Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

A) катаральді ангина 3 страница




 

a) кардиальды бөлімінің ахалазиясы

b) эзофагит

c) туа біткен кеңірдек өңеш жылан көзі

d) өңеш атрезиясы кеңірдек өңеш жылан көзінен

e) өңеш тарылуы

 

830. Нәрестеде туылғаннан көп мөлшерлі көпіршікті сілекейдің бөлінуі анықталған. Туылғаннан соң 12 сағаттан кейін қарағанда баланың жағдайы ауыр. Өкпесінің екі жағында да көптеген ылғалды сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 80-ге дейін. Жүрек тондары тұйықталған, сол жақ бұғана ортасы сызығында максимальды қатты естіледі. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 152 рет. Іші аздап кебіңкі, жұмсақ. Меконийі шықты. Өңеш атрезиясына күмәндану.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу ЕҢ дұрыс?

 

a) бронхография

b) құрсақ қуысының рентгенографиясы

c) өңеш катетеризациясы, эзофагография

d) кеуде торының шолу рентгенографиясы

e) бронхоскопия

 

831. Бала қалыпты жүктіліктен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3100 гр. Туылғаннан соң 5 минуттан кейін асфиксия ұстамасы дамып, өкпені жасанды желдендіруге ауыстырылды. Қараған кезде кеуде клеткасы ұлғайған. Аускультативті сол жақта тыныс естілмейді, оң жақта пуэрильді. Перкуторлы сол жақтың кейбір бөліктерінде тұйықталу, кейбір бөліктерінде қорабтық дыбыс анықталады. Жүрек тондары тұйық, жиілігі минутына 150-ге дейін, оң жақ бұғана ортасы сызығында максимальды қатты естіледі. Пальпацияда іші жұмсақ, түсіңкі, бауыры қабырға доғасы жиегінде анықталады. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) бөліктік эмфизема

b) өкпе кистасы

c) диафрагмалды жарық

d) пневмония

e) пневмоторакс

 

832. Нәрестені екінші тәулікте қараған кезде баланың жағдайы орташа ауыр, тері жабындылары және шырышты қабықтары қызғылт, ұлпалар тургоры аздап төмендеген. Өкпе және жүрек жағынан ауытқулар анықталмады. Іші кебіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Асқазанды зондтау кезінде 40 мл қою қоңыр түсті құрамы алынды. Тік ішектен сұр түсті шырышты тығын алынды. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) сақина тәрізді ұйқы безі

b) пилоростеноз

c) ащы ішектің атрезиясы

d) 12 елі ішектің атрезиясы

e) 12 елі ішектің стенозы

 

833. Нәрестені екінші тәулікте қараған кезде баланың жағдайы орташа ауыр, тері жабындылары және шырышты қабықтары қызғылт, ұлпалар тургоры аздап төмендеген. Өкпе және жүрек жағынан ауытқулар анықталмады. Іші кебіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Асқазанды зондтау кезінде 40 мл қою қоңыр түсті іркілген ішек құрамы алынды. Тік ішектен сұр түсті шырышты тығын алынды.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

 

a) ректороманоскопия

b) колоноскопия

c) құрсақ қуысының рентгенографиясы

d) лабораторлы анализдер

e) ультрадыбысты зерттеу

 

834. Нәрестені екінші тәулікте қарағанда баланың жағдайы ауыр, солғын, тері жабындылары бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, жиілігі минутына 130 ретке дейін. Іші түсіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Құрсақ қуысының рентгенограмасында – жоғары бөлігінде 2 сұйықтық деңгейі, төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейлер көрінбейді. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) 12 елі ішектің туа біткен өткізбеушілігі

b) ащы ішектің атрезиясы

c) Гиршпрунг ауруының жедел формасы

d) пилорикалық каналдың атрезиясы

e) жіңішке ішектің дивертикулі

 

835. Нәрестені екінші тәулікте қарағанда баланың жағдайы ауыр, солғын, тері жабындылары бозарған, меконии болмаған. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, жиілігі минутына 130 ретке дейін. Іші түсіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Тік ішектен сұр түсті шырышты тығынды шықты. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ тиімді?

 

a) асқазанды зондтау

b) барий қоспасымен рентгенография жасау

c) эзофагоскопия

d) Вангенстин әдісі бойынша рентгенография

e) лапароскопия

 

836. Туылғаннан кейін 3-ші тәулікте нәрестенің жағдайы кенеттен нашарлады, мазасызданды, өт аралас құсу пайда болды. Жүрек тондары анық, ритмді, жиілігі минутына 140 ретке дейін. Іші түсіңкі, аздап қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ішек перистальтикасы күшейген. Тік ішектен қан аралас шырыш алынды. Рентгенограммада құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде сұйықтықтың екі деңгейі бар. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) мегадуоденум

b) мекониальды өткізбеушілігі

c) жіңішке ішектің көптеген атрезиялары

d) Ледда синдромы

e) ішек инвагинация

 

837. Туылғаннан кейін 3-ші тәулікте нәрестенің жағдайы кенеттен нашарлады, мазасызданды, өт аралас құсу пайда болды. Жүрек тондары анық, ритмді, жиілігі минутына 140 ретке дейін. Іші түсіңкі, аздап қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ішек перистальтикасы күшейген. Тік ішектен қан аралас шырыш алынды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ тиімді?

 

a) УДЗ

b) құрсақ қуысының рентгенографиясы

c) колоноскопия

d) ректороманоскопия

e) лабораторлы анализдер

 

838. 14 күндік шала туылған баланың жағдайы өте ауыр. Тыныс жиілігі минутына 60 рет, қатқыл тыныс, аздаған ылғалды сырыл екі өкпесіненде естіледі. Жүрек тондары ритмді, жиілігі минутына 150 рет. Он бүйірімен жатқызып емізген кезде нәресте қақалып жөтеледі. Ал зонд арқылы тамақтандырғанда қақалып жөтелу байқалмайды. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыныз қайсы?

 

a) өңеш ахалазиясы

b) өңеш тарылуы

c) кеңірдек-өнеш жыланкөзі

d) өңеш атрезиясы

e) өңеш дивертикулы пищевода

 

839. Перзентханада ортопед жаңа туған нәрестеде «таю» және аяқтың алшақтанбау симптомдарын анықтады. Ауырсыну және қабыну белгілері анықталмайды.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) сан сүйегінің туу кезінде болатын эпифизиолизі

b) сан сүйегінің патологиялық шығуы

c) тума сан шығуы

d) Легг-Кальве-Пертес ауруы

e) сан сүйегінің мойнының сынуы

 

840. Перзентханада ортопед жаңа туған нәрестеде «таю» симптомын және оң жақ санның алшақтанбауын анықтады. Клинико-рентгенологиялық тексеруден кейін «тума сан шығуы» диагнозы қойылды. Қандай ем ЕҢ тиімді?

 

a) наркоз арқылы жабық репозициясы

b) қанқалық тарту

c) кеңжаялыққа орау

d) Лоренц бойынша гипстік таңғыш салу

e) наркоз арқылы ашық түрде қалпына келтіру

 

841. Перинатальды гипоксия симптомдарымен туылған 3 апталық нәрестенінің қол-аяқтарының бұлшық еттерінде айқын гипертонусы анықталды. Аяқтың алшақтануы шектелген. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) санның патологиялық шығуы

b) жамбас-сан буынның дисплазиясы

c) сан мойынының сынуы

d) Легг-Кальве-Пертес ауруы

e) жамбас-сан буынның артриті

 

842. Перинатальды гипоксия симптомдарымен туылған 3 апталық нәрестенің қол-аяқтарының айқын бұлшық еттерінің гипертонусы анықталды. Аяқтың алшақтануы шектелген. Жамбас-сан дисплазиясына қандай рентгенологиялық белгі ТӘН?

 

a) ацетабулярлы бұрыштың ұлғаюы

b) сан сүйегі бойының деформациясы

c) ацетобулярлы бұрыштың азаюы

d) сан сүйегі проксималды бөлігінің көлденең өлшемінің кеңеуі

e) антеторсия

 

843. 6 айлық балада сол жақта тума сан шығуы диагнозы қойылды.

Қандай рентгенологиялық белгі ТӘН?

 

a) ортан жіліктің ұршықбасы ұясынан шығуы

b) ұршық ұясының тереңдеуі

c) сан сүйегінің ішіне ротациясы

d) бөксе бұлшық еттерінің гипертонусы

e) ұяшықты остеопороз

 

844. 6 айлық балада сол жақта тума сан шығуы диагнозы қойылды.

Қандай клиникалық белгі тән?

 

a) аддукция

b) супинация

c) санның алшақтанудың шектелуі

d) эквинус

e) аяқтың ішке қарай ротациясы

 

845. 6 айлық балада сол жақта тума сан шығуы диагнозы қойылды. Шыққан сан оңай салынады. ЕҢ тиімді қолданатын емі?

 

a) буын шығуын ашық әдіспен салу

b) кең жаялықпен орау

c) функционалды тарту

d) наркозбен жабық әдіспен салу

e) гипстік таңғышты қолдану

 

846. Енді жүре бастаған 1 жас 3 айлық баланың аяқ алысы «үйрек жүрісі» тәрізді.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) Легг-Кальве-Пертес ауруы

b) сан сүйегінің патологиялық шығуы

c) сан сүйегінің тума сол жақты шығуы

d) екі жақты тума сан шығуы

e) жамбас-сан буынның артриті

 

847. 14 күндік нәресте басын сол жаққа қисайтып және оңға қарай бұрылған күйде ұстайды. Пальпацияда сол жақ кеуде-бұғана-емізікше бұлшық еті бойымен «ұршық» тәрізді түзілім анықталды. ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) мойын қабырғасы

b) туа пайда болған жақты қисық мойын

c) «қанат» тәрізді мойын

d) Клиппеля-Фейля ауруы

e) Гризель ауруы

 

848. 14 күндік нәресте басын алға қарай қисайтып және оңға қарай бұралған күйде ұстайды. Пальпацияда сол жақ кеуде-бұғана-емізікше бұлшық еті бойымен ұршық тәрізді түзілім анықталды. «Туа пайда болған қисық мойын» диагнозы қойылған.

ЕҢ тиімді емдеу тәсілі қандай?

 

a) мақта-дәкелік таңғышты таңу, түзету гимнастикасы, электрофорез

b) Шанц жағасын таңу

c) мануалды терапия

d) ЛФК

e) физиотерапия

 

849. 7 күндік нәрестеде оң аяқ басының патологиялық орналасуын таптыңыз: супинация, табандық бүгілу анықталды. ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) артрогриппоз

b) туа пайда болған маймақтық

c) аяқ басының сүйектерінің кемістігінен дамыған деформация

d) аяқ басының варусты деформациясы

e) аяқ басы сүйектерінің остеомиелиті

 

850. Ата-анасы баласының ұмада аталық безінің жоқ екеніне шағымданды. Бала 5 жаста. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшесі дұрыс дамыған, бірақ ұмада аталық бездері анықталмады. Кремастерлік рефлекс сақталған. Екі аталық безде де сыртқы шап сақинасында пальпацияланады және ұмаға оңай түседі.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) аталық безінің эктопиясы

b) орхоэпидедимитит

c) анорхизм

d) монорхизм

e) жалған крипторхизм

 

851. Ата-анасы баласының ұмада аталық безінің жоқ екеніне шағымданды. Бала 5 жаста. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшесі дұрыс дамыған, бірақ ұмада аталық без анықталмады. Кремастерлік рефлекс сақталған. Екі аталық безде де сыртқы шап сақинасында пальпацияланады және ұмаға оңай түседі. «Жалған крипторхизм»-ге күмәндану. ЕҢ тиімді тәсіл қандай?

 

a) физиопроцедура

b) гормоналды ем

c) операция

d) бақылау

e) шап аймағының массажы

 

852. 11 жасар бала сол жақ ұманың үлкеюіне және ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде және пальпацияда сол жақ ұма қан тамырлары «жүзім өрімі» тәрізді, тік тұрғанда толып ұлғаяды. Аталық бездері ұмада орналасқан. ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) крипторхизм

b) аталық безінің инфаркты

c) орхиоэпидидимит

d) варикоцеле

e) аталық безінің шемені

 

853. Бір айлық баланың ұмасында жұмыртқаның жоқ екендігі байқалады, пальпацияда шап каналының жолында да байқалмайды. Сыртқы жыныс мүшелері еркек типті дамыған. Ұма гипоплазияланған. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) бір жақты крипторхизм

b) екі жақты крипторхизм

c) жалған крипторхизм

d) аталық бездің эктопиясы

e) монорхизм

 

854. 2 жасар ұл баланың мазасыздануына, соңғы 5 сағат ішінде ішінің ауырсынуына шағымданып емханаға жеткізілген. Қарау кезінде баланың сол жақ ұма аймағында қозғалуы қиын, контуры анық, жұмсақ, көлемі 6 х 4 см ауырсынатын түзіліс байқалады. Екі жұмыртқа да ұмада. Лоқсу, құсу болмаған.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) крипторхизм

b) аталық без қыбығының және ұрық бауының су шемені

c) шап лимфадениті

d) қысылған шап жарығы

e) аталық без эктопиясы

 

855. 2 жасар ұл баланың мазасыздануына, соңғы 5 сағат ішінде ішінің ауырсынуына шағымданып емханаға жеткізілген. Қарау кезінде баланың сол жақ ұма аймағында қозғалуы қиын, контуры анық, жұмсақ, көлемі 6 х 4 см ауырсынатын түзіліс байқалады. Екі жұмыртқа да ұмада. Лоқсу, құсу болмаған. «Қысылған шап жарығы» деген диагноз қойылды. ЕҢ тиімді хирург тактикасы қандай?

 

a) қысқа мерзімді наркозбен орнына салу

b) жарықты қолмен орнына салу

c) шұғыл операция

d) ұрық шығарушы бауының новокаин блокадасы

e) жоспарлы түрде операция жасау

 

856. Ұл баланың туылғанынан бастап күпектің ажырауы байқалған. Бала кіші дәретке отырғанда зәрі өте жіңішке ағыспен шығады немесе тамшылайды. Нүктедей үрпінің сыртқы тесігі жыныс мүшесінің тәж аймағында ашылған.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) үрпі атрезиясы

b) үрпінің қысылуы

c) эписпадия

d) гипоспадия

e) үрпі гипоплазиясы

 

857. Ұл баланың туылғанынан бастап күпектің ажырауы байқалған. Бала кіші дәретке отырғанда зәрі өте жіңішке ағыспен шығады немесе тамшылайды. Нүктедей үрпінің сыртқы тесігі жыныс мүшесінің тәж аймағында ашылған.

«Гипоспадия» - деген диагноз қойылды. ЕҢ ықтимал хирург тактикасы қандай?

 

a) эндоскопиялық электрорезекция жасау

b) бужирлеу

c) уретраның V-тәрізді пластикасы

d) меатотомия

e) жергілікті тіндермен уретра қабырғасына пластика жасау

 

858. 4 айлық баланың туылғанынан ұмасының сол жағы үлкейген. Пальпацияда ісік тәрізді жұмсақ, контуры анық ауырсынусыз, мөлшері 4х3 см, іш қуысына енбейтін түзіліс байқалады. Кешке қарай түзіліс мөлшері ұлғаяды. Сыртқы шап сақинасы ұлғаймаған. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) крипторхизм

b) құрсақ қуыспен байланысқан аталық без су шемені

c) ұрық бауының кистасы

d) аталық без қабығының су шемені

e) аталық без эктопиясы

 

859. 4 айлық баланың туылғанынан ұмасының сол жағы үлкейген. Пальпацияда ісік тәрізді жұмсақ, контуры анық ауырсынусыз, мөлшері 4х3 см, іш қуысына енбейтін түзіліс байқалады. Кешке қарай түзіліс мөлшері ұлғаяды. Сыртқы шап сақинасы ұлғаймаған. «Құрсақ қуыспен байланысқан аталық без су шемені» деген диагноз қойылған. ЕҢ тиімді тактика қандай?

 

a) гормоналды дәрілерді тағайындау

b) жоспарлы түрде оперативті емдеу

c) сүйықтықты сыртқа шығарып пункция жасау

d) гидрокортизонды енгізіп пункцияны қайталау

e) динамикада бақылау

 

860. 3 айлық қыз баланың кіндік сақинасында жұмсақ консистенциялы, мөлшері 1,5х1,5 см, іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалады. «Кіндік жарығы» - деген диагноз қойылды. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) кіндік бауының жарығы

b) іштің ақ сызығы жарығы

c) кіндік жарығы

d) энтерокистома

e) кіндік жанындағы жарық

 

861. 3 айлық қыз баланың кіндік сақинасында жұмсақ консистенциялы мөлшері 1,5х1,5 см іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалады. «Кіндік жарығы» деген диагнозы қойылды. ЕҢ тиімді тактика қандай?

 

a) гормоналды дәрілерді тағайындау

b) жоспарлы түрде оперативті емдеу

c) склероздеуші терапия

d) шұғыл түрде оперативті емдеу

e) жабысқыш пластырьмен байлау, массаж, ЛФК

 

862. Профилактикалық қарау кезінде 6 жасар қыз баланың кіндік сақинасынан 3 см жоғары ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5х0,5 см, іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалған. Ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5х0,5 см апоневроз дефекті анықталады. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) лимфангиома

b) кіндік жарығы

c) кіндік бауының жарығы

d) іштің ақ сызығы жарығы

e) липома

 

863. Профилактикалық қарау кезінде 6 жасар қыз баланың кіндік сақинасынан 3 см жоғары ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5х0,5 см, іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалған. Ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5х0,5 см апоневроз дефекті анықталады. «Іштің ақ сызығы жарығы» - деген диагноз қойылды. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) жоспарлы түрлі оперативті емдеу

b) жабысқыш пластырь, массаж

c) склероздаушы терапия

d) шұғыл түрде оперативті емдеу

e) медикаментозды емдеу

 

864. 1 айлық ұл баланың туылғанынан бастап оң жақ ұмада ісік тәрізді түзіліс анықталады пальпацияда жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз іш қуысына кіріп кетеді, бірақ бала мазасызданғанда қайтадан шығады. Оң жақ шап сақинасы кеңейген. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) аталық без қабының шемені

b) орнына түспейтін шап жарығы

c) қысылған шап жарығы

d) шап лимфадениті

e) шап-ұма жарығы

 

865. 1 айлық ұл баланың туылғанынан бастап оң жақ ұмада ісік тәрізді түзіліс анықталады, пальпацияда жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз, іш қуысына кіріп кетеді, бірақ бала мазасызданғанда қайтадан шығады. Оң жақ шап сақинасы кеңейген. Қандай тактика ЕҢ тиіміді?

 

a) жоспарлы түрде оперативті емдеу

b) динамикада бақылау

c) шұғыл отау жасау

d) ЛФК, массаж

e) антибактериальды терапия

 

866. 1 айлық нәрестеде құрсақ ішілік жүктіліктің 32 аптасында УДЗ соң ұрықтың екі бүйректің тостағанша-астауша жүйесінің 14 мм-ге дейін кеңейгені анықталған. Туылған соң осы диагноз дәлелденген. Зәр анализі қалыпты. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) шажырқай кистасы

b) Вильмс ісігі

c) бүйректің солитарлы кистасы

d) пиелонефрит

e) гидронефроз

 

867. Бір айлық нәрестеде құрсақ ішілік жүктіліктің 32 аптасында УДЗ соң ұрықтың екі бүйректің тостағанша-астауша жүйесінің 14 мм-ге дейін кеңейгені анықталды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

 

a) бүйректің УДЗ, инфузионды урография

b) антеградты пиелография

c) цистоскопия

d) лабораторлы зерттеу

e) цистография

 

868. Бір айлық нәрестеде құрсақ ішілік жүктіліктің 32 аптасында УДЗ соң, ұрықтың екі бүйрегінің тостағанша-астауша жүйесінің 14 мм-ге дейін кеңейгені анықталды. Туылған соң осы диагноз дәлелденген. Зәр анализі қалыпты. Қандай тактика ЕҢ тиімді?

 

a) консервативті

b) операциялық

c) динамикада бақылау

d) тері арқылы пункция

e) операцияны кейінге қалдыру

 

869. 2,5 жасар қыз бала 5 айлығынан бастап қайталанушы пиелонефритпен емделген. Экскреторлы урографияда екі жақты тостағанша-астауша жүйесі мен несепағар кеңейген. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) Вильмс ісігі екі

b) поликистоз

c) пиелонефрит

d) жақты уретрогидронефроз

e) гидрокаликоз

 

870. 2,5 жасар қыз бала 5 айлығынан бастап қайталанушы пиелонефритпен емделген. УДЗ-да екі жақты тостағанша – астауша жүйесі мен несепағарлары кеңейген. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізген ЕҢ тиімді?

 

a) инфузионды урография

b) ангиография

c) ауқымды рентгенография

d) цистография

e) ретроградты пиелография

 

871. 10 күндік баланың туылғаннан бері ішінің үлкейгені пальпацияда сол бөлігінде қозғалмайтын, ауырсынусыз, тығыз эластикалық ісік тәрізді мөлшері 8х6х4 см түзіліс байқалады, УДЗ-да көп камералы киста анықталды, іші сұйықтық тола. Сол жақ бүйрек табылмаған. Оң жақ бүйрек өз орнында, өзгеріссіз. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) сол бүйректің поликистозы

b) 2 жақты уретрогидронефроз

c) пиелонефрит

d) Вильмс ісігі

e) шажырқай кистасы

 

872. 7 жасар қыз бала ішінің ауырсынуына байланысты госпитализацияланған. Бақылау барысында аппендицит диагнозы алынып тасталған. УДЗ тексеру нәтижесінде оң жақ бүйректің тостағанша астауша жүйесі кеңейгені анықталды. Зәр анализі қалыпты. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

 

a) бүйректің эхинококкты кистасы

b) Вильмс ісігі

c) бүйректің солитарлы кистасы

d) гидронефроз

e) шажырқай кистасы

 

873. 7 жасар қыз бала ішінің ауырсынуына байланысты госпитализацияланған. Бақылау барысында аппендицит диагнозы алынып тасталған. УДЗ тексеру нәтижесінде оң жақ бүйректің тостағанша-астауша жүйесі кеңейген. Зәр анализі қалыпты. Қандай зерттеуді жүргізген ЕҢ тиімді?

 

a) ангиография

b) экскреторлы урография

c) ауқымды рентгенография

d) цистография

e) ретроградты пиелография

 

874. 3 жасар қыз бала ішінің оң жағының ауыруына жиі шағымданады. Зәр анализінде лейкоцитурия 10-30 дейін анықталған. УДЗ тексеру нәтижесінде оң жақ тостағанша – астауша жүйесі кеңейгені, бүйрек паренхимасы жұқарғаны анықталды, несепағар байқалмайды. ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2517; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.193 сек.