Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Іскерлік ойындар технологиясы




Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Әлемдік білім беру жүйесіндегі технологиялық үрдіс

1.Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы.

2.Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар.

3.Білім беру ісіндегі «технология» ұғымының генезисі, шығу себептері және қазіргі жағдайы.

4.Технология және әдістеме.

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Оқу процесінде техниканың қолданылуына байланысты шетелде оқытудың технологиясы туралы айта бастады. Оны әуелде оқытудың техникалық құралдарымен байланыстырды. Ресейде «оқыту технологиясы» ұғымын оқу-тәрбие процесінің мазмұнды техникасы ретінде түсіне отырып, бұл ұғымды «педагогикалық технология» ұғымына дейін кеңейтті.

Дидактика мен педагогикалық технологиялардың айырмашылығы қандай? Дидактика - бұл жалпы білім беру теориясы, ал педагогикалық технология – оқушыны оқыту тәрбиелеу және дамытуда нақты орындалатындай жетістіктерге жету мақсатында нақты ғылыми негізделген, арнайы түрде ұйымдастырылған оқыту.

Оқу пәнінің әдістемесі - белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы. Пән әдістемесінің объектісі – белгілі бір пәнді оқыту процесі, ал пәні - нақты оқу пәнін оқытуда оқыту мен оқудың арасындағы байланыс, қарым-қатынас.

Осы қарым-қатынастың түрлі формасын зерттей отырып, әдістеме оқытушыға оқыту ықпалдарының жүйесін талдайды және ұсынады.

Бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба, әрі сол жобаның жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялардың мынадай артықшылықтары бар:

1. Технологияның негізі - соңғы мақсатты нақты анықтау. Консервативті педагогтар мақсатты нақты қою проблемасын маңызды санамайды, ал технологияда мақсат орталық компонент ретінде қарастырылады. Ал бұл оған жету деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

2. Мақсаты айқын технология оған жетудің объективті әдістерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

3. Технология оқушының немесе студенттің оқу-танымдық іс-әрекетінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесінің жобасын ұсынады. Әдістемелік сабақ жоспарын әр мұғалім өзінше құрып, сабақ та, оқушы іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. Ал оқушының оқу іс-әрекетін жобалау оқыту процесінде жоғары табыстарға әкеледі.

Технология дегеніміз өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.

Ал педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жобаның жүйесі.

Педагогикалық технология үш деңгейде болуы мүмкін:

1. Жалпы педагогикалық деңгейдегі іс-әрекеттер.

2. Салалық технология - бір пән шеңберінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.

3. Локальдік технология - жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы т.б.- сияқты жаңа әрекеттерді орындау.

Педагогикалық технологияның процессуальді бөлігі:

1. Оқыту процесін ұйымдастыру.

2. Оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері.

3. Мұғалімнің оқыту процесін басқару әрекеті.

4. Оқу процесін диагностикалау.

Жаңа технологияларға қойылатын талаптар:

- Педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдамасы болуы керек.

- Педагогикалық технология белгілі бір жүйе болып құрылуы тиіс. Жүйенің барлық бөліктері логикалық байланыста болуы.

- Диагностикалық тексеру, болжам жасауға ыңғайлы болуы тиіс. Әдіс-тәсілдерді өзгерту мүмкіндігі болуы керек.

- Өзінің алдындағы әдіс-тәсілдерге қарағанда тиімді, пайдалы әсер коэффициенті көбірек болуға тиіс. Білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс.

- Барлық ұжымдарда қолдана беруге жарамды болуы тиіс.

Педагогикалық технологиялардың түрлері.

1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократия және ізгілік негізінде құру бағытында:

- Ынтымақтастық педагогикасы.

- Ізгілікті-тұлғалық оқыту технологиясы (Ш.Амонашвили)

- Әдебиетті оқытудың адамгершілікті қалыптастыруға негізделген жүйесі (Е.Н.Ильин).

2. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізінде құрылған технологиялар:

- Иллюстрациялы-түсіндірмелі оқыту технологиясы.

- Лекция-семинар-сынақ жүйесі.

- Ірі блокпен оқыту технологиясы (Эрдниев).

- Перспективті дамыта оқыту технологиясы (Лысенкова).

3. Оқушылар әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде:

- Ойын арқылы оқыту технологиясы.

- Іздеу технологиясы.

- Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту (Шаталовтың тірек конспектілер жүйесі).

- Е.И.Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.

- Дамыта оқыту технологиясы (Эльконин мен Давыдов).

- В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.

4. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде:

- Бағдарламалап (программалап) оқыту.

- Сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы (Н.П.Гузик).

- Саралап деңгейлеу технологиясы (В.В.Пикан).

- Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы (В.Дьяченко).

 

- Модульдік оқыту технологиясы (М.Жанпейісова).

- Жобалап оқыту технологиясы.

- Проблемалық- модульдік оқыту технологиясы.

- Монаховтың оқыту технологиясы.

- Компьютерлік технология.

5. Табиғатты сүю және ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген технологиялар:

- Кушнир технологиясы.

М.Монтессори технологиясы

 

Инновациялық оқыту технологиясы.

1. Инновациялық білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері.

2. Инновациялық білім беру міндеті.

 

Бүкіл дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаевтың, Т. Қабдықайыровтың, С. Көшімбетованың т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.

Ел басымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді. Біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарын енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: І кезең – оқып үйрену; ІІ кезең – меңгеру; ІІІ кезең - өмірге ендіру; ІҮ кезең – дамыту.

Жаңа технологияны жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

· Оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу;

· Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық

себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. сондықтан инновациялық іс-тәсілдерді оқыту үрдісінде енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Оқу – тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлық нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі; оза отырып оқыту; іс-әрекетті бағалау; тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту; саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру.

Қолдану Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.
Анализ Салыстырады, ашады, талдайды, ойлайды, т.б.
Синтез Продуктивті, шығармашылық жұмыстарды құрастырады
Баға Бағалайды, талқылайды

 

Енді осы модельге түсінік бере кетейік.

1. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдыңғы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

2. Алгоритмдік деңгейде мақсатпен шешуге тиісті жағдаят анық, оқушы бұрынғы жинақтаған білімін пайдалана отырып мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

3. Эвристикалық деңгейде мақсат анық, бірақ жағдаят түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұдан бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей- өнімді деңгей.

4. Шығармалық деңгейде мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көз қарасын қалыптастыру жиі қолданылады. Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып, (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға негізделеді.

Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:

· Оқушы субъекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;

· Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес);

· Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат беруші емес, керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мәселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана;

· Дамыта оқытуға басты іс-әрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас;

· Дамыта оқытуға мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.

Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруге шығармашылық

тапсырмалардың орны ерекше. Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек текстік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстар да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімінің сапасы – мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығын сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.

Қазіргі кезде бүкіл әлемге жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу – тәрбие орындарының іс-әрекет қағидалары қайта құру, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және шарты. Бір жағынан құндылықтарының сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан олар барлық екі нәрседен бастартып, әлеуметтік қайта жасалмдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп оқу үрдісін қазіргі деңгейінде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды. Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған әзірленген немесе педагогика бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісінің технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр, технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Шет тілін оқытудың басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық деңгейге жеткізу. Осы мақсатта шет тілі мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісінің оқушының сезінуі.

Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді.

· Білім беру жүйесінің жаңару, яғни, жоғары оқу орындарының несиелік оқу жүйесіне көшу және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;

· Білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;

· Мұғалім мен оқушыға қойылған талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс- шара субъектісі де.

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің

бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түседі. Оқыту процесінің көп түрлілігіне қарамастан дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технология салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

 

Дамыта оқыту технологиясы

1.Биоинформатика технологиясы.

2.Жобалап оқыту технологиясы.

3.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту-педагогикалық технология

Мектептердегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылады.

Жаңа мазмұнда ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану, қатаң талап етіліп отыр.

Шет тілі пәні оқытушыларының алдында тұрған негізгі мәселе- оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылықты арттыру. Осыған орай соңғы кезде дамыта оқыту жүйесінде кеңінен қолданылып оқыту технологиялардың арнайы жоба мен стратегиялары мектеп өміріне енгізіліп отыр.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана білімгердің интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Білімгердің оқу белсенділігін дамыту мәселелері теория мен тәжірибеде жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайда ол өзіндік анықтаушы мағынаға ие.

“Даму ортасы” деген термин соңғы жылдары педагогика мен психологияда мәні бар маңызға ие болып келеді. Бұл түсінік негізі білім алудың басталуы кезеңіндегі “орта” деген терминмен байланысты, яғни адамның айналасындағы қоғамдық материалдық және рухани секілді тіршілік етуге жағдай жасайтын талаптар. Жеке тұлғаның дамуында ортаның маңызының үстем болатыны анықталған. Сонымен қатар адамның белсенді іс- әрекетінің ықпалымен орта өзгеріп, сол өзгерудің нәтижесінде онымен қарым- қатынысқа түсетін тұлғаны да өзгертеді.

Бұл мәселеге әйгілі француз педагогы әрі философ С.Френенің теориясы мен тәжірибесін айтуға болады. С.Френенің ойынша, бала өзінің тұлғасын өзі жасау керек, шығармашылық жағынан өзін дамытып, өзінің әлеуметтік мүмкіндіктерін ашып, өз- өзіне маңыздылық танытуы тиіс. Мұнда педагогтің негізгі қызметі баланың бойынан өзіне тән нәрселерді тауып, оның әрі қарай дамытылуына көмек беруі қажет. Осыған байланысты С.Френе оқыту және тұлғаның өзін-өзі дамыту ортасын құрастыруға ерекше көңіл бөлді.

Психологиялық байланыс тарапынан даму ортасы белгілі білім беру аймағында дамыта оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мұны белгілі ғалымдар Л.Выготский, Н.Гальперин, В.Давыдов, Л.Занков, А.Леонтьев, Д.Эльконин өз зерттеулерінде қарастырып жүйесін ұсынған.

Қай замандарда да мектeп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.

Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс», немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.

Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен «инноватика» ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын беретіндігіне тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Білім беру саласындағы жаңалықтар:

1. Ұйымдастырудағы

2. Технологиялардағы

3. Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі деп 3топқа бөлінеді.

Француз ғалымы Э. Брансуик педагогикалық жаңалықтардың 3 мүмкін түрін бөліп қарайды.

1. Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.

2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.

3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Шет тілі пәні мұғалімдері мектептердегі жаңару процестерін қызу қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда. Енді педагогикалық технология терминінің мәнін ашайық.

«Педагогикалық технологияға-В.Л. Беспалько – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба»,-деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

- Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі. (М. Чошанов)

- Педагогикалық технологиялар – оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі. (В.М. Монахов)-деген анықтамалар бар.

Ал Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді.

Технологиялық процесс – технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған.

Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.

П.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:

1. Қолдану деңгейіне қарай (жалпыпедагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік).

2. Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.).

3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік, психогендік).

4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативті-рефлекторлық, биховиристік, гештальттехнология, дамытушылық).

5. Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы).

6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық).

Республикамызда оқыту мазмұны жаңартылды. Жаңа мазмұнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мұғалімдерден жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану қатаң талап етіліп отыр.

 

 

Проблемалық оқытудың мәні.

1. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері.

2. Проблемалық оқытудың негізгі педагогикалық және психологиялық мақсаттары.

3. Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері және проблемалық оқыту технологиясының кезеңдері.

 

Проблемалы оқытудың мақсаты- мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Ол үшін оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады.

Проблемалы оқыту- бұл ғылым негіздерін оқып- білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.

Проблемалы оқытудың мәні - оқып-үйренушілерге танымдық міндеттерді мақсаткерлікпен ұсыну, оқушылар оларды шеше отырып, білімді белсенді түрде меңгереді.

Психологияда адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлері репродуктивті және продуктивті болып бөлінеді.

Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес орындауы қажет.

Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа

 

Оқыту технологиясы Мақсаты Мәні Механизмі
Проблемалық оқыту Оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін дамыту. Оқып-үйренушілерге танымдық міндеттерді мақсаткерлікпен ұсыну, оқушылар оларды шеше отырып, білімді белсенді түрде меңгереді. Ізденістік әдістер; танымдық міндеттер қою.
Жинақталған оқыту Оқу процесі құрылымын адамның қабылдау қабілетінің табиғи және психологиялық ерекшеліктеріне барынша жақындату. Сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы пәндерді тереңдетіп оқыту. Оқушылардың жұмысқа деген қабілет-қарымын ескеретін оқыту әдістері.
Модульдік оқыту Оқытудың икемділігін қамтамасыз ету, тұлғаның жеке қажеттілігіне, оның негізгі даярлық деңгейіне бейімдеу. Оқып-үйренушілердің жеке оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмысы.   Проблемалық әдіс, оқытудың жеке қарқыны.
Дамытып оқыту Тұлғаны және оның қасиеттерін дамыту. Оқу процесін адамның әлеуметтік мүмкіндіктеріне және оларды іске асыруға бағыттау. Оқушыларды әр алуан қызмет түрлеріне тарту.
Сараланған оқыту Қабілеттерін ашуға, мүдделері мен қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу. Бағдарламалық материалдарды әр түрлі жобадағы деңгейде ұғыну, бірақ міндетті деңгейден (стандарттан) төмен емес. Жекелей оқыту әдістері.
Ойын арқылы оқыту Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық-қызметтік сипатын қамтамасыз ету. Оқу ақпараттарын іздеуге, өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарылатын қызмет. Оқушыларды шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері.

 

 

 

1. Іскерлік ойынның іс-әрекеттілік қызметі.

2. Іскерлік ойындарды дайындау барысындағы психологиялық-педагогикалық принциптер.

3. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындар.

 

Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XX ғ 50 - ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар, бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, шет тілін оқыту кезінде қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Ойында ойыншынын кәсіби — педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретіндс қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау кабілеті нәтижесіндс ойыншылар педагогикалық образға толығымен кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойьнда болған әртүрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл модель жеке түлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің таңбасына ойыншының өзін ойын барысында ұстай білуі, ойын толық жеткізе білуін және әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. Сонымен қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және басқаларды да танып білу қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт Ойынның шартты модельдері және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер ойыншылардың көзқарасын едәуір кеңейтеді.

Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.

Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:

- ойын барысында: образ арасындағы қарым — катынас кезеңі;

- қорытындылау кезінде: пікірталас кезеңі;

Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.

Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады.

Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен, ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, рөлдсрді бөлуге көмектеседі. Рөлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң шарт қою ойынға кызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты жоғалтады. Ойын басында жүргізуші

ойыншылардың бірқалыпты эмоциялық тұрактылығын қамтамасыз етумен қатар, психологиялық тұрғыдан образға кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынын жүргізуге 45 - 90 минут кетеді Ойынның ең маңызды кезеңі - қорытынды жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін уақыттың тең жартысын алады

Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың өтілуі әдістемесі және көрнекі құралдары сипатталады. Кіріспе бөлімінде іскерлік ойындардың педагогтарды оқыту жолындағы мағынасы жайлы сөз: етіледі. Іскерлік ойындардьң өтілу шарттары мен өтілу әдістемесі керсетіледі және іскерлік ойын материалдары қарастырылады.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-11; Просмотров: 14865; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.