Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Э. Гольдман




Қарсы алу мен қоштасу қимылдары туралы әңгіме жүреді. Қимылдың да тәртібі бар екен. Орыстың жазушысы А.И. Куприн айтқандай: «Қолды беру кезінде, адамның саған деген қарым-қатынасын ғана емес, сонымен қатар оның мінезін білуге болады. Мысалы: екі саусақ беру – тәкаппар мінезді адам; қолды ұзақ ұстау - достық және сенің тегіңе деген қызығушылық. Бірақ есте болсын: тәрбиелі және сыпайы адамда ұстамды болады.

Қазір біз кездесу және қоштасу көріністерін көрсетеміз.

Тапсырма: мен жағдайды айтамын, сіздер керекті ыммен оны тауып алыңыздар.

1-жағдай. Екі таныс алам кезедеседі. Олар қалай бір-бірімен амандасады?

2-жағдай. Бозбала таныс қызымен кездеседі. Кім бірінші болып қолын созады?

3-жағдай. Бала жасы үлкен адамды кездестіреді. Кім бірінші қолын созады?

- Сіз адамның қарым-қатынасындағы күлімсіреудің орны қандай екенін білесіз бе?

В.Солоухиннің керемет сөздерін естеріңізге түсіргім келеді: «Адамдардың бойларында күлімдеу бар. Қараңызшы, адамның бойындығы барлығы өзіне тән: көз-көру, аяқ-жүру, ауыз-тағамды жұту - барлығы күлімдеуден басқа өзіне керек. Күлімдеу өзіне керек емес. Егер айна болмаса, сіз оны ешқашан көрмес едіңіз. Күлімдеу басқа адамдарға арналған, өйткені басқа адамдардың сізбен жылы қарым-қатынаста болуы үшін қажет. Егер он күннің ішінде сізге немесе сіз екшімге күлімдемесеңіз, жан дүниеңіз мұздап, тасқа айналғандай сезінесіз».

Бұл жағдай туындамас үшін, бір-біріңізге қарап, күлімдеңіз.

Сабақтың қорытындысы:

Біздің ымымыз, қимылымыз, сөйлеуіміз, тәртібіміз қалаған кезде ойдан шығатындай болмайды. Әлі көп нәрсемен жұмыс істеу керек. Егер бүгінгі сабақтан бірдеңе үйренсеңіз, мен өте қуаныштымын. Келесі сабақтарда ымды тәжірибеде қолдану туралы сөйлесеміз.

 

10-тақырып: Дене тұрысы және қимыл тілі

 

Қимыл, ым, интонация - қарым-қатынастың ең басты бөлігі. Сөздің көмегімен 7% ақпарат, дыбыс құралдары арқылы - 38% ым, қимыл арқылы - 55% ақпарат берілетіні арнайы зерттеулермен дәлелденген.

Ал басқа зерттеулер әңгіме кезінде ақпараттың 2/3 бөлігі берілетінін көрсеткен.

Көптеген зерттеулер бір-бірімен сәйкес келеді. Вербалды емес дабылдар бір-бірінің арасындағы қатынастар кезінде қолданылады. Мысалы, адам аузын ашпай-ақ, көзімен қатал қарап,өзінің оған деген қатынасын білдіреді.

Бір жағынан, ресми кездесулерде, әңгімелер мен келісімдер кезінде өзіңнің ымдарың мен қимылдарыңды бақылау керек, ал басқа жағынан серіктестің қимылдарын дұрыс түсіне білу керек.

Қарым-қатынастың вербальды емес құрамдары бірінші танысу сәттерінде өте маңызды. Олар болатын әңгімеге қызығушылықтарын және конструктивті серіктестікке дайындығын, ұсыныстарда, жаңа ойлар мен жаңалықтарға ашықтығын көрсету керек.

Ал қазір біз, белгілі ым және қимылдардың мағынасын қаншалықты білетініңізді тексереміз.

Жұппен жұмыс істеу.

Тапсырма: Мына қимылдар нені білдіреді?

1- қимылдар анықтамасы.

1. Алақанды жоғарыға қаратып ашу.

Бұл - тез арада жасалатын қимыл. Әңгіме кезінде бір немесе екі қолдың алақаны бір мезетке жоғары жаққа ашылуы адамның шынайлығын, ашықтықтығын білдіреді.

2. Қолды тығу.

Қолың қалтасына тыққан адам өзінің күнәсін сезеді немесе жатқан жағдайда өзің бос ұстамауын көрсетеді. Кішкентай балаға қолынды шығар деп ұрысқан кездер есіңізде ме?

3. Сізбен бірге отырған кезде пиджактың түймелері шешулі немесе сіздің көзінше пиджакты шешу

Сізге деген ашықтықты және достық қатынасты көрсетеді.

4. Қолдардың білектері кеудеге айқастырылуы.

Бұл - қолдану, сақтану. Соңғы екі қимылды қосқанда біріншісі – жан дүниесі ашық, екіншісі - жан дүниесі жабық.

5. Білектің еркін ұсталуы.

Адамның сабырлығын, салмақтығын білдіреді.

6. Жұдырықты көрсету

Бұл айбат көрсетуді, қорқытуды білдіреді.

Қорытынды:сіз 1, 2, 5, 6 қимылдары қолдың біліктері ақпараттандырылғаны жөнінде ескердіңіз бе? Сондықтан кездесу, келісімдер кезінде қолды үстелдің үстінде ұстап отыру керек.

Бұл серіктеспен қарым-қатынастық сыйластықты білдіріп, өзің жайлы ақпарат беруге көмектеседі.

7. Әңгімелесуші орындықтың шетінде, алдына үңіліп, басы кішкене артына қарай шалқайған және қолына сүйеніп отыр.

Бұл сөйлеушінің қызыққанын білдіреді. Адам өзінің серіктесіне тартылып отырғандай.

8. Жағымен қолына сүйкену.

Негізі ойланып кеткенде.

9. Алақанға иекпен сүйеніп, көрсету саусағы жоғары, басқа саусақтар төмен қараған.

Сынауды, жаман бағаны білдіреді.

10. Басы кішкене иыққа бұрылған.

Мұқият тыңдау кезінде бас өз бетімен қисаяды. Бұл адамдарға,иттерге және құстарға тән мінез, қимыл.

11. Иекті қасу (көз сығырайтумен бірге жиі болады).

12. Алақанмен иекті ұстау, еріннің астыңғы жағын ұстау.

Бұл шешім қабылдауды білдіреді, бұл қимылды былай түсіндіруге болады. Иекте жүйке жүйесі орналасқан. Мидағы қан айналымын реттейтін және сонымен байланысты билогиялық белсенді нүктелері бар (бұл жерге тиген жұдырық есінен тандырады).

Биологиялық белсенді нүктелерге қол тигізгенде, біз мидың қан айналымын жүзеге асырып, мидың жұмысын жақсы жүргіземіз.

13. Көзілдірікті ақырын шешіп, оның шынысын тазалап сүрту.

Дұрыс шешімді қабылдау үшін уақытты созу.

14. Көзілдіріктің ұшын және т.б. заттарды ерінмен ұстау немесе тістеу.

Заттарды тістеп отыру қосымша ақпаратты талап етуді білдіреді.

15. Жүре беру.

Қиын шешім қабылдау кезінде, адам бөлмеде жүре береді.

16. Тұмсықты шымшу.

Терең ойлануды білдіреді. Тұмсықта ми қан айналымының тағы бір орталығы бар. Биологиялық белсенді нүктелерге қол тигізгенде, біз мидың қан айналуын жүзеге асырамыз.

17. Сөйлеген кезде қолмен ауызды жаба беру.

18. Сізге қарамауға тырысады.

Адам өтірік айтады. Көбінесе, бұл қимылдар балаларда кездеседі. Егер оны тыңдаушы істесе, онда айтылғанға күмәнмен қарағанды білдіреді.

19. Басқа жаққа қарау.

Күмәндануды, сенімсіздікті білдіреді. Шығыста сөйлескенде көзін басқа жаққа қаратып, тек кей кезде ғана көзіне қарауға болады. Ал американдықтар, керісінше, әңгімелесушінің тура көзіне қарауға үйреніп алған.

20. Аяғы немесе барлық денесі шығу есігіне қарай орналасқан.

Кету ойын білдереді.

21. Мұрнына сәл ғана тиісіп немесе сипап қояды. Бұл қимыл көбінесе дененің айналуымен жүзеге асырылады.

22. Құлақтың артын немесе алдын сипалайды, көзін сипалайды.

Егер тыңдап жатса-күмәнданады, ал сөйлеп жатса-өтірік айтады.

23. Амандасқан кезде қолы үстінде болуға тырысып отырады.

Өз-өзіне сену.

24. Амандасқан кезде қолы астында болуға тырысады.

Қарамағында болу.

25. Кабинет иесі әңгіме кезінде үстелдегі қағаздарын жинай бастауы.

Әңгіменің біткенін көрсетеді.

26. Қолы пиджактың қалтасына салынған, ал үлкен саусағы шығарылып тұрады.

Өз-өзіне сену ымы.

27. Сөйлеуші жұдырығымен қимыл жасайды.

Биліктің немесе қауіпті қорқытудың көрінісі.

28. Пиджактың барлық түймелері тағылып тұр.

Ресмилігін көрсету, шектен шықпауын көрсетеді.

29. Көздері үлкен болу.

Қызығушылығын көрсетеді. Бұл сөйлеушіге өте ұнайды, өйткені әрқайсысы біреуге қызық болуды ұнатады.

30. Көздері кішірейді.

Адамның тұйық екендігін көрсетеді: адам «көзінен» жасырып тұрғанын оқып қоятынынан қорқады.

Осыны болдырмау үшін арнайы құралдар «өтірік айту детекторы» жасалған. Жауап кезінде көздің өлшемін анықтайды. Кішірейсе - бір нәрсені жасырып тұруы.

Ескерту. Кейбір әрекеттер температураның жағдайларынан туындауы мүмкін: пиджак шешілсе, ыстық екендігін білдіреді, ал барлық түймелер тағылып тұрса, суық екенін білдіреді.

 

11-тақырып: Мақтау өнері

- Пікірлесетін адамды өзіне қарату үшін қандай шара қолдану керек? (жақсы мақтау айту).

- Мақтау дегеніміз не? (Мақтау дегеніміз пікірлес адамның өзінің бойынан көргісі келетін қабілетін көтермелеу)

- Жеңіл немесе қиын болса да, бір-біріңді мақтаңдар. Неге?

- Көбінесе кімге мақтау айтуға болады?

Негізі мақтағанды барлығы жақсы көреді, бірақ ер адамдар оған басқаша қарайды.

- Мақтаудың әлсіздігі нені түсіндіреді? (Мақтау негізі психологиялық қажетті дұрыс сезім тудырады).

- Пікірлесуші кім болады? (Ұнататын пікірлесуші)

- Бұл бізге керек пе? (міндетті түрде)

- Өтіріктен қандай айырмашылығы бар? (Өтірік-қабілетін қатты көтермелейді.

- Екі фразаны тыңдап, анықтаңыздар. Өзініздің пікірлеріңізді түсіндіріңіз.

- Саған бұл түс жарасады. (Мақтау)

- Сен ең әдемісің?

- Өтірік көбінесе бетін қайтарып тастайды. Яғни ол кейбір адамдарға ұнамайды.

- Мақтау және асырту - бұл бір нәрселер.

- Сонымен бірге әркімге ұнамды заттар бар. Бұлар нелер? (Барлығы әдемі көрінгісі келеді,табысқа жеткісі келеді, сыйлы болғысы келеді, сүйікті болғысы келеді, толық отбасы,білімді және денсаулығы сау балаларды армандайды).

Мысалы, аналар айтады: «Сіздің балаңыз қандай әдемі!». Әрине, бұл мақтау анаға ұнайды, өйткені бала жақсы киінген, жақсы күтілген немесе оның ата-анасы әдемі болғандықтан, бала сүйкімді болады.

Мақтауды кез келген адамға айтуға болады. Бірақ бұл адам туралы нақты бір ақпарат болу қажет.

Кейбір кезде адамның алдында қиын тапсырмалар тұрады. Өйткені мақтайтын адамы өте нашар адам. Бұл адамға мақтау айтып көріңіз.

- Неден бастаймыз? Бұл кезде мақтауға қарсы мақтау керек. Егер адам сараң болса, онда оған ұқсатымды, пысық, есепкер деп айтуға болады. Кейбір кезде көпке белгілі мақтаудың керісінше түрі бар. Оны тек қана керек адамдарға ғана айтады. Бұл жағдайдан қалай жол табуға болады? Немесе сұраққа басқа жағынан қарау?

- Мақтауды жиі айту керек пе?(жиі-жиі айту керек. Кез келген адам жақсы сөзге құқылы).

Тек қана тәжірибе кезінде жеңіл мақтаудың керектілігі табиғи түрде көрінеді. Мақтауды айтуды жеке жерде үйрену керек. Әйтпесе, басқа адамдардың қатысуы сізді ұялтып жібереді.

- Мақтаудан кейін кімге жақсы болады?

Ал енді, мақтау істеп көреміз және өтірік айтамыз.

 

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай, бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп, жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебінің білдіретін сөздері бар. Мысалы: құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін, жолы болсын, ештеңе етпес, бір реніштің бір қуанышы бар, ұзағынан болсын, т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, қатарластарды құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік. Нұрланды, Нұржанды – Нұреке, Арғынды - Әреке, Бауыржанды – Бәке деп құрметтеу де – салт-дәстүріміздің бағалы тұсы.

Мереке, мейрам, қуанышты күнмен, мерейтоймен құттықтай білу де – тәрбиелік. Құттықтау тілінің өзіне тән сөз оралымдары мен сөз тіркестері бар. Құттықтау тілінде мақтау, мадақтау, қошемет көрсету (комплимент) сөздері қолданылады.

Мақтау-мадақтау айтушының жүзіне тура қарап, шын ниеттен айтса, ол дауыс мәнерінен де байқалып тұрады әрі таза көңілден шыққанына сенімді болады. Көңіл көтеру лебізі - әңгімелесушінің мінезі, адамдармен қарым-қатынас мәнері, сыртқы түрі, білімі туралы шынайы ықыласпен берілген баға.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл тимесі анық. Ендеше қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әнгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту – тәрбие мен әдеп белгісі. Әңгіме, сұхбат тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгімелесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.

Құттықтау сөз көбіне-көп үлкен дастарқан басында айтылады. Дастарқан басында айтылатын жақсы сөздің де өз ережесі, шарттары бар. Жиналған қауым тамақ ішу үшін емес, қуанышты шын ниетпен қабылдап, игі тілекпен келеді. Бұл жерде әркім өзін мазалаған ойын, жеке шеше алмай жүрген ісін немесе біреулерге деген өкпе-ренішін айтпайды. Жақсылыққа келген жұрт барлығына ортақ қуанышты, көңілді кезде еске алады. Ұнатпаған, бұрыннан ренішті адамдармен жолыға қалса, ішкі сырын сыртқа шығаруға, я болмаса ұнатпағанын білдіріп сөйлеу мәдениетсіздік болады. Бұрын көрмеген адамдармен танысып, ортақ тақырып тауып әңгімелесуге тырысқан жөн.

Тәжірибелік тапсырмалар

 

1-жаттығу. Мәнерлеп оқыңдар.

Бесікті аластау Бұлт шақыру

Алас, алас, баладан алас, Ат басындай ақ бұлт,

Иесі келді, пәлесі көш! Қой басындай көк бұлт,

Алас, алас, баладан алас, Қоғалы көлдер құрыды,

Көзі жаманның көзінен алас, Құба жондар шөледі,

Тілі жаманның тілінен алас! Қолдан қара жауын бер!

Қырық қабырғасынан алас, Жандай досым, ақ бұлт,

Отыз омыртқасынан алас. Омыраудан соқ бұлт!

Алас, алас, аласы, Ескек желді сұр бұлт,

Келді, міне, баласы. Еріктірмей жете көр!

Қош, қош, пәлесі, Тасқындасаң тас жаудыр,

Келді, міне, егесі. Қаһарлансаң қар жаудыр,

Аталарың ақырса, одан қорықпа, Буырқансаң мұз жаудыр,

Аналарың, ағаларың шақырса, Мұздай темір құрсандыр!

одан қорықпа. Кел, бұлт, кел, бұлт,

Сылдыраған бұлақтан қорықпа. Екі енеге тел бұлт!

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 597; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.