгілері, дифференциальды диагнозы мен емі туралы түсінік беру

 

Блефарит қабақ шетінің қабынуы (мейбомиев,май безшелерінің) және оның үш формасын ажыратады: жәй, қабыршақты және жаралы.Басқа тұрлері-мейбомиевті,демодекозды.

Этиологиясы-токсико-аллергиялық жағдайлар,созылмалы инфекциялар,глистті инвазия,саңырауқұлақты,жас ағзаларының аурулары,асқазан аурулары,анемия,авитаминоздар,диабет,түзетілмеген рефракцияның аномалиялары (жиі гиперметропия мен астигматизм,),қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайлар,демодекозды блефаритте демодекстің зат алмасу заттарының әсері.

Анықтау принциптері- шағымдарына,анамнезге,клиникалық белгілеріне негізденген;конъюктивадан жағынды алып оның антибиотикке сезімталдығын анықтайды;цитологиялық вирусологиялық зерттеулер,алынған кірпіктерге микроскопиялық зерттеулер жасау;

Клиникалық белгілері:жәйблефариттерде қышу,жас ағу,қабақтың қызаруы және қырының қалыңдауы;қабыршақтыблефаритте -қосымша жоғарыда айтылғанға сұр,ақ түсті, мақтамен жеңіл алынатын қабыршақтар қосылады;

Жаралы блефаритте айтылғандарға қосымша кірпіктердің шетінде жаралану,қатқан қабыршақтар пайда болады және қабыршақтарды алғанда орнында қанаған жара қалады,кірпіктер де бірге алынады.

Асқынулары-трихиаз, мадароз,қабақтың кірпікті қырының сыртқа қарай айналуы.

Мейбомиев бездеріне байланысты блефариттерде қарапайым формасындағыдай белгілерге қосымша кірпіктерде ақ түсті муфталар пайда болады.

Емі:этиотропты жалпы және жергілікті-қабақтарды антисептиктермен тазарту (қабыршақтардан тазарту),спирт,эфир,брилл. көгімен сұрту,көзге СА(альбуцид 30%,),АБ (левомицетин 0,25%),түнге қарай АБ,СА майлар жағу,қабақтың массажы.

Жаралы блефариттерде қосымша хирургиялық тазарту тәсілдері қолданылады (жараны тазарту, медикаментозды ем, диатермокоагуляция,трихиаз пен энтропионда пластикалық ем).

Демодекозды блефаритте қабақтарлың шетін спирт- эфир қоспасымен сүртеді,арнайы паразиттерге қарсы ем(ихтиол мен ланолин,күкіртті май,трихополмен,цинкпен,ланолинмен,неостомозан және т.б.)

.Емдеу мерзімі 1,5­2 ай.

Гиперметропия мен астигматизмде үнемі киетін көз әйнегін тағайындау.

Теріскен- май безінің немесе кірпік түбіндегі қалташықтың (сыртқы) немесе мейбомиев безшелерінің (ішкі теріскен) жедел іріңді қабынуы. Жиі стафилоктармен шақырылады.Клиникалық белгілері ­қабақтың шектелген жерінде ісік, қызару, пальпаторлы шектелген жерде,қабақтың бойымен,кірпікті қырына жақын ауырсыну анықталады.2-4 күннен кейін іріңді қуыс қалыптасып, теріскен өздігінен жарылады.;ішкі теріскен конъюктива жағынан,сыртқы теріскен тері жағынан.Конъюктива жағынан тегіс жапырақты грануляция дамиды.Теріскенді қолмен қысу өте ауыр асқынуларға әкеледі- көз ұясының тамырларының тромбозы,каверозды синустың тромбозы (наукатың өміріне қауіп төнеді),менингитке,энцефалитке, және олардың асқынуларына.

Емі:инфильтрация сатысында- УВЧ, құрғақ жылу, сульфаниламидтер, салицалаттар, дезинфекциялық тамшылар,қабақтың терісін спирт,брилл. көгінің спирттік ерітіндісімен сүрту;флюктутуация сатысында (некроз сатысында)теріні тіліп,жараны жуып,іріңді жараға дренаж енгізу арқылы сыртқа шығару;құрғақ жылу көрсетілмеген.

Қабақтың абсцессі: ­қабақтың бүкіл бойында тінінің диффузды іріңді қуыс қалыптасуымен қабынуы.Этиологиясы:жергілікті іріңді процесстер(жаралы блефариттер,теріскен,фурункул).Клиникасы:негізгі белгілеріция кезінде бүкіл қабақ бойымен ауырсыну бар.Асқынулары теріскендікіндей.

Емі: антибиотиктер,сульфаниламидтер ішке,құрғақ жылу,УВЧ,егер қысым қалыпты болса;флюктуация пайда болса, теріні кесіп, іріңді сыртқа шығарамыз.Гипертониялық ертіндіден жараға таңба тағылады.Флюктуация сатысында УВЧ,құрғақ жылу көрсетілмеген.

Қабақтың даму аномалиялары.

Қабақтардың бұлшық еттерінің аурулары(лагофтальм,птоз,энтропион,эктропион,трихиаз,анкилоблефарон) және қабақтың формасының өзгеру (колобома,эпикантус)аурулары

Қабақтың сыртқа айналуы (эктропион) – кірпікті шеті сыртқа қарай айналуы.Ол жас нүктесінің теріс айналуымен өтеді.Жиі көзден жас ағумен,терінің сулануымен,дәнекер қабықтың созылмалы конъюктивиті мен гипертрофиясы мен,құрғауымен,кератитпен,қасаң қабықтың жарасымен сипатталады.Этиологиясы:қабақта күйіктен кейін тыртық бар,қабақтардың жарақаттық ақауы,экзема,жарақаттан соң көз ұясының қабырғаларының бұзылуы.

Емі:пластикалық операция

Энтропион – қабақтың кірпікті қыры (жиі төменгі қабақтың)көз алмасына қарай қайрылуы. Ол қасаң қабықты тітіркендіріп, қабындырады.Қасаң қабықта эрозия пайда болады,конъюктива зақымдалады.Пайда болу себептері:конъюктиваның тыртықтануы,шеміршектің формасының өзгеруі,балаларда көз айналасындағы бұлшык еттердің қарттарда семуі,бет нервісінің салдылығы,туберкулезді және мерезді остеомиетитті.

Емі:пластикалық операция

Колобома-қабақтың шетінің барлық қабаттары арқылы өтетін ақауы, жиі жоғарғы қабақта оның орта бөлігінде орналасады.Жиі беттердің басқа ақауларымен жұптасып кездеседі.Емі:пластикалық операция.

Эпикантус-қабақтың ішкі бұрышында орналасатын жоғарғы қабақтан төменгі қабатқа өтетін айшық тәрізді қатпары.Көздерге монголоидты түр береді,көздері танауға қарай қылиланып тұрғандай сезім береді.Жиі хромосомдық аурудың (Дауна ауруының)белгісі.

Трихиаз – кірпіктердің дұрыс өспеуі(қабақтар дұрыс орналасса да),олар көзге қарай өседі.Себептері:басырда кірпіктердің түбінің тыртықтануы,жаралы блефариттер,рецедивті теріскендер,дифтерия,күйіктер.

Емі:пластикалық операция;энтропион болмаса эпиляция немесе инелі электродпен кірпіктердің түптерінің диатермокоагуляциясы.

Анкилофлефарон-іштен туа пайда болған немесе жүре пайда болған қабақтардың тұтасып бітісуі.Ол толық немесе жартылай,тіпті жеке жіңішке жіпшелер тәрізді болады. Көбінесе бас сүйегінің формасының өзгерімен,өздік тамыр қабатының колобомасымен,симблефаронмен,эпикантуспен,анофтальммен қатарласып келеді.

Емі:хирургиялық(пластика)

Птоз- жоғарғы қабақтың төмен түсуі.Себептері:леватордың қызыметінің бұзылуы,көз қимылдатқыш бұлшық еттің салдылығы, мойын симпатикалық нервісінің салдылығы.

Емі: птозд айқын болса(қабақ қарашықтың ортасын жауып түрса және көруге кедергі болса),қабақ тері асты жіптермен күшті маңдай бұлшық етіне тігіледі немесе леватор қысқарады немесе леваторға жоғарғы тура бұлшық еттің қызыметін ауыстыру.

Лагофтальм- («қоян көз»)қабақтың толық немесе жартылай жабылмауы.Себептері:бет нервісінің салдылығы,қабақтардық тыртықты қысқаруы,қабақтарыдың теріс айналуы,экзофтальм,леватордың түйілуі,Этиологиялық бұл өзгерістер іштен туа пайда болуы мүмкін немесе

орталық нерв жүйесінің ауруларының салдары,грипп,V11жұп нервтің зақымдалуы, мойын омыртқасының түрлі аурулары,қалқанша безінің аурулары.Көз саңылауы жабылмағандықтан жас нүктелері көзден сыртқа қарай айналғандықтан,кірпік қағу бұзылғандықтан қасаң қабық құрғайды.Қасаң қабық қарауытып,бетінің тегістігі бұзылады,кератит,қасаң қабықтың жарасы дамиды,көруі төмендейді,жас әкету қабілеті бұзылады,көзден жас ағады,конъюктивит дамиды.

Емі:негізгі себепті- неврологиялық себептерін жою және жергілікті симптоматикалық ем(қасаң қабықтың кебуінің және қабынуының алдын алу мақсатында)- 30%альбуцид,таза вазелин майы,балық майы,антибактериалды майлар.Лагофтальм тұрақты болса,оперативті ем- блефарорафия немесе тарзорафия- қабақтарды өзара тігу.

 

Дәрістер

Тақырыбы:Жас ағзаларының аурулары.

Оқу мақсаты: жас ағзаларының негізгі қабыну аурулары,олардың маңыздылығы,белгілері, дифференциальды диагнозы мен емі туралы түсінік беру

Ж ас ағзаларының аурулары. Осы аурулардың негізгі белгісі – жас ағу. Бұл аурулардың себебін анықтау үшін жас ағзаларын қарау,пальпация,өзекше танау колларгол сынамалары, Ширмер сынамасы, жас жолдарын жуу,жас жолдарын зондпен зерттеу және контрастты заттармен рентгенография жүргізу. Жас шығару ағзалары аурулары ішінде көңіл аударатын жас безінің қабынуы. Дакриоаденит түрлі инфекцияларда эндогенді жолмен жұғады (жалпы – грипп,пневмония,қызылша,қызамық,тиф,жедел ревматизм;одонтогенді,лор ағзалардың аурулары және жиі паротит т.б.).Процесс жиі бір жақты.Негізгі белгілері:жоғарғы қабақтың сыртқы бөлігінде ісік,қызару,қабақтың формасы S- тәрізді,құлақ алды лимфа тұйіндері ұлғайған,көз алмасы төмен және ішке қарай ығысқан,диплопия бар.

ЕМІ:жалпы ауруларды емдеу;жергілікті ем- құрғақ жылу, УВЧ, СА, АБ, ал іріңдегенде теріні кесіп, іріңді сыртқа шығару және гипертопиялық ертіндіден таңба тағу.

Жас ағу аппаратының ауруларына жататындар: жас нүкте

сі мен өзектерінің тарылуы, ол созылмалы блефариттердің, конъюктивиттердің және зақымдалулардың салдары. Емі: жас жолдарына зонд енгізу, оперативті ем.

Жас нүктесінің теріс айналуы. Себебі: қабақтың атониясы,

Емі: оперативті.

Канакулит-жас өзектерінің қабынуы, жиі себебі саңырауқұлақ. Емі: оперативті(өзекті тіліп,бойындағы тығыз түйінді алу).

Дакриоцистит –жас қалтасының қабынуы. Ересектерде жас-танау өзегінің созылмалы қабынуы(конъюктивит, жиі-ретинит,синусит) салдарынан жас-танау өзегінің тарылуы. Жаңа туған нәрестелерде – жас-танау өзегінің төменгі ұшындағы мембрананың туғанда сақталуы (даму аномалиясы). Патонеге:жастың ағып кетуі бұзылғандықтан жас қалтасында жас жиналып,іріңді қабыну орын алады.Жас безі балада өмірдің 2 айында жас шығара бастайтындықтан,жастың жиналуы да осы жаста байқалады.Көзден кілегейлі және іріңді бөліністер бөлінеді,көз саңылауында жас тұрып қалады,конъюктива қызарады,жас қалтасын басқанда жас нүктесінен ірің шығады. Дененің температурасы көтеріледі. Басы ауырып, әлсіздік сезінеді,аймақты лимфа тұйіндері ұлғаяды.Емі:1-2 жұмада массаж,көзге альбуцид 30% немесе антибиотиктер ерітіндісін тамызу,нәтиже болмаса,жас жолдарын қысыммен антисептиктер ерітіндісімен жуу,жабындыны тесу ушін жас жолдарына зонд енгізу.Дакриоциститтің асқынуы да болуы мүмкін:жас қалтасының флегмонасы және фистуласы,көз ұясының флегмонасы мен венасының,кавернозды синустың тромбозы,іріңді менингит,наукастың өліп кету қаупі бар.

Жас қалтасының флегмонасы – іріңді инфекцияның қабынған және жұқарған дәнекер қабат арқылы немесе сирек жағдайда мұрынның қосалқы қуыстарынан жас қалтасының маңындағы клетчаткаға енуі Клиникалық белгілері:қабақтың ішкі байламы астында тері қызарған,жас қалтасының маңында,мұрын қабақтар мңында пальпация кезінде ауырсыну бар,жас қалтасын басқанда,жас нүктесінен іріңді бөліністер бөлінеді,қабақтар ісінген,конъюктива қуысында ірің бар,қабақтар жабысып қалады,басы ауырып,дене температурасы жоғарлайды;кейінірек флюктуация пайда болады.Тері жұқарып,тесіледі(абсцесс өздігінен ашылады)де ірің сыртқа шығады,фистула қалыптасады(мұрын ішіне қарай),тесілу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 2150; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.