Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Карточка. Мектепте темекі шегу




Тест.

Эмпатия» ойыны

Ойынның мақсаты: «көзбен байланысты ұстай білу» әңгімелесушіні түсіне білу қабілетін арттыру.

 

Ойынның барысы

Бір студент аудиториядан бір минутқа шығады. Қалғандары шығып кеткен студенттің мінезіне немесе сыртқы бейнесіне байланысты ең жақсы үш қасиет айтады. «Ақпарат сақтаушы» кімнің не айтқанын жазып алады. Кірген студенттің міндеті - аудиторияда қалған студенттердің көздеріне, мимикаларына және басқа да мінез-құлықтарына «ақпарат сақтаушы» айтқан сөздердің иесі кім екенін анықтау. Топ «ыстық», «жылы», «суық» сияқты сөздермен көмектеседі. Оқушыларға тек қана жақсы қасиеттерді айтуды ескерту керек.

 

10-ереже: Жақсы тыңдаушы болыңыз.

– Жақсы тыңдаушы болу дегеңіміз не?

– Көбінесе қандай себептерден дау басталады? Дауды мұқият талдау кезінде көбінесе дау барысында дауласқан адамдар әртүрлі жағдайлар туралы айтатыны анықталады.

Мұқият тыңдау - көндірудің кепілі. Егер оның ойының тәртібін, құрылымын түсінбесең, ешқашан көндіре алмайсың. Сонымен бірге, мұқият тыңдаушы әңгімелесушіні өзіне қаратады, яғни жетінші ережені қолданады. Сонда ол қалай естіледі? Біз айтылғанды емес, өзіміздің қалағанымызды еститініміз мәлім.

Өзіміздің тыңдай алуымызды, коммуникативтік қарым-қатынасты көптеген тестер арқылы тексеруге болады. Міне солардың бірі.

Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз ба?

Бұл сіздің тіл табыса алу, тыңдау қабілеттеріңізге тікелей байланысты. Бұл сұрақтарға жауапты тесттен кейін жауап бере аласыздар. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз:

1. Сіз басқа адамның сөзін соңына дейін айтып болғанша шыдайсыз ба?

2. Сіз мәселені түсінбей жатып, шешім қабылдайсыз ба?

3. Сіз өзіңізге ұнататынды, жағымды ғана сөздерді естисіз бе?

4. Сіз эмоция тудыратын адамды тыңдай аласыз ба?

5. Басқа біреудің сөйлеуі сізге бөгет болмай ма?

6. Әңгіменің керектісінің орнына бос нәрселерді ғана есте сақтамайсыз ба?

7. Ескертулерді тыңдау сізге кедергі жасамай ма?

8. Түсініспеушілік кезінде сіз тыңдауды тоқтатасыз ба?

9. Тыңдау кезінде жағымсыз позицияны ұстанасыз ба?

10. Мүмкін сіз тыңдап жатқандай түр жасайсыз?

11. Сіз түсіну үшін өзіңізді сөйлеушінің орнына қоясыз ба?

12. Сіз және сөйлеуші әртүрлі сұрақты талқылайтыныңызды есепке аласыз ба?

13. Сізге және сөйлеп тұрған адамға сөздің мағынасы әртүрлі болатындығынын бақылайсыз ба?

14. Сіз даудың көзқарастың келіспеушілігінен немесе сұрақтардың әртүрлі қойылғанынан болғанын анықтайсыз ба?

15. Сіз басқа адамды тыңдаған кезде оның көзінен қашқақтап, бұрышқа немесе жан-жаққа қарайсыз ба?

16. Сізде сөйлеп тұрған кісінінің сөзін бөліп, өзіңіздің сөзіңізді қоюға құмарлық пайда бола ма?

 

Нәтиже:егер сіз 11-14 сұрақтан басқа барлығына шын ниетпен «жоқ» деп жауап берсеңіз, онда сіз адамдарды тыңдай аласыз және ести аласыз. Кімде-кім өз жауаптарына сенімсіз болса, бұл тест негізінде кеңестерден құралған.

11-ереже: Конфликтогендерден (дау туғызатын сөздерден) аулақ болыңыз.

Конфликтоген деп, дау туғызатын сөздер, дау туғызатын әрекет, яғни дау-дамайға соқтыратын сөздер. Конфликтоген сөзінің нақты аудармасы -«дау тудырушылық» («ген» жалғауы күрделі сөзде «тудыратын» дегенді білдіреді).

Сіз қалай ойлайсыз, конфликтоген дегеніміз не? (Асырмалау, ашу және тәрбиесіздік туғызатын көрсеткіштер: дөрекілік, қорқыту, мысқылдау, ескерту мақтану, кеңес беру, сөйлеуші адамның сөзін бөлу, өтірік, ақпаратты жасыру және т.б.).

Берілген ереже жетінші ережеге сәйкес. Расында, конфликтогендер көрінбей қалмайды, кері әсер пайда болып, әңгіме шиеленіске айналады.

12-ереже: Сіз бір-біріңізді дұрыс түсінетініңізді тексеріңіз.

- Оны қалай тексеруге болады?

Мәтінге байланысты сөздер әртүрлі мағынада болады. Бұны кез келген тілге қатысты айтуға болады (мысалы, ағылшын тілінде 500 аса қолданылытын сөздің орташа санағанда 28 мағынасы бар). Қазақ тіл де солай. Сондықтан, хабарламаны алғанда түсіну дәрежесін, әсіресе қазақша әрқашан тескеру керек. «Мен қайдан пайда болдым?» - деген сұрақты баласы анасына қойды. - Адамдардың пайда болуы туралы дәріс кезінде, соңында естідім: «Көрші Қарағандыдан келдік дейді. Ал біз қайдан?»

Пайда болған дауды сараптама дауласу кезінде затты әр жақты түсінетінін көрсетеді, нәтижесінде - «домбырам не дейді, мен не деймін», «бас десе, құлақ дейді». Келісімге келу үшін бір-бірін түсіну керек.

Түсінудің қарапайым, жай тәсілдері бар. «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» (Түсінгеніңізді қайталау) немесе «Басқа сөзбен айтқанда, сіз...», «Сіздің айтқаныңыз... білдіреді?» және т.б. Қайта сұрау күнә емес: «сіз нені айтып жатырсыз?», «қайтала алмайсыз ба?», «анығырақ айтуға бола ма...».

Галилео Галилейдің ғылыми тұжырымдарынан ешкім аса алмады: ол ең алдымен өз қарсылыстарының пікірлерін олардың өздерінен анық айтып, содан кейін оның тас-талқанын шығаратын. Ол нағыз шешен болды.

13-ереже:Өзіңіздің және әңгімелесушінің мимикасын және қимылдарын бақылап отырыңыз.

Мимика және ым дегеніміз не? Қалай ойлайсыз, оларды не үшін бақылау керек?

Көндіру процесінде тыңдаушы біздің сөзіміз туралы не ойлайтынын білмейтініміз бөгет болады. Сөйлеушілер әрқашанда бір-бірімен ашық болмайды.

Ым және қимыл тілін білген көмектеседі, ол туралы кейінірек айтамыз. Мимика мен сөзге қарағанда өзіміздің қимылымызды бақылай алмаймыз және кей қимылдар ойламаған жерден пайда болады. Ым және қимыл тілін білетін адам әңгімелесушіні оқып, қосымша акпарат алады. Сонымен қатар егер біздің ым мен қимылдарымыз сөзбен сәйкес келмесе көндіре алмаймыз. Көбісі келіспеушілікті сезеді. «Бір нәрсенің дұрыс еместігін сеземін» деу осыған байланысты. Ым және қимыл біздің сөзімізді нақтырақ сездіртеді.

14-ереже: Сіздің ұсынысыңыз әңгімелесушінің қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыратынын көрсетіңіз.

– Сізде, адамдарда қандай қажеттіліктер бар?

Адам қажеттіліктері былайша бөлінеді:

а) физиологиялық (ас, су, ұйқы, тұратын үйі, денсаулық және т.б.);

б) сақтандыруға қажеттілік, болашаққа деген сенім;

в) қажеттілік бір ортаға жатады (отбасына, достар ортасына, ұжымға және т.б.)

г) сыйластыққа, танымға қажеттілік;

д) өзінді дамытуға, өзінің шамаңның ашылуына қажеттілік, рухани қажеттілік.

Адам жоғарыда айтылған бес деңгейдегі қажеттілікті керек етеді. Ол күшті дәйектер табу үшін көздер жақсы болып табылады.

Ең күшті дәйек бір қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады. Мысалы: жарнама бойынша мамандар адамның қорқыныш, үрей сезімдері қауып, тәуекел жөнінде болатынын тұжырымдайды. Осының негізінде барлық сақтандыру ісі құралған. Адамдардың қауіпсіздіктерін сақтандыру бизнесі нағыз қаржылы болып табылады.

Енді сіздер барлық 14 ережені білесіздер. Қалғаны тәжірибеде қолдана білуді үйрену керек. Әрине ол үшін уақыт және шыдамдылық қажет.

Соңында тест «Сіз басқа біреуге әсер ете аласыз ба?». Сізде қоршаған ортаға әсер етуге қабілетіңіз бар ма? Мүмкін сіз осы қасиетіңізді дамытқыңыз келеді? Келесі сұақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

1) Сіз өзіңізді актердің немесе саясаткердің орнында елестете аласыз ба?

2) Экстравагантты киінген және сөйлейтін адамдар сізге әсер етеді ме?

3) Сіз басқа адаммен өзіңіздің уайымыңыз туралы сөйлесе аласыз ба?

4) Сіз қоршаған ортаға өзіңіздің қасиетіңізді көрсету үшін, қиын шаруаны істей аласыз ба?

5) Сіз үлкен табысқа жету үшін бәрін құрбандыққа шала бас аласыз ба?

6) Сіз қатаң тәртіппен, тіпті ойын сауықты өлшемді өмір салтына келтіре аласыз ба?

7) Сіз өзіңіздің үйіңізде жиһаздардың орнын ауыстырғанды жақсы көресіз бе?

8) Сіз өзіне өте сенімді және тәкаппар адамдарды жағындыра аласыз ба?

 

Жауаптар бағасы:

                 
иә                
жоқ                

 

Н ә т и ж е л е р:

20-30 ұпай. Сіз басқа адамдарға жақсы әсер ете аласыз, ол үшін сіздің бойыңызда таптырмайтын қабілеттер байқалады. Сіз олардың тәртібін өзгертіп, басқарып, дұрыс жолға бағыттай аласыз. Осы тәрізді жағдайларда сіз судағы балықтай еркін жүзесіз. Сіз адамдардың тұйық болмауына, адамдардың қашқақтауына тек қана өзінің қара басын ойлауға жол бермейсіз.

Ол басқа адамдар үшін бірдеңе жасау керек, оқыту басқару, күнделікті өмірде өздерін одан да жақсы сезінуі үшін шара қолдану керек. Сіз қоршаған ортаны өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге қабілетіңіз бар. Бірақ сіздің позицияңыз өте агрессивті болуы мүмкін. Сондықтан байқау керек.

20 ұпайдан төмен:

Сіздікі әрдайым дұрыс болғанмен, қоршаған ортаны сіз сендіре алмайтын жағдайлар болады. Сіз өзіңіздің өміріңіз және қоршаған ортаның өмірі қатаң тәртіпте, сау ойда және жақсы қылықтармен шектелуі қажет деп ойлайсыз. Сіз жиі ұстамды боласыз, сондықтан өзіңіздің мақсатыңызға жете алмайсыз және басқалары сізді дұрыс түсінбейді.

 

Тарих туралы әңгіме

Оқушы тарих пәнінен бағасын түзеткісі келіп, мұғалімнің сабақ сұрағанын қалайды. Мектепке бара жатып, мұғалімді қуып жетеді:

- Қайырлы таң, Гүлзәйда-апай! Бүгін ауа райы тамаша ғой? Иә?!

- Сәлеметсіңбпе, Сапарбек, ауа райы расында жақсы!

- Демалыс жақындап барады ғой, сіз ақыры бізден демаласыз.

- Иә, бәріміз шаршадық - біз де, сендер де. Сірә, демалысты аңсайтын шығарсыздар?

- Әрине. Демалысқа жақсы бағамен шығу көңілдірек қой. Рас қой?

- Тоқсанды қалай бітіріп жатырсың?

- Егер сіздің пәніңізден түзетсем, мүмкін үш болмас еді,.

- Неге дұрыс оқымадың?

- Мен оқыдым. Бірақ, сіз сезгендей нашар дайындалып келгенде, сұрайсыз.

- Иә. Жиырма жыл оқытқаннан кейін, оқушыларды бірден біліп тұрасың.

- Ал қазір мен дұрыс жаттадым.

- Жарайды, онда бүгін тексереміз.

 

- Неліктен бала өз алдына қойған мақсатына жете алды?

Жас дипломат тәжірибеде Сократ ережесін қолданды. Ол мұғалімнен бірнеше бекітілген, нақты жауаптарды алды.

Ол мұғалімнің алдында басқа пәндерден жақсы оқитындығын айтып, өз имиджін көтереді. Өзінің жақсы сөздерімен мұғалімді өзіне қаратып, жағымды әңгімелесуші болады. Осының нәтижесінде иландырудың мақсатына жетеді.

Карточкаға түсініктеме.

- Неге мұғалімдерді көндіре алмайсын?

Мұғалімдерге қарсы бірнеше ереже «жұмыс істеді». Мұғалімдердің аргументтері кішкентай балаларды сендіре алмайды. Балалар темекі шеккен кезде, болашақта не боларын ойлап көрмейді. Денсаулыққа зияндылығы «үлкендердің» түсінігімен баяндалады (аурулар, өмір ұзақтылығы), сондықтан балалар үшін олар әлсіз аргумент, балалар ой-өріс қабылдай алмайды.

Басқа жағынан қарағанда, бұл балалардың темекі шегу әрекеті үлкен жолдастарына еліктеуден туындайды. Үлкен жолдастарының мысалдары, мұғалімдердің сөздерінен әлдеқайда сенімдірек. Сондықтан бастауыш мектептерде осындай жағдайларға тап боламыз.

Бірге шешейік.

Құлыптағы шекара

Мектепте би кеші өткізілді. Кешіккендерді кіргізбеді. Кешіккендердің саны жиырма болды, мен де солардың қатарында болдым. Күзетші ірі адам ешкімді жібермеді. Кешікккендер артқа шегінген кезде, мен күзетшінің қасына бардым:

- Қайырлы кеш! Өтінемін, сіздің қасыңызда жылынып отыруға бола ма, өйткені, мен би кешінің аяғына дейін тосуым керек, ал дала болса суық.

- Неге тосу керек?

- Қызыма би кешінен кейін, шығарып салам деп уәде берген едім. Ал өзім сабақта болып кешігіп қалдым. Ол қауіпсіз ауданда тұрады.

- Сен де мында оқисың ба?

- Дайындық курсына барып жүрмін.

- Оқуға түсуге дайындалып жүрсін бе?

- Иә, бірақ бүгін төбелесем деп ойлаймын.

- Неге?

- Менің қызыммен билеп жүрген жігітке, оны шығарып салуға жол бермеймін. Ол үшін күтіп тұрған жоқпын.

- Онда өзің барып биле.

- Сіз мені жібермейсіз ғой!

- Олай болса өте бер, бірақ төбелес болмасын.

- Рахмет!

- Жарайды...

 

- Бұл жас жігіттің жетістігін талдаңыздар.

Бұл жігіт басынан бастап, өзінің өтінішіне «иә» деген жауап алды, яғни Сократ ережесі бойынша әрекет жасады. Екінші «иә» деген жауаптың қажеті болмады, өйткені ол өзің «нағыз жігіт» екенін көрсете біліп, имиджін көтерді. Ал соңғы төбелес туралы аргумент күзетші үшін шешуші болды, өйткені күзетші төбелесті болдырмас еді.

2-Карточка. Жаңа шаш үлгісі

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

- Неге әкесі сендіре алмады?

Әкесінің тапсырмасы басынан қиын болды, өйткені ұлы үшін сыртқы келбетіне байланысты жолдастарының пікірлері бірінші орында болды (бұл сұрақта олардың пікірлері жоғары).

Бұл жағдайды әкесі ұрыстан бастап, қарым-қатынастың араларын ажыратып жіберді.

Басқаша айтқанда, 8-11 ережелерін бұзды. Баласын мазақтағаннан кейін, жағымсыз әңгімелесуші болуға бір қадам жасады.

Нәтижесінде, әкесі ұлымен ешқандай шешімге келмей, ұрысты. Сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша әсер ету мүмкіндігін төмендетті.

Қорытынды:Иландырудың сәтсіздікке ұшыруы 14 ережені бұзумен байланысты болады.

Керісінше: осы ережелерді дұрыс қолданған кезде, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

9-тақырып: Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы.

 

Жан дүниенің әрбір қимылы дауысында,

ымында және қимылында табиғи ретінде көрініс береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 814; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.