Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Атом энергиясына балама бар МА. 1 страница




Адамзат әзiрге атом энергиясына балама боларлық энергия көзiн таппай отыр. Атом энергиясы күнi бүгiнге дейiн дәстүрлi болып келген жылу энергиясын алмастыратын бiрден бiр энергия көзi. Гидроэнергетика үшiн су ресурстары тапшы. Сол себептi де экономикалық тұрғыдан атом станциясынан бас тарту тиiмсiз. Атом электростанцияларының жылу және гидроэлектростанциялар алдындағы ерекшелiгi: зиянды қалдықтар, газды бөлiнулер жоқ, iрi көлемде құрылыс салудың да қажеттiгi туындамайды. Су қоймалары мен құнарлы жерлердi су астына жасырып қоюдың да қажетi жоқ. АЭС-тен гөрi жел және күн сәулесi энергиялары ғана экологиялық тұрғыдан таза. Бiрақ жел станциялары мен күн станцияларының қуаты әзiрге тым аз. Адамзаттың арзан энергия көзiн пайдалану қажеттiгiн қамтамасыз ете алмайды.
Бiрақ атом станциясын пайдалану зиянды радиоактивтi заттардың жиналуына алып келетiнiн ұмытпау керек. АЭС салу арқылы осы қалдықтарды зиянсыз көму мәселелерi де туындайды. Сол үшiн әлем радиоактивтi қалдықтарды көметiн ұзақ мерзiмдi қоймалар жасауды қолға алған. АЭС-тi пайдалану қауiптi радиоактивтi қалдықтармен қатар қоршаған ортаға басқа да зиянды энергия бөлiп шығарады. Осылайша адамзат екi айырық жолдың қайсысын таңдарын бiлмей, тығырыққа тiрелуде.

2) 2) Табиғатта табиғи сипаттағы электромагниттік өрiстер бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi (жүздеген килоГцке дейінгі) ЭМ толқындарға мыналар жатады: атмосфералық электр, табиғи тау жыныстарының табиғи магнетизмi; теңiз суының қайтуы және тасуы құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң жылжымалы зарядтарымен әрекеттесетiн ғарыштық бөлшектердiң әр түрлi ағындары; полярлық жарқыраулар.
Аталған электромагниттік толқындар көздерiнің арасында, атмосфералық электр эрісінiң көздерiн 0,003-30 МГц жиiлiктерi аралықтарында санау керек.
1.4.4. Радиоэлектронды құралдардың ЭМ өрiстерi. Жасанды сипаттағы электромагниттік толқындарға радиоэлектронды құралдардың шығаратын толқындарын жатқызамыз

1.4.5. ТД және радиохабар. Радиотолқындар басқа электромагниттік өріс толқындарымен салыстырғанда аса жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы үздiксiз ағымда жұмыс iстеу үшiн арналған. Радио және телестанцияның негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке ЭМ өріс толқындарын тиiмдi шығару болып табылады, сондықтан да оны қоршаған ортаға және адамдарға қолайсыз әсер етуші бастапқы фактор ретінде қарау керек. Мұндай ЭМ өріс шығарған толқындар адамдардың басым көпшілігіне әсер етеді.
Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын ғимараттарда, емдiк, мәдени, бала оқытатын мектептер және орта білім беру оқу орындарында ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
1.4.6. Ұялы байланыс. Ұялы байланыс құралдарының қазiргi адамдардың күнделiктi өмiрiне жаппай енгiзілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен туындаған басты мәселе болып тұр.

Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.
1.4.7. Энергетика және электрлік көлiк. Электрлік көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас бөлiгіне айналды, дегенмен оның адам денсаулығына әсеріне басты назар аударылмайды. Көп жағдайларда, жолаушылар электрлік көлiктiң электромагниттiк қауiпсiздiгiнiң дәрежесi жайлы ойланбайды.
Зерттеулері нәтижесінде электрлік көлiктiң әсері оны пайдалану жағдайында мүмкіндігінше өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің жылдамдық алуы мен тоқтауының 0,01 – 50Гц аралықтарында қозғалыс кезіндегі магниттiк индукциясының мәні төмендегідей өзгереді: троллейбустардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарында – 49 – 325 мкТл, трамвайлардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарындағы – 160 – 220 мкТл, жолаушылар салондарда - 265 мкТл-ға дейiн, қаладан тыс электрлік көліктерде – 75 – 85 мкТл-ға дейін.

1.4.8. Компьютер және кеңсе техникасы. Адам ағзасына зиянды әсері жағынан дербес компьютерлер ұялы байланыстың сенiмдi бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан кейiн қолданушылар организмінде маңызды шамадан тыс жүктеулер айқындалатындығын көрсетедi

3) Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайды болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді. Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруыпайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шарушылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі/ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек. Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цестерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауап алып жүреді. Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек. Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге “ластанған” деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабуды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керке. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады. Зардап шеккен жүрдегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары. Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде.

Құтқару жұмыстары:

  • көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;
  • жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ау баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру,
  • оларды шығару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға мыналар жатады:

  • ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;
  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;
  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайы, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар…/ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсеті, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек. Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды қауіпті алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршаады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды. Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек.Табиғат дүлейіне-су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады.Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен саоынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар. Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жиынастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіружұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайы анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т.б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.Медициналық көмек көрсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі. Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық жгигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды құтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады.Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеу керек.Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі /жасақшылар командирі/ жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды.Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштері қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет.Ең бастысы-адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру /эвакуация/ болып табылады. Көшірілген адамдарды қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек. Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті,анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін.Жасақшылар командирі іс-жайды түгел біліп, бақылап отыруға міндетті.Мысалы: су тасыған жағдайды алайық, сол кезде не істеуіміз керек, қалай істелінеді. Су тасығанда алдымен адамдарды құтқару жұмыстары қолға алынады.Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін катерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де қауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек.Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті мыңдаған тоннамен есептеледі.

Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:

  • ауа толқынының соққысы;
  • жарықты сәулелену;
  • өткір радиация;
  • радиоактивтік ластану;
  • электромагниттік импульс.

Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.Мысалы: 1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9-сек- 5 км, 22 сек- 10 жетеді. Осындай қозғалыста ол кез-келген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады. Ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынған заттардың ұшқынынан да жарақаттанады. 1 шаршы см-ге күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 метрге жетеді. Егер 1 шаршы /см-ге 0,2-0,4 -200-400 гр/ салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады. /бас айналу, құлағы шулау, бас ауру/. 1 ш/см 0,5 /500 гр/ салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін. қоршаған табиғи ортадағы радиоактивтік заттектер құрамының қалыпты деңгейден асып кетуі. Бұл табиғи және антропогеңдік факторлардан болады. Биосфераның радиоактивтік ластануының табиғи факторларына ғарыштық сәулелену, литосфераның радиоактивті элементтері; антропогендік факторларына радиоактивтік кендерді өндеу, радионуклидтерді шаруашылықтың әр түрлі салаларында қолдану, АЭС-тегі және кәсіпорындардағы апаттар, ядролық-техникалық қондырғылар, бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыстар, ядролық қаружарақты сынау және т.б. жатады. Мысалы, АЭС-те апат кезінде ортаның радионуклидтермен (стронций-90, цезий-137, церий-141, йод-131, рутений-106, т.б.) ластануы бірден артады. 1940—1980 жылдар аралығында дүние жүзінде ядролық қару 1349 рет сыналып, соның салдарынан қоршаған ортаға радионуклидтердің едәуір мөлшері түсті. Арктиканың Жаңа Жер топаралында 1950 жылдардың соңында атмосферада және су астында 90 ядролық жарылыс болды. Бұл топарал маңында радиоактивтік қалдықтары бар 11 мың контейнер суға батырылды. 1960 жылдардан бастап Каспий маңында бейбіт мақсатта (мұнай өңдіруді арттыру, тұзды күмбездерде жер асты қуысын жасау, т.б.) 50-ге жуық жер асты ядролық жарылысы. болды. Қазіргі кезде АТЭНХА моліметтері бойынша дүние жүзінде 430-ға жуық АЭС бар, олардың электрлік қуаты 320 гВт-ты құрайды (дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ы). Жұмыс жасап тұрған реакторлар саны Америкада 110. бұрынғы Кеңестер Одағында — 46, Францияда — 55, Англияда — 39, т.б. Алайда атом энергетикасын дамытуда Франция жетекші орын алады. Бұнда электр энергиясының барлык көлемінің 70%-ын АЭС-тер өндіреді (салыстыру ушін Англияда — 21,7%, Америкада — 19%, бұрынғы Кеңестер Одағында — 12,3%). 1986 жылы Чернобыль АЭС-інде болған апат өзінің жалпы зардабы жағынан адамзат тарихында ең ірі экологиялық апат болды. Атмосферағашығарылған радиоактивтік заттектердің жалпы қосындысы 77 кг болды (Хиросимада атом бомбасының жарылысы кезінде 740 г. радионуклидтер шығарылған болатын). Шығарылған радиоактивтік заттектердін 70%-ы Беларусь аумағына таралды. Гринпис сарапшыларының бағалауынша, бұл апат салдарынан болған шығарынды мөлшері 140 млн кюри құрайды, ластанған аудан 160 мың км² болды. Радиациядан 9 млн-ға жуық адам зардап шекті. Радионуклидтермен Дунай, Днепр, Днестр, Дон, Еділ өзендерінің алаптары және Киев, Каневск,Каховск су бөгендері ластанды.

Экономикалык шығындар: шаруашылық айналымынан ауыл шаруашылығына пайдаланылатын 144 мың га жер, 492 мың га орман ұзақ мерзімге шығарылды, тұрғындарды көшіруге көп шығын жұмсалды, т.б. Зардап шеккен аудандарда анемия, жүрек-тамыр, өкпе аурулары бірден көбейіп, жұқпаның бұрқ ете түсуі жиілеп, туу көрсеткіштері кұрт төмендеп кетті.Чернобыль радионуклидтерімен Еуропаның барлық аумағы ластанды.[1]

 

.

 

3) Табиғи сипаттағы ТЖ сипаттамасы. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады. Жер сілкінісінің түрлері Жерсілкіну— жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Тектоникалық жер сілкінісі – жер пластарының қозғалуын шақырады, литосфера плиталарының қозғалысы. Жанартау жер сілкінісі – жанартау каналдары бойынша магмалардың жылжулары. Қопарма жер сілкінісі – жердің қопарылуларын шақырады .Техногенді жер сілкінісі – құрылыс кешендері, мұнай, газ, жер асты суларының, қатты жарылыстардың әсерінен болады.Радиациялық авария - радиоактивті өнімдөрдің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария. Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бүзылған атом станцияларын-дағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді. Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид қүрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады. Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен үзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді: -радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы; -метеорологиялық және климаттық факторлар -авария салдарын жою жөніндегі жүмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады. Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мүндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті иод (иод - 131) болдып табылады. Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнөше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан үзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үлесті биологиялық қауіпті цезий - 137., стронций - 9, плутоний - 239 және басқа радионуклидтер енгізеді. Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар үшырайды. ғимараттар, коммуникация, технологиялық қондырғы, көлік қүралы, мүлік, материал мен азық -түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға үшырайды. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді үқсату және радтиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келөді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлөмді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімөн өлшенеді. Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақүрылым элементтері, түрғын үй, әлеуметтүрмыс объектілері, ауылшаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әр түрлі табиғат объектілері бар бірқатар аумақ шығарылады. 4) Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдайТараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар,дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда. Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру) Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы. Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады. 1. Көміртегі оксиді (СО2) және монокосид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртектің екі -газы түзіледі. Еқеуі де ластағыш газдар. Оның: бірі көміртегі диоксиді ~- улы емес ал монооксид улы болып келеді, Ол адамның қаныдағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады. Сонғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ға өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезе-гінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилер, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқыл газдарының қызып жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Қоршаған ортаның химиялық ластануыньң кейбір түрлері казіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызьш отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жұқаруы", "Кышқыл жауындар", "Фотохимиялық тұмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын аурулар. Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының лас­тану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластаңуына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ токталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера аркылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам организміне түссді. Атмосферадағы тіршілікке кажетті барлық процестер оның тропосфера кабатында жүреді. Оның жер бетінен калыңдығы 10-18 км. қашықтыкты (қалыңдықгы) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаган ортаға тигізетін әсеріне токталамыз. Көміртегі оксиді (СОІ) жөне монооксид (СО). Жалпы отын жақкан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның Щк хөміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді Ол адамньң қандағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады. Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нөтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатыньң орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мүхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен катар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар кун сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеністігіне кететін ұзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір кышкылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029% болса, ал 90-жылдары -0,035%-ке жетіп, 20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасы жақын жылдары 1,5 - 4,5°С-қа жетуі әбден ықгимал. Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежузілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" қаупін туғызары сөзсіз. Мүхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін кауіпті проб­лема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн. "Озонның жұкаруы". XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жүкаруы байқалған. Мөселен, 1987 жылы Антарктида тұсында озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақгы камтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50%-ке жеткен. Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес күры-льш "озонньщ жүкару" себебін зерттеу басталды. Нөтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықгалды. Осы химиялық қосьшыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезещндегі озон молекуласын ыдыратып жойьш отырады. Нәти-жесінде озонның жүкару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, букіл тіршілік атаулыға кауіп төндіреді. Бүкіл дуниежүзілік денсаулық сақтау (БДС) үйымьшың мөлі-меті бойынша атмосферадағы озонньщ 1%-ке азаюы кдуіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқгы УК сәу-ленің көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс кдбілетін азайтып, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол ашатьшы дә-ледденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халыкдралық Конвенция кабылданды. Оньщ максаты — озон кдбатынан бүлдіргіш заттар шытаруды тежеу немесе тоқгату. Осы багатта Ресей мен ТМД елдершің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек ётуде.. "Қышгқыл жауындар" — атмосфераға байланысты казіргі кезең-дегі үлкен проблема. Оньщ негізгі көздері күкіртт* ангидрид (SO2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы NO2) 2. Фотохимиялык түмша. Атмосфера кдбатында азот оксид-тері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялык, ре-акцияға үшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түгін. Оның Лондондық түмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жагдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық түмша алғаш per 1930 жылдары Лос-Анджелес каласы үстінде есепке алынған. Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс. Аммоний тұздары — құрамында аммоний ионы NH4+ және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH4Cl, (NH4)2SO4, NH4NO3, т.б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH4+ қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Аммоний тұздарының басқа тұздарға ұқсас ортақ қасиетімен қатар ерекше қасиеттері де бар. Соның бірнешеуін қарастырайық. Қыздырудың әсері. Аммоний тұздарын қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы: Ерекшелігі — бөлінген аммиак NH3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді (16-сурет). Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады: Қолданылуы. Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады (17-сурет). Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады. Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидро- фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аммоний нитраты NH4NO3 мен алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады. Аммиак — өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар — нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады. Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды. Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады. Америкалық зерттеушілердің анықтауы бойынша, кеңсе ішіндегі көмірқышқыл газының жоғары деңгейде болуы концентрация мен белгілі бір деңгейде шешімге бару қабілетінің төмендеуіне алып келеді.Бұл дегеніміз, түс ауа көптеген жұмысшылардың дел-сал күйге түсетінінен хабар беретіндей. Жабық кеңістіктегі көмірқышқыл диоксидін тарататын негізгі көз – адамдар. Айта кететін болсақ, ашық кеңістіктегі аталған газдың концентратциясы миллионға 380 бөліктей болса, өз кезегінде жабық кеңістік ішіндегі концентратцияның деңгейі бірнеше мыңға жетіп қалуы неғайбыл. Көмірқышқыл газының үлкен бөлігінің шоғырлануы желдеткіш пен құбыр желісіне тікелей байланысты. Әрине, кеңседегі жұмысшылардың көп бөлігі шоғырланатынын ескерсек, онда көмірқышқыл газы туралы айтудың өзі де артығырақ шығар. (Жиналыстағы белсенділікті де бұл қатарға қосамыз). Ең бастысы,көмірқышқыл газы денсаулыққа зиян болмағанмен, адамның ойлау жүйесі мен шешім қабылдауына әсер етеді.  

6) Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар
(ФОЗ) тобы — зарин, зоман, V — газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан;
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ — фосген, дифосген;
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ — ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
♦ өлімге ұшырататын — (зарин, зоман, V — газдар, көгілдір
қышқылы, иприт, люизит, фосген);
♦ уақытша есті тандыратын — ДЛК, В2;
♦ тітіркендіретін — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V — газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1188; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.