КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Биосфера эволюциясы
Палеонтологиялық мәліметтер бойынша: 1.протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын)- бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды. 2.палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) – жер беті өсімдіктер, амфибиялар пайда болды; 3.мезозой эрасы- (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды; 4.кайназой эрасы-(70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды. 5. Тіршілік орталары Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Біздің планетамызда бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше негізгі тіршілік орталарын бөлуге болады. Олар: су - тіршілік ортасы, жер - ауа -тіршілік ортасы, топырақ - тіршілік ортасы, тірі организмдердің денесі. Су - тіршілік ортасы Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь. Тіршілік іс-әрекеттерінің әртүрлілігіне қарамастан барлық су мекендеушілері өз ортасының негізгі ерекшеліктеріне бейімделуі тиіс. Бұл ерекшеліктер ең алдымен судың физикалық қасиеттері: су тығыздығымен, жылу өткізгіштігімен, тұздар мен газдарды еріту қабілеттілігімен анықталады. Су тығыздығы -оның итерушілік күшімен анықталады. Тез жүзуге қабілетсіз көптеген ұсақ жәндіктер суда қалқып жүреді. Су ағынымен бірге жүріп, тіршілік ететін ұсақ организмдер жиынтығы планктон деп аталады. Оларға ұсақ балдырлар, бактериялар, ұсақ шаяндар, балық уылдырықтары және дернәсілдері, медузалар, кейбір ұлулар және т.б. түрлер жатады. Планктонды организмдер су ағысымен қозғалады, өйткені олар ағысқа қарсы тұра алмайды. Суда планктондардың болуы - қоректенудің фильтрациялық типінің болуына мүмкіңдік береді. Қоректенудің бұл типі теңіз лилиясы, мидия, устрица сияқты теңіз түбінде отырыңқы тіршілік ететін жануарлар мен қатар, жүзгіштерде де дамыған. Судан сүзіп алынған сүзінділер бұл жануарлардың қорегі болып табылады. Судың тығыздығы суда тез қозғалуға кедергі жасайды, сондықтан тез жүзетін балықтар, дельфиндер, кальмарлар сияқты жануарлардың бұлшық еттері жақсы жетілген және денесінің пішіні доғалданған. Жарық судың тек аздаған тереңдігіне ғана өтеді, сондықтан өсімдіктер судың жоғары беткі қабаттарында ғана өседі, ал өте тереңдікте өсімдіктер болмайды. Судың жылу режимі - құрлыққа қарағанда суда тұрақтылау болады. Жылудың жылдық өзгеру құбылысы мұхиттың жоғары қабатында 10-15°C, ал континентті суларда 30-35°C аралығында өзгеріске ұшырайды. Сулардың терең қабатында жылу тіпті өзгеріске ұшырамай, бірқалыпта болады. Су организмдерінің тіршілігін тежейтін негізгі фактор - оттегінің шектеулі мөлшері. Оның ерігіштігі өте жоғары емес және су ластанғанда немесе қайнағанда оттегінің мөлшері азаяды. Сондықтан тоғандарда әркезде оттегінің жетіспеушілігінен су мекендеушілерінің жаппай өлімі кездеседі. Ортаның тұздылық құрамы су организмдері үшін өте маңызды. Теңізде тіршілік етуші түрлер тұщы суда, ал тұщы суда мекендеушілер, керісінше, теңізде тіршілік ете алмайды. Әлемдік теңіз суында жерде кездесетін элементтердің барлық түрі кездеседі. 1 л суда еріген минералды заттардың массасы –тұздылық деп аталады. Тұздылық бірлігі промилле (%), ол 1 л суда еріген 1 г заттың қатынасы. Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробионттар деп атайды. Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі. Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі – зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар, т.б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады. Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады. Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Жер – ауа тіршілік ортасы Бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктері бар. Мұнда оттегі мен жарық мөлшері көп мөлшерде, кеңістіктерде температураның өзгерісі күрт өзгереді, қысым әлсіз және ылғал жетіспеуі жиі болып тұрады. Ауа тығыздығы сумен салыстырғанда тіпті аз, сондықтан ауада тұрақты өмір мүмкін емес. Көптеген түрлер ауада ұшатын болса, ал ұсақ жәндіктер, өрмекші, микроорганизмдер, өсімдік тұқымдары мен споралары ауа ағынымен таралады, қоректену мен көбею жердің беткі қабатында өтеді. Ауа сияқты мұндай тығыздығы онша емес ортада организмдерге тірек қажет. Сондықтан жер беті өсімдіктерінде арқаулық ұлпа, ал жер үсті жануарларында ішкі және сыртқы қаңқа дамыған. Құрлық мекендеушілерінің 3/2 бөлігі белсенді және енжар ұшуды меңгерген. Олардың көпшілігі бунақденелілер мен құстар. Ауа жылуды нашар өткізеді. Организмдердің ішінде түзілетін жылуды сақтау мүмкіншілігі және жылықанды жануарлардың тұрақты температураны ұстауы ауаның осы қасиетімен түсіндіріледі. Жылықанды жануарлардың дамуының өзі жер ортасында болған. Қазіргі сүтқоректілердің - кит, дельфин, морж, тюленьнің ата тектері бір кездері құрғақшылықта тіршілік еткен. Ылғалды және құрғақ жағдайларда өзін қамтамасыз етумен байланысты жер үстін мекендеушілердің алуантүрлі болатын бейімделушіліктері бар. Өсімдіктерде бұл күшті дамыған тамыр жүйесі, жапырақ пен сабақтың жоғарғы бетінде су өткізбейтін қабат, лептесік арқылы судың булануын реттеуге қабілеттілігі. Жануарларда тері және дене құрылысының әртүрлі ерекшеліктері және су тепе-теңдігін реттейтін олардың тіршілік әрекеттері бар, мысалы, олар су ішетін жерге көшуі мүмкін. Кейбір жануарлар бүкіл өмірінде құрғақ азықпен қоректенеді, мысалы, қосаяқ және күйе көбелек. Бұл жағдайларда организмге қажет су қорек құрамындағы бөліктердің тотығуы есебінен пайда болады. Жер үсті организмдер тіршілігіндегі маңызды роль атқаратын экологиялық факторларға судың мөлшері, ауа құрамы, күшті жел, бедер жатады. Мұнда ең маңыздысы - ылғалдылық пен климат. Жер ауа ортасы жер климатына және олар тұрған жердегі ауа райы жағдайларының өзгеруіне бейімделуі тиіс. Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін энергияның сырттан түсуі қажет. Оның негізгі көзі күн сәулесі болып табылады. Егер Жерге дейін жететін күн энергиясын 100% деп есептесек, онда шамамен оның 19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық кеңістікке шағылысады және 47% жер бетіне жетеді. Тікілей күн сәулесі - әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден тұрады: ультракүлгін сәулелер 1-ден 5% дейін, көзге көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін, инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін. Ультракүлгін сәулелер ұзынтолқынды (290-380нм), қысқатолқынды (тірі ағза үшін өте қауіпті), іс жүзінде толықтай 20-25 км биіктікте озон экранымен сіңіріліп кетеді. Ұзынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян, ал аз мөлшерде бактерицидтік әсері бар және құрамында Д витамині болғандықтан, рахит ауруына қарсы пайдаланылады. Топырақ - тіршілік ортасы Топырақ - тірі организмдердің іс-әрекетінің нәтижесінде түзілетін құрлық бетінің өте жұқа қабаты. Топырақтың ішінде өте көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді, мысалы, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, құрттар, буынаяқтылар және т.б. Ал ірі жануарлар топырақтан өздерінің жолдарын қазады. Топырақта бүкіл өсімдіктердің тамырлары кездеседі. Топырақ организмдері тіршілік ортасымен байланыс жасауына қарай үш негізгі топқа бөлінеді. Геобионттар -топырақты тұрақты мекендеушілер, яғни олардың барлығы тіршілік (циклі) кезеңдері топырақ ішінде өтеді (жауынқұрт, қанатсыз жәндіктер). Геофилдер -даму кезендерінің тек бір бөлігін топырақ ішінде өткізетін жануарлар. Оларға көбінесе бунақденелілер: шегіртке, қоңыздар, ұзынаяқты масалар жатады. Олардың дернәсілдері топырақта дамиды, ал ересек түрлері жер үсті тіршілік иелері болып саналады. Геоксендер -топырақты жасырыну немесе тығылу үшін пайдаланатын жануарлар (індерде болатын тарақан, кеміргіш, сүтқоректілер). Топырақ мекендеушілері қозғалу дәрежесі мен көлеміне қарай да үш топқа бөлінеді. Микробиота -қоректік тізбектің негізгі звеносын құрайтын топырақ микроорганизмдері (жасыл және көк жасыл балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар). Мезобиота - топырақ ішіндегі ұсақ қозғалғыш жануарлар, (топырақ құрттары, бунақденелілердің, кенелердің ұсақ дернәсілдері). Микробиота -ірі қозғалғыш бунақденелілер (жауынқұрттардан бастап жер қазғыш омыртқалыларға дейін). Ылғал жетіспейтін аймақтарда негізінен дала және шөлдерде тұзды топырақ кездеседі. Бұндай құрғақ және ыстық климатта топырақ жауын - шашынмен жартылай жуылады. Натрий және кальций тұздарымен қаныққан топырақ - сор топырақты жер деп аталады. Осы тұзды топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады (бұзаубас, сарсазан, сарыбарақ, сораң, сорқаңбақ, жантақ, және т.б.). Кейбір галофиттер жапырақтары арқылы тұз бөледі немесе оларды өз организмінде жинақтайды. Ал тұзды топырақта тіршілік етуге бейімделген жануарларды - галофилдер деп атайды. Оларға кейбір шөл қоңыздарының дернәсілдері жатады. Тірі организмдер денесі - тіршілік ортасы Паразитизм- табиғатта кең таралған құбылыс. Паразиттердің қожайынның денесіне енуі де, оның клеткалары мен ұлпаларының ішіне енуі де мүмкін. Олар үшін қожайын денесі - тұтас әлем. Сонымен қатар, пайдалы бірлесіп өмір сүрушілік болады. Мысалы, күйіс қайыратын жануарлар өздерінің қарнында тіршілік ететін бактериялар мен инфузорияларсыз қорегін қорыта алмаған болар еді. Адамның ас қорытуы да сол сияқты пайдалы микрофлораның көмегімен іске асады. Қожайынның ұлпалары мен мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер қоректің қоры шектеусіз көп жағдайда тіршілік етеді. Сол сияқты қожайын организмдері оларды сыртқы әсерлерден қорғайды. Оларға кебу, температураның ауытқуы қауіп төндірмейді. Паразиттердің тіршілік циклындағы негізгі экологиялық қиыншылық олардың бір қожайыннан екіншіге ауысуы. Сондықтан сыртқы ортаға түсетін кезеңінде оларда қорғаныш қабықшалары дамиды. Эктопаразиттер -иесінің денесінің сыртқы бетінде тіршілік ететін паразиттер (кене, сүлік, биттер және т.б.). Эндопаразиттер - иесінің денесінің ішінде тіршілік ететін паразиттер (көпшілік құрттар, бактериялар, вирустар және т.б.). Иесі мен паразиттер арасында күрделі байланыс эволюция процесінде пайда болады. Паразитизмнің үш түрі бар. 1. Пәтершілік - ұсақ организм иесінің денесіне өтіп, қоректену үшін иесінің қорегімен және шырынымен қоректенеді. 2. Жыртқыштық - жыртқыш жемтігін бірден жоя алмайтын жағдайда оның денесінің сөлдерімен немесе ұлпаларымен үнемі қоректенеді. Бұндай жыртқыш белгілі бір жағдайларда иесінің денесінің ішіне енеді де паразитке айналады. 3. Кездейсоқ ену - ірі жануарлар қорегімен бірге ұсақ организмдерді жұтуы мүмкін. Олардың кейбіреулері өлмейді, олар жаңа жағдайларға бейімделіп, паразиттерге айналады. Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм. Табиғаттағы жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді. Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы. Бақылау сұрақтары: 1.Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз. 2.Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз. 3.Тіршілік орталарын атаңыз. 4.Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз№ Әр топтың өкілдеріне мысал келтіріңіз. 5.Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсетіңіз. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл. Қосымша әдебиеттер: 1.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997. 2.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.
ДӘРІС №3 Тақырып: Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Мақсаты: Студенттерге а нтропогенді факторлардың әсер ету заңдылықтары, Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы, стенобионтты және эврибионтты организмдер, организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні, ортаның экологиялық сыйымдылығы жайлы білім беру Жоспары: 1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары: 2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы. 3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы. Негізгі түсініктер: экологиялық факторлар, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, антропогенді факторлар, толеранттылық диапазоны, оптимум зонасы, экологиялық валенттілік 1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. 2.Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді. 1. Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.) 2. Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар - кейбір уақыттарда қайталанады - ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б. 3. Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.). 4. Белгісіз әсер етуші факторлар - бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестіктері үшін өте қауіпті. Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері Абиотикалық фактор - бұл өлі табиғат факторлары. Олар: климаттық (жарық, температура, ауа ылғалдылығы, жел, қар), эдафикалық (механикалық, химиялық құрамы, ауа өткізгіштік, ылғал сыйымдылығы, боялуы), орографиялық (бедер, экспозиция), химиялық (ауаның газдық құрамы, судың тұздық құрамы), физикалық (дыбыс, магнетизм, жылу өткізгіштік, радиоактивтілік, космостық жарық шығару) болып табылады. Жарық Өз уақытында француз астрономы Камиль Фламмарион (1842-1925): «Біз бұл нәрселер туралы ойламаймыз, бірақ біздің планетамыздағы жүрген, қозғалған, өмір сүргендердің бәрі Күннің балалары» деген. Шындығында да биосферадағы маңызды процесс - фотосинтез. Көзге көрінетін жарық организмде аралас іс -әрекет көрсетеді; қызыл сәуле - жылулық әрекет; көк және күлгін сәуле- жылдамдық және биохимиялық реакциялар бағытын өзгертеді. Жарық негізінен өсімдіктердің өсуі мен дамуының жылдамдығына, фотосинтез қарқындылығына, орта температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне, жануарлар белсенділігіне әсер етеді. Әрбір тіршілік орны жарықтың қарқындылығымен, сапасы мен мөлшерімен анықталатын жарық режимімен сипатталады. Жарық қарқындылығы - энергиямен өлшенеді. Өлшем бірлігі Дж/м с; Дж/см с. Бұл фактор рельеф ерекшелігіне күшті әсер етеді. Ең қарқынды болып тура жарық саналады. Жарық мөлшері - радиация жиынтығымен анықталады. Полюстен экваторға қарай жарық мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылған жарықтың мөлшерін, яғни альбедоны (А) ескеруіміз керек. Альбедо (латынның albus – ақ) түрлі беттердің шағылысу қабілетін сипатттайды. Ол жалпы радиацияның %-пен көрсетіледі және сәуленің түсу бұрышымен шағылысу бетінің қасиетіне тәуелді. Түрлі заттардың альбедолары мысалы, таза ақ қар - 85% лас қар - 40-50% қара шірікті жер -5 - 14% құм - 35- 45% орман -10-15% үйеңкінің жасыл жапырағы - 10% Экологиялық фактор ретінде - жарыққа байланысты өсімдіктер: гелиофиттер, сциофиттер, факультативті гелиофиттер болып бөлінеді. 1. Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер - күн сәулесі жақсы түсетін, ашық жерлерде және орманда өте сирек кездесетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктің гүлдері күнбағыс, итошаған сияқты, күн көзіне қарай бағытталып өседі. 2. Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер - күшті жарыққа төзімсіз келеді және үнемі көлеңкеде өседі. Бұларға папоротник, орман шөптері, мүк, саумалдақ және т.б. жатады. 3. Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Бұлар жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкелеу жерге де оңай үйренеді. Орман өсімдіктерінің көпшілігі, орман шөптері, бұталар жатады. Өсімдіктер сияқты, жануарлар тіршілігінде де жарық үлкен орын алады. Әртүрлі жануарлар жарықтың әртүрлі спектр құрамына, қарқындылығына, оның әсер ету ұзақтығына әртүрлі жауап береді. Сондықтан жануарларды да жарыққа бейімделуіне байланысты жарық сүйгіш (фотофилді) және қараңғы сүйгіш (фотофобты) жануарлардеп екі топқа бөледі. Қараңғы сүйгіш жануарлар тұрақты қараңғыда немесе ашық күн сәулесін көтере алмайды. Бұл топқа үлкен терендіктер мен үңгірлердің мекендеушілері, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері, жарғанаттар, дрозофилл шыбындары және көртышқандар т.б. жатады. Жануарлар өздерінің көру мүшелері арқылы сыртқы ортада өзінің жауларынан қорғанады, қоректік тамағын іздеп табады және әртүрлі заттардың сыртқы пішінін, оның түсін, түрін айыра біледі. Сондықтан жануарлардың көру органдарының дамуы орталық жүйке жүйесінің даму процесіне байланысты дамып отырады. Ылғалдылық Су тірі организмдер тіршілігіне қажетті негізгі экологиялық фактор және олардың тұрақты құрамы тірі организмдерде әртүрлі. Өсімдіктердің әртүрлі даму кезеңдерінде суға қажеттілігі бірдей емес, әсіресе әртүрлі түрлерде ол топырақ типі мен климатына байланысты өзгереді. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің қарқынды өсуімен салыстырғанда, тұқымның өсуі мен олардың пісіп жетілуі кезінде ылғалдылық аз керек. Кез келген әртүрлі өсімдіктің даму сатысы мен өсу фазаларының ерекше кезеңін бөлуге болады. Бұл кезеңде судың жетіспеуі өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне кері әсер етеді. Ортаның ылғалдылығы жер шарындағы организмдердің таралуы мен санын анықтайтын шектеуші фактор болып саналады. Мысалы, шамшат өсімдігі құрғақ топырақта да тіршілік етуі мүмкін, бірақ оған ауаның жеткілікті жоғары ылғалдылығы міндетті түрде қажет. Жануарларда су алмасуын реттейтін жабын механизмдері мен өткізгіш жабын ұлпалары маңызды роль атқарады. Су режиміне байланысты жануарлар мен өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі: ылғал сүйгіш, құрғақ сүйгіш және орташа ылғалдылықты қалайтындар. Өсімдіктер гидатофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, суккуленттер және склерофиттер деп ажыратылады. Гидатофиттер - (грекше hydatos – су) толығымен немесе көп бөлігі суда тұратын су өсімдіктері (элодея, су тұңғиығы және т.б.). Гидрофиттер - (грекше hydor – су) тек төменгі бөлігі суда тұратын жер-ауа өсімдіктері (кербезгүл, жебежапырақ). Гигрофиттер - (грекше hydros - ылғалды) ылғалға бейімделген, батпақта, су жағалауында өсетін жер үсті өсімдіктері. Мезофиттер (грекше mesos – орташа)- орташа ылғалды тіршілік орнының өсімдіктері. Оларға көптеген орман шөптері, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптердің көпшілігі жатады. Ксерофиттер - (грекше xeros – құрғақ) құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Олар суккулент және склерофит болып екіге бөлінеді. Суккуленттер - (грекше succulentus–шырынды) ұлпасынан көп мөлшерде су шығаруға бейімделген өсімдіктер (кактус, алоэ, агава). Склерофиттер - (грекше skleros – құрғақ, қатты) құрғақшылыққа төзімді, су булануды тиімді ұстайтын өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, селеу). Ал жануарлар су режиміне байланысты гидрофилдер, мезофилдер және ксерофилдер болып бөлінеді. Гидрофилдер - ылғал сүйгіш жануарлар (ақбас маса, былқылдақденелілер және қосмекенділер). Мезофилдер - орташа ылғалдылықта тіршілік ететін жануарлар (түн көбелегі, көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер). Ксерофилдер - құрғақ сүйгіш жануарлар (түйе, шөл кемірушілері және бауырымен жорғалаушылар). Организмнің тіршілік ортасына су экологиялық фактор ретінде үш түрлі элементтің қосылысы түрінде әсерін тигізеді: жауын –шашын, топырақтың және ауаның ылғалдығы түрінде. Өсімдіктер ылғалды топырақтан тамырымен және басқа жолдармен де сіңіре алады. Мысалы, олардың жер бетіндегі органдары немесе дене бөліктері арқылы жаңбырдың, шықтардың, ауадағы ылғалдың майда тамшыларын сіңіру қабілеттілігі болады. Көптеген құмды жерде, құрғақшылықта өсетін сексеуіл, мүк, қыналар ауадағы ылғалды өзіне оп-оңай сіңіре алады. Шөлді жерлерде тіршілік ететін көптеген жануарлар су ішпей жүре алады, оларға көбінесе жеген тамағының құрамындағы судың мөлшері жеткілікті. Мысалы, көптеген бауырымен жорғалаушылар, киіктер, түйелер денесіндегі майдың тотығуынан пайда болған сулардың көмегімен ұзақ уақытқа дейін су ішпей, тіршілік ете алады. Мысалы, 100 г май тотыққанда 107 г су бөлінеді. Егер қоректік заттардың құрамында ылғал көп болса, кемірушілердің өсуі жылдамдайды.
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2151; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |