Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Интерфейстер




Интерфейс - бұл клиент объектке орындайтын көптеген мүмкін операциялар сипаттамасы. Объект интерфейсті қанағаттандырады, егер ол интефейсте сипатталған әрбір потенциалды сұраныс үшін соңғы объект ретінде берілген болса.

Интерфейс типін тек объектті типтер қанағаттандырады.

ORB интерфейсі.

ORB интерфейсі Объектті Сұраныстар Брокерінде тікелей шақырылатын және нақты объектпен немесе объекттер адаптеріне тәуелсіз барлық ORB-лер үшін бірдей. Бірақ объектілермен орындалатын көптеген әрекеттер объектілер адаптерімен орындалған соң, әрбір объектіге орындалатын бірнеше ортақ операция бар. Бұл операциялар клиентпен сияқты объекттің іске асырылуымен де шақырылады.

Шақыруларды динамикалық түрде орындаудың интерфейсі.

Бұл интерфейс объектке арналған сұраныстарды динамикалық түрде құруға рұқсат етеді. Сұранысты динамикалық түрде құрған кезде клиент барлық ақпаратты көрсету керек. Орындауға қажет операциялар. Мысалы, параметлер типтері туралы ақпарат объект сипаттамаларының қоймалары көмегімен алынады.

Программалаудың объектілі-бағытталмаған тілдері үшін программалық интерфейс клиентте бар объект-тұйықтғыштар әдістеріне қатынау үшін беріледі. Бұл тұйықтағыш сұранысты береді және әдетте, нақты ORB-дің жетекшілігімен басқару үшін оңтайландырылады. Егер бір ORB-ден артық ORB рұқсат етілсе, онда оларда тұйықтағыштардың түрлі ішкі көріністері болуы мүмкін.

C++ және Smalltalk сияқты программалаудың объектілі бағытталған тілдері мұндай интерфейсті талап етпейді.

Негізгі әдебиет [2], бет789-795

Қосымша әдебиет [4], бет 253-267

Бақылау сұрақтары

1. CORBA технологиясын айтыңыз.

2. «Сервант» дегеніміз не?

3. «Скелетон» дегеніміз не?

4. CORBA технологиясында қолданылатын негізгі терминдерді айтыңыз?

5. CORBA архитектурасын айтыңыз.

Дәріс 23. CORBA технологиясын қ олдану

Бөлім логикалық түрде екі бөлікке бөлінген.

Бірінші бөлікте CORBA және Java технологияларын қолдану әдісі жөнінде айтылады. Оларды қолданудың үш кезеңі қарастырылады. Әр кезеңді талқылау былай аяқталады:

· құрушы алдына қойылған тапсырмалар көрінісімен,

· қолданылған технологиялар мен шешімдердің сипаттамасымен,

· пайда болған мәселелерді талдаумен,

· сипатталған мәселенеің шешу жолдарын талқылаумен.

CORBA және Java технологияларында құрылып, үлестірілген ақпараттық жүйенің кез келген құрушылары, қандай жағдай болса да барлық сипатталған кезеңдерден өтеді. Сондықтан бөлімнің бірінші бөлігінің негізгі мақсаты, CORBA және Java технологияларын қолданғанда, әр кезеңде олардың шешім әдістерінде құрушы алдында тұрған мәселемен танысумен қорытындыланады. Зерттеулер көрсеткендей, позитивті сияқты, негативті тәсілде көптопты архитектуралы ақпараттық жүйе тұрғызу кезінде деректер технологиясын сәтті қолдану ықтималдығын көбейтеді.

CORBA технологиясын қолдану кезеңдері

· Бірінші кезең: әрекеттесу архитектурасы, горизонтальды интерфейстер және деректердің әмбебап контейнерлері

· Екінші кезең: объектілі қызметтерді қолдану мәселесі және оны шешу жолдары, әкімшілікке алу және қайтару беріктілігі

· Үшінші кезең: CORBA-объектілер кітапханасы, "стандартты" архитектуралық конфигурациялар, коллективпен құру, ішкі стандарттар

CORBA және Java технологияларын қолдану мысалдары

· Объектілі қызметтерді тарату және қолдану тәсілдері

· WWW және CORBA технологиялар интеграциясы, HTML қолдану, пайдаланушы интерфейсінде бағыңынқы жүйе тұрғызу кезінде Java және CORBA технлогиясын қолдану.

CORBA хаттамасы негізінде CORBA және WWW-технологияларының интеграциясы.

Бүкілдүниежүзілік тор (WWW) Internet-те таратылған ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа парадигмін құрайды. Қарап шығудың әйгілі программалары, мынадай мысалы, Mosaic немесе Netscape, гипермәтіндік белгілеу (HTML) тілінде ұсынылған, гиперсілтемелі мәтіндік құжаттар коллекциясына қатынау үшін қолданылады. HTML- құжаттар WWW-серверлерімен ұсталынады. Құжаттарға көптеген тәуелсіз сұраныстарды эффектілі ұстау үшін құрылған Гипермәтінді Беру Хаттамасы (HTTP) қолданылды.

WWW тез өсуі, таратылған объектілік жүйелер, соның ішінде CORBA архитектурасы ерекше көбею және тұрақтану кезеңнің өткен кезде болды. CORBA 2.0 стандарттың қабылдау, Internet масштабында глобальды объектілі кеңістікті ұстануды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді..

WWW және CORBA міндеттерінің әртүрлілігі, былай қорытындыланады, WWW технологиясы ақпаратты пайдаланушы мен жеткізушілердің өмірін жеңілдетеді, ал CORBA технологиясы жүйе құрушыларының және құрал-жабдықтарды жеткізуші фирмалардың тапсырмасын жеңілдетеді. Сондықтан, WWW және CORBA рольдері келісімді үстемеленген болады, және осы байланыста олардың кернеуін қамтамасыз ететін арнайы технологиялар талап етіледі. Мұндай кернеуде анық артықшылықтар бар. CORBA қолданатын программа өнімін құрушылар, WWW негізінде тез өсетін нарыққа қатынау алады, ал WWW дүниесі CORBA мүмкіндіктері негізінде қамтамасыз етілетін қызметке қатынау алады. HTML-беттерді алмасудың қарапайым моделі WWW таратылуына қарағанда, оның мүмкіндіктері қуатты болып келеді. Екі дүниенің интеграциясы осы екі стандарттарды жақсы қолдануға әкеліп соғады.

CORBA және WWW интеграцияларына негізгі екі жақындау белгілі. Олардың біріншісі, IIOP-да http трансформациялау үшін қызмет ететін, WWW және CORBA дүниелері арасында шлюз тұрғызуға негізделген. Екіншісі WWW (қарап шығу программалары) және сервер клиенттерінің құрамына CORBA функциясын тұрғызумен қорытындыланады. Екінші жақындауды тарату жаңа WWW-клиенттері және IIOP тұрғызылған серверлері, болмаса серверде немесе клиентте IIOP ұстанудың модуль желісінен жүктеме (downloading) көмегі негізінде болуы мүмкін. 29-суретте соңғы нұсқаның үлестіруінің жалпы схема мысалы көрсетілген.

Бұл жақындау WWW клиенттерімен және серверімен алмасу үшін http қолдану мүмкіндігін сақтайды. Негізгі көлік хаттамасының және шақыру хаттамасының қызметіне IIOP роль береді. Бұл жақындаудың негізгі артықшылығы, ешбір өзгеріссіз WWW серверлері мен қарап шығу программаларын сақтау болып табылады.

 

 

29-сурет. CORBA функциясының және WWW құралдарының интеграциясы.

Java ұстанатын WWW клиенттері мен серверлерінің жаңа буынында, IIOP ұстану модулі Java таратылады. Бұл жақындаудың жетістігі, CORBA қатынасы бойынша динамикалық «айналдыру» функциясымен қамтамсыз етілуімен қорытынды жасалынады. Сонымен, CORBA тікелей қатынауы бар, кез келген ресурс үшін, Java апплеті сияқты пайдаланушы интерфейсі құрылуы мүмкін. Бұл апплет CORBA серверімен әрекеттесу үшін IIOP модулін қолданады. Пайдаланушының бірінші қатынауы қандай қызметте де қарап шығу программасын автоматты жүктейді және пайдаланушы интерфейсінің апплетін инсталяциялайды. Осыдан кейін пайдаланушы бұл қызметке жеке апплеттің қатысымен ғана қатынай алады.

Енді, сервер-объектілерінің қызметтері кең аудиторияларда қатынауға мүмкін болады. Ол пайдаланушы қолданатын платформаға және құрушының үлестіру қызметтерін жетілдіру мен оның интерфейсін сақтауға тәуелсіз.

Шақыру параметрлері серверлік тіл және операциялық ортада қалыптастырылуы мүмкін, сондықтан клиент және сервер суррогаттарына нақты архитектура көрінісіне қатысты емес, аргументтерді және нәтижелерді әмбебапқа түрлендіру функциялары жүктеледі. Сонымен, әртүрлі платформада клиентпен және серверді әрекет жасау мүмкіндігіне жеткізеді.

30-сурет. Component Object Model архитектурасы.

СОМ осындай моделі (30-суреттегі) 1993 жылы ОЖ Windows 3.1 құрамдас құжаттарын тұрғызуда OLE технологиясын ұстану үшін интеграциондық схема сияқты Мicrosoft ұсынылған. Алғашқыда СОМ инфрақұрылымы бір компьютердегі процестер арасында немесе бір адрес кеңістігі шегінде әрекет жасайтын компоненттерді үлестіруге мүмкіндік берді және екілік компоненттердің динамикалық интеграция құралы болып табылды. OLE-ден бөлек, СОМ моделі, осындай Microsoft технологиясының, Мicrosoft Transaction Server транзакция мониторына және ActiveX қолданбалы компонентінің архитектура интеграциясына негіз болды.

Негізгі әдебиет [2], бет700-711

Қосымша әдебиет [4], бет 141-169

Бақылау сұрақтары

1. CORBA қолдану кезеңдерін атаңыз.

2. CORBA хаттамасы негізіндегі CORBA және WWW-технологиясының интеграциясын атаңыз

3. СОМ және CORBA технологияларын салыстырыңыз?

4. CORBA архитектурасының ядросы дегеніміз не?

5. Жоғарыда көрсетілген технологияны алдыңғы технологиялармен салыстырыңыз, жақсы жақтарын анықтаныз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1985; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.