Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

В глазах знатаков 8 страница




Абай жақтырмай отырған "оқыған шәкіртпен" кейінгі замандағы оқыған орыс тілді шәкірттің арасында көп айырмашылық бар. Абай әуелі түркіні, одан соң араб пен парсыны, содан кейін экономиканы үйрен десе, кейінгілер қазақ тілі мен дінін де ұқпай өсті. Сондықтан да олардың бойындағы қан – таза қазақы қан емес. Будан. Ал будандар үшін ең қауіпті нәрсе – ұлттық сезім, ұлттық мүдде, ұлттық билік. Олар өз ұлтын ешқашанда сүйе алмайды және түсінбейді. Қандай қызметте отырса да айналып кеп "қазақты аңдысам" дейді. Ұлттық тәуесіздікке қарсы күрес майданы басталған тұста солардың шүлдірлеп басы қосыла қалатыны сондықтан. Колбиннің тұсындағы "будандардың" буы бұрқырап шыға келгені соған дәлел. Яғни, Абай айтқандай олар:

Орыс съезд қылдырса,

Болыс елін қармайды...

... Орыссыз жерде топ болса,

Шақырған кісі бармайды, -

дегенніңнағыз өзі.

"Кіреді, шығады. Іледі, қашады". Түбегейлеп елдің қамын ойламайды. Дәл қазір Абаймен бірге түңілудің қажеті жоқ. Тек бостандық рухын жүрекке мықтап сіңіру керек. "Дейді, деді, депті" дегеннің заманы өткен. Ғылымды, білімді тәуелді болу үшін емес, тәуелсіз болу үшін игеру лазым. Тәуелсіздік рухы – қасиетті рух. Тәуелсіздік ғылымы – қасиетті ғылым. Дәл осы жол үшін:

"Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың (қандай ғылымын үйрену керек екені қазір түсінікті – Т.Ж.) ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Өйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсетер, өзі рахат көрер ме, иә жұртқа рахат көрсетер ме?" – дейді Абай.

Абайды енді тобырға жеңдірудің өзі қиянат. Ақыл, ойға жасалған қорлық. "Тыңдаушымды ұғымсыз, қылып Тәңірім берген-ді" дейтін зердесіз заман өтті. Ұлттың рухы өзгерді. Қаншама зауалды тарихи кезеңді бастан кешіріп, сабақ алды. Енді "ақылға сүйеніп" өмір сүретін дәуір туды. Елге күзетші болатын зиялы ұрпақ келді дүниеге. Сондықтан:

Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге,

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге, -

деген Абайдың сөзінің мағынасын терең талдап түсінейік.

Бұл – өсиет, Абайдың өсиеті. Оның себебін "Жиырма бесінші сөзді" талдау барысында түсіндіруге тырыстық. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл", - деген емеурінмен әңгімені аяқтаймыз.

 

5."ӨЗІМДІКІ ДЕЙ АЛМАЙ ӨЗ МАЛЫҢДЫ... "

(Абай және экономикалық тәуелсіздік мәселесі )

I

Дананың ой-ағымына тосқауыл қойылмайды. Даналықтың үш мәйегіне: "суық ақылға", "ыстық жүрекке", "қол қайратына" сүйеніп, санасын сарғайтып барып қорытқан олардың тұжырымдарының қай-қайсысының да астарында түйсіктің (интуицияның) ашылмаған сәулесі жатады. Кейде оны ой иесінің өзі де сезінбеуі мүмкін. Бір толқынды екінші толқын қуып, шайқай-шайқай тас пен тамырды маржанға айналдыратыны сияқты, ойды ой қуып барып ұлы ұғымдар қалыптасады. Мұндай тосын тұжырымдар Абайда да жиі ұшырасады. Соның бірі арнайы сөз еткелі отырған ұлттық тәуелсіз ықтисатқа (экономикаға) байланысты.

Әрине, ақыннан, оның ішінде Абайдан ықтисатшы шығара алмайсың. Ол – далбасалық. Бұл туралы Мишель Эйкем де Монтеньнің: "Ақымақтық кез келген құбылысқа тән нәрсе, тек поэзияға ғана ақымақтық жараспайды" – дегені бар. Бірақ та, "еріншек, бекер мал шашпақты" қалай түсіндіруге болады? Мұны қандай ықтисаттық заңдылыққа сыйғызасың? Әлде, ақынның тіл үшіне оралған қатардағы нақыл сөздің бірі ме?

Өзге туралы мұны айтуға болар, алайда Абайды әншейін адам деудің өзі күпірлік. Өз заманы мен ұлтының озық ойлы өкілі ретінде тіршілік алқымына назар салмауы мүмкін емес. Оның үстіне қазақ ұлтының саяси және әлеуметтік жағдайы соған мәжбүр етті.

Ел жұрты тәуелді болған ақынның тәуелсіз өмір сүруі мүмкін емес. Ұлттың жат жұртқа басыбайлы болуының басты себебінің ең үлкені сонда жатыр. Дерттің емін білмесе емдеп қажеті не?

Ал экономикалық тәуелділікті өлеңінде де, "Қара сөзінде" де қозғап, көркем ойдың өзегіне арқау еткен және соның өлшеміне сыйдыра білген Абайды тым қарабайырландыруға да болмайды. Бұл ретте Қадыр ақынның: Абайдың әр жолын жеке бұтарлап алып, оны орынды-орынсыз қилы-қилы құбылыстармен салыстыру жөнсіздік деген пікір дұрыс. Дегенмен де, Абайдың астарлы ойын таза поэзиялық толғау, образ, теңеу тұрғысынан қарап, жеңілдетіп жіберу де "жанашырлық" емес. Біз жиі-жиі сөзіне жүгінген П.Я.Чаадаев: "Ақындық шабыт дегеніміз менің көзқарасымша, тек қана жалынды сөздердің шарпысуы емес, сонымен қатар идеялардың да буырқанысы... Қарасөзге сүйенген ақын емес... Мен ақындардан: менің рухымды қалай астаң-кестеңін шығарып тебірендірсе, жүйкемді де дәл солай сілкілеуін талап етемін" – депті. Абай осы екі қасиетке де ие ақын. Абайды оқығаннан кейін "жүрегің тілім-тілім" боп, өзегің өртеніп, сілікпең шығып қалады. Он-он бес күн өзіңе-өзің келіп, ойыңды жинақтай алмайсың. Өмірдің тереңде жатқан бар құбылысы ақыл толқыныньщ бетіне шығып, сергелдең күй кешесің. Соның ішінде ұлттың, күнкөрістің қамы да бар. Бұл пікірді кекетуге болар, бірақ соны айтып кеткен Абайды кекете алмайсың. Сіз түсінгеннен гөрі ол әлдеқайда астарлы жайды мегзеп тұр. Абайдың Ұлылығының өзі сонда жатыр. Егер экономикалық тәуелсіздікті тілге тиек етпесек, онда:

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, -

дегенді қалай түсінеміз және қалай түсіндіреміз?

Тамыры елінің тәуелсіздігінің тағдырымен жалғасып тұрған бұл пікірді поэзиялық күрделі ой ағымын білдіретін өлеңжолдары ғана деуге бола ма? Астарсыз, "қыздырмалаған қызыл сөз" үшін жазылса, онда Абай – Абай бола ма? Олай болуы мүмкін емес. Егер солай болса, онда Абай:

Сөз айттым: "Әзіретәлі, айдаһарсыз ",

Мұнда жоқ "алтын иек, сары ала қыз ".

... "Әсіре қызыл емес " – деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз, -

демес еді.

Сондықтан да, поэзияны "ақымақтандыру" бір басқа да, оның астарын ашу бір басқа. Яғни Асан қайғы айтқандай:

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

Ал Абайдың "ой түбінде жатқан сөзі" де, оны "толқытатын шері" де бір басына жеткілікті болатын. "Жарлы емеспін, зарлымын", - деуі де сондықтан.

Демек, экономика мен поэзия да тоғысады екен. Оны тоғыстырып тұрған "шерлі толқын" – тәуелсіздік.

Қарабайыр түсінікпен қарасаңыз, экономика мен поэзия ешқашан басы қосылмайтын ұғымдар, яғни ит пен мысық сияқты. Демек, экономист пен ақын кереғар тұлғалар. Бірақ даналардың ойына шекара жүрмейді. Сол экономика мен поэзияны, экономист пен ақынды, тіпті ит пен мысықты да рухани татуластырып, поэзиялық бейнеге айналдырып жіберетін ұлы, сиқырлы, қасиетті ұғымдар болды. Соның бірі – бостандық деген сөз. Егер азаттыққа, рухани еркіндікке, тәуелсіздікке қызмет етсе, кез-келген қарама-қайшы ұғымдардың өзі үйлесім тауып тұрады. Өйткені, "жан бостандығы" – ақын Абайға да, физик Сахаровқа да, зұлым Чакаға да, қасиетті һәм қажет. Қытай ғұламасы Конфуций:

"Әрбір нәрсенің бастауы мен аяқтауы болады. Адамның ісі де солай: Өзінің бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсінген адам ақиқатқа жақын тұрады", -депті.

Ендеше, біз де басталған ойды одан әрі Абайдың өлеңдері мен "Қарасөзіндегі" "экономикалық тақырыпты" сабақтау арқылы дамытамыз. Ешқандай қисынсыз һәм үмітсіз тақырып. Бірақ ұлы Абайдың өзі соған еріксіз мәжбүр етіп отыр.

Әңгімені саясаттан, дәлірек айтсақ, саяси экономикадан бастайық. Дүниенің құлқын өзгертетін және оны зерттейтін ғылымның бұл саласының жетістіктерін түгелдей саралап шығу қиын. Бірақ Абайдың "экономикалық поэзиясына" жақынырақ тамырластыру үшін Абайдың өзі тікелей әкімшілік тұрғысынан бағынған және сол жердің елі мен мекенін отарлаудың жоспарын жасаған аға тексерушінің (ревизордың) пікірі мен мәліметтеріне жүгінеміз.

Сонымен, қазақ жері толықтай Ресейдің отарлық дәргейіне көшті. Жерді аршындап өлшеп, әр тасын есептеп алды. Билік "Екінші низамнан" кейін толықтай патша дәбірлерінің қолына өтті. Рухани тәуелсіздіктің рухы жойылды. Енді халықты бүтіндей тұншықтырып, басыбайлылыққа айналдыру үшін экономикалық кіріптарлыққа түсуі керек еді. Мұның алғышарттары белгіленіп қойылған. Тек соңғы дайындықтар жасалып жатты. Омбы бақылау палатасының аға ревизоры И. Мельников қазақ ұлтын бүкілдей басыбайлы етіп, шоқындырудың шешуші жоспарын, яғни "Үшінші низамды"тағы да бір тексеруден өткізіп, ол туралы тұжырымын мәртебелі ағзамның кеңсесіне жолдады. Мұндай әрекеттің жүргізіліп жатқанынан Абай толық мағлұмдар болатын. Олардың мақсаты да белгілі. Сонда қазақтарды не күтіп тұрды? Отар елдің келешектеті тағдыры шешіліп қойылған еді. И.Мельниковтың пікірінше:

"Қазақ халқының тағдыры біздің жер шарын мекендеген өзге елдер сияқты адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуыңдағы тарихтың жазылмаған заңына бағынышты және солай аяқталады. Ол заң бойынша: жер бетіндегілердің барлығы, оның ішінде адамдар да қоршаған орта мен қалыптасқан жағдайға бейімделсе және оған бағынса ғана өмір сүреалады. Ал оған мойынсұнғылары келмегендер жер бетінен аяусыз түрде жойылады. Қалыптасқан осындай жағдайға қазақ халқы мойынсұнып отыр ма? Қалай? Қайда? Не үшін және қандай дәрежеде? Бұған жауап беру деген сөз – қазақ халқын алда не күтіп тұр, қантөгіске ұшырамау үшін не істеу керек деген мәселеге жауап беру болып табылады" – екен.

Мұндағы "қалыптасқан" жағдай деп отырғаны отарлау менбасыбайлылық. Оған көнбесе, "жер бетінен аяусыз жойылады".Міне, империяның қазаққа дайындап қойған "тарихи орны". Қазақтан әскер алу екінші дүниежүзілік соғыскезіндегі мемлекеттік қажеттілік емес, одан он бес жылбұрын жоспарлап қойылған жай. Тек соның "шағымды" сәтінкүтіп тұр еді. Ол үшін жаппай шоқындыру және отырықшыландыру жөніндегі жазалау шаралары жүзеге асырылуы тиіс болатын. Жердің қазақтарға қоныс болудан қалып бара жатқанын, жанына қысым түсіп келе жатқанын Абайда сезіп:

Басқа – сая, жанға – олжа дәнеме жоқ,

Қайран ел осымен жүр далақтап,

депкүйзеледі.

Қара бұлттың төнгенін дәл Абайдай сезініп, қалың ойдың қоршауында қалып, торыққан жан ол заманда сирек кездеседі. Түйсінгендер бар, бірақ, жүрегі қапа мен қайғыдан жарыла түңілген Абай ғана. Қалыпты қазақ тіршілігінің бұзылуы, көшпелі өмірдің керуенімен қоса қазақтың да жер бетінен ысырылуы оның жанына қатты батты. Қалайда елімді елетемін деген арманы кесілді. Сондай сәттерде торығып:

"Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең – бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па? Ешбір байдың өзмалына еркі өзінде жоқ... Болыс пен биді құрметтейін десең – құдай берген болыстық пен билік те жоқ. Сатып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Ендігі қалғаны қу мен сұм. Олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес. Жә, кімді сүйдің, кімнің тілеуін тіледің?" – деп көңіліне медеу іздейді.

Ондай демеу мен медеуді Абай таба алмады. Табуы да мүмкін емес еді. Жер де, ел де, оның байлығы да толықтай империяның дәргейіне көшкен. Олардың қостауынсыз, қолпаштауынсыз малыңды малдап, жаныңды жандай алмайсың. Билік те, тіршіліктің көзі де жаттың қолында. Бірақ соны қазақ елі түсінбей, әрқайсысы өзінің бір күндік қам-харакетін "үнем қылып", елдіктің рухынан айырылды. Жаппай көрсеқызарлық пен пысықтық, жалған мақтан мен жалған намысты малданып, тіршілік еркінен айрылып қалғанына ызаланып:

"Ендігі жұбаныш: "Жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той. Көппен бірге болса болады да деген сөзді жұбаныш қылады. Оған құдай тағала айтып па: көптен қалмасаң болады деп, көпке қаһарым жүрмейді деп? Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме?" – деп назаланады.

Біреудің малы жұтқа ұшыраса күйінбейтін, өзінің малының амандығына сүйінетін жұрттың томырық психологиясына ашынды. 1864 жылғы "Екінші низамнан" соң жер де, оның байлығы да Ресейдің меншігіне көшті. Анна Иоановнаның бодандық дәргейіндегі қателіктерді отаршыл ел түзеп, заңдастырды. Бұл тұзақ жекеге емес, баршаға түскен тұзақ. Абай өзінің қара сөзінде соны мегзеп отыр. "Көпке қорлық жүрмей ме?" деп сұрақ қоюдың мәні сол.

Көпке зорлық жүреді. "Көп" қана емес, мұқым ұлтқа қорлық пен зорлық көрсету заң арқылы бекітіліп, енді соның жүзеге асатын мезгілі анықталып жатқан болатын.

Ресей үшін оның мәселесі шешіліп қойған. Тіпті қатардағы чиновниктердің бірі И.Мельников үшін оның өзі айдай анық еді. Мұны қоныс аударушылар да білді. И.Мельников өзінің "Қазақтарды Сібір қазақ әскерінің маңынан 10 шақырым (верст) аулақ қоныстандыру үшін оларды көшіру және қора-жай салу үшін 500 сом бөлу туралы мәселеге орай" берген мәлімдемесінде:

"Інжілдегі" дәруіштер сияқты емін-еркін өмірдің, Арабстандағы бәдәуилер іспетті көршілеріне шапқыншылық жасаудың дәуірі біткендігін, енді жерге қоныстанудың қажеттігін, болашақта өздерін не күтіп тұрғанын қазақтар да сезетін сияқты. Олардаң тым сылбырсып жүргендігінің бір себебі, олардың қай жерге барып ұя салары толық белгіленбегеңдіктен деп есептеу керек. Осы халықтың тағдыры туралы тарих шығарған қатыгез үкімге қарамастан көңілге уайым түсірер бір күдік туралы айтпай кетуге болмайды, қыр жағдайымен етене танысқан соң мұндағы адамның өмірі табиғи ерекшеліктерге бейімделе ала ма деген ой келеді. Бұл арада орыстар тұрақты қоныстана ала ма? Қазақтардың малдарына қолайлы жерлерін алып алған соң олар кедейленіп шыға келеді. Ал ол араға қоныстанған орыстар кетіп қалу қаупі бар, ендеше бұларды асығыстықпен көшірмей, қарайласа дұрыс болар еді... Олардың өміріндегі мұндай экономикалық қасірет номадтардың тарихы мен әлеуметтік жағдайының нәтижесіңде қалыптасқан қажеттілік... Қазақ даласындағы экономикалық күйзелістің басты себебі – номадтардың қөшпелі тіршілігіндегі дәстүрлі қарым-қатынастың бұзылуы екенін үкімет ескертуі тиіс", - деп жазды.

Иә, әрі үкім, әрі нұсқау.

Қазақтар жерге қоныстанса да аштан өледі, сол көшпелі қалпын сақтаса да аштан өледі, сол көшпелі қалпын сақтаса дажұтқа ұшырайды. Жаз жайлау, күз күздеу, қыс қыстау жайына қалады. Шөл мен тастақ жер ғана олардың еншісіне тиеді. Көшпелілерді күйзелту – экономикалық саясаттың бастыбағыттарының бірі. "Жер өспейді, ел өседі". Мұны көзімен көрген Абай өз тұсындағы келімсектер араласқан жұрттың жайын:

Жетіліп жаз жайлауға қона алмай жүр,

Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр.

Қыс қыстауың қып-қызыл ол бір пәле,

Оралып еш шаруа оңалмай жүр, -

деп бейнеледі.

Дәл осы сөздің рас екендігін көп өзеуреп жатпай-ақ әлгі И.Мельниковтың:

"Түркістанды бағындыру арқылы даланың оңтүстігі қоршалды, бұл қазақтардың толықтай Ресейдің қол астына көшкендігінің ең шешуші пәрмені болып табылады: соның нәтижесінде, бір жағынан, қазақтардың азиялық хандықтарға емін-еркін көшуі тоқталса, екінші жағынан, қазақ даласына орыстардың жаппай қоныстануы күшейді, олар қазақтардың қонысына жайлы жерлерді орыстар егін салу үшін басып алып, өздерін қуып шықты, қысылып-қымтырылған қазақтар тұйықтан шығу үшін сулы жерге, көбінесе жағасы шалғын, нулы, бірақ та орыстар бекініп алған Ертіс өзенінің жағасына қарай ығысты, онда бос жер қалмағандықтан да жайылымды жалға ала бастады", -деген мәліметін келтірсек те жеткілікті. Қазақ елі өз жерінде, өз елінде отырып, жатқа жалынышты болды. Бұл дегеніңіз нағыз экономикалық тәуелділік еді. Соны білгендіктен де Абай:

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, -

деп отыр.

Ресей империясы "қазақтарды жер бетінен мүлдем құртып, жойып жіберу" үшін оның ең алдымен дәстүрлі көшпелі экономикалық қарым-қатынасын бұзды. Ал қыр елінің бар тіршілігі соған негізделген болатын. Көшпелі өмір салтына бейімделген күнкөріс қамы – олардың өмір тірлігінің кепілі, ең қасиетті мүддесі, ешқашанда бұзуға болмайтын заңы еді. Жайлау, күзеу, қыстау, көктеу – тек қана "қаңғыбастыққа" құмарлық емес, өмір сүрудің тәсілі болатын.

Ұшы-қиырсыз жерді мекендеген көшпелілердің солтүстік қанаты көшпелі, оңтүстік қанаты жартылай көшпелі, жартылай отырықшылық тіршілік құрып, егіншілікпен айналысты. Олардың арасындағы экономикалық байланыс үзілген жоқ. Соның нәтижесінде көшпелілер тілдік, ортақ экономикалық, ұлттық бірлігін сақтап қалды. Сондай ұлттық экономиканың ең көне әрі негізгі көзінің бірі – Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында күз айының салтанатты бір суреті ретінде суреттеліп, ауылдың қасынан өтіп бара жатқан керуенге қарап: "Алақай, Ақ шом кетіп барады!" – деп қуана айқайласатын, ал Абайдың өзі:

 

Қаз, тырна қатарласып қайтса бермен,

Астында "Ақ шомшы " жүр, ол бір керуен, -

дейтін "Ақ шомшы".

Осы "ақ шом" экономикалық дәстүрін сақтаймын деп "Алаштың" Әлихан бастаған азаматтары өзінің өмірін қиды. "Ақ шом" – қазақ көшпелі экономикасының ең мүдделі тәсілі еді.

Ол – нарық. Ол – тіршілік. Ол – елдіктің кепілі.

Қысы ұзақ солтүстікте астық өндіру, жеміс-жидек, бақша баптау қиын. Ал оңтүстіктегі егіншілік өлкеде мал тұяғы умен тең. Сондықтан да көшпелілер "Ақ шом" айналымын қолданды. Күзде солтүстіктегі малшылар өзінің темір-терсек, жүн-жұрқасын артып, түйеге қомдап, оңтүстікке аттанады. Әр үйден, ауылдан белгілі азаматтар ере шығады. Сарыарқа мен Мұғаджардан ағылған "ақ шомшылар" күзде қаздай тізіліп оңтүстікке кетіп бара жатқан. Қайтқан құстармен қоса даланы дуға бөлеген бұл салтанатты көріністі Абайдың жырлауы тегін емес.

"Ақшомшылар" арысы Бұхара, Самарқаннан, Хиуадан, берісі Түркістан, Шаштан "тамыр" табады да әлгі апарған терімен жүнін астыққа айырбастайды. Әркімнің өзінің күні бұрынкеліскен адамы бар. Екі жақта өзгеге қолындағысын бермейді. Өнімдерінің сапасына сенеді. Жұт, қуаңшылық жылдары несиеге алады. Сонау миладиден бұрынғы скиф заманында да солай болыпты. XX ғасырға да сол қалпы жеткен.Ол туралы элладаның саяхатшысы Страбон жыл қайыруымыздан бұрын бес ғасыр ілгері заманда:

"Номадтар қарақшылық, шапқыншылықтан гөрі, көбінесе дүркін-дүркін жорыққа аттанып тұруға әуес және қолүздік үшін аттанады; олар жер өңдеуді білетін диқандарға өздерінің қол астындағы жерді бөліп береді, шыққан егіннен белгілі бір мөлшерде болмашы ғана ұшыр алады. Мұны олар қорлану, баю үшін емес, күн сайынғы тіршілік қажетін қамтамасыз ету үшін ғана жияды; егерде әлгі несиені бермеген жағдайға ғана оларға қарсы жорыққа аттанды... Шындығына келсек, сол несиенің өзі оларға дұрыстап төленбейтін. Өйткені, олардың шабуылын оп-оңай тойтарып тастаймыз немесе қарсы жорыққа шығамыз деп үміттенетіндер мен өз күшіне сснетіндер ғана салым төлемейтін", - ( VII.4.6.) – деп жазды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 302; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.