Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Штрихтауды редакциялау




Жасақталған штрихтауды редакциялау үшін HATCHEDIT (Редштрих) бұйрығын пайдаланылады. AutoCAD-та штрихтаудың барлық параметрлерін редакциялауға болады: масштаб, сызықтардың қисаю бұрышы, сурет, шекара және т.б.

Штрихтауды өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыру үшін келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

· HATCHEDIT (Редштрих) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Modify Object Hatch (Редакциялау Нысан Штрихтау) бұйрығын орындаңыз;

Осы әрекеттерді орындаған соң бағдарлама келесі сұранысты көрсетеді:

Select hatch object: (Штрихтауды таңдаңыз:)

Штрихтау нысанын көрсетіңіз, содан соң Hatch and Gradient (Штрих және градиент) терезесі ашылады, ол Hatch Edit (Штрихтауды өзгерту) деп аталады, мұнда штрихтаудың параметрлерін өзгертуге болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аймақты штрихтау үшін қандай бұйрық қолданылады?

2. Штрихтаудың қалпын қалай таңдауға болады?

3. Штрихтау аймағын қалай таңдауға болады?

4. Штрихтаудың қандай түрін білесіз?

Дәріс №11.

Тақырыбы: Блоктар.

Мақсаты: Блоктың бұйрықтарымен және оның белгілерімен танысу.

Блоктар — құрамында байласқан қарапайымдар бар және бір нысан ретінде өңделетін күрделі нысандар. Редакциялау аспаптарын қолдана отырып, қарапайымдардың негізінде күрделі нысандар жасауға болады. Егер бір-біріне ұқсас нысандар жасасаңыз, кейде қарапайымдардан үнемі сол бір күрделі нысандарды жасауыңыз мүмкін.

Бірдей нысандарды құруды неғұрлым оңайлату үшін блоктар қолданылады - құрамында байласқан қарапайымдар бар және бір нысан ретінде өңделетін күрделі нысандар. Блок бірнеше сызбаларда қолданылуы және құжатта сақталмауы мүмкін. Оны файлдың көлемін үлкейтпей-ақ бір сызбада бірнеше рет қолдануға болады. Блок сызбаға тек сілтеме ретінде сақталады, сондықтан құжатта оның тек атауы, оны қою нүктесі және қасиеттері туралы мәліметтер сақталады.

Блоктарды құру

Блоктарды құру оның суреттемесінен басталады. Блоктың суреттемесін құрастыру үшін бұйрық жолына BLOCK (Блок) бұйрығын енгізу қажет. Сол кезде Block Definition (Блоктың суреттемесі) сұхбаттық терезесі ашылады.

Осы терезені шақыру үшін Draw Block Make (Сурет салу Блок Ендірме) бұйрығын орындау қажет немесе басқару пульті 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Make Block (Блок құру) батырмасын басу қажет.

Block Definition (Блоктың суреттемесі) терезесінің көмегімен блок жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

Name (Аты) өрісіне блоктың атын және Description (Суреттеме) оның суреттемесін енгізіңіз.

Жобаға блокты енгізу нүктесін таңдау үшін Pick point (Нүктені көрсету) батырмасын басыңыз. Содан соң Block Definition (Блоктың суреттемесі) терезесі уақытша көрінбей қалады, ал сізге қою нүктесінің координаттарын көрсету қажет болады. Таңдап алынған қажетті нүктені шерткен соң Block Definition (Блоктың суреттемесі) терезесі қайта шығады және берілген координаттар Base point (Негіз нүктелері) аймағында көрінеді.

Блоктың құрамына енетін қарапайымдарды анықтаңыз. Сіз Select objects (Нысанды таңдау) немесе QuickSelect (Жылдам таңдау) батырмаларын пайдалануыңызға болады. Бірінші жағдайда блоктың құрамына енетін қарапайымдарды жұмыс аймағында бөліп көрсету қажет, ал екіншісінде – олрды Quick Select (Жылдам таңдау) терезесінде көрсетіп. Сіз сондай-ақ, нысандарды терезе жабылған соң да Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасын қоя отырып, көрсетуіңізге болады.

Objects (Нысандар) аймағында блокты құрғаннан кейінгі бастапқы нысандардың әрекетін анықтаңыз. Егер ауыстырып-қосқышты Retain (Сақтау) қалпына қою керек, сонда барлық қарапайымдар өз орындарында сақталады. Convert to block (Блокта жаңғырту) қалпын таңдаған жағдайда олар блокта жаңғыртылады. Және соңында, ауыстырып-қосқыштың Delete (Удалить) қалпында бастапқы нысандар жойылады.

Behavior (Сипат) аймағында блоктың кейбір сипаттамаларын көрсетіңіз. Егер блок қысқа мазмұнды болуы керек болса, онда Annotative (Қысқа мазмұн) жалаушасын қойыңыз. Ол кезде Match block orientation to layout (Блоктың бетшеге қатысты бейімделуі) жалаушасы қолжетімді болады, ол блоктың бетшеге қатысты бейімделу-бейімделмеуін анықтайды. Егер блокты әртекті масштабтауға рұқсат еткіңіз келсе, Scale uniformly (Әртекті масштаб) жалаушасын және құрамдас бөліктерге бөлуге рұқсат ету үшін Allow exploding (Бөлуге рұқсат ету) жалаушасын орнатып кетіңіз.

Қажеттілікке қарай, блоктың басқа сызбаларға ауысу кезінде қолданылатын өлшемдер бірлігін өзгертіп қойыңыз. Ол үшін Block unit (Блоктың өлшемі) тізімінде керекті мәнді таңдаңыз. Үнсіз келісім бойынша миллиметр (Millimeters) өлшемі қолданылады.

Блокты құру үшін ОК батырмасын басыңыз.

Блоктарды қою

Блоктарды қою үшін INSERT (Қою) бұйрығы қолданылады. Блоктарды бағдарламаның келесі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоюға да болады:

Insert Block (Блокты қою) бұйрығы;

Басқару пультінде 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Make Block (Блокты қою) батырмасы;

Insert (Қою) құрал-саймандар тақтасындағы Insert Block (Блокты қою) батырмасы.

Жоғарыда айтылған әрекеттерді орындап болған соң, Insert (Қою) (6.3 сурет) терезесі ашылады. Енгізілетін блокты таңдау үшін Name (Аты) тізімі пайдаланылады. Терезе ашылған соң, онда соңынан енгізілген блоктың аты көрсетіледі. Егер суретте тек бір ғана блок болса, онда тек соның ғана аты көрінеді.

Сызбаға тек бұрын сақталған блокты ғана емес, сондай-ақ, басқа да сызбаны қоюға болады. Ол үшін Browse (Шолу) батырмасын басу қажет және ашылған Select Drawing File (Сызба файлын таңдау) терезесінде қажетті файлды көрсету қажет. Себебі, сызба үшін, блокқа қарағанда оның базалық нүктесі берілмейді, ол үшін сызбаның алғашқы нүктесі қызмет етеді.

Insertion point (Қою нүктесі) аймағында блоктың базалық нүктесімен сәйкес келетін нүктені көрсету қажет. Оны координаттар нүктесін қолмен беріп жасауға болады. Нүктелердің орналасуын экранда көрсету үшін Specify On-screen (Экранда көрсету) бөліміне жалауша орнату қажет. Бұл жағдайда нүктені Insert (Қою) терезесі жабылған соң таңдау қажет болады.

Блокты қою кезінде сондай-ақ үш өс бойынша қоюдың масштабтық коэфициентін анықтауға болады. Үнсіз келісім бойынша блок бірге тең коэфициенттермен қойылады. Егер осы немесе басқа өске 1-ден кіші коэфициент беретін болсақ, онда қою кезінде блок осы өстің бойында сығылады, ал егер 1-ден үлкен коэфициентті көрсететін болсақ, онда ол созылады. Егер барлық үш өс бойынша масштабтаудың бірдей коэфициентін беру талап етілсе, онда Uniform Scale (Бірдей масштабтау) бөліміне жалауша орнатыңыз. Бұл жағдайда, Х өрісіне енгізілген, масштабтау коэфициентінің мәні Y және Z өстерінің де мәні болып табылады.

Rotation (Айналдыру) аймағының параметрлері блоктың қою нүктесіне қатысты айналдыру бұрышын анықтауға мүмкіндік береді. Егер Angle (Бұрыш) параметрінің мәні оң болса, блок сағат тілінің бағытымен берілген бұрышқа бұрылады, егер де теріс болса – оған қарсы айналады. Егер сіз айналу бұрышын тышқанның көмегімен қолдан қойғыңыз келсе, онда Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасын орнатыңыз. Бұл жағдайда Insert (Қою) терезесі жабылған соң бұрышты экранда көрсету қажет болады.

Егер блокты қою кезінде оны құрамдас қарапайым бөліктерге бөлу қажет болса, онда Explode (Бөлу) жалаушасын орнатыңыз.

Блоктардың ерекше белгілері

Әр блоктың бір немесе бірнеше ерекше белгілері – суреттеуге қызмет ететін және белгі салатын, мәтіндік үзінді болуы мүмкін. Ерекше белгілер қарапайым сияқты блоктың құрамдас бөлігі болып табылады, және блокты енгізу кезінде сызбаға қосылады. Ерекше белгілерді тағайындау әртүрлі болуы мүмкін және ол сызбада блоктардың қандай мақсатта қолданылуына байланысты болады. Егер блок сызбаның қалпы болып табылатын болса, онда ерекше белгілер бір мәтінді қайталап енгізуді жеңілдету үшін қолданылуы мүмкін. Егер блок бөлшектерді жылдам жасау үшін қызмет етсе, онда ерекше белгілерде олардың бейнеленуі және техникалық сипаттамасы болуы мүмкін. Қандай мақсатқа қолданылуына байланысты ерекше белгілер жасырын немесе сызбада көрінетін болуы мүмкін.

Ерекше белгілерді жасау үшін келесі әрекеттерді жүзеге асырыңыз:

Бұйрық жолына ATTDEF (Аттопр) бұйрығын енгізіңіз;

Draw Block Define Attributes (Сурет салу Блок Атрибуттарды анықтау) бұйрығын орындаңыз.

Содан соң экранда Attribute Definition (Атрибуттарды анықтау) терезесі ашылады, онда ерекше белгілердің негізгі параметрлері беріледі (6.4 сурет). Attribute (Белгі) аймағы ерекше белгілердің атауын енгізуге арналған өрістен (Tag), (Prompt) блогты қою кезінде көрінетін шақырулардан, сондай-ақ, блокты қойғаннан кейін (Value) жанында көрінетін мәндерден тұрады.

Mode (Режим) аймағы ерекше белгілерді қолдану режимін анықтауға көмектеседі. Қажетті жалаушыларды орнату арқылы сіз ерекше белгілерді сызбада көрінбей тұруы үшін (Invisible) жасырып, ерекше белгілердің мәтіні өзгеріссіз қалуы үшін (Constant) тұрақты, ерекше белгілердің мәні блокты қою кезінде тексеріліп отыруы үшін (Verify) бақыланатын, блокты қоюдың әр кезінде ерекше белгілердің мәнін бұйрық жолына қайталап енгізбеу үшін алдын ала орнатылатын (Preset), блоктың ішіндегі ерекше белгілердің орналасуын өзгертуді мүмкін болдырмайтын (Lock position) блокталған жағдайы, және мәтіннің көп жолды болуы үшін (Multiple lines) көпжолдылық етіп қоюыңызға болады.

Insertion Point (Қою нүктесі) аймағында сызбадағы ерекше белгілердің жайын анықтауға болады. Егер Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасы орнатылса, онда сіз оның жайын экранның қажетті жерін басып анықтауыңызға болады. Жалаушаны алып тастап, координаттарды қолдан қоюға болады.

Ерекше белгілер мәтіндік үзінді болғандықтан, оған мәтінді форматтаудың кейбір параметрлерін беруге болады. Ол Text Settings (Мәтінді күйге келтіру) аймағында жасалады. Бұл жерде мәтіннің стилін (Text style), оның биіктігін (Text height) және айналу бұрышын (Rotation) көрсетуге болады. Соңғы екі параметрді сандық мәнмен ғана емес, сондай-ақ, экран аймағында тышқанның сілтеуішімен де қоюға болады. Егер ерекше белгілердің мәтіні көпжолды болса, Boundary width (Кеңдік шекаралар) алаңында жолдардың енін көрсетуге болады.

Мәтін үшін Justification (Тегістеу) тізімінен қажетті нұсқаны таңдап, тегістеу параметрлерін орнатуға болады.

Left (Солға). Бұл параметрді таңдағанда экранда нүктені көрсету қажет. Осы нүкте бойынша мәтін сол жақ шетке қарай тегістеледі.

Align (арасына кіргізіп жазу). Бұл жағдайда мәтін орналасқан көлденең сызық елесінің басы мен аяғын көрсету керек. Мәтінде қаншалықты бейнелер көп болса, оның биіктігі де соншалықты төмен болады.

Fit (Ені бойынша). Бұл мәнді таңдаған кезде мәтін орналасқан көлденең елес сызықтың басы мен аяғын көрсету керек. Мәтінде қаншалықты бейнелер көп болса, оның ені де соншалықты қысқа болады.

Center (Орта). Бұл параметрді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Мәтін осы нүктеге қарай ортаға көлденеңдеп орналасады.

Middle (Қақ ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Мәтін осы нүктеге қарай қақ ортасына көлденең және тіке шоғырланады.

Right (Оңға). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Осы нүкте бойынша мәтін оң жақ шетке қарай тегістеледі.

Top left (Жоғарғы сол жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің жоғарғы сол жақ бұрышының нүктесін көрсету керек.

Top center (Жоғарғы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Осы нүкте бойынша мәтін оның жоғарғы жағына және ортаға қарай тегістеледі.

Top right (Жоғарғы оң жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің жоғарғы оң жақ нүктесін көрсету керек.

Middle left (Сол жақтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін сол жақ шетке қарай қысылады.

Middle center (Орталықтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін көлденеңдеп орталықтанады.

Middle right (Оң жақтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін оң жақ шетке қарай қысылады.

Bottom left (Төменгі сол жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің төменгі сол жақтағы бұрышы болатын нүктені көрсету керек.

Bottom center (Төмендегі ортасы). Бұл параметрді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін оның төменгі жағында және сол жағынан орналасады.

Bottom right (Төменгі оң жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің төменгі оң жақ бұрышы болатын нүктені көрсету керек.

Жасалған ерекше белгілерді блокқа кәдімгі қарапайымдарды орналастырған сияқты қоюға болады. Ерекше белгілерді сызбаға енгізгеннен кейін ол нысандар тізімі енгізіледі және сіз оны Quick Select (Жылдам таңдау) терезесін қолдану арқылы таңдауыңызға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Блок дегеніміз не?

2. Блокты калай құрамыз?

3. Блокты қалай қоямыз?

4. Блоктың қандай атрибуттарын білесіздер?

 

 

Дәріс №12.

Тақырыбы: Өлшемдер.

Мақсаты: Өлшемді сызбаға қою және оның түрлерімен танысу.

Өлшемдерді, ену рұқсаты және шығару сызықтарын орнату әрекеті Dimension (Өлшемдер) мәзірінің бұйрықтарымен және Dimension (Өлшемдер) құралдар тақтасының батырмаларының көмегімен орындалады.

 

 

Сурет14. Dimension құралдар тақтасы

 

Ұзындық өлшемі (DIMLINEAR) – көлденеңінен, тігінен немесе бұрылған өлшемдерді құрады.

Параллельді өлшем (DIMALIGNED)

Базалық өлшемдер (DIMBASELINE) – алдыңғы өлшемнен алынған екінші сызықтың жалғасқан сызық өлшемі болып табылады

Өлшемдік шынжыр (DIMCONTINUE) бірінен кейін бірі жалғасатын сызықтық өлшемдер тобын құруға мүмкіндік береді.

Диаметрлі өлшем (DIMDIAMETER) – шеңбердің немесе доғаның диаметрін құрады.

Радиусты өлшем (DIMRADIUS) – шеңбердің немесе доғаның радиусын құру.

Бұрыштық өлшем (DIMANGULAR) – параллель емес екі сызықтың немесе төбелерден және екі басқа нүктелерден құрылған, доғаның арасындағы бұрышты көрсететін доғаны құру.

Жылдам өлшемі (QDIM) – бір типті өлшемдер тобын немесе базалық өлшемдер мен өлшемдікті тез құру үшін арналған.

Тез шығару (QLEADER) сынықтан не тегіс шығару сызығынан немесе нұсқағыштардан басталатын (немесе басқа күйге келтірілген символдардан) және бір не бірнеше мәтін жолдарынан немесе мултимәтіндермен аяқталатын, бірнеше сегменттерден тұратын бір атаулы қарапайым шығаруларды тұрғызады.

Ординаттық өлшем (DIMORDINATE) көрсетілген нүктенің абцисса немесе ордината мәндері орнатылған шығаруларды құруға мүмкіндік береді.

 

Опциясы:

Х мәні (Xdatum) – шығарылған сызық соңының тұрған жеріне қарамастан абсцисса шығаруын береді;

У мәні (Ydatum) – шығарылған сызық соңының тұрған жеріне қарамастан ордината шығаруын береді;

Бұрыш (Angle) – шығару жазбасының бұрышын беру;

Мәтін (Text) – шығарудың жаңа мәтінін енгізу;

Ммәтін (Mtext) – мультимәтін мүмкіндіктерін қолданып, шығарудың жаңа мәтінін енгізу.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшемді қою бұйрығы қай мәзірде орналасқан?

2. Бұрыштық өлшемді салу қандай бұйрықпен қамтамасыз етіледі?

3. Радиус белгісін шығаруды қалай жүзеге асыруға болады?

4. Диаметрлік өлшемді қалай қояды?

5. Шығаруы бар өлшемді қалай қоюға болады?

Дәріс №13.

Тақырыбы: Кестелер.

Мақсаты: AutoCAD жүйесінде кестелерді құрудың тәсілдерімен танысу.

AutoCAD 2005-тен бастап жүйеге жаңа құрал енгізілді – ол кестелер. Кестелер сызба жасауда түсіндірме мәтін жазу үшін, ерекшеліктер, қосылған кестелер үшін қажет, бұларды әр сызба сызушы белгілі бір мақсатта пайдаланады. AutoCAD 2006-да кестелерді құру және редакциялау мүмкіндігі кеңейтілді. Қарастырылып отырған бағдарлама нұсқасындағы кестелер Microsoft Excel-дегі қарапайым электронды кестені еске түсіреді. Қолданушының кестенің сыртқы түрін және ұяшықтардағы мәліметтерді басқаруға, сондай-ақ өрнектер бойынша есептер шығаруға мүмкіндігі бар. Одан басқада, сіз Excel кестелерімен байланысты жүзеге асыруыңызға болады. Бұл кестелердегі мәліметтер Excel бағдарламасына енгізілген өзгерістерге қарай жаңарып отырады.

Кестелердің құрылуы

Кестелерді құру үшін келесі тәсілдердің кез келгенін қолдануға болады:

TABLE (Кесте) бұйрығын қолдану.

Мәзірден Draw Table (Сурет салу Кесте) бұйрығын шақыру.

Аспаптар пультінен 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Table (Кесте) батырмасын басу.

Бұйрықты шақырғаннан кейін Insert Table (Кестені ендіру) сұхбаттық терезесі ашылады.

AutoCAD 2008-де кестені сызбаға қосудың үш тәсілі мүмкін еді, оны таңдау үшін Insert options (Қосу параметрі) ауыстырып-қосқышын арнайы жағдайға келтіріп қою қажет.

Start from empty table (Бос кестеден бастау)

Бұл тәсіл бос кестені құруға мүмкіндік береді, оның мәліметтерін қолмен енгізуге болады. Table style (Кестенің стилі) аумағында болашақ кестенің стилін арнайы тізім бойынша таңдауға болады. Бұл тізімде үнсіз келісіммен тек қана Standard (Стандартты) стилі бар, бірақ қолданушының өзінің стилін ойлап табуына мүмкіндігі бар (кесте стилін ойлап табу туралы аталған дәрістен қараңыз).

Осы сұхбаттық терезеден ендірме тәсілін таңдауға болады. Бұл үшін Insertion behavior (Ендірме тәсілі) аумағында ауыстырып-қосқышты келесі жағдайлардың біріне қосыңыз:

Specify insertion point (Ендірме нүктесіне сұраныс) — бағдарлама кестені кестенің сол жақ бұрышының нүктесі көрсетілгеннен кейін құра бастайды;

Specify window (Орналасу аумағына сұраныс) — бағдарлама кестенің орналасу аумағына және көлеміне сұраныс жасайды. Бағандардың ені, жолдардың биіктігі және олардың саны берілген күйге келтіруге және рамканың көлеміне байланысты.

Болашақ кестенің бағандары мен жолдарының санын белгілеу үшін Column & row settings (Бағандар мен жолдарды күйге келтіру) аумағындағы алаңды қолдану қажет. Columns (Бағандар) және Column width (Бағандардың ені) алаңдарында бағандар мен жолдардың санын көрсетіңіз. Data rows (Жолдар саны) және Row height (Жолдардың биіктігі) алаңдарында кестенің жолдарының саны мен биіктігін көрсетіңіз.

Set cell styles (Ұяшықтың стилін құру) аймағы кейбір кестелердің стилін анықтауға көмектеседі. Ашылған тізімдердің көмегімен алғашқы жолдың стилін (First row cell style), екінші жолдың стилін(Second row cell style) және басқа да жолдардың (All other row cell styles) стилін беруге болады. Үнсіз келісіммен тізімдер ұяшықтардың тек үш стилін ғана көрсетеді, бірақ, кестеде кездесетіндей, сіз өзіңіздің стиліңізді ойлап табуыңызға болады. Insert Table (Кестені енгізу) сұхбаттық терезесін жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.

Insert Table (Кестені енгізу) диалогтық терезесінің барлық қажетті мәліметтерін беріп және оны жауып болған соң, сіз бұйрық жолында (немесе тышқанның көрсеткішінің жанында, егер Dynamic Input (Динамикалық енгізу) қызметі белсенді күйде болса) кестені енгізу нүктесін нұсқауға шақыруды көресіз:

Specify insertion point:

(Енгізу нүктесі:)

Экранның қажетті аумағында тышқан батырмасын шертіп ендіру нүктесін көрсетіңіз немесе бұйрық жолына нүктенің координаттарын енгізіңіз. Керекті нүктені енгізгеннен кейін экранда кесте көрінеді. Кестенің үстінен, кестеге мәтінді енгізудің күйге келтірулерін басқаруға арналған, Text Formatting (Мәтінді пішімдеу) құрал-саймандар тақтасы шығады. Онда мәтінді пішімдеуге қажетті барлық параметрлер бар.

Кестені редакциялау кезінде бағандар мен жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

AutoCAD-та қажетті мәліметтерді енгізу кестенің жеке ұяшықтарына жасалады. Мәлімет енгізілетін қажетті ұяшықты табу үшін, оның белсенділігін қосу қажет. Ол үшін перне тақтадағы меңзерді басқару пернесін қолдануға болады. Ұяшық белсенді болғанда, мәліметтерді перне тақтадан енгізуге болады.

From a data link (мәліметтерге сілтемелер ішінде)

Бұл тәсіл Microsoft Exсel байланған файлынан толтырылған кестеге қосымша жасауға мүмкіндік береді. Insert options (Қосудың параметрлері) ауыстырып-қосқышын From a data link (мәліметтерге сілтемелер ішінде) қалпына қойып, тізімнен Excel байланған файлын таңдауға немесе Launch Data Link Manager (Data Link Manager-ді қосу (Байланған мәліметтердің диспетчері)) бөлімін таңдап немесе тізімді ашатын оң жақтағы батырманы басып жаңа файлмен байланысты орнатуға болады.

Ашылған Select a Data Link (Мәліметтерге сілтемені таңдау) терезесінде бұрын орнатылған байланысты немесе жаңасын орнатуға болады, ол үшін келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет.

Links (Байланыстар) өрісінен Create a new Excel Data Link (Excel-де жаңа мәліметтерге сілтемені ойлап табу) бөлімін таңдау.

Ашылған сұхбаттық терезеде құрылған байланыстың атауын меншіктеу.

Ашылған New Excel Data Link (Excel-дің мәліметтеріне жаңа сілтеме) терезесінде үш нүктелі батырманы басу және байланыс орнатылуға тиісті Excel файлын таңдау. Preview (Алдын ала көру) алаңындағы файлды нұсқағаннан кейін болашақ кестенің түрі көрінеді. Осы терезеде оң жақ бұрышта орналасқан тілдің суреті бар батырманы басқаннан кейін, кірістірменің кейбір қосымша параметрлері көрінеді.

ОК батырмасын басу арқылы New Excel Data Link (Excel-дің мәліметтеріне жаңа сілтеме), Select a Data Link (Мәліметтер сілтемесін таңдау), сондай-ақ Insert Table (Кестені ендіру) терезелерін жабуға болады және мәліметтері енгізілген кестені сызбаға қосуға болады.

From object data in the drawing (Data Extraction) (Сызба нысанының мәліметтерінен (Мәліметтер алу))

Бұл қосымша жасау тәсілін таңдағанда кестенің сызбасында Data Extraction (Мәліметтер алу) шебері қосылады, ол келесі әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі:

· Мәліметтерді алу көзін таңдау – бұл сызба, сызбалар жиынтығы немесе бірнеше каталог болуы мүмкін;

· Алынған нысандар мен қасиеттерді сүзуді жүзеге асыру;

· Алынған мәліметтерді тарату және жүйелеу;

· Алынған мәліметтерді Microsoft Excel электронды кестесінің мәліметтерімен біріктіру;

· мәліметтерді шығарудың форматын таңдау – ол кесте немесе жеке файл болуы мүмкін;

· алынатын мәліметтерді кестенің стилін көрсету арқылы форматтау.

Data Extraction (Мәліметтер алу) — Begin (Басы) шеберінің бірінші терезесінде – мәліметтерді шығарудың параметрлерін DXE форматты файлда сақтауға ұсыныс береді. Егер бұрын мәліметтерді шығару параметрлерін сақтамаған болсаңыз, оны міндетті түрде сақтау қажет.

Data Extraction (Мәліметтер алу) шеберін кейін қолданғанда, Use previous extraction as a template (.dxe or.blk) (Алдыңғы шығаруды қалып ретінде қолдану (DXE или BLK)) бөліміне жалаушасын қойып, сақталған файлдарды таңдауға оны қайта шығару үшін қалып ретінде қолдануға болады. Ауыстырып-қосқышты Edit an existing data extraction (Қолданыстағы мәліметтерді алуды редакциялау) күйіне қою арқылы сақталған мәліметтерді өзгертуге болады. Next (Одан әрі) батырмасын басқан кезде Save Data Extraction As (Алынған мәліметтерді қандай етіп сақтау) терезесі ашылады.

Келесі Define Data Source (Мәліметтер көзін анықтау) терезесі алуға тиісті мәліметтердің көзін көрсетуге қызмет етеді. Үнсіз келісіммен Data source (Мәліметтер көзі) аумағында ауыстырып-қосқыш Drawings/Sheet set (Сызбалар/электрондық кестелер топтамасы) күйіне келтіріледі. Include current drawing (ағымдағы сызбаны қосу) жалаушасы дәл қазір ашылып тұрған сызба бастапқы мәліметтер ретінде қолданылатынын білдіреді. Add Folder (Папканы қосу) және Add Drawings (Сызбаны қосу) батырмалары бастапқы мәліметтер ретінде қосымша каталогтар мен сызбаларды қосуға қызмет етеді. Remove (Жою) батырмасы керек емес бумалар мен файлдарды жоюды жүзеге асырады.

Ауыстырып-қосқышты Select objects in the current drawing (ағымдағы сызбаның нысанын таңдау) күйіне қою кезінде Select objects (Нысанды таңдау) батырмасы қолжетімді болады, ол ашық тұрған сызбаның нысандарын таңдауға мүмкіндік береді, ол мәліметтерді алу кезінде қолданылады. Settings (Күйге келтірулер) батырмасын басқанда ашылған терезеде мәліметтер алудың кейбір параметрлерін көрсетуге болады.

Select Objects (Нысанды таңдау) терезесі мәліметтер алу кезінде қолданылатын таңдап алынған мәліметтер көздерінің нысандарын көрсетуге қызмет етеді. Нысанды қолдануды болдырмау үшін, Objects (Нысандар) тізімінде берілген оның атауына қарсы жақтағы жалаушаны алып тастаңыз. Display options (Көрсетім параметрлері) аумағы тізімде көрінетін нысандардың түрін көрсетуге қызмет етеді.

Select Properties (Қасиеттерді таңдау) төртінші терезесі алынатын қасиеттерді көрсетуге қызмет етеді. Терезенің сол жағында орналасқан Properties (Қасиет) тізімі бұрынғы қадамдарда таңдалған нысандарға тән қасиеттерді көрсетеді. Қасиеттерді таңдағанда олардың қарсы бетіне жалаушаны қою керек. Оң жақта орналасқан Category filter (Сүзудің категориясы) тізімі көрсетілген қасиеттердің санатын көрсетеді. Оның көмегімен керек емес санаттарды болдырмауға болады, мұнымен Properties (Қасиеттер) тізіміндегі қасиеттердің санын азайтуға болады.

Келесі Refine Data (Мәліметтерді тарату) терезеде алынған мәліметтерді жүйелендіруге және таратуға болады. Терезенің орта бөлігінде құрылып отырған кесте көрінеді. Тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде ұяшықта жанама мәзір көрінеді, ол кесте құрудың түрлі параметрлерін, сондай-ақ есептер жүргізуге болатын бағандар қосатын қызметтер ұсынады.

Сол жақ төменгі бұрыштағы жалаушалар топтамасы кесте құрудың кейбір параметрлерін анықтайды, олар бірдей жолдарды біріктіру (Combine identical rows), бағандардың нөмірлерін қою (Show count column) және жолдардың атауын (Show name column) енгізу.

Link External Data (сыртқы мәліметтерге сілтеме) батырмасын басқан кезде онымен аттас терезе ашылады, онда нақты файлдың мәліметтеріне сілтеме жасауға болады. Sort Columns Options (Бағандарды іріктеудің параметрлері) батырмасын шерткенде Sort Columns (Бағандарды іріктеу) терезесі ашылады, онда бағандарды реттеуге қажетті фильтрдің әртүрі бар.Full Preview (Толық алдын ала) батырмасын басқанда құрылып отырған кестені толық көре аласыз.

Choose Output (Тұжырым түрін таңдау) алтыншы терезеде кесте қандай түрде құрылатынын анықтауға болады:

· Insert data extraction table into drawing (Алынатын мәліметтері енгізілген кестені сызбаға орнату) бөліміне орнатылған жалауша кесте сызбаға қосылатынын білдіреді;

· Output data to external file (.xls,.csv,.mdb,.txt) (Мәліметтерді жеке файлға шығару (XLS, CSV, MDB, TXT)) бөліміне орнатылған жалауша санамаланғаннан форматтардың біріндегі жеке файлда құрылатынын білдіреді.

Table Style (Кестенің стилі) терезесі кестенің стилі мен оның ұяшықтарын көрсетуге қызмет етеді.

Соңғы Finish (Соңы) терезесі алудың аяқталғаны туралы хабарлама береді. Finish (Дайын) батырмасын басқан соң сізге тек кестенің сызбаға орнатылатын жерін көрсету ғана қалады. Егер жеке файлға ауыстыруды таңдасаңыз, онда бұл файл құрылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Кестені құрудың қандай тәсілдері бар?

2. Insert Table бұйрығы қандай қызмет атқарады?

3. Data Extraction шебері қандай әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі?

 

Дәріс №14.

Тақырыбы: Кестені редакциялау және форматтау. Кестенің стилі.

Мақсаты: Кестені редакциялау, форматтау және оның стилімен танысу.

 

Ұяшықтардың мазмұнын өзгертуге байланысты әрекеттер редакциялау деп аталады. Кез-келген бұрын құрылған кестені кейін редакциялауға болады. Кестенің әр ұяшығы жеке нысан болып есептеледі, сондықтан оларды редакциялауды да жеке-жеке жүргізу қажет. Кестені тұтас та редакциялауға болады.

Кестені тұтас редакциялау үшін және Text Formatting (Мәтінді форматтау) құрал-саймандар тақтасын қайта шақыру үшін бұйрық жолына TABLEDIT (Кестередакциялау) енгізу қажет немесе кестенің кез келген ұяшығына екі рет басып қалу қажет.

Бұйрықты енгізгеннен кейін бағдарлама мына сұранысты көрсетеді:

Pick a table cell:

(Кестенің ұяшығын көрсетіңіз:)

Ұяшықта шерткеннен кейін редакциялауды бастауға болады. Text Formatting (Мәтінді форматтау) құрал-саймандар тақтасы көпжолды мәтінді редакциялауға қолданылатын басқа тақталардан айырмашылығы болмаса да, кестені редакциялауда ондағы кейбір батырмалар белсенді болмайтынын ескеруіміз қажет. Мысалы, нөмірленген, маркировка жасалған және әріптелген тізім жасау мүмкін емес. Алайда, кестені құруда бұл қызметтердің қажеті де болмайды.

Егер сандық мәліметтермен жұмыс жасау қажет болса немесе кестенің параметрлерін өзгерту (мысалы, бағандар мен жолдардың биіктігі мен енін өзгерту) қажет болса, онда мәтінді редакциялау режимінен шығу керек және ауыстырып-қосқышты ұяшықты редакциялауға ауыстырып қою керек.

Үнсіз келісім бойынша AutoCAD-та барлық жолдардың биіктігі, сондай-ақ жолдардың ені стандартты түрде болады. Кейбір жағдайда бұл параметрлерді өзгеріссіз қалдыруға болады, алайда әдетте бағандар мен жолдардың биіктігі мен енін өзгерту қажет болып жатады. Бұл үшін редакцияланатын ұяшықта бір рет шерту қажет. Ұяшық белгіленді, ал оның шеттерінде маркерлер пайда болды. Оларды пайдалана отырып, бағандар мен жолдардың биіктігі мен енін өзгертуге болады. Мынаған назар аударуыңыз қажет, бір ұяшықтың жолы мен бағанының параметрін өзгерткенде тұтас баған мен жол өзгереді.

Shift пернесін қолдана отырып, бірнеше ұяшықты белгілеуге болады. Бұл үшін топтың бір бұрышындағы ұяшықты белгілеу қажет, содан соң Shift пернесін басып тұрып топтың басқа бұрышындағы ұяшықты шертіңіз. Егер кестенің барлық ұяшығын таңдау керек болса, онда ұяшықтың кез келген шекарасында, ішінде емес, шерту керек.

Белгіленген ұяшықтармен жұмыс жасай отырып, жанама мәзір арқылы форматтау бұйрықтарына қол жеткізуге болады, оны тышқанның оң жақ батырмасын шертіп шақыруға болады немесе кестені белгілеген кезде пайда болатын Table (Кесте) құрал-саймандар тақтасын басу қажет.

Cut (Қиып тастау), Copy (Көшірме) и Paste (Қою). мәтінді редакциялау кезінде пайдаланушы осы бұйрықтарға көбірек көңіл бөледі, олар мәзірдің жоғарғы жағында орналасқан.

Recent Input (Соңғы енгізу). Мәзір соңғы енгізілген бұйрықтарды ашады.

Cell Style (Ұяшықтың стилі). Ұяшықтың стилін таңдауға мүмкіндік береді: мәліметтер (Data), тақырып (Header) немесе атау (Title). Үнсіз келісіммен ұяшықтың стилімен бірге бағандар мен жолдардың стилі (By Row/Column) таңдалады. Мәзірден Save as New Cell Style (Ұяшықтың жаңа стилі ретінде сақтау қажет) бөлімін таңдау арқылы сіз басқа ұяшықтарға қолдануға болатын жаңа стиль ойлап таба аласыз.

Alignment (Түзету). Ұяшықтардың мазмұнын берілген тоғыз тәсілдің бірінің көмегімен түзетуге болады: жоғарғы және сол жақ шекарамен (Top Left), жоғары және орталықпен (T o p Center), жоғарғы және оң жақ шекарамен (Top Right), ұяшықтың ортасымен сол жаққа қарай (Middle Left), ұяшықтың ортасымен және орталықпен (Middle Center), ұяшықтың ортасымен және оң жаққа қарай (Middle Right), төменгі және сол жақ шекарамен (Bottom Left), төменгі және орталықпен (Bottom Center), төменгі және оң жақ шекарамен (Bottom Right)

Borders (Шекаралар). Бұл бұйрық Cell Border Properties (Ұяшықтар шекарасының қасиеттері) терезесін ашады, ол ұяшықтарды әрлеудің параметрлерін күйге келтіру үшін қызмет етеді.

Бұл бұйрықты сызықтардың жуандығын (Lineweight), оның түрін (Linetype) және түсін (Color) күйге келтіру үшін қолдануға болады. Double line (Қос сызық) бөліміне жалаушасын орнатқан жағдайда ұяшықтардың шекарасындағы сызық қосарланады. Spacing (Расстояние) алаңында шекарадағы сызықтардың аралығын көрсетуге болады. Сондай-ақ, кестенің сыртқы және ішкі шекараларын әрлеудің әртүрлі параметрлерін тапсыруға болады

Locking (Блокадалау). Бұл мәзір ұяшықтардың мазмұнын (Content Locked), олардың пішімін (Format Locked), сондай-ақ, мазмұнын да, форматын да (Content and Format Locked) жауып тастауға мүмкіндік береді. Unlocked (Блокадасын ашу) бөлімін таңдау ұяшықтардың блокадасын ашуға мүмкіндік береді.

Data Format (Мәліметтер форматы). Мәзірдің бұл бөлімін таңдағанда Table Cell Format (Кесте ұяшығының форматы) терезесі ашылады, онда мәліметтердің көрсетілімінің әртүрлі түрін нұсқауға болады.

Сол жақта орналасқан Data type (Мәліметтер түрі) алаңында, бейнеленулердің пішімін анықтауға болатын, мәліметтер типі орналасқан:

· Angle (Бұрыш) — бұрыштардың өлшем бірлігі;

· Currency (Ақша) — ақша бірлігі;

· Date (Уақыт) — уақыт шығару пішімі;

· Decimal Number (Ондық сандар) — ондық сандар пішімі;

· General (Жалпы) — жалпы түрдегі мәліметтер;

· Percentage (Пайыз) — пайыздық өлшем;

· Point (Нүкте) — нүктелер координаты;

· Text (Мәтін) — нышандар регистрі;

· Whole Number (Бүтін сандар) — Бүтін сандардың форматтарының бейнеленуі.

· Format (Формат) алаңында мәліметтердің таңдап алынған түрлерінің бейнелену параметрлері көрсетілген, ал жоғарғы жағындағы, Preview (Алдын ала көру) алаңында сіздің таңдап алған мәліметтер түрінің көрсетілген форматындағы мысалы көрсетіледі.

Кейбір мәліметтер түрін таңдаған кезде терезенің төменгі оң жақ бөлігінде Additional Format (Қосымша формат) батырмасы көрінеді. Оны басқанда аталған тереземен аттас терезе ашылады, онда бейнелеудің кейбір қосымша параметрлерін, мәліметтердің жұрнақ және жалғаулықтары, межесызық, сондай-ақ, нөлді жасыруды көрсетуге болады.

Match Cell (Мысал бойынша пішім). Аталған бұйрық бір ұяшықты форматтауды басқаларына қолдануға мүмкіндік береді. Оны шақырғаннан кейін тышқан көрсеткіші түрін өзгертеді, ал бұйрық жолында Select destination cell: (Белгіленетін ұяшықты көрсетіңіз:) сұранысы пайда болады.

Форматтаудың параметрін көшірмелеу керек ұяшықта шертіңіз (параметрлерді кез келген ұяшық санына көшірмелеуге болады). Барлық қажетті ұяшық безендірілген соң, Esc пернесін басыңыз.

Remove All Property Overrides (Қасиеттердің барлық өзгерісін жою). Ұяшықтардың қасиеттеріне жасалған барлық өзгерістерді жояды.

Data Link (Мәліметтерге сілтеме). Бұл бөлімді таңдау кезінде Select a Data Link (Мәліметтерге сілтемені таңдау) сұхбаты ашылады, оның көмегімен Excel электрондық кестесінің файлына сілтеме жасауға болады.

Insert (Қою). Ол ұяшыққа блок (Block) қоюға, (Field) алаң және (Formula) өрнекті қоюға мүмкіндік береді. Алаңды қойғанда Field (Алаң) терезесі ашылады, ол тестке, уақыт және мерзім, ағымдағы сызбаның атауы, автордың аты-жөні және тағы басқа сияқты жаңарғыш алаңдарды қоюға мүмкіндік береді.

Бағдарламада келесі өрнектер қолжетімді:

· Sum (Қосынды) — көрсетілген ұяшықтардағы таңбалардың қосындысын көрсетеді;

· Average (Орташа) — көрсетілген ұяшықтардағы орташа таңбаларды көрсетеді;

· Count (Есептеу) — көрсетілген ұяшықтардың санын көрсетеді;

· Cell (Ұяшық) — өрнекте басқа кестедегі ұяшықты пайдалануға мүмкіндік береді;

· Equation (Тең) — өрнекті қолдан салуға мүмкіндік береді.

AutoCAD-та барлық өрнектер «тең» таңбасымен басталады, одан кейін константтың әртүрінен тұратын өрнек, бағдарламаның ендірілген функциялары, сондай-ақ арифметикалық, мәтіндік және логикалық операциялар белгілері көрсетіледі. Өрнектің ең қарапайым түрі =2+3 қызмет ете алады. Өрнектің ұяшыққа сілтемесі болуы мүмкін (оның мекен-жайына).

Мысалы, Sum (Қосынды) өрнекті қолдануды қарастырайық. Үш бағанды кесте бола берсін. Алғашқы екі баған мәліметтермен толтырылған, ал үшінші бағанда әр жолдың қосындысы көрініп тұруы қажет.

Үшінші бағанның бірінші ұяшығын белгілеу үшін сол жерді шертіңіз, содан соң жанама мәзірде Insert Formula Sum (Кірістіру Формула Қосынды) бұйрығын таңдаңыз.

Сіз мына сұранысты аласыз:

Select first corner of table cell range:

(Кестедегі ұяшықтардың диапазонының екінші бұрышын таңдаңыз:)

Екінші бағанның (В2) бірінші ұяшығын таңдаңыз. Text Formatting (Мәтінді пішімдеу) тақтасы пайда болады, ал өрнек кірістірілуі тиіс ұяшықта =Sum(A2:B2) өрнегі көрінеді. Оның дұрыстығын тексеріңіз (мұны жасау қиын емес, кестедегі мәліметтерді редакциялау режимінде бағандардың атауы мен жолдардың нөмірлері көрінеді), содан соң Enter пернесін басыңыз. Сіз ұяшықта қорытынды – бірінші және екінші ұяшықтың қорытындысының көрінгенін көресіз. А2 және В2 ұяшықтарындағы белгілерді өзгертіп көріңіз, сіз С2 ұяшығының қорытындысының басқа болып өзгергенін көресіз.

Үшінші бағанның қалған ұяшықтарын толтырыңыз. Мұны бұрын жазылған тәсілмен істеуге болады немесе мәтінді редакциялау режимінде тұрып С2 ұяшығының ішіндегісін көшіріп алып, оны С3 ұяшығына кірістіріп және өрнекті қолмен өзгертуге болады. Бұл жерде =Sum(A2:B2) орнына =Sum(A3:B3) өрнегін жазу қажет. Осы тәсілмен бағанның барлық ұяшықтарын толтыруға болады.

Edit Text (Мәтінді редакциялау). Бұл бұйрық Text Formatting (Мәтінді редакциялау) құрал-саймандар тақтасын шақырады.

Manage Content (Ішіндегісін басқару). Ол Manage Cell Conent (Ұяшықтың мазмұнын басқару) терезесін ашады, оның көмегімен ұяшықтардың бейнелену тәртібін және ішіндегісін анықтауға болады. Бұл бөлім тек блоктармен жұмыс жасағанда ғана қолжетімді болады.

Delete Content (Ішіндегісін жою). Ұяшықтардың ішіндегісін жоюды жүзеге асырады. Бұл бөлім де тек блоктармен жұмыс жасағанда ғана қолжетімді болады.

Delete All Contents (Ішіндегінің барлығын жою). Белгіленген ұяшықтардың ішіндегісін жояды.

Columns (Бағандар). Белгіленген ұяшықтың сол жағына (Insert Left) немесе оң жағына (Insert Right) баған қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағандарды жоюды (Delete) жүзеге асырады. Size Equally (Тең өлшем) бөлімі кестенің жалпы кеңдігін сақтай отырып, бағандардың биіктігін тегістеуді жүзеге асырады.

Rows (Жолдар). Дәл осындай операцияларды жолдармен жасауға мүмкіндік береді.

Merge (Біріктіру). Бұл бұйрық белгіленген ұяшықтарды бір-біріне қосады.

Unmerge (Біріктіруді жою). Ұяшықтарды біріктіруді жояды.

Properties (Қасиеттер). Белгіленген ұяшықтардың қасиеттер палитрасын Properties (Қасиеттер) ашады.

Кестенің стилі

Стильдер форматтау атрибуттарының топтамасын білдіреді. Кестелер үшін бұл атрибуттар ұяшықтарды және олардың шекараларын әрлеу, ұяшықтарда алаңдар болуын, қолданылып отырған мәтіннің параметрлері болып саналады.

AutoCAD-та үнсіз келісіммен кестелерге бір ғана стиль қолданылады, ол Standard (Стандартты). Алайда, әркімнің қалауынша өз стилін шығаруға болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

· TABLESTYLE (Кестестиль) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Tables (Кестелер) басқару пульті тақтасындағы Table Style (Кестенің стилі) батырмасын басыңыз;

· Format Table Style (Формат Кестенің стилі) бұйрығын орындаңыз;

· Insert Table (Кестені қою) терезесінің Table style (Кестенің стилі) тізімінің оң жағындағы батырманы басыңыз.

Осы әрекеттердің бірін орындаған соң, Table style (Кестенің стилі) терезесі ашылады. Оның көмегімен бар стильдерді редакциялауға және жоюға болады, сондай-ақ жаңаларын құруға болады.

Стильді Styles (Стильдер) тізімінен таңдауға болады. Стильді таңдау оңай болуы үшін алдын ала көру терезесінде қолданылған стильдегі кестенің мысалын көруге болады. Таңдап алынған стильді редакциялау үшін Modify (Өзгерту) батырмасы пайдаланылады, ал жаңасын жасау үшін - New (Жасау). Бірінші және екінші батырмаларды басқан соң сіз стильді редакциялауды күйге келтіру терезесіне түсесіз.

New (Жасау) батырмасын басқан соң ең алдымен Create New Table Style (Кестенің жаңа стилін жасау) терезесі ашылады, ол жерге New Style Name (Жаңа стильдің атауы) алаңына стильдің атауын енгізу қажет, сондай-ақ, Start With (Мынадан бастау керек) алаңына соның негізінде құрылатын стильді таңдау қажет. Егер сіз әлі ешқандай жаңа стильді жасамасаңыз, онда өзіңіздің стильді жасау үшін тек Standard (Стандартты)-дан бастауыңызға болады. Стильді күйге келтіруге қол жеткізу үшін Contunie (Жалғастыру) батырмасын басу қажет.

New Table Style (Кестенің стилін құру) терезесі Modify Table Style (Кестенің стилін өзгерту) терезесі сияқты үш қосымша бетшеден тұрады.

General (Жалпы) қосымша бетшесі кестенің жалпы параметрлерін тапсыруға көмектеседі.

Fill color (Құйып бояудың түсі). Ұяшықтар өңінің түсін нақтылайды. Сіз берілген тізімнің ішінен қажетті түсті таңдауыңызға немесе осы аттас бөлімді таңдау кезінде ашылатын Select Color (Түсті таңдау) терезесін қолдана отырып, басқа түсті қолдан енгізуіңізге болады. Alignment (Тегістеу). Ұяшықтардағы мәтіннің тегістеу параметрлерін беруге көмектеседі. Тегістеудің тоғыз нұсқасы қолжетімді, олар осы дәрістің басында айтылған болатын.

Format (Формат) сөзінің қарсы жағында үш нүктесі бар батырма орналасқан. Егер оны басса, онда жоғарыда айтылған Table Cell Format (Кесте ұяшықтарының форматы) терезесі (5.11 сурет) ашылады.

Type (Түр) тізімі ұяшықтар мазмұнының түрін анықтауға көмектеседі. Бұл (Data) мәліметі немесе (Label) белгісі болуы мүмкін.

Margins (Өріс) аймағының параметрлері ұяшықтардағы мәтін үшін шегіністі көлденең және тік болуын тапсыруға көмектеседі.

Merge cells on row/column creation (бағандарды/жолдарды қосу кезінде ұяшықтарды біріктіру) жалаушасы бағандарды немесе жолдарды қосу кезінде ұяшықтарды біріктіруге көмектеседі.

Text (Мәтін) қосымша бетшесі мәтінді форматтауға қызмет етеді және келесі параметрлерді күйге келтірулерді жүзеге асыруға көмектеседі.

Text style (Мәтіннің стилі). Бұл тізімде мәтіндік стильді таңдауға болады, ол кесте ұяшықтарындағы мәтінді және сандарды безендіру кезінде қолданылады. Көпнүкте салынған батырманы басу арқылы сіз қажетті мәтіндік стильді жасауыңызға болатын Text style (Мәтіннің стилі) терезесіне түсесіз.

Text height (Мәтіннің биіктігі). Кесте ұяшықтарындағы мәтіннің биіктігін беруге мүмкіндік береді.

Text color (Мәтіннің түсі). Бұл тізім кестедегі мәтіннің түсіне жауап береді.

Text angle (Мәтіннің бұрышы). Бұл алаңда мәтіннің қисаю бұрышын көрсетуге болады.

Borders (Шекаралар) қосымша бетшесінде кестенің шекара параметрлері орналасқан. Бұл қосымша бетшенің мазмұны осы аттас Cell Borders Properties (Ұяшықтар шекарасының қасиеттері) терезесініндегі мазмұнға сәйкес.

Жоғарыда жазылған күйге келтірулерден басқа, үш қосымша бетшеде орналасқан кестенің жалпы күйге келтірулері бар.

New Table Style (Кестенің стилін жасау) терезесінің Starting table (Бастапқы кесте) аймағы жасақталатын кестенің негізіне алынатын кестені көрсетуге мүмкіндік береді. Кестедегі суреті бар батырманы және тышқанның сілтеуішін басу арқылы сіз қажетті кестені таңдай аласыз. Remove Table (Кестені жою) батырмасы ағымдағы стильдегі кестенің параметрлерін жоюға қызмет етеді. і әрпінің суреті бар батырмасын шерту арқылы осы диалогтық терезеге арналған анықтама бөлімі ашылады.

Table direction (Кестенің бағыты) параметрі кестенің бағдарына жауап береді. Үнсіз келісіммен Down (Төменге) мағынасы қойылған. Егер де Up (Жоғарыға) мағынасын таңдасаңыз, кесте төменнен жоғарыға қарай салынады, атауы мен тақырыбы төменде орналасады.

Cells styles (Ұяшықтардың стилі) ашылатын тізімі ұяшықтардың стилін таңдауға немесе жаңасын жасауға мүмкіндік береді.

Стильді күйге келтірудің барлық таңдауын жасап болған соң, жаңа кесте стилін жасау үшін ОК батырмасын басыңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. TABLEDIT бұйрығы қандай қызмет атқарады?

2. Data type алаңында бейнеленулердің пішімін анықтауға болатын, қандай мәліметтер типі орналасқан?

3. Кестенің стилі дегеніміз не?

4. Кестенің стилін құру терезесі неше қосымша бетшеден тұрады?

Дәріс №15.

Тақырыбы: 3D - үлгілерін құру.

Мақсаты: Көлемді пішіндерді тұрғызумен танысу.

 

Көлемді пішіндерді жобалау оларды тұрғызудан басталады. Көлемді пішіндерді тұрғызу кезінде BOX (жәшік), CYLINDER (Цилиндр), TORUS (Тор), WEDGE (клин), CONE (конус) қарапайымдары қолданылады, сондай-ақ арнайы тұрғызу әдістері де қолданылады. Олар: айналу денесі, сы&#




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-23; Просмотров: 702; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.