Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма 1 страница




Тапсырма

Азамат А-ға ауыр дене жарақатын сала отырып, шабуыл жасалған. Күдік азамат Л-ға түскен, өйткені ол қылмыс жасалған күні қаладан шығып белгісіз жаққа кеткен. Тергеу мерзімінің бітуіне 15 күн қалғандығын ескере отырып, жәбірленушіден жауап алу мүмкін болмағандықтан, яғни ол ауруханада емделіп жатқандықтан тергеуші азамат Л-ға іздестіру жариялап, іс бойынша тергеуді тоқтатты.

1. Жағдайды бағалаңдар.

2. Тергеушінің әрекеті заңды ма?

24. Тапсырма:

Қарақшылық шабуыл жасаған кезде екі ер адам ұсталған, алайда олардың біреуінде жасырынып қалу мүмкіндігі болған. Қылмыс іздерін бекіту бойынша кейбір тергеу әрекеттерін орындап, тергеуші ұсталғанға бұлтартпау шарасы – қамау түріндегі шара қолданған және қылмысқа бірге қатысушы жасырынғанға іздестіру жариялап, іс бойынша өндірісті тоқтатты.

1. Жағдайды бағалаңдар.

2. Тергеуші дұрыс істеді ме?

Айыпталушы ретінде тартылуға тиісті тұлға анықталмаған себебіне байланысты алдын ала тергеуді тоқтатқаннан кейін, куәгер В-дан жауап алу қажеттілігі туындады, өйткені тергеушінің мәліметтері бойынша қылмыс жасаған тұлғалар туралы онда ақпараттың бар болуы мүмкін.

1. Жағдайды бағалаңдар.

2. Осы жағдайда алдын ала тергеуді қайта бастау үшін негіз бар ма?

26.Тапсырма:

Бірнеше рет сотталған азамат С. дүкенен тауар ұрланғандығына байланысты сезіктелген. Оның пәтеріне тінту жүргізіліп және ол ҚР ҚІЖК 132-бабы тәртібінде ұсталды. Алайда, жолын кесу шарасын қолдану үшін жеткілікті негіз болмағандықтан, С. босатылған. Оны айыпталушы ретінде тарту үшін жеткілікті дәлелдер анықталмады. Ұрлықты басқа тұлғалар жасағандығы туралы болжам расталмады, ал қосымша дәлелдер мүмкіндігінің барлығы таусылған.

1. Жағдайды бағалаңдар.

2. Осы жағдайдатергеуші қандай шешім қабылдауы керек?

27. Тапсырма:

2004 жылдың 27 қара күні тергеуші азамат Б-ны ҚІЖК 132-бабы тәртібінде кісі өлтіргендігі жайлы сезікті ретінде ұстаған. Алайда Б-ны ұстау мерзімі бітуге таяу, ал тергеуші оған айып тағу үшін жеткілікті дәлелдерді жинақтай алмаған, оған қатысты бұлтартапу шарасы-қамау түрінде таңдаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін, тергеуші ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі бойынша Б-ға айыптау ұсынған.

1. Жағдайды бағалаңдар.

2. Тергеушімен ұсынылған айыптаудың мерзімі сақталған ба?

28.Тапсырма:

2004 жылдың 13 қаңтары кұні тергеуші, қорғаушы-адвокат және №3 балалар үйінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Л-ның жоғары педагогикалық білімі бар заңды өкілі танылатыннынң қатысуымен, Алматы қаласы №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі кәмелетке толмаған Л-ға айыптау ұсынған. Содан кейін ол жоғарыда көрсетілген тұлғалардың көзінше Л-дан айыпталушы ретінде жауап алған.

1. Жағдайды бағалаңдар.

2. Тергеушімен қандай да бір бұзушылықтар жіберілген бе?

29.Тапсырма:

2004 жылдың 14 шілдесінде азамат А. Алматы қаласы Құрманғазы көшесінде орналасқан №14 үйдің ауласына кіріп, жіпте ілініп тұрған азаматша Ю-дың құны 3000 теңге тұратын кілемін ұрлаған.

19 тамыз күні ол Жароков көшесіндегі №9 үйдің №13 пәтерінде кіріп азаматша Б-ның мысық терісінен жасалған, әйелдердің құны 21000 теңге тұратын тонын ұрлаған.

5 қыркүйек күні трамвайда ол азамша Я-ның шаруашылық сөкесінен әмиянын ішіндегі ақшасымен бірге ұрлап алып кеткен.

Осы фактілер бойынша кінә А-ға жабылды, яғни ол іс ойынша айып тағылып және оған ҚР ҚК 175- бабының 2-бөлігінің «б,в»-тармақтары бойынша айыптау ұсынылды. Мысық терісінен жасалған тонды ұрлағандығы жөнінде А. өз кінәсінен бас тартқан.

Көрсетінділерді тексеру барысында анықталғандай, мысық терісінен жасалған тон ұрланбаған, ол Б-ның күйеуімен ломбардқа тапсырылған ол туралы жәбірленуші білмеген.

1. Тергеушінің әрекетін бағалаңдар.

30.Тапсырма:

Тергеуші К-ны ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарды. Қаулы К-ға жарияланып және одан айыпталушы ретінде жауап алынды. Жауап алу хаттамасымен танысқан айыпталушы хаттамаға қол қоюдан бас тартты, себебі онда барлық түсініктемелер көрсетілмеген.

Тергеуші хаттамада айыпталушының К-дан сезікті ретінде жауап алу хаттамасында толық түрде көрсеткен түсініктемелерін көрсетпеген.

1. Тергеушінің әрекетін бағалаңдар.

 

31.Тапсырма:

Азамат К. ҚР ҚК 176-бабының 2-бөлігімен айыпталушы ретінде жауапқа тартылған, өйткені ол дүкеннің директоры болып жұмыс істеген кезде 38000 теңгенің тауарлары мен азық-түлігін иемденген. Пайда болып жетіспеушілікті жасыру мақсатында, ол тұтін шығатын трубаны бұзу арқылы дүкенді көпе-көрінеу тонау ұйымдастырған.

Жауапта К. өз кінәсін мойндамай қорғау ретінде кейбір дәлелдер келтірген. Тергеуші жауап алу хаттамасын құрған, алайда К. көрсетінділерден оған қол қоюдан бас тартып, өз көрсетінділерін өз қолымен жазып беруді сұраған. Тергеуші К-ға осыны жасауға мүмкіндік берген. Хаттамада жауап алудың барлық сәттері көрсетілмегендіктен, тергеуші оны өз сұрақтарына берген жауаптарымен толықтырған. Тергеуші К-ға хаттамаға тергеушімен енгізілген толықтыруларға қол қоюды ұсынғанда ол қайтадан бас тартқан.

1. Тергеуші қандай әрекет жасауы тиіс?

Курстық жұмыстардың тақырыбы

1. Жедел іздестіру қызметі тергеу мен алдын ала анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау.

2. Прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті.

3. Алдын ала анықтау заңдылығына прокурордың өкілеттігі

4. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі.

5. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің принциптері.

6. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны.

7. Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру.

8. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық актілері.

9. Құқықтық статистиканың тарихи, құқықтық статистиканы қалыптастыру мен арнайы есеп жүргізудегі прокуратура органдарының мақсаты.

10.Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестірудің маңызы мен мақсаты.

11.Үйлестіру қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері.

12.Халықаралық ынтымақстастықтың құқықтық негізі, оның маңызы мен міндеттері.

13.Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы.

14.Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлері, оларға қойылатын талаптар.

15.Прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тәрбиелеу және әлеуметтік, құқықтық қорғау.

16..Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалаудың маңызы мен міндеті.

17. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау.

18.Органдардың,ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен іс-әрекеттерінің заңға сәйкес келуін қадағалау.

19. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына қадағалауды ұйымдастыру жұмыс-тары.

20. Қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурорлардың өкілеттігі мен қадағалау актілері.

21. Прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті.

22. Прокурордың өкілеттігі.

23. Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды ұйымдастыру.

24. Тергеу мен анықтама заңдылығына прокурорлық қадағалаудың объектісі, маңызы мен мақсаты.

25. Прокурордың анықтама мен тергеу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі.

26. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын субъектілер.

27. Тергеу мен анықтама органдарының заңды қолданылуына қадағалау жасау кезіндегі прокурорлардың құқықтық актілері.

28. Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау.

29. Тергеу мен анықтама органдарының сезікті адамдарды ұстауының заңдылығына прокуррлық қадағалау.

30. Прокурордың сотта іс қараудағы құзыреті.

31. Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіру жөніндегі қызметін ұйымдастыруының маңызы.

32. Прокурордың қылмыстық істер бойынша бірінші сатыдағы сотқа қатысуы.

33. Прокурордың сотта азаматтық істер бойынша қатысуының маңызы мен мақсаты.

34. Прокурордың аппеляциялық және қадағалау сатысындағы сотқа қатысуы.

34. Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаты.

36.Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалау жасаудағы прокурордың өкілеттігі.

22. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаты.

37. Прокурордың өкілеттігі.

37. Азаматтық және өзге істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаты.

39. Қылмыстық қудалау.

40. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негізі.

41. Прокуратура қызметкерлерінің құқықтық статусы.

42. Прокуратура және сот билігі.

43. Сезіктіні /айыпкерді/ ұстау мен қамаудың заңдылығына прокурорлық қадағалау.

44. Бас бостандығымен байланыссыз қылмыстық жазаның орындалуына прокурорлық қадағалау.

45. Көлікте заңның қолданылуына прокурорлық қадағалау.

46. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заңдардың нақты және бірыңғай қолданылуына прокурорлық қадағалау.

47. Кәсіпкерлікті қолдау және қорғауға бағытталған заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалау.

48. Прокуратурада азаматтардың арыздары, өтініштері мен талап-тілектерін қарау.

49.Үкімнің орындалу кезеңіндегі прокурорлық қадағалаудың маңызы.

50. Прокуратураның даму тарихы

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

І Нұсқа

1. Қазақстан Республикасы Прокуратурасының жұмысы?

А) Республика аумағында заңдарды қадағалау

Б) Нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына қадағалау жүргізу

В) ҚР президенті жарлықтарының дәл және біріңғай қолданылуына қадағалау жасау

Г) Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру

Д) Барлық жауап дұрыс

 

2. Прокуратура органдары қызметінің неше бағыты бар?

А) 3

Б) 1

В) 4

Г) 7

Д) 6

 

3. Прокуратура бірінші рет тергеу мен сот істерінің заңдылығын қадағалау органы болып қай кезде құрылды?

А) ХІ-ХІІІ ғасырда Англияда

Б) ҮІІ-ХІ ғасырда Жапонияда

В) ХІІІ-ХІҮ ғасырда Францияда

Г) ХІІІ-ХІІ ғасырда Германияда

Д) ХІІІ-ХХ ғасырда Ресейде

 

4. Прокуратура органдарының жүйесі?

А) Бас прокуратура

Б) Облыстардың прокуратуралары

В) Республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың прокуратуралары

Г) Барлық жауап дұрыс

Д) Ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралары

 

5. Парламент сенатының келісімімен ҚР Президенті 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды?

А) Сотты

Б) Прокурорды

В) Бас прокурорды

Г) Бас прокурордың бірінші орынбасары

Д) Облыс прокурорын

 

6. ҚР бас прокуратурасының құрылымын және оның қызметкерлерінің өкілеттіктерін кім белгілейді?

А) Президент

Б) Парламент

В) Сенат

Г) Бас прокурор

Д) Сот

 

7. «Прокуратураның құрметті қызметкері» атағын және осы атақты беру тәртібі туралы ережені кім бекітеді?

А) Сот

Б) Үкімет

В) Парлемент

Г) Сенат

Д) Бас прокурор

 

8. Облыстың прокуроры бағынысындағы барлық қызметкерлері үшін шығарады?

А) Қаулы, санкция, наразылық

Б) Нұсқау, өтініш, ұйғарым

В) Ұсыныс, санкция, ұйғарым

Г) Қаулы, бұйрық, нұсқау

Д) Бұйрық, өтініш, нұсқау

 

9. Бас прокуратураларында, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларында......... құрылады?

А) Алқа

Б) Кеңес

В) Ұйғарым

Г) Алқа және кеңес

Д) Барлық жауап дұрыс

 

10. Қазақ елінің бірінші прокуроры?

А) Нүркен Әбдіров

Б) Сүлеймен Есқараев

В) Мұса Байзақов

Г) Өтеген Сейітов

Д) Қаныш Сәтбаев

 

11. Прокуратураның құқықтық актілер жүйесі нешеге бөлінеді?

А) 2

Б) 6

В) 3

Г) 7

Д) 5

 

12. Прокурор конститутцияға, заңдарға және ҚР Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне не жасай алады?

А) Қаулы

Б) Санкция

В) Наразылық

Г) Ұғарым

Д) Ұсыныс

 

13. Прокурордың көп қолданылатын актілерінің бірі?

А) Санкция

Б) Қаулы

В) Наразылық

Г) Өтініш

Д) Заңға түсіндірме

14. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізу жөнінде не шығарады?

А) Санкция

Б) Нұсқау

В) Қаулы

Г) Ұйғарым

Д) Ұсыныс

 

15. Қылмыс жасады деп сезік келтірген немесе анықталған адамды қамауға алуға, және қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген жағдайларда тінтуге және тағы да басқа әрекеттерді жүргізуге прокурор жазбаша түрде............. шығарады?

А) Санкция

Б) нұсқау

В) Қаулы

Г) Ұсыныс

Д) Ұйғарым

 

16. Қылмыстық істерді қозғау мен тергу жүргізуге байланысты анықтама және тергеу органдарына, жедел-іздестіру қызметн жүзеге асыратын органдарға............. береді?

А) Санкция

Б) Өтініш

В) нұсқау

Г)Ұйғарым

Д) Заңға түсіндірме

 

17. Қай актіні нормативтік құқықтық актілер қатарына енгізуге болмайды?

А) Нұсқау

Б) Ұйғарым

В)Санкция

Г) Өтініш

Д) Қаулы

 

18. Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды міндетті түрде қолдана отырып қанша мерзімге қарауға тиіс?

А) 1 ай

Б) 2 ай

В) 10 күн

Г) 3 ай

Д) 6 ай

 

19. ҚР Прокуратурасы туралы заң қашан қабылданды?

А) 1995ж 30 тамызда

Б) 1995ж 16 желтоқсанда

В) 1995ж 20 желтоқсанда

Г) 1995ж 21 қарашада

Д) 1995ж 21 желтоқсан

 

20. Қай жылы «Прокуратура туралы» ҚР заңы болып аталды?

А) 09.08.2002ж

Б) 10.12.2001ж

В) 15.05.2003ж

Г) 09.10.2002ж

Д) 05.12.2005ж

ІІ Нұсқа

1. Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барысында сотта кім мемлекет мүддесін білдіреді?

А) Сот

Б) Адвокат

В) Прокурор

Г) Жауапкер

Д) Жәбірленуші

 

2. Прокурор соттың заңды күшіне енген шешімі, үкімі мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтін және негізсіз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртібімен.............. жасайды?

А) Ұсыныс

Б) Ұйғарым

В) Қаулы

Г) Заңды түсіндірме

Д) Наразылық

 

3. Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды кім жүзеге асырады?

А) Сот

Б) Прокурор

В) Бас прокуор және өзге прокурорлар

Г) Парламент

Д) Президент

 

4. Қылмыс жасады деп сезік туғызған немесе айып тағылған адамды қамауға алуға санкцияны кім береді?

А) Бас прокурор

Б) Облыстардың прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары

В)Аудандық прокурор

Г) Қалалық және оларға теңестірілген басқа прокурорлар

Д) Барлық жауап дұрыс

 

5. Прокурор анықтама мен тергеу органдары берген материалдарды зерделегенен кейін адамды қамауға алуға.............. береді?

А) Санкция

Б) Өтініш

В) Арыз

Г) Ұйғарым

Д) Қаулы

 

6. Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды қай орган жүзеге асырады?

А) Сот

Б) Прокуратура

В) Ішкі істер органы

Г) Ұлттық қауіпсіздік органы

Д) Барлық жауап дұрыс

 

7. Прокурор атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау жасай отырып, өз құзыреті шегінде..........?

А) Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық тұрғыдан қарау жөнінде Конститутцияның заңдардың дәл және біріңғай қолданылуын талап етуге

Б) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру органдары мен мекемелерінде тексеру мақсатымен кез-келген уақытта болуға

В) Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға

Г) Заңда блгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы

Д) Барлығы дұрыс

 

8. Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіп пен шекте............ жүзеге асырады?

А) Жедел-іздестіруді

Б) Тергеуге қатысуды

В) Қылмыстық қудалауды

Г) Қылмысты тоқтатуды

Д) Наразылық жасауды

 

9. Қылмыстық істі сотта қарау үшін жеткілікті негіздер болған жағдайда істі сотқа кім жібереді?

А) Прокурор немесе оның орынбасары

Б) Тергеуші

В) Қорғаушы

Г) Облыс прокуроры

Д) Анықтаушы

 

10. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген прокурорлар лауазымына қандай адам тағайындалады?

А) 20 жасқа толған, прокуратура органдарында кемінде 3 жылдық жұмыс стажы бар адамдар

Б) 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кеміенді 1 жылдық жұмыс стажы бар адамдар

В) 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемінде 3 жылдық жұмыс стажы бар адамдар

Г) 25 жасқа толған жеке тұлға

Д) Орта білімі бар адам

 

11. Прокуратура органдарының қызметкерлері аттестациядан қай кезде өтеді?

А) 1 жылда- 2 рет

Б) 3 жылда- 1 рет

В) 2 жылда-1 рет

Г) 1 жылда-1рет

Д) 3 жылда-3 рет

 

 

12. Жоғары сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісінің, 1, 2 және 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшілерінің сыныптық шендерін, әділет генералдарының әскери атақтарын кім береді?

А) Прокурор

Б) Парламент

В) Президент

Г) Сот

Д) Бас прокурор

 

13. Прокуратура органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызметті кім береді?

А) ҚР Президенті

Б) ҚР Сенаты

В) ҚР Үкіметі

Г) ҚР Парламенті

Д) Барлық жауап дұрыс

 

14. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне қанша күн еңбек демалысы беріледі?

А) Жыл сайын күнтізбелік 30 күн

Б) Жыл сайын күнтізбелік 15 күн

В) Берілмейді

Г) Жыл сайын күнтізбелік 20күн

Д) Жыл сайын күнтізбелік 25 күн

 

15. Прокуратура органдарының қызметкерлері кімнің қорғауында болады?

А) Президенттің

Б) Бас прокурордың

В) Мемлекеттің

Г) Парлементтің

Д) Қоғамның

 

16. Заңның 12 - бабына сәйкес Бас Прокуратураны кім басқарады?

А) ҚР Бас прокуроры

Б) ҚР Президенті

В) Бірінші орынбасар және орынбасарлары

Г) Орынбасарларының көмекшілері

Д) Барлық жауап дұрыс

 

17. Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын кім қамтамасыз етеді?

А) Бас Прокуратура

Б) Президент

В) Сенат

Г) Сот

Д) Парламент

 

18. Халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан кім өкілдік етеді?

А) Сыртқы істер министрі

Б) Консуль

В) Президент

Г) Бас Прокуратура

Д) Үкімет

 

19. Облыс прокуратурасында прокурор атқаратын............... болады?

А) Алқа

Б) Ұйым

В) Кеңес

Г) Алқа және ұйым

Д) Кеңес және алқа

 

20. Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынымдары бойынша қанша мерзімге және кім тағайындайды

А) 6 жылға, Президент

Б) 2жылға, Сенат

В) 5 жылға, Бас прокурор

Г) 1 жылға, Парламент

Д) 3жылға,Бас прокурор

 

ІІІ нұсқа

1. Мамандандырылған прокуратураларға...?

А) Әскери, көлік




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 809; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.