Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

В глазах знатаков 21 страница




Абайдың діни танымы – ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен қайраткердің бір амалы еді.

Ол діни танымдық тәуелсіздік арқылы елінің де рухани тәуелсіздігін сақтап қалғысы келді. Өзге діндегі адамдарды, ұлттарды, ұлыстарды, тайпаларды қалайда шоқындырып, бір сенімге-христиан дініне кіргізудің жоспарын XI ғасырда Рим папасы жасады да оны бүкіл Еуропаның мемлекеттік саясатына айналдырды. Ол жөнінде Джон Виллиам Дрэпер асқан шабытпен жазып, Еуропалық одақты адамзатты құтқаратын жаңа жол ретінде бағалады. Біздің негізгі дәлелдемек пікіріміздің кілтипаны Рим папасының осы бір ұранында жатқандықтан да оны толық келтіруді жөн санадық. Миссионерлік саясаттың түпкі мақсаты Дрэпердің пайымдауынша, саяси, діни үстемдікке жеткізген. Ол өз ойын өрбіте келіп:

"Құрлықтардың басын қосатын мұндай талпыныстар адамзат тарихында бұрын да болған. Он бірінші ғасырда мұқым Еуропаны тұтас бір одаққа айналдыруға шешім қабылдаған ұлы адам дүниеге келді, оның басында Рим папасы тұру керек деді де императорлар мен патшалар оның кеңесшісі қызметін атқарар еді, сөйтіп біз білетін әр түрлі табиғи жағдайлар мен түрлі тайпалар жайлаған Еуропа тұтас одаққа айналған болар еді. Сол кездегі қалыптасқан жағдайға байланысты ойластырылған істің жүзеге асуына тек қана діни негіз ғана дәнекер бола алатын еді... Өзінің ойлаған ісін орындау үшін Григорий VII қандай тәжірибелік құралға сүйенді дейсіз бе? Оның сарбаздары Шотландиядан Испанияға, Атлантика мұхитынан Азияның түкпіріне дейін шеру тартып шыға алатын еді және жолдағы кездескен әрбір монастырь мен шіркеудегі адамдарды бір тілде сөйлетіп қою да қолынан келетін. Латын тілі христиан дінінің алтын өзегі болатын, бірақ оны білімді адамдар ғана пайдаланатын. Ал біздің (американдықтарды айтып отыр – 1 Т.Ж.) табысқа жетуімізге мүмкіндік мол, өйткені бір мұхит пен екінші мұхиттың, төменгі тап пен ақсүйектер табының арасында жалғыз-ақ тіл қолданылады. Бұл одақтық байланыс – аса қуатты байланыс. Ол әр түрлі табиғи құбылыстарды тең екшеуге көмектеседі, өткеннің тарихын ортақ етеді, болашаққа да ортақ үміт артады. Қоңсы халықтар өздерін ажыратып тұрған тау мен өзеннен гөрі әр тектес тілдері арқылы бір-бірінен алшақтап тұр; алайда бір-бірінен алыс жатқан адамдардың тобы ортақ тіл арқылы табысуы мүмкін. Олар өздерінің саяси мекемелерінің бекемдігі мен ұлылығына бәтуаласа сенуге дағдыланады және сенімді одақ олардың жеңімпаз күшінің қуат көзіне айналды. Мұндай баға жетпес артықшылыққа ие бола тұрып біз өзіміздің алдымыздағы ұлы мақсаттың орындалуына шабыттана сенеміз және егерде оларға тосқауыл қоймасақ, табиғи айырмашылықтарды жоя алмасақ, онда олар бізді әр түрлі ұлтқа айналдырып жібермей ме?-деп сұрақ қоюға қақымыз бар. Менің ойымша, оған екі-ақ ауыз сөзбен: тәрбие мен өзара тұрақты байланыс арқылы жетеміз деп жауап беру керек", -деп тәпсірледі.

Дрэпердің бұл пікірін Абай сөзсіз оқыды және қадағалай зерделеп шықты.

Зерделей отырып, өз ұлтына қарата Ресей империясының жүргізіп отырған миссионерлік шоқындыру саясатының түпкі мақсаты мен пиғылына жете түсінді. Сонау XI ғасырда басталған саяси, діни, нәсілдік өктемдік XIX ғасырда толықтай мемлекеттік саясатқа айналып үлгеріп еді. Тіпті зиялы ғалымдар мен ойшылдардың өзіне бұл идея көк бауырдай жабысып, ғылымда еуропалық астамшылық бағытын қалыптастырды.

Дүниенің тарихы мен танымын шындыққа емес, әуелі өз ұлтының, дінінің, мемлекетінің, нәсілінің мүддесіне қабыстыра тұжырымдады.

Соның кесірінен мұсылмандарға өшпенділік, азиаттарға кемсітушілік, әлсіздерге басқыншылық пен отарлаушылық көзқарас қалыптасты. Отарлауды анықтау үшін оны артта қалған елдердің ықтисаты мен мәдениетін дамыту бағытында өркениеттің әсері бар деп дәріптеді. Дрэпер де сол "одақтық ұлы идеяны" нұрлы болашақтың кепілі ретінде алға тартады.

Қаналған, бодан, рухани тәуелділікке түскен ұлттың өкілі қашанда шамшыл, күдікшіл, секемшіл және де сақ келеді. Абай да мұндай күйді торыға кешіп өтті. Ендеше Дрэпер жар сала жариялаған "табиғи тілдік одақтың, рухани байланыстың, саяси мекемелердің бекемдігі мен сенім (діни) бәтуаластығының" астарын жүрегі қан жылап отырып түйсінбеуі мүмкін емес. Оның үстіне массондық идеядан да хабардар Абай ғұлама Дрэпердің шырғаны қайда тастағалы лақтырғанын тұспалдады.

Ажал аузында тұрып, тілін кәлимаға келтіріп, "лә-иллаһа-иллал-ла" деп иман үйіретін мүһмин жұртының көңіліндегі жалғыз жұбанышын айыруға ұмтылған қастаншықпағыр әрекетті барынша жек көрді. Уағызға еріп дінін сатқандарға түршіге қарады. Имансыздарды ұлт сатқыны есебінде қабылдады. Абай мұндайларға қарата өзінің "Он үшінші сөзінде" қаһарын төге назаланып:

"... Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини (өзі ақылмен іздеп тауып сенген) иманы бар деуге-ғылымы жоқ, таклиди (уағыз арқылы иланған) иман бар деуге – беріктігі жоқ; иә азғырғанға, иә бір пайдаланғанға қарап, ақты-қара деп, иә қараны – ақ деп, өтірікті – шын деп, ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдайтағала өзі сақтасын! Әрнешік (мынаны) білмек керек: жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында (иманға қарсы келген жағдайда) ешбір пенде құдайтағала кеңшілігімен кешедідағы демесін; оның үшін құдайтағаланың ғафуына (кешіріміне), яки Пайғамбарымыздың шафағатына (кайырымына) да сыймайды, (ол) мүмкін емес. "Қылыш үстінде серт жоқ – деген, "Құдайтағаланың кешпес күнәсі жоқ – деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын (күйсін)", -дейді қатуланып.

Абайдың бұлай күйінбеске амалы да жоқ еді. Отарлық бодандық, іріткі саясат елін аздырып, ұрпағын тоздырып бара жатты. "Заманақыр жастарының" "саудасы-ар мен иманың” болды. Тіпті Көжекбай іспетті пысықайлар да Алла атын жамылып қулық пен айла, пайда мен арамдық сауды. "Шелтірейген орыстың" шенінің түймесін көріп, дүниені төңкергендей күпсініп:

"Жауыңды алдап қайттым – деп,

Құдайдан қорықпай ант ұрған,

Иманның жүзін тоздыратын, -

сұрқиялар шықты.

Абайдың жүрегіне тікен боп қадалып тітіркенткен жалғыз имансыз Көжекбай емес еді. Көп болатын. Соған түңілді. Тіпті үміт шырағы сөніп, сүйікті ұлы Әбіштен айрылған шақта да Абай Алладан медет күтіп, келіні Мағышты:

Ұмытқаның жарамас,

Жаратушы құдайды.

Расулді (Мұхаммедті) алған бұл өлім,

Кімнен жөнді сұрайды, -

деп жұбатады.

Демек, Абай жаратушы Алланы өзінің "қырық жамау жүрегінің" жұбанышы, ақыл жұбанышы, жалған дүниедегі жалғыз алданышы және "көңілін бекіткен, буынын қатырған, жүрегін орнықтырған" тірегі ретінде таным арқылы таныған. Алла тек діннің қазығына емес, Абайдың рухани азығына айналды. Енді сондай қасиетті сенімді жойып, ұлтын шоқындыру үшін мемлекеттік саясат жүргізген жаһангер жұртқа деген Абайдың көңілінің қалай қалғаны және Ресей империясы жаппай шоқындыру саясатын қалай жүзеге асырмақ болғаны туралы әңгіме ілгеріде сабақталады.

 

 

9. "ИМАН ІЗДЕ!... "

(Абай және шоқындыру саясаты)

 

 

Жаныңды, рухынды ажалға айырбастап алған иманыңнан қасиетті, иманыңнан қымбат, иманыңнан намысты еш нәрсе жоқ. Ал иман – Абай үшін рухани тәуелсіздіктің кепілі.

Иман – ата-баба әруағының жебеушісі.

Сені бақиға аттанған бейнелермен жалғастыратын жалғыз сәуле сол иман. Олар иманына сеніп о дүниеге сапар шекті. Әруағы сенен құран дәметіп жүргеніне сеніп, ұмытпай хатым түсіртесің, өзің де иман тілейсің. Жаныңның қыл үшіне байланып тұрғанын сезініп тәубеңе келесің. Шариғаттың шартынан шықпайсың. Пайғамбардың ақ жолынан жаңылғың келмейді. Өйткені ғұмырыңның өзі сол иманыңа дайындық.

Ал осындай ынтызарлықпен тілеп алған иманыңды имансыздыққа қалай айырбастайсың? Жалпы айырбастауға бола ма? Оны былай қойып, иман дегеніміз айырбасқа жататын қасиет пе? Иманды сататындай басыңа не күн туды? Егер басыңа күн тумаса Абай неге бұлай күңіренді? Неден сақтандырды? Сенбесеңіз "Жиырма сегізінші сөзіне" көз қиығын салыңызшы. Мұнда ол:

"Құдайтағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз енді (ендеше) ақылды еркіне жібермесек, құдайтағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? "Мені таныған – ақылмен таныр" – дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса ақылды (ақылмен) оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақылы тоқтамаған соң діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен (илан) жақсылықты, жамандықты жаратқан – құдай, бірақ (жамандықты) қылдырған құдай емес; ауруды жаратқан – құдай, ауыртқан құдай емес; байлықты, кедейлікті жаратқан – құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес – деп нанып ұқсаң болар, әйтпесе (иманың) жоқ", -дейді ғой.

Яғни "әуелі иманды түзет! – дейді. Неге? Абай неге сонша зарлап иманды қорғап отыр?

Себебі иман – адамгершіліктің, танымның, тұрақтылықтың, рух жақындығының нысаналы нысанасы! Ең қасиетті сенім мен сезімнің жиынтығы.

Иман өзгерсе – дінің өзгереді. Дінің өзгерсе – дүниетанымың өзгереді. Таныммен қоса сенім де, сенімге орай дәстүр де, дәстүрге сай тәрбие де өзгереді. Ғылым мен өнер де басқаша мұрат-мақсатты нысана етіп, жат арнаға түседі. Солардың ықпалымен адамдардың арасындағы қарым-қатынас, бауырмалдық сезім, тектік қасиет, сыйласым мен сыйластық та өзгеріске ұшырайды. Дәстүрлі заң да, тұрмыс-салт та, биліктің түрі де жаңа низамның ырқына бейімделеді.

Мұның барлығы жиынтықтала келіп ұлттың өткенін ұмыттырады.

Демек, әлгі халықтың ежелгі тарихы жойылады, санадан өшеді. Бүгінін өзі құртады. Келешегі де кесілді деген сөз. Кәдімгі мәңгүртке айналады. Яғни иманын сатқан ұлт ата-бабасының әруағын да, өзін де, ертеңгі ұрпағын да қорлап тірі өлікке теңелді.

Рухани тәуелді, таным тұрғысынан басыбайлы болу арқылы толықтай ұлттық қасиетінен айырылып, жансебіл күн кешіп, бишара тірлік иесі боп қана қалады.

Рухы өлген ұлт – қайта тірілмейтін, құруға бет алған ұлт.

Ал мұндай қатер дәл Абай өмір сүрген тұста қазақ халқының басына төніп-ақ тұрған. Рим папасының жар салған үндеуі бұған дейін түркі тектес хахас (татар), сақа, бурят, қалмақ іспетті ұлыстардың тағдырын шешіп, танымын өзгертіп, шоқындырып үлгерген-ді. 1822 жылғы I низамнан басталған миссионерлік саясат 1868 жылғы екінші низамның тұсында нақтылана түсіп, 1892, 1898, 1902 жылдары оны жүзеге асыратын жоспар жасалды. Сондай хаттың бірі Абайдың да қолына түсті.

Бұл хат ақынның дүниеден түңілуіне негізгі себептердің бірі болды.

Абай мұны рухани қорлық деп түсінді. Сондықтан да өлеңдері мен "Қара сөзінде" діни таным қақында бұрынғыдан гөрі терең бойлай талдап, өз көзқарасын білдірді. Егерде миссионерлік саясат осы күйінше екпін ала берсе, онда қазақ ұлтының қабірі таяудағы ширек ғасырда қазылып бітіп, жантәсілім беретін сәтін күту ғана қалатынына көзі жетті. Дүние, жалған, өмір жөніндегі философиялық ойлардың ішіне Алла мен Иман ұғымын жиі кіріктіріп, өзінің көзқарастарын:

Алланың, Пайғамбардың жолындамыз,

Ынтамызды бұзбастық – иманымыз.

Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз, -

деп жариялауға көшті.

Абай үшін бұл саяси күрестің бір түрі еді.

Ол қолына қару емес – қалам алды. Дұшпанына оқ атпады – сөз атты. Рим папасы мен Патша ағзамның пәрменіне ақын Абай азамат ретінде қарсы шықты. Алғашқылары жат дінді ұстанған ұлттарды шоқындырып, рухани құл еткісі келген. Екіншісі, "жан бостандығын" тілеп, рухани тәуелсіздікті Алла, Иман деген ұғым арқылы білдіріп:

Мүһмин болсаң әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол.

Шыр айлан да таза ойла бір иманды,

Мұнафиқ (екі жүзді) намаз қылмап па мағлұм ғой ол, -

деп өзі пайғамбардың ақ жолын көрсетеді.

Әрине, бұл таным тайталасы тең дәрежеде күш сынаса алмайтын. Христиандық жаһангердің он ғасырға жуық шоқыңдыру тәжірибесі мен еуропалық ақыл-ой үстемдігінің өрши түскен ағымының ағынына тосқауыл қою Абай өмір сүрген заманда мүмкін емес еді. Ұлттың рухани тәуелсіздікті сезінуі үшін белгілі бір қоғамдық, саналық тезден өтуі тиіс еді.

Оған қазақ қауымының ішкі дайындығы жетпейтін.

Ресей империясының аяр саясаты мен православие патриархының шоқындыру пиғылы қабыса келіп, қазақ халқының рухын тұншықтыруға бағытталды. Патриархтар мен архилейлердің, тақуалар мен миссионерлердің, Патша ағзам мен министрлердің, генералдар мен полковниктердің, атамандар мен жүзбасылардың, солдаттар мен келімсектердің ашылған араны қазақ ұлтын жұтып тынбай тоят таппайтын тәбетке айналды. Қаржы да, қару-жарақ та уағыздардың негізі жазылған кітаптар да, оны жүзеге асыратын мамандар да сақадай сай тұрды.

Көшпелі қауым ырқына көнбесе кез келген сәтте қызыл қырғынға батыруға әзір еді.

Абайдың қолында мұндай дәрмен болмады. Абай дейміз ғой, исі көшпелілердің басынан бақыты тайған зауалды заман еді бұл.

Түркі қауымының тектік, мемлекеттік, танымдық тұрғыдан азып-тозып, санасы бір сәтке қалғып кеткен тылсым түс болатын. Өзара қырғаннан әбден титықтаған тұқымдық тектің, Лев Гумилев тауып айтқанындай, сұлай құлап солықтап жатқан шағы-тын. Сондай бейуақта батыстан екі басты самұрық шығып, "Азия қақпасындағы" ұлттарды құзғын боп қылғуға аттанды. Орыстардың намысына қаншама кір келтірмеуге тырысқанымызбен, ешқашанда отаршылдық әрекет пен шоқындыру саясатын ақтауға болмайды. Өз ұлтын өзі басыбайлы, құлдық дәрежесінде ұстап отырған патшалық Ресейдің дәбірлері де, миссионерлері де сондай топас, можантопай, беті қалың "қара жүзділер" еді.

Олар отарлау мен шоқындыруды да сондай қатігездікпен, қара ниетпен, қарабайыр күш қолдану тәсілімен жүргізді. Зеңбірек пен "Інжіл" бірдей іске қосылды.

"Әскери серуендер" мен жазалау жасақтарының қанқұйлы жолын тілге тиек етпей-ақ қоялық. Тек танымдық тұрғыдан аяр һам жымысқы және аяушылықты білмейтін орыс мұжығының қолындағы екі жүзді балта іспетті бір беті-қанға, бір беті-көлгірсіген "мейірім уағызына" суарылған шіркеу саясатының өзі де жан түршіктіреді.

Өзгені былай қойғанда, орыс рухының бостандығының ту ұстары болған "желтоқсаншылардың" көсемі П.И.Пестельдің өзі:

"... Халық атаулының барлығы жойылып бір ұлт құрауы тиіс, ал Ресейді мекен еткен елдің түгелі орыстануы керек", -деп жазса, бұдан гөрі қорқау пиғылдардың қандай мақсат көздегені айтпаса да түсінікті.

Тіпті патшаның құпия кеңесшісі, сыртқы істер министрі болған Нессельрод қазақ халқының өмір сүруінің өзін көп көрді. Ол өзін Николай I патшаға жасаған мәлімдемесіне қара жүрек пиғылын жасырмай ашық айтып:

"Шекаралық шекті ішке қарай жылжытудағы үкіметтің басты мақсаты сол арқылы егін егетін жердің көлемін барынша ұлгайтып алу болып табылады... Ол үшін осы арада көшіп жүрген қазақтардан бұл жерді тазарту керек", -деп "жоспар" ұсынды.

Жоғарыдағы екі мырза да өз дәуіріндегі орыс зиялыларының ішіндегі ең ықпалды және білімді, белгілі бір дәрежеде тарихқа із қалдырған адамдар. Ал олардың өзі жат ұлтқа мұндай жек көрінішпен қарағанда өзге можантопайлардың санасы мен кеудесіндегі пасықтық пиғыл мен қасиетсіздікке таңдануға болмайды.

Міне, Абай осындай қорқау заманда өмір сүрді.

Табиғат берген ұлы қабілет пен зерде оның "жан күйігіне" айналды. Не таным жолын таңдаудағы "ерік өзіне тимеді", не "етекбастылықтан" құтылмады.

Өйткені: Абай бар болғаны-бодан, басыбайлы, рухани тәуелділікке ұшыраған ұлттың азат рухты азаматы ғана еді және жалғыз болатын. Оның сенетіні – ұлттың жан ұясына ұялаған, санасына сіңген, ділімен тамырласқан иманы ғана-тын. Өзге дәрмен мен пәрменді тағдыр оған бермеді. Сол иманды бекіту үшін санасын сауды, білімін пайдаланды, талантын жұмсады. Өзі де өзінен бұрынғы ғұлама қандастары сияқты шоқындырудың шырғасына, отаршылдардың ырқына түспеді.

Ондай қауіп Абайға бір емес бірнеше рет төнген. Соның барлығында да шырмауықтың торынан құтылып отырған. Бұған әкесі Құнанбайдың көрегендігі мен тәрбиесінің ықпалы қатты әсер етсе керек. Он үш жасында орыс оқуына жіберіп, "хат танырлық" (Абай) болған кезде, алты айдан кейін ауылға алып кетуі Абайды отаршылдардың талай арандатуы мен құйтырқысынан құтқарды. Қаладан санасының саңылауы аршылған тұста іргесін аулақтатқан Абайға ағартушылықтың атын жамылған миссионерлердің идеясы қонып үлгермеді. Ол Құнанбайдың дәстүрін ұстап, билік қамшысын қолына алды, қажы әкесінің тілеуін тіледі.

Сөйтіп, елі мен діні туралы дербес пікірі қалыптасып, жеке басы да, ақыл-санасы да тәуелсіздік алған тұста барып таным талқысына түсті. Қыршын жасынан жалпы – 1орыстық, Дрэпер айтқан еуропалық, дүниелік "пікір одағы" идеясын нәзік тамырына дарытып алған Шоқан мен Ыбырай сияқты өмірінің соңын өкінішпен өткізбеді. Түңілді, бірақ, рухани танымдық күйзеліске ұшырамады.

"Жалпы еуропалық" идея мен миссионерлік ағартушылық саясатының түпкі мақсаты біреу – діні де, тілі де ортақ ұлт қалыптастыру болатын. Әрине, ол дін – мұсылмандық емес, ол тіл – түркі тілі емес, Шығыс Еуропада – орыс тілі мен православие діні үстемдік құруы тиіс еді. Пестельдің де көксегені осы. Шоқан мен Ыбырайдың рухани азабы жөнінде Смағұл Садуақасұлы дәл тауып айтты және осынау сырты – жақсылықпен, іші – қара ниетпен сырланған жымысқы ағартушылықтан жас өспірім ұрпақты сақтандырған ол, өзінің жастарға арнаған сөзінде мұның астарын қазбалап тұрып жеткізеді.

Ол 1926 жылы қазанның 29 жұлдызында Ташкент қаласында қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орнының бір жылдығына орай сөйлеген сөзінде миссионерлік ағартушылықтың зардабы туралы айта келіп:

"Осы тұста өткендегі бір жайларды еске сала кетудің де залалы жоқ. Кешегінің мысалы біздің ілгерідегі жұмысымызға сабақ болуы тиіс. Қазақ жұртының Еуропа цивилизациясымен "мәдени" байланысының әр түрлі қыры бар. Өткен ғасырдың екінші жартысыңда өмір сүрген Алтынсарин деген бір қазағымыз болды. Алтынсарин – орыс мәдениетіне ауыл үй қонған алғашкы қазақтың бірі. Біреуден қаймыққанынан емес, өзінің ар-ожданымен православие миссионерлеріне көмектескен адам, орыс-қазақ мектептерін алғаш ұйымдастырған да, қазақ жазуын орыс әліппесіне көшіруді көздеген де осы кісі. Ол әйгілі орыс оқымыстысы, миссионері Ильминскийдің досы болған, соған қалтқысыз қызмет еткен. Міне, дәл осы Алтынсариннің өзі өлер алдында: өзінің казасын аза тұтуға бірде бір орыс адамын араластырмаңдар, тіпті маған етене жақын жүрген жандар болса да жуытпаңдар, - деп тапсырған. Және "Жаназама 99 молда шақырыңдар", -деп өсиет қалдырған. Бұл, әрине, көзі ашық деген зиялы қазақтың басындағы трагедия еді. Орыстармен ұзақ жыл үзеңгілес өмір кешкен пенденің көңіліне түйгені, орыс миссионерлерінің қазақ жұрты үшін еш жақсылық ойламайтынына әбден көзі жеткен адамның көкірегіңдегі қасірет болатын. Бәлки, бұл оның тіршілікте өз қолымен жасаған күнәсін қазақ деп қарс айырылған жүрегінің жан тәсілімдегі айыптауы болар. Қалай да, ол пәлен жыл бірге істеп, біте қайнасқан орыс ымыраластарынан өлерінде безген – деп тілге тиек етті.

Түпкі мақсаты туған ұлтының мүддесі болғандықтан да Ыбырайдың ғұмыр соңында Николай Иванович Ильминскийден безсе – безетіндей жөні бар еді. 1846 жылдан бастап Қазанның діни академиясының "Мұсылмандарға қарсы күрес бөлімі" кафедрасын меңгерген Н.И.Ильминский жылы-жылы сөйлеп, жылаңды інінен шығаратын жымсыма пиғылын Ыбырай миссионерлік ағартудың өмірге ашық енгізіле бастаған тұсында бір-ақ білді. Оған дейін Ильминскийді әкесімен тең дәрежеде құрметтеді. Ал жалған ағартушы болса:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 325; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.