Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

В глазах знатаков 10 страница




Жауынгерлік рух, тәуелсіз тіршілік көзін табу, рух қайраты, дінге беріктік іспетті қасиеттерді үлгі тұтады. Ол осы ойын "Төртінші сөзінде":

"Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды", -деп дамытады.

Абайдың мұндағы "бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды – деп отырғаны-адамның таза рухы. Тәуелсіз рухы. Малға айырбастаған рух – өлі рух. Онда рух қайратының өшкені.

Рухтың бірі – дін. Таза иман. Тәуелсіз жүрек. Алладан басқаға тәуелді болмау. Рухани бостандық.

Оны бір рет аяққа таптасаң қайтып таппайсың. Сондықтан да "қазаға да шыдап, дін күтуге де шыдап, медіресе сақтауға да шыдап" кету үшін, "...мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек" ("Он үшінші сөз"). Демек, ұлттың рухы өлді деген сөз. Рух – елдіктің, ерліктің мәйегі. Рухтың өлуі – елдіктің өлуі. Гете айтқандай:

"Байлығыңды жоғалттың ба – аз жоғалттың! Ар – намысыңды жоғалттың ба – көп жоғалттың! Ал ерлігіңді жоғалттың ба – онда бәрін де жоғалтқаның! Одан да адам болып тумағаның жақсы!"

Елді ез қылатын – "есепті достың" алдындағы рухани дәрменсіздік.

Сондықтан да Абай "несиелі тамырлыққа" өте сақ, асқан қауіппен, жақтырмаған жек көрінішпен қарайды. "Батпан құйрықтың" астындағы құрулы қақпанды – басыбайлылық, тәуелділік, рухтың өлуі деп түсінеді. Яғни, күнің үшін құл болма дегенді ұсынады. Әсіресе, тобырлық "бірліктен", тобырлық басыбайлылықтан сескенеді. Ол "Алтыншы сөзінде":

"Қазақтың бір мақалы: "Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік" депті. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады-білмейді? -деп сұрақ қояды.

Расында да, Абайдың ұғымындағы елдің бірлігі, елдік ортақ мүдде, бізше түсінгенде, экономикалық одақ қандай елде болады? Тәуелсіз экономикаға ие тәуелсіз елде ғана экономикалық бірлік болады.

Ал Абайдың тұсында қазақ елі өзге түгілі өлген адам арулайтын "ахиреттің" өзін өзгеден телміріп сұрайтын басыбайлы халге, мүсәпір күйге жетіп еді. Тіпті, сол "ахирет терегін" қажетсінбей, табытпен көмілетін күнге де тақап қалғанболатын. Мұны өзге-өзге, ал Абай терең түсінді. Әйтпесе ноғайларды "дінге берік" деп тегіннен-тегін тілге тиекетпейді. Арыстанның тәбетіне байланысты қалт-құлт етіп, жалтақ ғұмыр кешіп, "бір күндік өмірді бар малын сатыпалуға таба алмай" отырған елдің тағдыры аландатады. Соны "қалың елі, қазағына" аңғарта келіп:

«Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» - дейді. Олай болғанда: байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? -деп сауал қояды.

Мал мен жанды, дәулетті, бірлікті ортаққа айналдырған социализм мен коммунизмнің идеясын Абай білді ме, жоқ па, ол жағы көмескі. Алайда, Париж коммунасының, Чернышевский мен Герценнің идеяларымен жете таныстығы мәлім. Көңіліне қандай ой түйді? Қалайда "Еуропаны кезіп жүрген елестен" хабардар болған.

Жоғарыдағы пікірге қарағанда Михаэлиспен, Гросспен, Добролюбовпен қаншама етене пікірлес болса да олардың қоғамдық қисындарымен келісе қоймаған. Тәуелділік тұрған жерде теңдіктің, бостандықтың, "жан бостандығының" болуы мүмкін емес. Сондықтан да Абай мұндай алдамшы "бірлікке" үзілді-кесілді қарсы шығады. Сол "Алтыншы сөзінде" Абай:

"Жоқ, (бұл) бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып тірлік қылады. Бірлік сатылса антұрғаңдықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек", -дейді.

"Ақылдың бірлігі" мен "малдың бірлігін" Абай өте терең әріоның әрқайсысына ерекше саяси, әлеуметтік, экономикалық және ұлттық астар бере талдайды. Егерде "бірлік" малға құрылса - онда ондай "бірлік" экономикалық тәуелділікке, басыбайлылыққа, "тәуелді тірлікке" жетелейді. Басыбайлы "бірліктің" иесі"алмай тұрып бірлік қылмайтын" ағайынның пиғылына тәуелді. Көңіліне жақпаса ол "алғыш ағайын":

"Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, неөкпесін бұлдап, ол болмаса бір пәле салып, қорғалатын (біздің ойымызша-қарғанатын – Т.Ж.), әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шығады? -дейді Абай.

Абайдың соңғы сөзінің шындығын отарлау саясатының төжірибесі дәлелдеп береді. Айтқанына көніп, айдағанына көнбесең-жазалау жасағын шығарады. Ал, ондай бірлікті-бірлік, ондай одақты-одақтастық, ондай теңсіздікті-тендік, ондай үстемдік пен өктемдікті-ынтымақтастық деуге бола ма?

Абайдың елін отарға айналдырған Ресей патшасын былай қойғанда Тәуелсіз Елдің Ынтымақтастығы тұсында да Қазақстанды қапы қалдырып, отар ретінде қарап, қысым мен қоқан-лоқы жасаған мойны жуан Ресейдің ер-тоқымы әлі де ауғақ. Саясаттағы сылтау мен тәсіл өзгере береді, мақсат өзгермейді. Экономикалық тәуелділікке негізделген бірлік - бодандық басыбайлылық. Рухтың емес, "шықпа жаным, шықпа! – деген күйкі тірліктің, күнкөрістің қамы.

Сұлтандық емес, ұлтандық психология.

Абай мұны да қабылдамады. Ол:

"Ырыс алды – тірлік" дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар, -дейді.

Абай бұл арада рухани тәуелсіздік мәселесін де қозғап отыр. Тәуелді "бірліктен" гөрі-тәуелсіз бірлікті қасиетті санайды. Тәуелсіз тірлік үшін күрестің үлкені-тәуелсіз бірлік, яғни экономикалық бостандық деп түйеді. Өлі рух-Абай үшін құлдықтың белгісі. Нағыз "тірлік" деп, рухани бостандық деп, елдің:

"Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал (тәуелсіз, басыбайлылықсыз, еркін) еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қыжақ бас,

Әзір тамақ әзір ас.

Сыртың – пысық, ішің – нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп тірімін десе, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық",- дейді.

Демек, тіршілік, күнкөріс үшін өткен еңбегінде де рухани мағына бар.

Еңбек – Абай үшін бостандықтың белгісі. Басыбайлы еңбекке көнгенің – құлдыққа көнгенің. Құлдықта жүріп "адал мал табуға жігер қыла алмайсың – дейді. Осы ретте оның бұл ойы "Менің пайымдауымша: барлық дәуірде де барлығымыздың да жалғыз-ақ мақсатымыз болды, атап айтқанда, ол – еркіндік және тәуелсіз өмір сүру", - деген Монтеньнің сөзімен астасып жатыр. Тек біз "свобода" деген сөзді мағынасына қарай сәл өзгертіп қолдандық. Шындығын айтсақ,Абай экономикалық тәуелділікті айтып отыр. Бұл дегеніміз – азат елдің еркін экономикасы деген сөз. Әйтпесе:

"Малыңды беріп отырсаң: - атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік сатылса – антұрғандықтың басы осы", -деп зілмен тұжырымдамас еді.

Олөлімнің жай ғана саяси, әлеуметтік, ұлттық және рухани тәуелділікке жетуін тілеп қоймайды. Сонымен қатар:

"... Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып; өнерді, малды түзден, бөтен жақтан, түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?! -деп ("Жиырма төртінші сөзі") армандайды.

Қандай Ұлы арман! "Әй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?! – деп күйінсе де, Абайдың бұл арманы – ұлыарман.

Өзі тәуелсіздіктің қамытын киіп, басыбайлылыққа басын сұққан елінің болашақ тәуелсіздігін аңсап: шіркін, толық бостандыққа жетіп, өзіңнің дүниеңді өзің игеріп, елдің іші түгіл сыртқа, шет елге өнім шығарса ғой - деп қиялға берілуі ғажап! Араға бір ғасыр өткен кезде де сол қиял күйінде қалып отыр. "Жалыныштылық" пен "жалтаң көздіктен" арылғамыз жоқ.

Ұлының қиялы да зиялы. "Қиялдың да қиял екенін ұмытпасаң, сонда қиял да саған пайдалы қызмет етеді және жақсылыққа жетелейді", - депті Э. Ренан деген данагөй. Мұндай толық тәуелсіздікті басынан кешіруге және оның дәмін татуға Абайдың елінің – 1 қазақ халқының толық құқысы бар. Ықылым заманнан бері Күлтегін мен Тоныкөктің "Ел!" деп тасқа қашатқанынан бергі дәуірдегі тағдыр тауқыметі мен бодандықтың рухы соған толық құқық

Тәуелсіздіктің, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздіктің жолын Абай нақпа-нақ көрсетпегенімен, дәл осыбодандық бұғаудан құтылар саяси жолды, ақ жолды нұсқады. Тоқсан түрлі көңіл күйімен жазылған "Қарасөздің" өзінде де ол бұл мәселеге үнемі оралып отырады. Егерде Абай қолданған "мал", "дәулет", "іс", "пайда" деген сөздерді қазіргі "экономика" деген терминмен ауыстырсақ, онда оның ойы барынша ашыла түседі.

Қазақ елінің толық тәуелсіздікке жетуі үшін сол қоғамның экономикалық заңын жақсы біліп, білгенін елінің игілігіне жарата алатын, "қазаққа күзетші болатын" "кейінгі толқын інілеріне" үміт артады.

Абайдың өзі қоғамдық өмірдің құбылысына белсене араласып, ойы сапырылысқан заманда отырықшылыққа қарсы қайрат қосатын ұрпақтар толқыны саяси сахнаға шыға қоймаған еді. Бірақ жүрегіне бостандық ұшқыны ұялаған, "қазаққа күзетші болайын – деген аса тегеурінді, "ақылы мен қайраты, ыстық жүрегі" бар қайраткер буынның буыны тастүлектің қатқан топшысындай боп бекіп келе жатқан.

Олар: "малды қалай адал еңбек қылғанда табады", "қазаққа қалай күзетші болу керек", "ұлықсыған орыстардың законсыз зорлығына қалай көнбеу керек", қалай "ел боп, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жеу керек" екеніне жасынан "ниеттеніп" өсіп келе жатты. Ұлттық тәуелсіздіктің кепілі – саяси, экономикалық, рухани тәуелсіздік, мемлекеттік дербестік, жер-судың ұлттық меншікте болуы екендігін терең түсінді.

Оның басты себебі: олар білімді "шен-шекпен, оқалы киім үшін" емес, керісінше:

"... Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмекке" ұмтылды. Сөйтіп олар "дүниенің тілін білді", оны білу арқылы "көкірек көзі ашылды". Әрбір елдің "тілін, өнерін білген" олар сол елдің ой-санасы мен саясатын түсініп, терең дәрежедегі "дағуасына кірді", "аса арсыздана жалынбады" ("Жиырма бесінші сөз").

"Кейінгі толқын інілер" рухани тәуелсіздігін сақтап өсті. Азаматтық мойынсұнбауды бостандық жолындағы күрестің бір тәсілі ретінде ұстады. Абайдың өз ойымен айтқанда:

"... Не қылса да сөзді ұқтың. Олардың әкелері: "Балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял; бір ит қазақ боп қалған соң: саған рахат көрсетер ме. Иә жұртқа рахат көрсетер ме?! -деген өсиетін орындады.

Олар "Алаш" деп туып, "Алаш" деп азаппен өмір сүріп, "Алаш!" деп қаза тапқан қасиетті толқын еді. Абай мен Ыбырай оларға:

Жас өспірім достарым,

Сендерге бердім батамды, -

деп ықылас ниетін қосып кеткендей еді (Ыбырайдың өлеңі).

Ұлылардың арманы орындалмай қоймайды. Өйткені, данышпаңдар – "Құранның" сөзін Мұхаммед пайғамбардан бұрын түйсініп, инсандық ілхамымен Алланың ақ жолын ұстанған Уәйіс әулие іспетті. Даналардың санасына Алланың өзі сәуле түсіріп, ойын оятатын сияқты.

Абай да сондай Алланың рахымы түскен Ұлы Тұлға.

 

III

 

Сонымен: "Бір істі қолға алған кісі – құдық қазушының кебінкешеді. Егерде ол құдықты терең қазып, судың көзіне жетпей тоқтаса, онда бар еңбегінің зая кеткені",- деп Конфуциймен ой таластырған көне қытай дегдары Менцзы айтпақшы, біз де Абайдың таза экономикалық көзқарасын баяндау арқылы пікірімізді тұжырымдағымыз келеді.

Алайда, түйіншектеліп тұрған бір кілтипан бар. Ол Абайға емес, мына бізге қатысты мәселе. Яғни үш кластық білімі барАбайдың зейіні жетіп, түсіндіріп берген экономикалық ұғымдарды ғылыми лауазымы бар біздің тарқата алмауымыздаболып отыр. Абай өзінің "Отыз бірінші сөзінде":

"Егерде мал (экономика) керек болса – қолөнер (кәсіпшілік) үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолы өнерлі (кәсіпкер) – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер (іскерлік, кәсіпкерлік, өнеркәсіп) берген қазақтардың кеселдері болады", -дейді.

Бұл пікірдің мағынасына жақша ішіндегі бүгінгі терминдерарқылы түсіну қиынға соқпайды. Сол кеселдерді талдауға келгенде тасырқап-ақ қалдық.

Мұндағы қазақ халқының бойына біткен мінезі мен психологиясына қатысты пікірлердің сыртқы қабығын сыпырыпалсақ, оның астарынан таза экономикалық талдау шығады. Тек бүгінгі терминдердің тілінде сөйлесең жетіп жатыр.Пікірімізді дәлелдеу үшін, яғни "құдықты судың көзінежеткенше қазу үшін" экономиканың төрт әліппесін бүгінгіұғымдармен қысқаша қайырмақпыз. Төрт "кеселдің" біріншісі:

"Әуелі: бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырамын деп, түзден өнер іздемейді. "Осы қолымдағы аз-мұзыма мақтанамын, осы да болады - деп баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады", -деді Абай.

Бұл – өндірісті дамыту қорын жасамайды, ғылыми-техникалық жаңартуларды енгізбейді – дегенді білдіреді.

"Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, "маған мал жоқ па? – дегендей қылып, еріншек, жалқау, салғырттық, кербездікке салынады – дейді.

Бұл – табыс қорын еселеп өсіре бермейді дегенге саяды.

«Үшінші – "дархансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым" немесе "ағаке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер! – дегенге... мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді» – дейді Абай.

Бұл түскен пайданы дұрыс бөлмейді дегенді мегзейді.

"Төртінші – тамыршылдау келеді... Борыш есінен шығып кетіп, олар қысқан күні біреудің малын бұлдап (ақшаға айналдырып) қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп; сонымен табысы құралмай, борышы асып дауға айналып, адамшылықтан айырылып, қор болып кетеді", -дейді.

Бұл бәрімізге түсінікті, кәдімгі өсімі жоғары, уақыты тығыз несие – кредит қой.

Ал, енді Абайды экономист демей көріңіз. Менің бұл пікіріме, Ақселеу Тарақты ағамыз бен Ғалым Доскен ініміз айызы қанғанша күлді. Асырып айттың деді. Сол күлкіні мен қабылдамадым. Өйткені, Абайдың экономикалық тәуелділік туралы пікірі еріккеннен айтылды деп есептемеймін. Әрине, Абай есеп-шоттың экономисі емес, ол тіршілік заңының, қоғамдық құбылыстардың оқымыстысы. Оған кекесін жүрмейді.

Сонымен, басыбайлы экономикалық қарым-қатынасқа негізделген империялық отарлау құрылымы да жаңағы "төрт кеселдің" кесіріне кесір қосты. Қазақ арасындағы іскер адам деген:

Саудагер тыныш сауда қыла алмай...

Қолдан беріп, қор болып ала алмай жүрсе, -

көшпелі қауымның экономикасы түгілі өзінің қара басына қарға қарақшы етіп шанышқысы келген патша шенеуніктері: "Қазақтардың өздері қанша ұмтылғанымен қазақтардың көшпелі өмір салтын сақтап қалуы енді мүмкін емес, ал олардың отырықшылануы үшін үкімет қаржы бөлгеннен кейін қазақтардың өткен тұрмыс салтына қайтып оралу мүмкіндігін былай қойғанда, дәл қазіргі тіршілігінің өзін сақтап қала алмайды. Жер басып жүргендерінің сыбағасы сол. Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, ең бірінші қазақтардың өзін жерге орналастыру қажет, содан кейін барып орыстарды енгізген жөн. Жерге қоныстанушыларға арналған мемлекеттік шығынды жұмсауды қоя тұрып, жергілікті тұрғындардың табиғи отырықшылығына жол беру керек. Орыс па, қазақ па, бәрі бір, кімде кім қыр өміріне бейімделсе, сол тұрақтап қалады. Менің өзім түптің түбінде бұл араны орыстар мекендеп қалатынына, ал тірі қалған қазақтар сөзсіз орыстанып құрып кететініне ешқандай күмәнданбаймын. Қазақ даласына қарай бағытталған біздің ішкі саясатымыз дәл осындай нәтиже беруі керек", -деп қазақхалқының келешегін кесіп-пішіп қойды.

Бұл қауіпті "елдің естілері" де білді. Сондықтан да Абай:

Естілер де ісіне қуанбай жүр,

"Ел азды! - деп надандар мұнаймай жүр, -

деп мұңын шақты.

Осындай экономикалық тәуелділікке түсуге мәжбүр еткентетік – отаршыл билік еді.

 

 

6."БАС-БАСЫҢА БИ БОЛҒАН ӨҢКЕЙ ҚИҚЫМ..."

(Абай және тәуелді билік мәселесі)

 

I

 

Арғы-бергі дүниеде билік мәселесіне көңілі көншіген данышпан болған емес. Тақуа тарих биліктің барша түрін кешірді. Патша да, қолбасшы да, залым да, қайырымды да, қайырымсыз да, адал да, арам да, сараң да, жомарт та, дана да, надан да, бай да, кедей де, еркек те, әйел де, қарт та, бала да билік жүргізді. Бірақ солардың басқару жүйесінің бірде біреуі иісі адамзатқа үлгі боларлықтай нұсқа қалдырған жоқ."Кемшілігі әр жерден көрініп тұрды" (Абай).

Соның біразын көшпелі қауымның түрік тармағынан тараған қазақ жұрты да өз тіршілігінде атқарып тастады.

Жақсы ма, жаман ба, оны тарих таразылайды. Алайда, мемлекеттік биліктің тәуелді болу қаупі үнемі төніп тұрды. Бірақ та мұның барлығы көшпелі түрік жұртының тарихи екікөршісі империялық пиғылдың қасында пәлендей үрей туғызбады. Оны дала даналары: "Қытай – темір ноқта, орыс – қайыс ноқта" деген сөзбен жеткізді.

Орталық хань патшалығы тұсында хұндарды қалай отарлап, олардың бос жатқан "тың жерін игерудің" амалын қарастырған жоспары жыл қайыруымыздан 24 жыл бұрын жүзеге аса жаздап қалды. Бірақ та Темірдің қайырымы түсіп, "темір ноқтаны" сыпырып тастады. Тек шекара бері жылжып, Қытай қорғанының сыртына шықты. Сарыөзен (Хуанхэ) мен Сарыжазық (Ордос), одан бергі дәуірде Тәңіртау (Гималай) мен Байқара (Кунь лун) орталық империяның қол астында қалды. Енді Шығыс Түркістанды да бауырына басты.

Бірақ олар дәл XV-XX ғасырдың ортасында жүргізген Ресейдің өктемдігіне ешқашанда жеткен жоқ. "Қайыс ноқта" бұқаның бас терісінен жасалған талыс болып шықты. Себебі Ресей Еуропаның орталық саясатын бойына қатты сіңіріп "ноқтаның", билік ноқтасының терісін иін қандыра илеп еді. Жаһангерлік саясатының жақтаушысы әрі ақтаушысы тарихшы С.М.Соловьев "көшпелі орданы" Ресейдің "мәңгілік жауы" деп жариялап:

"...осыншама жерді қалай қаратып алды? Әрине, шапқыншылықпен. Бұл арада шетелдіктердің ықпалымен емес, орыстардың өзі бірін-бірі жорыққа шақырып, шапқыншылықтың мағынасы не екендігін түсінбестен шабуылға шықты. Бала кезден бастап Иван IV патша үш патшалықты: Қазан, Астрахан, Сібір хандығын жаулап алды деп миына сіңірді! Мәскеу патшалығының шығыс шекарасында орыстарға тыныштық көрсетпейтін татар қарақшыларының ұясы бар еді; ұзақ шыдады, ақыры күш жиып, жорыққа аттанды да қарақшылардың ұясын тартып алды; енді осыны да Қазан хандығын жаулап алды деп айтамыз ба! -деп "қайыс ноқтаны" қазақ даласына салынуын тарихи заңдылық ретінде бағалады.

Мұндай рухта тәрбиеленген империя кешегі "Алтын орданың" быт-шытын шығарып, "тегін жатқан жерді игеру" (С. М. Соловьев) науқанын Ресейдің "жоғары даму сатысына көтерілгендігі" (тағы да сол С.М.Соловьев) деп сәуегейлік айтты. Сондай-ақ Сергей Михайлович қазақ мемлекеттігінің құру себебін оның биік құрылымындағы "тағылық жүйеден" екендігін тап басып:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 314; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.