Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Бүгінгі дәрістік сабағымызда туроператорлардың негізгі қызмеиі, қонақжайлылық концепциясының негізгі




Бүгінгі дәрістік сабағымызда туроператорлардың негізгі қызмеиі, қонақжайлылық концепциясының негізгі аспектілері қамтылды. Және қызмет көрсету барысында болатын мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Туроераторлардың әртүрлі кездесетін мәселелерге байланысты дұрыс шешім қабылдап, қызмет көрсету кластарына байланысты қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде көрсетуі тиіс.

Дәріс 4. Туристік өнім және қызметтер пакеті

Дәріс-конференция

Дәрістің мақсаты: туристік кешкн қызметіндегі турпакетті тиімді құрастыру жолдарын анықтау, туроператорлардың туристік өнімді жылжыту, сату жолдарының үлгісін анықтау

Дәріс сұрақтары:

1. Туристік өнім түсінігі және оны дайындаудың үлгісі

2. Туристік пакет және оның түрлері

3. Турпакеттің бағасы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: турпакет, турөнімді өңдеу, жылжыту үлгілері, инклюзив тур, тәуелсіз тур, тәуелді тур, тур пакет бағасы

 

Туристік қызмет көрсету кешені турпакетті құрайды. Туризмдегі қызметтер алуан түрлі болып келеді. Мысалы: орналастыру, тамақтану, тасымалдау, экскурсиялық, ойын-сауықтық және тұрмыстық қызметтер, спорттық және курорттық бағдарламалар, туристік жорықтар және т.б.

Туристік нарықтың негізгі тауары туристік өнім болып табылады. Ол неден құрылады? Ол маршрут (арнайы жасалған), тур (бекітілген қызмет көрсету бағдарламасы), қызметтер (қосымша көрсетілетін), сонымен қатар туристік қызметке сәйкес келетін тауарлардан тұратын өнімнің өте ерекше түрі. Алайда, бұл жалпылама ұғым болып саналады.

Егер де әлемдік тәжірибе мен РФ Азаматтық кодексінің 128-134 тарауынан асып қарайтын болсақ, туристік өнім – тек қызметтер кешені мен оған құқық қана емес, ол заттар, құқық, жұмыстар мен қызметтер, ақпарат, жеке меншік және материалдық емес игілік кешенінен тұратын күрделі, әрі көзге көрінбейтін тауар.

Туристік өнімнің құрамына кіретін, алайда басқа мақсат үшін іске асырылған (тұрғындар үшін) көптеген қызметтер туристік болып саналмайды, мысалы шаруашылық қызметтері немесе туристік қызмет саласына тартылмаған транспорт. Ал туроператор транспорт қызметтерін турпакеттің құрамына енгізе отырып, оны турпакеттің бір бөлігі етеді.1.1-суретте туроператордың туристік өнімді өңдеу, жылжыту және сату жұмыстары бойынша үлгісі көрсетілген.

 

 

 

Осыған орай, туристік өнім – туристтің алдын ала төлемі бойынша іске асырылатын және де қажеттілікті өтейтін қызметтердің болатындығын кепілдейтін қызмет көрсетудің материалдық емес тауарлы кешені.

Кез келген өнімді жасау сияқты турөнімді жасау да ең алдымен сұранысты зерттеуден басталады. Алайда біздің жағдайда тек сұранысты ғана зерттеу өте аз, себебі турөнім жергілікті мүмкіншіліктер мен қызмет көрсету ұйымдарының жұмыстарымен тығыз байланысты. Ауа райы, табиғи ресурстар, материалдық база, инфрақұрылым, туристік қонақжайлылық – осының бәрі де турөнімнің құрамы мен қасиетіне ықпал етеді. Сондықтан да сұранысты зерттегеннен кейін міндетті түрде жеке мүмкіндіктерге талдау жасау керек. Одан кейін тағы да сұраныс қайта талданады, яғни оның ерекшелігі анықталады, көрсетілген мүмкіндіктерге қарай сұраныс реттеледі. Кейін маршрут пен қызмет көрсету кестесін жасауға кірісуге болады. Қызмет көрсету кестесіне орай турпакет пен қызмет көрсету кешені жасалады.

Кестелер мен бағдарламаларды жасаумен бірге қызметті жабдықтаушылар мен жеткізушілер арасында келісім жасалады. Дайын турпакеттер саналып, валюта курсына сәйкес жеке бағалары анықталады да қызмет көрсетудің жеке түрлеріне баға прейскуранты жасалады.

Ақпараттың топтық құралдарының көмегімен туристтерге туристік нарықтағы ұсыныстар мүмкіншілігін көрсететін турдың жарнамасы жасалады. Кең ауқымды жарнама әсері мен өзінің таңдауының арқасында турист бекітілген норма мен тәртіпке сәйкес дайындалған турды сатып алады. Турды сатып алғаннан соң, яғни сату-сатып алу фактісі жасалғаннан кейін туристік қызмет саласындағы негізгі қорытынды жасалады, яғни арнайы ұйымдастырылған тур бойынша немесе бекітілген орындар бойынша қызмет көрсетіледі.

Бірақ жұмыс бұнымен біте қоймайды. Қызмет көрсету жұмыстары біткеннен кейін туристік фирма қызметкерлері туристтерден сұрау немесе анкета жүргізу арқылы ұйымдастырылған турдың оң және теріс жақтарын анықтап, қорытынды жасайды да туристік өнімге сәйкесінше түзетулер енгізеді. Бұл маркетингтік қызметтер тоқталмайтын сұранысты зерттеу жұмыстарына бірігеді де туристік өнім сапасының жақсаруына септігін тигізеді.

 

Туристтік қызметте негізгі және қосымша қызметтер деген ұғым жиі кездеседі. Олардың арасында қандай айырмашылық бар? Тұтынушылық сапасы мен қасиеті жағынан олардың арасында қатты айырмашылық жоқ. Егер де белгілі бір экскурсиялар турдың бағасы мен қызмет көрсету кешенінің құрамына кірсе, ол негізгі қызмет болып саналады. Ал егер де турист өзінің қалауы бойынша төленген турдан тыс басқа да қызметті пайдаланғысы келсе, ол қызмет қосымша болып табылады. Осылайша, негізгі және қосымша қызметтер арасындағы айырмашылық ең алдымен туристтің алған турпакеті немесе қызмет көрсету кешеніне қатысты ажыратылады.

Тәжірбиелік қызметтің негізгі туристік өнімі болып кешенді қызмет көрсету саналады, яғни туристтерге сатылатын пакеттегі стандартты қызметтер жинағы. Алайда, ол тек сол пакеттегі қызметтермен шектеліп қана қоймай, басқа да қосымша қызметтерді пайдалана алады.

Қызметтер пакеті – ол тасымалдау, орналастыру, тамақтану, экскурсия және т.с.с белгілі бір қызметтер жиынтығынан тұратын, туроператор өндірген туристік өнім. Турдағы қызметтер пакеті саяхат жасау мақсаты мен туристтердің демалыстың түрін таңдауына байланысты құрылады.

Сонымен, турпакет дегеніміз – жеке немесе топтық саяхатшылар үшін арнайы дайындалған кешенді қызметтер.

Турпакетті дайындауға әсер етуші факторлар:

· белгілі бір саяхат түріне сұраныстың болуы;

· материалдық база, инфрақұрылым мен қызметтер мүмкіншілігі;

· әуе және басқа да транспорт компанияларымен қарым-қатынастың болуы;

· жіберуші және қабылдаушы елдер арасындағы байланыстың болуы;

· туристік ұйымдар арасындағы серіктестік қатынастардың болуы;

· қабылдаушы елдегі туризмнің даму деңгейі;

· қабылдаушы елдегі саяси тұрақтылық.

Саяси тұрақсыздық факторы туроператордың өзінің стратегиясын жасауда өте маңызды фактор болып саналады. Курд халқының оқиғалары Түркия еліне, Луксордағы террористік жарылыстар Египетке туристік сұраныстың азаюына әкелді. Осы бағытта қызмет атқаратын туроператорлар үлкен шығынға ұшырады. Ал туристік ағын бағыттарын дер кезінде басқа елге бұрған туроператорлар қаржылық тепе-теңдік жағдайын сақтап қалды. Алайда, жағдай тынышталып тұрақтана бастаған кезде сол аймаққа туристтер ағыны қайта көбейе бастайды. Берлиндегі Халықаралық туризм биржасының ақпараты бойынша турист белгілі бір тыныштық орнаған немесе климаты мен тур бағасының тиімділігін естіген кезде «маңызды нүктелердегі» қатерлі жағдайларды мүлдем ұмытып кетеді. Тур мен турпакетті жасаған кезде туристермен жұмыс жасаудың екі түрін қолдануға болады: а) тапсырыс бойынша турларды жүзеге асыру; ә) инклюзив-турларды жүзеге асыру.

Тапсырыс бойынша тур. Тапсырыс бойынша жасалған турды сату барысында оның бағдарламасы мен қызметтер кешені туристің қалауы бойынша және тікелей өзінің қатысуымен жүзеге асырылады. Оған демалғысы келетін орны бойынша туристік қызметтердің бірнеше түрлерін таңдау ұсынылады:

· орналастыру – деңгейі, түрі және қонақ үйдің орналасуы бойынша әр түрлі;

· тамақтану – туристтердің қалауы бойынша (толық, жартылай пансион, швед столы, а ля карт);

· экскурсия, ойын-сауық қызметтері;

· транспорт қызметтері – ұшақпен ұшу, темір жол поезымен, автомобиль жалдау және т.б.

· спорттық және курорттық қызметтер – трекинг немесе жорықтың мүмкіндігі таңдау бойынша жасалады;

· визалық қызметтер мен сақтандыру қызметтері.

Әдетте, бұндай тапсырыстар агенттіктерде жасалып, кейін туроператордың көмегімен іске асады. Тапсырыстарды жедел және сапалы орындау үшін қазіргі уақытта халықаралық туризмде пакетті жинақтау, турды сату мен есеп айырысу мәселелерін жедел шешу үшін компьютерлік коммуникациялық жүйелер, компьютерлік және телефакстік байланыстар сияқты қызметтер көптеп қолданылады.

Инклюзив-тур (IT — Inclusive Tour). Бұл тур алдын ала жоспар бойынша жасалған қызметтер жиынтығы, ол белгілі бір демалыстың түріне және туристтердің әлеуметтік класстары мен жасына бағытталады. Мысалы, автобустағы бір топ туристтер бірнеше қала немесе елдер бойынша саяхат жасауын инклюзив-турға жатқызамыз. Осындай турды дайындау мен өткізу ерекшелігі (саяхаттау мерзімі мен маршруты қатаң түрде сақталған, барлығына ортақ бағдарлама) алдын ала тапсырыс бойынша жасалмайтындығы. Инклюзивті турлардың қатарына круизді турлар мен хобби-турлар да жатады.

Инклюзив-турды іске асыру барысында қызметтер құрамы өзгермейді. Турист оны толықтай сатып алады немесе одан мүлдем бас тарта алады. Инклюзив-турлар туризм мен демалыс орындарының үлкен сұранысына ие атақты маршруттарға (мысалы, «Классикалық Италия», «Еуропаға автобуспен») ұйымдастырылады және ұсынылады.

Инклюзив-тур бағасының басым бөлігін транспорт қызметі мен орналастыру қызметі, ал аз бөлігін – тамақтану қызметі алады. Басқа да қызметтерге кететін шығындар жалпы шығынның тек біршама бөлігін алады.

Инклюзив-турлар әуекомпанияларының турагенттіктердің арнайы осы турларға ұсынған авиациялық тарифтерін қолдануға мүмкіндік береді. Халықаралық әуе транспортының талаптарына сай туристтік тариф үшін инклюзив-тур кем дегенде үш қызметтен тұруы тиіс: ұшақпен ұшу (авиаперелет), саяхаттың барлық маршрутында да қонақ үйде орналасу және осы екеуімен еш байланысы жоқ тағы да бір кез келген қызмет түрі (экскурсия, автомобиль жалға алу). Осындай турларға сұраныстың тұрақсыздығына қарамастан, олардың даму барысында бірнеше артықшылықтары бар:

· жеке сатып алынған қызметтер кешеніне қарағанда топтық саяхат арзан;

· маршрут бағдарламасы мен қызмет бағасы алдын ала белгілі болғандықтан турагенттік өзінің тұтынушыларына таңдау барысында кеңес бере алады;

· өз өнімінің тартымдылығын көрсетуге мүмкіндік мол.

Инклюзив-турлардың кемшілігі:

· кейбір тұтынушыларды қызықтырмайтын турлардың болуы;

· бағдарламаның тым толықтылығы.

«Конвейерлік» туристік өнімнен дифференциацияланған өнімге өтуімен сипатталған соңғы он жылдықта туристік нарықта туындаған өзгерістерге байланысты инклюзив-турларға қарағанда тапсырыс бойынша жасалған турлардың үлесі артуда. Агенттіктер әрдайым туристтердің психологиясын зерттеп, соған сай жұмыстар атқарады. Сонымен қатар бәсекелестерінің де тактикасын қадағалап отырулары керек, нарыққа тауар шығарғанда бағасын бәсекелестерінен төменірек қойса, сұраныс көп болады.

Ертіп жүрудің болуына байланысты тур тағы да екі түрге бөлінеді:

· тәуелсіз турлар (escorted tours);

· тәуелді турлар (unescorted tours).

Тәуелсіз турлар. Туристтің ешкімнің көмегінсіз өз бетінше жасайтын туры. Бұл тур да тәртіп бойынша мына қызметтерге алдын ала тапсырыс жасау және алдын ала төлеу арқылы алынады: туристің тұрғылықты жерінен баратын жеріне дейін және кейін қайту билеттерін алу; әуежайдан қонақ үйге немесе қонақ үйден әуежайға трансфер қызметтері; қонақ үйде тұру және т.б.

Тәуелді турлар. Қызмет көрсету немесе маршрут кезінде гид, экскурсоводтардың қызметін пайдалану арқылы жүзеге асады. Турдың бұл туры өте жиі

кездеседі. Мысалға алатын болсақ, туристтерді бөтен елге келген уақытта турагенттіктің өкілі қарсы алып, туристтермен бүкіл демалыс уақыты барысында байланыс орнатады.

Турпакет бағасы. Туристтік пакет жетістігінің негізгі факторы – баға болып табылады. Туроператорлар өзінің турпакетінің бағасын сұраныс деңгейі және бәсекелестерінің бағасына сай қояды. Алдымен, турпакетті жасауға кеткен шығындар мен оны өткізуге кеткен шығындар жабылып, пайда әкелетіндей баға белгіленуі тиіс.

Топтық нарықтың туроператорлары көбінесе бәсекелестерінің баға саясатына қарайды, әсіресе турпакеттерге сұраныс төмендеген уақытта. Турпакеттің бағасы анықталғаннан кейін, туроператорлар нарық көшбасшысының бағасына ілеседі. Баға қойған уақытта шығындарды жабу мен белгілі бір пайда алу пайызы әдісі көп қолданылады. Басқа да шығындарды жабу үшін пакет бағасына енетін пайда пайызы 10-30% аралығында болады.

Туризмдегі баға саясаты сұраныстың әр мезгілде әр түрлі болатынына байланысты тұрақсыз болып келеді. «Өлі маусымдарда» бағалар төмендеп, пайда аз болады да, ыстық турлар кезінде қайтадан өз нормасына түседі.

 

Бақылау сұрақтары

1.Негізгі және қосымша қызметтер дегеніміз не? Олардың айырмашылығын көрсет.

2.«Қызметтер пакеті» дегеніміз не?

3.Инклюзив-турлар мен тапсырыс бойынша жсалатын турлардың артықшылықтары мен кемшіліктері

4.Туристтік пакет дегеніміз не және оның жасалуына әсер етуші факторлар?

5.Турпакеттің бағасы қалай анықталады?

6.Туризмдегі баға қою саясатына әсер етуші факторларды ата.

7.Туристік өнім дегеніміз не?

8.Ертіп жүру деңгейі бойынша турдың қандай түрлері бар?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1221; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.