Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №10




Жоспар:

1. Православие және оның негізіндегі секталар.

2. Католицизм және оның даму сатылары.

Сабақтың мақсаты: Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыты – православие мен католицизмнің пайда болуын және тарихын білу. Олардың дүниетанымдық көзқарастарымен танысу.

Сабақтың міндеті: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында ол әр елдің жағдайына, қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға, жергілікті дәстүрлерге бейімделді.

Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың – православие мен католицизмнің пайда болуы еді. Бұл жіктелу бірнеше ғасырлар бойы жүрді. Ол Рим империясының батыс пен шығыс бөлігіндегі феодалдық қатынастардың даму ерекшеліктеріне және олардың арасындағы бәсекелестікке байланысты болды.

Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған Батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі, мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса, екінші жағынан әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделер, ықпал үшін күрес, дін тану мәселесіндегі келіспеушіліктер қосылды. Әсіресе Рим христиан қауымы мен Константинополь қауымы басшылары арасындағы қақтығыс өткір сипат алды. 867-ші жылы Рим папасы Никалай І мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді. Осыдан христиандық тарихында әрқайсысының өз жолы бар екі бағыт пайда болды. Батыс шіркеу рим-католик шіркеуікатолик»- латынша «жалпыға бірдей, әлемдік») немесе католик шіркеуі деп, ал шығыс- грек – православие (гректің «жалпыға ортақ, әлемдік» деген сөзінен) шіркеуі деп аталды.

ХVІ ғасырда Батыс Европада жаңа пайда болып келе жатқан буржуазия мен феодализм арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Бұл католик шіркеуіне терең әсер етті. Реформация деп аталған католицизмге қарсы кең қозғалыс орын алды. Осының салдарынан христиандықтың тағы бір тармағы- протестанизм пайда болды. Ол өз ішінен түрлі салараға бөлінді.

Православие. Православие діні ІІ ғасырдан бастап Шығыс Рим империясындағы (Византияда) басым дінге айналды. Константинополь патриархы ресми түрде шіркеу басшысы деп жарияланғанымен, ол абсолютті билікке ешқашан ие болған емес.

Өз билігі өзінде болған мұндай шіркеулер саны үнемі өзгеріп отырды. Қазір осындай өз билігі өз қолындағы он бес шіркеу бар. Олар- Константинполь (Түркия), Александрия (Египет), Антиох (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузин, Серб, Румын, Болгар, Кипр, Эллада, Албан, Поляк, Словакия және Америка шіркеулері. Соңғысы Орыс шіркеуінен 1970 жылы бөлініп шықты. Бес православие шіркеуінің автономиялық мәртебесі бар. Олар- Синай, Финн, Жапон, Украина және Белорусь шіркеулері. Олар автокефальді (тәусілдік) шіркеулерден елеулі мөлшерде ғана тәуелді.

Православиелік ілімінің негізі-Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсеиет. Соңғысына алғашқы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен ІІІ-ХІ ғасырлар аралығында өмір сүріп, христиан догматтарын жасаған, «шіркеу әкелері» аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.

Католицизм. Рим – католик шіркеуі Батыс Европаның ХVI ғасырға дейін айрықша үстемдік етті.

Католик шіркеуінің басшысы- Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны – конклав сайлайды. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық қатынас жасайды. өткен ғасырдың аяғынды Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католицизмнің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.

Бірақ, католицизмнің ең басты айырмасы-Қасиетті Рухтың Әке-құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве-сөзбе-сөз-ұлынан да) туарлы түсінік. Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол редакциясы православиеден гөрі өзгеше.

Аса маңызды догмат- «шамадан артық қажет істер» туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстінде осы «жақсылықтарды» өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды.

 

Әдебиеттер:

1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003

  1. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 627; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.