Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аааааааааааааааааааа




Абсолютті құқықтық қатынастар. Жалпы сипаттама. Олардың басқа құқықтық қатынастар түрінен айырмашылығы

Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді

 

Адам мен мемлекеттің өзара жауапкершілік

Тұлғаның құқығы туралы орыс либералды құқықтық ойлардың түсінігі бойынша олардың бостандықтарын қамтамасыз ету механизмінің тиімді әрекет ету проблемаларын шешуді білдіреді. Басты міндет – ресей құқғы мен тұлғалардың құқықтары мен босатндықтарын қорғау аясындадағы дәстүрдің теориялық шешімінің жандандырылу мәселелерін табу. О.Е.Кутафин тұлғаның бостандығы мен адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруді азаматтық қоғамның маңызды белгілерінің қатарына жатқызады. Тұлғаның құқық бостандығы социологиялық тұжырымдамасына сәйкес тұтастай қоғам көлемінде байыпты интеграциялануы, ынтымақтасуын анықтайды. Либерализм қоғам емес, тұлғаның өзі құқықтық тәртіп жүйесі мен құрылымын анықтайтындығын білдіреді. Бұл тұжырымдама жеке тұлғаның ісіне мемлекет тікелей араласа алмайтындығын анықтайды.

Қазіргі демократиялық стандарт бойынша жеке тұлғаның құқығы ең алдымен тарихи құқықтық дәстүрлермен қорғалатындығы қарастырылады. Әр мемлекетте тұлғаның құқығын қамтамсыз ету механизмі өзіндік түрліше белгіге ие. Көбінесе ол мемлекет нысанымен анықталады. Ұлыбританияда бұл механизмнің маңызды институты монарх болып табылады. Оның саяси өкілеттігі (премьер-министрді тағайындау, абсолютті вето құқығы, қоғамдық Палатасын мерзімінен бұрын тарату, лорд Палатасының мүшелерін тағайындау т.б.) монархиялық емес биліктің жүйесімен салыстырғанда жаңа қағидалықты білдіреді. Ал, құқықтық және демократиялық қалыптасу жүйесіне көшкен Қазақстан Республикасы негізгі заңның нормаларында бекітілгендей, азаттық, теңдік және әділеттілік қағидаларына негізделген азаматтық қоғамды орнату, қоғам үстінен билік жүргізетін мемлекеттің асыл қазынасы ретінде – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын таниды.

Ғылыми жұмысымыздың мақсаты Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде өзін-өзі орнықтыруында оның негізгі белгілерінің бірі болып танылатын мемлекет мен жеке тұлғаның өзара жауаптылық мәселесін талдау.

Зерттеудің өзектілігі мемлекет мен азаматтардың өзара жауаптылығы мемлекеттің бұл екі суъектіні тең тұрғыда қарастыруы. Мемлекеттің ғана жауапкершілігінің жоғары болуы, оның саяси жүйесі мен тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамсыз етуі тек формалды тұрғыда қалады. Құқықтық мемлекетте мемлекет тұлғаның алдында, ал тұлға мемлекеттің алдында өзара жауаптылықта болуы шарт. Қылмыс туындағанда кінәлі тұлға өзінің жауаптылығын мойындауы, сондай-ақ мемлекет азхамттың, жәбірленуші тараптың құқығын қорғауы міндетті. Мемлекет тұлғаның жауаптылығын атқару міндеттілігіне жағдайлар жасауына кепілдік беруі шарт. Қазіргі таңда құқықтық мемлекет қалыптастыруда оның нығаюына азаматтар тарапынан да өздерінің құқықтық жауапкершілігін орынды сезініп, пайдалана алмайтындығы және мемлекет тарапынан кейбір заң нормаларының жетімсіздігі де байқалады. Жалпы құқықтық тәртіп пен заңдылықты орнықтыру үшін тек мемлекетке ғана арқа сүйемей, азаматтық қоғамның барлық субъектілері бірлесіп, олардың өзара жауаптылығы мойындалып, нақты жүзеге асырылғанда ғана көздеген мақсаттарға жетуге болатындығын ғылыми-теориялық және тәжірибелік зерттеулерге сай жеткізе білу.

 

Аналогияны қолдану негіздері және оның шарттары

Аналогия (гр. analogіaсәйкестік, ұқсастық) – әртүрліобъектілердегікейбірқасиеттердіңұқсастығы.

Логикададедукция, индукцияменқатарқолданылатынойтұжырымы.Аналогиядаойөрісіжекеденжекегенемесежалпыданжалпығақарайойысады.Адамөзойынтұжырымдайотырып, кейбірбелгілердіңұқсастығынансолнәрселердіңбасқабелгілеріндегіұқсастықтуралықорытындыжасайды.Аналогиялықтұжырымжасауадамзатенді-ендіқауымдасабастағаншақтыңөзінде-аққолданыстапқан.Мысалы, адамдаралғашқауымдасабастағанкезеңдетабиғатзаңдылықтарынәліжетемеңгереалмасада, аңаулауда, басқадатіршіліксалаларындааналогиялықтәсілдістихиялытүрдеқолданды.

Аналогия – ежелгігректіліндепропорциядегендібілдірген.Грекматематиктеріcандаржүйесінде 6:9=8:12 цифрларыныңАналогиялыекендігінаңғарған. Анологиябойыншаойтұжырымдаудыңмәнісінегізіненмынадайсхемағасәйкескеледі: «Анологияның а, б, в, с белгілерібар; В-ның а, б, в белгілерібар. Демек, В-ныңда с белгісіболуымүмкін».

Ұқсастырылатынбелгілердіңсипатынақарай: қасиеттераналогиясы және қатынастараналогиясы болыпекігебөлінеді. Егернәрселербелгілерініңұқсастығыолардыңқасиеттеріарқылысалыстырылатынболса, ондаол қасиеттераналогиясы депаталады.Нәрселерқатынастарнегізіндесалыстырылса, ондаол қатынастаранологиясы болады.Салыстырмалынәрселераналогиясыныңобъективтінегізі – олардыңқатынасы, жекелегенқырларыарасындағызаңдыбайланыстар.

Аналогия – алынғанқорытынды, ықтималдықсипаттама. Алоныңдәрежесінкөтеруүшінтөмендегідейшарттарорындалуытиіс:

1 салыстырылатыннәрселердіңортақбелгілерікөпжәнеәртүрлісипаттардықамтуы;

2 нәрселердегіортақбелгілердіңмаңыздыболуы;

3 ортақбелгілерменсалыстырылатынбелгілерарасындазаңдыбайланыстардыңжатуы.

Әйтседеаналогияныңықтималдықсипатынабсолюттүрдеқарауғаболмайды.Аналогияныңтанымдықмәніндегіерекшелік – олнегізінензерттеупроцесініңалғашқыкезеңдеріндеқолданылады.Аналогияізденушініңбілімінұштауына, ақиқатқақолжеткізуінесептігінтигізеді, бірақонығыл.-зерттеудіңбірден-бір, негізгітәсіліретіндеқарастыруғаболмайды.
 Аналогия – танымдағыкөмекшітәсіл, білімжетілдірудегікөптегенәдістердіңбіріболыпқалабермек.Қоғамғақауiптiлiктiңсипатықылмыстыңқандай қылмыстарғақолсұғатындығымен (адамныңөмiрi, меншiгi, денсаулығы, мемлекетқауiпсiздiгi), ал қоғамғақауiптiлiкдəрежесiқолсұғушылықтыңерекшелiгi мен деңгейiне, қылмыстанкелгензардаптыңауырлығынабайланыстыанықталады. Қылмыстыңқоғамғақауiптiлiксипаты мен дəрежесiқылмыстықзаңдакөрсетiлген санкция бойынша да анықталады.

Жасалғанəрекеттеқоғамғақауiптiлiкбелгiсiнiңболмауыоныңқылмыстылығы мен жазаланушылығынжояды. Сондықтан, жасалғанəрекеттiңбелгiлерiформальдыболса да бар, бiрақелеулiмаңызыболмағандықтанқоғамғақауiптiемесiс-əрекетқылмысболыптабылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлiгi).

Қылмыстыңекiншiбелгiсi - қылмыстыққұқыққақайшылық, яғнибелгiлiбiрəрекетпенқылмыстықнорманыбұзу. Құқыққақайшылыққылмыстыңформальдыбелгiсi.

Қоғамғақауiптiiс-əрекетегеролқылмыстықзаңдатiкелей қарастырылғанболсағанақылмысболыптабылады. Сондықтанəрекеттiңқылмыснемесеқылмысемесекендiгiншешукезiндезаңныңаналогиясықолданылмайдыдепкөрсетiлген.

 

Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс

Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы61 Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы. Азаматтық қоғамның белгілері: - адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі; - өзін-өзі басқару; - оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі; - еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм; - жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы; - өмір сүру координация қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады); - экономиканың көпжақтылығы; - биліктің заңды және демократиялық сипаты; - құқықтық мемлекет; - адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б. Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді: 1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік); 2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.); 3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 4) саяси партиялар мен қозғалыстар; 5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы; 6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі; 7) отбасы; 8) шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой- пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.

Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе — Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.

Тағы бір ескертетін мәселе — «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құл иелену формациясында да, феодалдық формация да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.

Құқықтық мемлекет — тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңцігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», — деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер қүқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кеттік.

Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.

Гроцкий — қоғам тарихында қалыптасқан қүқықты екіге бөлді: табиғи кұқық — адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі — мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.

Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бо-стандығын, тендігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.

Локк — Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, тендігін қорғау.

Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, арнамысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.

Гегель — қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.

Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса, құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқуалуға тиіс. Бостандық Маркстің ұғымында, -қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде — мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дуниежүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.

Сонымен, құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемле-кет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.

 

Атқару билігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар: ұғымы, құрылу қағидалары және қызметі.

Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.

Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.

Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына тоқталып өтетін болсақ.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.

Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.

Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.

Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқарады

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әлеуметтік нормалардың ұғымы және түрлері. Техникалық нормалар, олардың ерекшеліктері.

Әлеуметтік нормалардың түсінігі. Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар, арап айтқанда құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт – дәстүр және ритуал нормалары болып табылады. Әлеуметтік нормалар – бұл адамдардың мінез – құлқын, және олардың ара – қатынасын, ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын мінез –құлық ережелері. Әлеуметтік нормалардың белгілері: - әлеуметтік нормалар адамдардың мінез–құлық ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, мемлекет пікірі бойынша адамдардың мінез–құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады. - әлеуметтік нормалар – бұл жалпы сипаттағы мінез – құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған. - әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдағы міндетті мінез – құлық ережелері. Құқықтық нормаға емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі. Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез – құлқына белсенді әсер етеді.

Әлеуметтік нормалардың түрлері. Әлеуметтік нормалардың әр алуандығына байланысты, олар келесідей топтастырылады:74 1) Құқық нормалары – бұл мемлекет бекітетін және қорғайтын мінез – құлық ережелері. 2) Мораль нормалары – бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар–ождан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез – құлық ережелері. 3) Қоғамдық ұйымның нормалары – бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін және бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық әсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез – құлық ережелері. 4) Әдет нормалары – бұл адамдардың бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде адамдардың әдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез–құлық ережелері. 5) Салт–дәстүр нормалары – бұл адамның өмір сүруінің белгілі бір саласында уақытқа сәйкес прогрессивті ережелерді қолдаумен пайда болған тұрақты мінез – құлық ережелері. 6) Ритуал нормалары - бұл әр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез – құлық ережелерін анықтайтын және моральдік әсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады. 7) Діни нормалар – бұл әр түрлі діннің ерекшелігіне байланысты қалыптасқан ережелер.

Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, әр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым – қатынасын реттейтін мінез – құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану. Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады. Техникалық нормалары әлеуметтік сипатта болады. Бірақ тікелей адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардан ерекшелігі, техникалық нормалар техниканы пайдаланумен байланысты адамдардың мінез – құлқын реттейді. Техникалық нормалардың ерекшелігі, олар техникалық мазмұны бар әлеуметтік нормалар ретінде болады. Әлеуметтік – техникалық нормалар техниканы қолданумен байланысты қоғамдық өмірдің саласын ретеуші ретінде болады. Техникалық нормалардың мазмұны: табиғат дамуының, объективті заңдылықтарына, жаратылыстану заңына негізделген. Сондықтан да, көптеген техникалық нормалар объективті қажеттіліктің талабы. Техникалық нормалар – бұл нормалардың ерекше түрі емес, ол техникалық мазмұны бар әр түрлі әлеуметтік нормалардың жиынтығы. Мысалы, жарыс ережелері әдетке айналған, техникалық нормаға мысал, караулға командир қарумен орындау жатады. Техникалық нормалар құқықтық нысанда да болады. Осыдан барып, олар міндетті болып, қажетті жағдайда мемлекет қорғауында болады. Мысалы, қылмыстық кодекс пен көлікті жүргізу және пайдалану ережелерін бұзған үшін, жауаптылық көзделген. Техникалық мазмұны бар құқықтық нормаларды техникалық – заңи деп аталады. Әскери – техникалық нормалар техникалық мазмұны бар әлеуметтік нормаларға кіреді. Олар әскери қызметшілердің әскер техника мен әскери қару жарақты тиімді пайдалану ережелері.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1840; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.05 сек.