Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

В глазах знатаков 17 страница




Қазақтардың үстінен бақылайтын мемлекеттік мекемелер жеткіліксіз болған жоқ. Бірақ "Ереже" бойынша екі түрлі билік заңын жасады. "Қазақтарға арналған ережеге" назар салсақ, нағыз саяси, әлеуметтік теңсіздікті байқаймыз. Бір империяның астындағы халыққа неге екі түрлі заң шықты және олар неге тең дәрежеде емес?

Заңды сұрақ,

Ал жауабы біреу: қазақтардың даурығып жүріп, таласып жүріп сайлаған болысы империяның ең төменгі шені, олар сауаты шамалы шенеуніксымақтарға, пристав пен ояздың хатшысына, атқосшысына тәуелді болды. Бұйрық бойынша тағайындалғандықтан да олар жанына жақын тартты. Болыстар сол хатшы құрлы жеңілдікке ие болмады. Қазақ даласына империяның адал қызметкерлері мен миссионерлері емес, Салтыков-Щедрин мен Гогольдің кейіпкерлері, азғандар мен қызметтен қуылғандар келді. "Ереже" солардың мүддесіне сай жасалды. Мысалы: билер кеңесі 146-бапқа орай:

"... Құны 300 теңге тұратын істі (15 жылқы, 150 қойдың құны) қарайды, бірақ тек 30 теңгелік шешім шығара алады".

150-бап бойынша:

"Құндылығы 300 теңгеден асатын істі билердің сиязы шешеді".

Онда да 500 теңгелік дауды оязға қалдырады. Ояз қол қойған соң барып шешім бекітіледі. Облыстық басқарма 2000 теңгенің ісін жоғары жаққа жібермей-ақ бітіре алады. Шағым қабылданбайды. Облыстың құрамына исі қазақтың үштен бірі жататынын ескерсек, генерал-губернатор жеке мемлекет иесі болып шыға келеді.

"Ереженің" баптарындағы жайларды қазақы ұғымға жақындастырсақ былай: билер келесі 15 қойдың құнына сай мәселені түпкілікті бітіреді. Ал жер дауы мен жесір дауының, барымтаның құны қанша? Оны бүкіл қазақ жиналып өткізетін сиязында да шеше алуы екіталай. Әлі ояздың, басқарманың, губернатордың сүзгісінен өтуі тиіс. Сияз өткізетін ел-жерінің отынан, келгендердің күтімінен ығыры шығады. Сонда сияздың шешкен ісінің құнынан шығыны асып кетеді. "Абай жолында" Құнанбай сияз өткіземіз дегенде, болыстардың "не жазып едік! - деп зарлап қоя беретіні сондықтан. Демек, сияз-жай ғана көз алдарқату. Кезекті бір сыбағаны қарпып қалудың амалы. "Ережеде":

"Екі жақтың келісімі бойынша уездік сотқа жүгінген қазақтардың ісін тексеру барысында сот өзінің ар-ұятын, жергілікті дәстүр мен жалпыға ортақ азаматтық ожданды басшылыққа алады, екі жақты бітістіруге ұмтылады", - деп көрсетілсе де біз Абайдың куәлігі бойынша мүлдем кереғар жағдайды байқаймыз.

Дәл осы "Ереже" бойынша бітістіру – "Ереже" бойынша ерегестіру, "ұят пен ожданды сақтау – арсыздықпен пара алу, "дәстүрді құрметтеу – дәстүрді пайдалана отырып қанау болып шыққан. Заң арқылы билік жүргізуге тиісті сот, тергеуші, прокурор, ояздың өзі жалақордың жақтаушысы болған соң билікте әділдік қала ма? Себебі:

"Ұлықтар алып берем деп – даугерді жеп, құтқарам деп – ұрыны жеп жүр... Ұлықтар: "пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл екен – деп, "мен сені бүйтіп сүйтемін – деп, ананы жеп; "сені бүйтіп сүйтемін – деп, мынаны жеп жүр. Қара халық: "менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын – деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай... басын, ауылын, қатын-баласын салып жүр. Осы бір ұры, бұзақы (әрекет) жоғалса, жұртқа ой түсер еді. Шаруа да қалар еді. Бай малын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?" ("Он бірінші сөз") – дейді, Абай.

Ұлы Абайды осынша түңілдірген империя ұлықтарынан бұдан кейін қандай әділеттік пен әділ үкім күтуге болады. Империяның "Ережесінің" өзі ұрлық қалта сияқты қалтарыстарды қасақана қалдырып отырғанда, Қарқара жәрмеңкесіндегі Мұхтар Әуезов кескіндеген Ақжелке-Андрей Подворковтардың көмейін толтыру үшін бір ояз емес, мұқым болыстың парасы аздық етері анық Жемтіктес біреу емес, үйірлі қорқау болатын. Мұндай жағдайда билікте отырған мемлекеттің басындағылар не істейді? Не істеуші еді, биліктен береке кетеді, жағымпаздық пен пара араласқан кезде алаяқтық, аярлық, алыпсатарлық басталады. Көне қытай заңгерлерінің жинағы "Хуайнань-Цзы" да дәл осы жағдайда:

"Әмірші мен ұлықтар жанталаса аласұрады: қызметшілер топ құрады, сатылғыш келеді: қарттар қызыл сөзді сауады, зейінділері тек қарақан басының пайдасы үшін өзара бәсекеге түседі. Әмірші мен ұлықтар жарлық береді, іле өзінің тобының мүддесі үшін оның күшін жояды; заң мен жарлықтарда көрсетілген тыйым салулар пайдакүнемдіктің кесірінен орындалмайды. Зеректер қулық пен өтірікті шымылдық етіп бетіне бүркенеді, ержүректері өзара сайысқа бар уақытын жібереді. Үлкен лауазымдағылар билікті уысында ұстайды, кіші ұлықтар-өз тізгінін тас қып ұстап жібермейді, пиғылдас достар жоғарғылардың билеп-төстеп кетпеуі үшін бірігеді. Мұндай күйге ұшыраған мемлекет өмір сүруін тоқтатпаса да, ежелгі адамдар мұны "күйреген ел" деп есептеген", -деп анықтама береді.

Бажайлап қарасаңыз, Абай мен "Хуайнань-цзыдағы" пікірлер бірін-бірі толықтырып тұрған жоқ па? Хань дәуіріндегі ғұламалар бұған түйсік пен түсіну арқылы баға берсе, Абай мұның барлығын басынан кешті. Империя расында да Абайдың тұсында ішінен шіріп, "күйреуге бет алып еді".

Абайдың:

 

Болды да партия,

Ел іші бүлінді, -

немесе:

Бас-басына би болған өңкей қиқым, -

сондай-ақ:

 

Орыс сияз қылдырса,

Болыс елін қармайды.

Қу старшын, аш билер,

Өз жүрегін жалғайды, -

 

тағы да:

Өзі залым зәкүншік,

Танып алды талайды,

және:

 

Сөзуар, білгіш,

Зәкүншік, көргіш, -

деген өлең жолдары өзінен екі мың жыл бұрын айтқан ғұламалардың пікірін растап отыр.

Тек ақын өз елінің салты бойынша тез жатталып, ел арасында айтылып жүруі үшін пікірін өлеңмен білдірген. Абай кемшілікті көріп қана қоймайды, тәуелді елдің "тәуелді билерінің" сықпыт-сымпыстығын бейнелі бедерлеп, образға айналдырды. Олардың, жалпы адамдардың аумалы-төкпелі билігі тұсындағы жан дүниесін ашты. Пәйнегі жоқ биден пәрменді көсем күте алмайсың. Абайдың "Күлембайға" арнаған өлеңіндегі жиынтық сиық ретінде сынаған:

Орныңнан тұра шабасың,

Атшабар келсе қышқырып.

Ояз келсе қайтер ең,

Айдаһардай ысқырып.

Отырасың үйіңде,

Өз-өзіңнен күш кіріп.

Босқа-ақ түсіп қаласың,

Біреу кетсе үшкіріп! –

дегендегі кейпін көз алдыңа елестеткенде, шынымен-ақ сол бір биліксіз билерді аяйсың.

Бұл адамның да, заңның да, қоғамның да бейшаралыққа түскенінің белгісі. Осы айтылған дағдарысқа қазақ елі тәуелсіздік алған тұста ұшырап отыр. Әбден тәуелділікке бойы үйреніп, "жазулы заңды" малданып, оны бас шұлғи қабылдап үйренген қоғам мен қауым рухани тәуелсіздіктің еркіндігінен басы айналып, дағдарып қалды. Ал оны "бюрократиялық машинаның" бұрынғы жүргізушілері өте кәнігілікпен пайдаланып, ұлттық қасиетті де, экономиканы да ығыр етіп, ыңыршағын шығарды. Себебі: бұрынғы империялық өктемдіктің екпіні басылған жоқ, біраз уақыт сол кезде атқа мінгендердің жүрістерінен жаңылатын сыңайы байқалмайды.

Қарама-қайшы заңдар бірін-бірі жоққа шығарып текетіресуде. Лауазымдылар мен лауазымдылар, ұлықтар мен ұлықтар, саудагерлер мен саудагерлер "социалистік жарысқа" түсіп, бақталастыққа көшті. Олар ұлтына қарамастан, қазақтың жанды тамырларының бірі – рушылдықты өте сәтті пайдаланып, бүтін елдің берекесін кетірді. Ұмытылған дерт қайта асқына бастады. Күні кеше "коммунистік моральды" "Құран кәрімнің" орнына ұстаған компартияның орталық комитеті "мал табу" үшін – зорлық пен зомбылықты, қарақшылықты насихаттайтын коммерциялық телебағдардың демеушісі болып шыға келді. Мүшелерден жиылған жарнаның ақшасы "Крамдстың" еншісіне тиді. Зады, идеологиядағы жіберілген "кемшіліктің" орнын қылмыспен толтырғысы келген болуы керек. Компартия кетті, компания қалды. "Есектің артын жусаңда мал тап", - деген Абайдың сөзін осылай түсінсе амал не? Саясаттағы екі жүзділік жөнінде "Хуайнань-цзыда":

"Ұлықтар мен қызметшілердің іске қырсыздығының кесірінен көргенсіздікке және қырттыққа жол беріледі, сөйтіп ортақ мүддені сатады: оның есесіне жерлестері мен тамыр-таныстарына жең ұшынан жалғасады. Мұндай жағдайда міндетті адал орындайтын қызметкерлер бір орнынан жылжымай иіріліп қалады. Бұлай болғанда халық арасында наразылық қозғалысы басталады, сонда да әккі саясаткерлер тақтың арасындағы таласын қоймайды, қайта өршіте түседі",- делінген екен.

Осыдан екі мың жыл бұрын айтылса да нысанаға қазір де дәл тиіп жатыр. Абай да ғұламалардан қалыс қалмады. Басыбайлылықтан құтыла алмаған, "басбілгіге" үйренген басыбайлы билерге қарата:

Орыссыз жерде топ болса,

Шақырған кісі бармайды.

Бітім қылып бір кісі,

Адал малып алмайды, -

дейді.

Тәуелді саясаттың дәбірлері отырықшылықтың дәп осы басыбайлы кіріптарлығынан арыла алған жоқ. Дербес мемлекеттің дербес ұлттық, экономикалық және рухани бағдарламасының болмауы қазақ елінің зиялыларының дер кезінде тәуелсіз идеология жасап бере алмағандығында. Ең бастысы: ұлттық дербестік тұрғыдан ойлай алатын саналы саясаткерлердің болмағаны. "Өзі зордың болады ығы да зор – деп Абай айтпақшы, "өзінен зордың ығынан" ықтап шыға алмай келеді. Жоғарыдағы пікірді Абай өзінің "Үшінші сөзінде" одан әрі тереңдете талдап, кешегі пысықтар арқылы қазақтың бүгінгі пысықтарының пейіл-пиғылын ашып береді. Онда Абай:

"Кедей көп болса – ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе қыстау босар еді деп: мен – ананы кедей болса екен деп, ол – мені кедей болса екен деп әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп қызметке, болыстыққа, билікке таластық. Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпен көбейтеміз деп партия жинағандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді", -дейді.

Ашығын айтқанда, Абайдың осы айтқандарынан бойын аулақ салған жан бар ма? Әй, қайдам!

Өзі би, болыс бола тұра Абайды осыншама түңілдірген не? Жүйрік атқа, алғыр қыранға, жүрісі жайлы жорғаға құмарлығы болмаса, Абайдың өзі дүниеге көз салмаған адам. Малының есебін алып көрмепті. Ал әділдігіне өзінің жауы да сүйінген және жүгінген. "Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол – деуі де сондықтан. Ендеше сол әділ биді күйдірген қандай қиқымет? Өзге билік қолынан келмесе де параны Абай неге тия алмады? Тыйым салуға ұмтылды. Бірақ оны тоқтату мүмкін емес болатын. Себебі, империяның өзі оған "Ереже" арқылы кең жол ашып отыр еді. Қазақтың дәстүрлі биінің кесімі туралы 138-бапта:

"Сайланған биді губернатор бекітеді: бірақ оларға жалақы төленбейді. Алайда халық дәстүріне байланысты айыпты адамнан (биліктен) кесім айтқаны үшін ерекше төлем алуға қақылы; төлемнің құны кесім айтқан істің оннан бір бөлігінен аспауға тиісті; ал жеке адамдардың арасындағы дауға дәстүр бойынша билік айтылады", -делінген.

Сыртқы сөздің бәрі түзу көрінгенімен, параның басы нақ осы баптан басталады. Бұрынғы билер қоғам қайраткері болатын. Олар ел басы, рубасы міндетін атқаратын. Болыстық, старшындық лауазымдар жоқ еді. Абай айтқандай:

"Бұрынғы ата-бабаларымыздың... бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен... Әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаманды өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халық та оны сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен... Мал айтып, тілеу қылып: "Екі тізгін, бір шылбырды бердік саған" (дейді). Берген соң қайтып бұзылмақ түгіл, "жетпегенді жетілтемін", -деп жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен, оны зор тұтып, әулие тұтады. Онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?".

Екі пікірдің астарындағы айырмашылық мүлдем кереғар. Біреуі – биліксіз би. Кесімнің өзі киесіз. Оны кез келген сәтте болыс та, ояз да бұза алады. Екіншісі – мұқым бір елдің тұтқасы. Күнкөрісі, мал-жаны үшін қам жемейді. Айтқаны заң. Қайсысының қадірі күшті болары өзінен-өзі түсінікті. Ескі би ертеңіне алаңдамайды. Ал жаңа би – жалтақ. Өзінің күнкөрісі өзгеге тәуелді. Кесімнің оннан бір бөлігі әр старшыннан сайланатын билердің бәріне бөлініп берілсе өзіне не қалады?

Сондықтан да неғұрлым қымбат құн кеседі. Айла-шарғыға жүгінеді. Нәпақа – нәпсіні ашады. Нәпсіні қанағаттандыру үшін жең ұшынан жалғасады.

Сондықтан да биге айыпкер де, даугер де кіріптар. Сөзін сатады. Егерде ісін бітірмей оязға жіберсе, екі жақтың шығыны екі есе көбейеді деген сөз. Ал "қайыс ноқтаға" басың бір ілінсе, одан қайтып шығарып алуың екіталай. Салпаңы мен сандалысының өзі-ақ титықтатып бітіреді. Сөйтіп Абайдың:

"Осы күнде қазақ ішінде: "Ісі білмес, кісі білер" деген мақал шықты. Оның мәнісі: ісіңнің түзулігінен жетпейсің, кісіңнің амалшыл, айлалығынан жетесің – деген сөз" – дегенінің кері келеді. Бүтін халықты бүлдіріп, ішіне іріткі салу деген осы. Бір көзің екінші көзіңе сенбейді, бірін-бірі кірпік қақпай аңдып, ақыры ақиланып, кіжінісіп шыға келеді. Болымсыз биге керегі сол. Дау көбейсе, мал көбейеді. "Өлімді жерде – молда семіреді, өлеңді жерде – өгіз семіреді". "Би екеу болса – дау төртеу болады". "Ереже" бойынша әрбір старшын, болыс би сайлайды. Сонда олардың саны қаншаға жетерін есептеңіз. Оған болыс пен ояз, старшын қосылады. Соттың сыбағасы бір басқа. Соны көріп әрекеден түңілген соң барып Абай күйініп кетіп:

Ел жамаған билер жоқ,

Ел қыдырып сандалды.

Астыртын барып жолығысқан,

Ақша беріп жалғасқан,

Ақысын әрең сол алды, -

дейді.

Кесімді билік, түйінді шешім, толымды төлем болмағасын бидің өзі дау иесіне тәуелді. Амалдап, "жолығысып, сыбырласып" жүріп "ақшасын" айламен алады. Абай іздеп отырған көне билердің "ата-бабаларымыздың бойындағы" жақсылықты аңсаса-аңсағандай ғой. Екінші қасиеті – "намыскер келеді екен" дейді Абай. Ақша мен аярлық жүрген жерде ар мен ұятқа, намысқа орын қала ма? Жоқ. Абайдың сүйенген екі қасиеті - сүйінсе сүйсінерліктей қасиет. Қазақтың ескі билеріндегі сол қасиеттер қытайдың көне билеушілерінің де бойында болыпты. Сенбесеңіз "Хуайнань-цзыға" жүгінейік:

"Ертедегі билеушілер халықпен бірге қамығатын еді: егерде елге ашаршылық келсе – олар да тоя тамақ ішпейтін, егерде елі үсікке ұшыраса – олар онда үстіне тон жамылмайтын еді. Ал жыл жайлы, астық мол, халық тоқ болса – олар да дауылпаз бен барабандарын іліп, қалқандары мен алдаспандарын жайып тастап, патша мен қызметшілері, жоғарыдағылары мен төмендегілері бірдей қуанып, бірігіп той жасаушы еді, елдің арасында іріткі түспеуші еді", -дейді Абай сияқты олар да өткен билеріне сүйсініп.

Бұл сұраққа келгенде біз сүйеніп отырған екі дәуірдің даналары өзінен бұрынғы замандағы билердің дәстүріне жүгінеді. Мысалдар да, түйген пікірлері де ұқсас. Өткеннің бетіне түкіріп жүрген біз ғана болуымыз керек. Кешегі мен бүгінгіні бағалауға келгенде Абай:

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,

Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкінбек, -

деп өлеңмен айтқан пікірін, "Қара сөзінде" одан әрі дамытып:

"Осы біздің қазақта өлген кісі де жаман жоқ, тірі кісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай? -деп таразыласа;

"Олар өтіп кеткен дәуірді мақтайды да, бүгінгі заманды жатып кеп сынайды", -деп Ян те лунь Конфуций-Кунь-цзыны жақтаушыларды сынайды.

Сонда бұрынғылардың несін ұнатып отыр? Әрине, қатаң дәстүрге негізделген әділ заң мен биді көксеп отыр. Әйтпесе, өткенге де, бүгінге де, ертеңге де топырақ шашайын деген ғұламалар жоқ. Олар үлгілі үлгіні іздейді. Соған тілге тиек ететін өнегені дәйек қылады. Сондайда көңіліне дәйек таба алмаған Абай қапаланып:

Бір кісі мыңға,

Жөн кісі сұмға,

Әлі жетер заман жоқ.

Қадірлі басым,

Қайратты жасым,

Айғаймен кетті, амал жоқ.

Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір, -

деп құмыға қамығады.

Қамығады да: "Қазақтың бірінің-біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғындығының, рас сөзі аз болатұғындығының, қызметке таласқыш болатұғындығының, өздерінің жалқау болатұғындығының себебі не? - деп өзіне-өзі сұрақ қояды. Оның басты себебінің бірі – "Ережеде" бекітілген би сайлауының тәртібі еді. Нағыз былғақ пен сырғақтың басы 135-баптағы:

"Қазақтардың арасындағы халық сотына қарасты (Осы Ережедегі 97-бапқа сай) қылмыстық істерді және басқа да кез келген дау-шар мен арызды шешу үшін әр болыстан 4-тен 8-ге дейін би сайланады. Сайлау болыстармен бір кезде сол сайлаушылардың қатысуымен, дәл сондай мерзімге және сол тәртіппен сайланады -делінген ережеден басталады.

Ертедегі билер "Күлтөбенің басында күнде кеңес" жасағанда ұзаса үш ай, бес ай келеге түскен. Сол мерзімнің ішінде бүкіл қазақтың заңын ретке келтіріп, тиянақтап кетті. Ал мына заң бойынша әр төбенің басында күнде кеңес құрмақ және ол "кеңесте" кесім де, шешім де, әділдік те болмақ емес. Би – болыспен бір сайлауда шарға түспек.

Демек, әр болыс кімнің би болатынын алдын-ала келісіп, топ құрады. Сайлауда болыс жеңсе би де соның жақтасы болады. Қарсы жақтан үш-төрт би сайланады. Сонымен төрт бидің дауы сегіз, сегіз бидің дауы он алты болып еселеп өсіп отырады. Жалақысыз сегіз бидің бітім табуы үшін төлемнің құнының өзі даудың құнынан асып түседі. Еріксізден ерегесті күшейтіп, істі домбықтырып, ру-рудың қанын қоздырып:

Бай алады: "Кезінде көп берем – деп,

"Жетпей тұрған жеріңде тек берем – деп.

Би мен болыс алады күшін сатып,

"Мен қазақтан кегіңді әперем – деп.

Жарлы алады: "Қызметпен өткерем – деп,

Елубасы: "Шар салып, леп берем – деп.

Жалаңқая, жат мінез жау алады,

"Бермей жүрсең мен сені жек көрем – деп.

Дос алады: "Бермесең бұлт берем – деп,

"Жауыңа қосылуға сырт берем – деп.

"Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлықпен ырық берем – деп.

Сұм-сұрқия: "Сұмдықпен еп берем – деп,

Сүйер жансып, сүйкімді: "Бет берем – деп.

Жүз қараға екі жүз аларман бар,

Бас қатар бас-аяғын тексерем – деп.

Ел жиып, мал сойыңыз: "Ет берем – деп.

"Мал берсем – сен мендік бол деп берем – деп.

Қара қарға сықылды шуласар жұрт:

"Кім көп берсе, мен соған серт берем – деп.

"Бұзыларда ойламас бет көрем-деп,

Ант ішуді кім ойлар дерт көрем – деп.

Қабаған итше өшігіп шыға келер,

"Мен қапсам бір жеріңді бөксерем – деп.

Орыс айтты: "Өзіңе ерік берем – деп,

"Кімді сүйіп сайласаң – бек көрем – деп.

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,

Ұлық жүр: "Бұл ісіңді жек көрем – деп ",

шыға келді.

Империяның "Ережесі" әкелген әрекеті, "терін сатпай, телміріп көзін сатып, теп-тегіс жұрттың бәрі аларман болған" мүсәпірлік пен өлермендікті дәл осы өлеңнен артық жеткізу мүмкін емес. Шабындырып, шаптырып, өштікті қоздырып, қырық пышақ қып қырқыстырып, пиғылын бұзған "орыстың берген еркі – "Ереже" екенін Абай дәл тауып отыр. Қазақтың рушылдық жалған намысын қоздырып, басын біріктірмес үшін жаңағы алашапқынға қарқын беретін 136 – баптағы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 392; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.099 сек.