Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мерез (сифилис, люэс)




Патогенді спирохеталар

Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар. Берджи анықтамасы бойынша Srirochaetalis қатары Srirochaetaetaceae тұқымдастығында адамға патогенді 3 туысы бар – Borrelia, Treponema, Leptospira.

Трепонемалар

Treponema (trepo – айналдырамын, nemo - жіп) Трепонемалардың 3 патогендік түрлері анықталған:

· Tr. pallidum – мерездің қоздырғышы

· Tr. pertenie – фрамбезияның қоздырғышы

· Tr. caratium – пинтаның қоздырғышы

 

Мерезбен тек қана адамдар ауырады. Ол циклдарымен өтетін венерологиялық (соз) ауру. Адамға көбінесе жыныстық жол арқылы беріледі немесе қатынастар арқылы – ыдыс, темекі, орамал (тұқым себілген заттар)арқылы беріледі. Туа пайда болған түріде кездеседі.

Инкубациялық кезең (жасырын) 10күннен бастап 90 күнге дейін созылады. Көбінесе инфекцияны жұқтырғаннан 3-4 аптадан кейін алғашқы мерез басталады. Қоздырғыштың өлген жерінде қатты шанкр пайда болады. Трепонемалар сол жерде көбееді. Сол жолдар арқылы лимфа регионарлық түйіндеріне жетеді, ал әрі қарай қан арқылы бүкіл ағзаға тарайды. Сол уақыттан бастап екіншілік мерез басталады – инфекция жайылуына байланысты бөртпе пайда болады. Бөртпелер әртүрлі (полиморфты), розеола, папула, пустула, везикула болады. Екіншілік мерезде қоздырушысына қарсы антиденелер түзіледі. (IgG, IgM). Егер ауру адам емделмесе 3-4 жылдан кейін үшіншілік мерез басталады, бұл кезде тері асты клетчаткасында, ішкі органдарда, аортада гуммалар пайда болады (гуммалар лимфоциттерден, плазматикалық клеткалардан, моноциттерден тұрады). Гуммалар аллергияның көрсеткіштері. Олар ағзада бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін.

Төртіншілік мерез – нейромерез, трепонемалар жүйке жүйесіне әсер етіп прогрессивтік паралич пен жұлын сухотканы тудыруы мүмкін.

Иммунитет. Мерез кезінде пайда болған иммунитет стериьді емес.Екіншілік мерезден бастап антиденелер түзіледі. Мерез кезінде G, M, E иммуноглобулиндері пайда болады. Аурудан жазылған соң, иммундық есте ешқандай хабар сақталмайды. Сондықтан неше рет жұғады сонша рет ауырады.

Лабораторлық диагностикасы. Зерттеу материалы – шанкрдің, бөртпенің бөлінділері, қан. Зерттеу әдістері – микроскопиялық, серологиялық. Микроскопиялық – трепонемалар анилинді бояуларды нашар қабылдайды. Грам әдісімен бояғанда грам теріс, Романовский –Гимзе әдісімен бояғанда (2 сағ) ашық – қызғылт түске боялады. Формасы спираль тәріздес (бұрандаға ұқсас), 8-12 дұрыс формалы иірімдері (айналымдары) бар. Спора, капсула түзбейді, талшықтары жоқ.

Қозғалғыш Ілінген немесе езілген тамшыда қозғалғыштың 4 түрі анықталады: алға қарай жүру, айналу, ирелеңдеп жүру және толқындап жүру. Қозғалғыштық кіндік жіпшелердің (осевая фибрилла) барысымен бағытталған, жиырылу арқылы қозғалады.

Физиологиялық қасиеттері: Қатал анаэроб. Қоректік орталарда нашар өседі, тек ми қосқан қоянның қан сарысуында, оттегісіз жағдайда 370С жақсы өседі. Өскен трепонемалар мінездік, морфогендік, иммуногендік және патогендік қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан диагностика үшін биологиялық әдіс қолданбайды.

Серологиялық әдіс: Серопозитивтік кезеңдерде мерездің серодиагностикасын жүргізеді. Диагностика үшін қолданатын реакциялар:

· Вассерман реакциясы (КБР) – ЗАГ пен қойылады. а) спецификалық трепонемдік б) спецификалық емес кардиолипидинтік. Нәтижесін гемолиз бойынша бағалайды.

· Преципитациялық (тұнбалық) реакциялар қан және Закс-Витебский реакциясы. RW мен преципитация реакциясы диагностика үшін және емдік нәтижесін бағалау үшін қолданылады. Туа пайда болатын мерезден сақтандыру үшін. Барлық жүкті әйелдерді 2-рет мерезге тексереді (1,2 жартысында).

· Профосмотрді өткізгенде, емхана, аурухананың ауруларын тексергенде микрореакцияны қолданады. Ол реакция жедел диагностика әдістеріне жатады. Бір тамшы қан және кардиолипиндік АГ-мен қойылады. Преципитат пайда болғанда реакция оң деп саналады.

· Мерездің алғашқы кезеңдерінде ең сезімді реакция - Колмер реакциясы. Қою принципі бойынша ол КБР, өзгешелігі - 3 түрлі қызуының режимдерінде өткізіледі.

· РИТ-тестикулалық трепонемалардың үстіне зерттелетін қан сарысуының бір тамшысын тамызып, оған комплемент қосып өткізілетін реакция. Егер трепонемалардың қозғалысы тоқтатылса, онда реакция оң деп саналады (тоқтатылған трепонемалардың саны 50% көп болуы керек).

· РИФ

· ИФА

Емдеуі және сақтандыруы.

Емдеуі – пенициллин және оның дюрантты препараттары (бициллин-1,3,5; тетрациклин, олететрин, эритромицин, сифлокс, клофоран). Антибиотикке қосымша висмут және йод препараттары ұсынылады (бийохинол, бисмоверил, пентабисмол, йодид натрии, йодид калии, кальцийодин).

Емдеуді циклді немесе тұтас үзілмейтін әдісімен жүргізіледі.

Сақтандыруы – арнаулы сақтандыруы жоқ. Жеке бас гигиенасын сақтау, кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақтану.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1474; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.