Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Саймандар панелінен Редактор формулнемесебатырмасына шертіледі. 3 страница




6. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;

7. Ол үшінВ2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;.

 

9-сурет

8. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;

9. Диаграмма шеберін (Мастер диаграмм) шақырыңыз, диаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін) таңдаңыз;

10. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;

11. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.

2- жаттығу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып х3-0,01х2-0,7044х+0,139104=0 теңдеуді шешіңіз.

 

Теңдеуді шешу үшін түбір жатқан аралықты анықтау керек, сондықтан у(х)= х3-0,01х2-0,7044х+0,139104 функциясыының мәндері табылады, қажет болса графигі де салынады.

1. А2:А12 диапазонға [-1;1] аралығын 0,2 қадаммен жазамыз /10-сурет/;

2. В2 ұяшыққа =А2^3-0.01*A2^2-0.7044*A2+0.139104 формуласы жазылады;

3. Функцияның қалған мәндерін толтыру маркерін пайдаланып шығарыңыз;

4. Функция таңбасы өзгеретін аралықтарды анықтаңыз: [-1;-0.8], [0.2;0.4], [0.6;0.8], бастапқы жуықтаулар ретінде бұл аралықтардың ортасы алынады;

5. Бастапқы жуықтаулардың мәндері сәйкесінше С2; С3; С4 ұяшықтарға жазылады;

6. D2 ұяшыққа =С2^3-0.01*С2^2-0.7044*С2+0.139104 формуласы жазылады да ол D3, D4 ұяшықтарына да көшіріледі;

7. D2 ұяшығы белгіленеді;.

8. Сервис->Подборпараметра командасын орындаңыз;

9. Пайда болған Подбор параметра терезесіндегі Установить в ячейке тұсында D2 тұрады;.

10. Осы терезедегі Значения тұсына 0 жазыңыз. Бұл теңдеудің оң жағын білдіреді;

11.
Изменяя значение ячейки тұсына С2 жазасыз. Бұл бірінші аралықтағы түбірдің жуық мәні шығатын ұяшық /10-сурет/.

10-сурет

12. ОК басылады;

13. Дәл осылай қалған екі түбірдің мәндері С3 және С4 ұяшықтарда шығарылады;

14. Теңдеудің түбірлерін графиктік әдіспен табуды өзіңіз орындаңыз.

 

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

10-кестедан алынады)

 

1. х, у Î[-1;1] деп алып, Z= … бетті тұрғызыңыз /10-кесте, 1-тапсырма/.

2.... теңдеуініңбарлық түбірлерін табыңыз /10-кесте, 2-тапсырма /.

10-кесте

Нұсқа № 1- тапсырма 2-тапсырма
  Z=5x2cos2(y) –2y2ey x3-2.56x2-1.3251x+4.395006=0
  Z=2x2cos2(x) –2y2 x3+2.84x2-5.6064x-14.766336=0
  Z=2e0.2xx2 –2y4 x3+0.85x2-0.4317x+0.043911=0
  Z=x2 –2e0.2yy2 x3-0.12x2-1.4775x+0.191906=0
  Z=3x2sin2(x) –5e2yy x3+0.77x2-0.2513x+0.016995=0

Бақылау сұрақтары:

1. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?

2. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?

3. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?

4. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?

5. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №9

Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар»

Мақсаты: MS Excel кестелерінде матрицалармен жұмыс жасай білу тәсілдерімен және соған арналған функциялармен таныстыру.

Негізгі түсініктер:

Массив – бұл бір типке жататын мәліметтермен жасалатын операцияларды жеңілдету мақсатында, оларды бір кестеге біріктіріп бір шама сияқты пайдалану мүмкін болу үшін енгізілген мәліметтің арнайы ұйымдастырылған бір түрі. Массивтің элементтері номерленеді, егер массив бір ғана жолдан немесе бағаннан тұрса оны сызықтық массив деп атайды да, ал массив бірнеше жолдар мен бағандардың жиынтығынан тұрса оны матрица түрінде қарастырады. Excel программасында кестеге енгізілген мәліметтің массив екенін программаға хабарлау үшін, формулалар жолында массивтің формуласы жазылады (= белгісінен басталғандықтан) соңында міндетті түрде CTRL+SHIFT+ENTER пернелері қатар басылады, мұның нәтижесінде массивтің формуласы фигуралық жақшаға { } алынады (мысалы, {=A1:C1} немесе { =A1:C4}). Массив формуласына кіріп тұрған ұяшықтар диапазонын массив диапазоны, ал ұяшықтың мәндерін массив аргументтері деп атау келісілген. Массивтермен жасалатын операциялар ұяшықтармен жасалатын операциялардан өзгешелеу болады, сондықтан Excel программасында массивтермен жұмыс жасауға арналған арнаулы функциялар қарастырылған олардың негізгілері:

МУМНОЖ () – функциясы матрицаны матрицаға алгебралық түрде көбейту үшін қолданылады. Бұл функцияны қолданған кезде, бірінші матрицаның бағандарының саны екінші матрицаның жолдарының санына және бірінші матрицаның жолдарының саны екінші матрицаның бағандары санына тең болуы керек деген қағида сақталады

МОПРЕД () – функциясы матрицаның анықтауышын табады және бұл функцияның нәтижесі бір ғана сан болады.

МОБР () – функциясы берілген матрицаға кері матрицаны есептейді.

Жаттығу жұмыстары.

1- жаттығу. Массивтерді қосу, азайту және мүшелеп көбейту.

1. Лаб_12_Матр жұмыс кітабын құрып, бірінші бетін Тапсырма1 деп өзгертіңіз;

2. Келесі кестені (11- сурет) құрыңыз:

  A B C D E F G H I J K L M N  
  1-Мысал   2-Мысал   3-Мысал  
                                   
  А=         В=         C=            
                               
                               
                               
  А+В=         В-С=         А2=        
                               
                                     

11- сурет

3. 1-Мысалды орындау үшін:

§ Қосынды матрица орналасатын диапазонды, мысалы, B6:D8 белгілейсіз;

§ “ = “ пернесін басасыз;

§ А матрицасы орналасқан В2:D4 диапазонды белгілейсіз;

§ “+ “ пернесін басасыз;

§ В матрицасы орналасқан G2:I4 диапазонды белгілейсіз;

§ CTRL+SHIFT+ENTER пернелер комбинациясын басасыз.

§ Нәтижесінде формулалар жолында келесі: = {B2:D4+G2:I4} формуласы шығу керек;

4. Қалған тапсырмаларды жоғарыда көрсетілгендей ретпен орындап көріңіз.

2- жаттығу. А және В матрицаларын алгебралық түрде көбейту, кері матрицаны табу, матрицаның анықтауышын есептеу.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

2. Келесі кестені /12- сурет/ құрыңыз:

 

  A B C D E F G H I J K L M N
              -1 3,1            
  А = 3,1 7,1     В = 2,3       С=А*В=      
    -1,1   -0,2         3,22          
                             
                             
  А-1=         А*А-1=         Det(A)=      
                             
                             

12- сурет

3. А*В матрицаларының алгебралық көбейтіндісін (12- сурет, С=А*В=) табу үшін:

§ L1:N3 диапазонды белгілеп алыңыз;

§ Функция шеберін (Мастер функций ) шақырып, Математические категориясыныан МУМНОЖ функциясын таңдайсыз, Палитра формул терезесі пайда болады;

§ Осы терезедегі Массив 1 тұсына курсоды қойып, кестедегі бірінші матрицаны (В1:D3) белгілеп аласыз, Массив 2 тұсына екінші матрица диапазонын (G1:I3) жазасыз;

§ Формула жазылып болғаннан кейін, соңынан, <Ctrl>+<Shift>+<Enter> пернелерібасылады.

4. А матрицасына кері матрицаны (12- сурет, А-1=) табу үшін:

§ Нәтиже орналасатын обылысты B5:D7белгілеңіз;

§ Формула енгізіңіз: функция шеберінен МОБР шақырыңыз да, пайда болған терезедегі Массив тұсына кестеденА матрицасын немесе В1:D3 диапазонды белгілеп, соңынан <Ctrl>+<Shift>+<Enter> басыңыз;

§ А матрицасы мен оған кері матрицаны көбейтіп (12- сурет, А*А-1=) тексеріп көріңіз, нәтижесінде бірлік матрица алынады.

5. А матрицасының анықтауышын (12- сурет, Det(A)=) табу үшін:

§ Курсорды L6 ұяшығына апарып, МОПРЕД функциясы шақырылады,А матрицасының диапазоны белгіленеді, сәйкес пернелер комбинациясы басылады.

3 - жаттығу. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу /кері матрицаны табу әдісімен/.

Заводтың 3 цехын қалпына келтіру үшін қаражат келесі ретпен: 1- цехқа 510000, 2-цехқа 180000, ал 3- цехқа 480000 бөлінді. Цехтарға станоктың үш түрі А, В, С сатып алынады. Бірінші цехқа А станогынан - 4, В станогынан – 8, С станогынан -1 қажет болады. Екінші цехқа А станогынан - 1, В станогынан – 2, С станогынан -1 алынуы керек. Үшінші цехтың қажетіне А станогынан - 1, В станогынан – 5, С станогынан -4 керек. Заводқа бөлінген қаражат мөлшерінен асып кетпеу үшін, станоктар ең қымбат дегенде қандай бағамен сатып алынуы керек? Бұл есепті шешу үшін сызықтық теңдеулер жүйесі құрылады:

мұндағы, - сәйкес станоктардың бағалары.

Сызықтық теңдеулер жүйесін матрицалық түрге келтіру үшін белгілеулер енгіземіз, мысалы, А – сызықтық теңдеулер жүйесінің сол жағындағы коэффициенттерден құралған матрица, х – белгісіздерден құралған матрица және b - бос мүшелерден құралған матрица.

Нәтижесінде, бұл есеп , мұндағы

түріндегі теңдеуді шешу есебіне келтіріледі. Мұндай теңдеулерді Excel программасында шешудің қарапайым жолы - «кері матрицаны табу» немесе Крамер әдістерінің бірін пайдалану. Бірінші әдісті пайдаланамыз, ол үшін:

1. Жұмыс кітабының үшінші бетін (Лист3) Тапсырма3 деп өзгертіңіз;

2. Алдыңғы жаттығудағы сияқты (2-жаттығу, 4- пункт) A-1 кері матрицаны есептейміз, себебі A x =b теңдеуінен х белгісіздер матрицасын тапсақ, ол x =A-1 . b болады. Табылған кері матриицаны бос мүшелер матрицасы b- ға көбейтіп нәтижені табамыз. Матрицалармен орындалған фунциялар 13- суретте оларды орындағаннан кейін шыққан нәтижелер 14- суретте көрсетілген:

 

  B C D E F G H I J K L M N O P Q
                      =МОБР(C2:E4)       =МУМНОЖ(K2:M4;H2:H4)  
  A         B     A-1   X  
                         
                                 

 

13- сурет

 

 

  B C D E F G H I J K L M N O P Q
              510 000     -0,3333   -0,667        
  A         B 180 000   A-1 0,33333 -1,6667 0,333   X    
              480 000     -0,3333 1,3333          
                                 

14- сурет

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

12-кестеден алынады)

1. А. және В матрицаларының қосындысын есептеңіз /1-тапсырма/.

2. А және В матрицаларының алгебралық көбейтіндісін есептеңіз /2-тапсырма/.

3. (А+В) матрицасына кері матрицаны табыңыз. Бастапқы матрица мен кері матрицаны көбейтіп, нәтижені тексеріңіз /3- тапсырма/.

4. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешіңіз /4- тапсырма/:

12- кесте

Нұсқа № 1, 2, 3 -тапсырмалар 4- тапсырма
 
 
 
 
 

Бақылау сұрақтары:

1. Массивті қалай түсінесіз?

2. Массив элементтерін енгізуде қандай пернелер қатар қолданылады?

3. МОПРЕД функциясының қызметі қандай?

4. Массивтерді алгебралық көбейтуде қандай функция қолданылады?

5. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешу тәсілін сипаттаңыз?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 10

Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»

 

Мақсаты: күрделі өрнектерді есептей білуге, сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісін пайдаланып шеше білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

ТРАНСП () функциясы ұяшықтардың тігінен (вертикальный) орналасқан диапазонын көлденеңінен (горизонтальный) орналастырады, немесе керісінше түрлендіреді. Бұл функция көбінесе матрицаларды түрлендіруде қолданылады. Матрицаны транспонирлегенде оның жолдары бағандарға, бағандары жолдарға ауысады.

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. А матрицасының транспонирленген AT матрицасын табыңыз.

1. А матрицасының элементтерін енгізіңіз /15- сурет/;

 

  A B C D E F G H I
                   
                   
  A=         AT=      
                   

 

 

15- сурет

2. Транспонирленген матрица үшін орын G10:I12 диапазонды белгілеңіз;

3. Функция шеберін пайдаланып =ТРАНСП(B10:D12) енгізіңіз, орындауға жіберіңіз;

2- жаттығу. Күрделі өрнектерді есептеу.

мұндағы, компонентті вектор, және – өлшемдері болатын матрица, , және , , .

1. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз /16- сурет/.

2. Есеп шарты бойынша қосындыны табу үшін Функция шеберін пайдаланып СУММ функциясын шақырамыз. Бұл функция көрсетілген диапазондағы ұяшықтар

16- сурет мәндерінің қосындысын есептейді.

 

3. В6 ұяшыққа келесі формуланы енгізіңіз:

4.

5. әдеттегідей Ctrl + Shift + Enter пернелерін басыңыз.

6. Бұл есептеуді келесі қарапайым формула көмегімен D6 ұяшықта есептеңіз:

7. .

3- жаттығу. Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешіңіз.

Сызықтық теңдеулер жүйесі берілген, – коэффициенттер матрицасы,– бос мүшелер бағаны, – белгісіздер бағаны. Крамер әдісі бойынша белгісіз формуласы бойынша есептеледі, мұндағы - матрицаның анықтауышы, - бастапқы А матрицасының анықтауышы. матрицалары A матрицадағы i-ші бағанды, бос мүшелер бағаны "b"-мен ауыстыру арқылы алынады. Мысалы, үш белгісізі бар сызықтық теңдеулер жүйесінің коэффициентер матрицасы А және бос мүшелер бағаны В берілсін:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 572; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.064 сек.