Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Суретті материал




 

 

 

 

 

 

 

Жүктілік анықталады:тексеруде ұрықтың жүрек соғысы және қозғалысы ультрадыбыста анықталса.Осы анық белгілер жүктілердің ерте кезіңнде басталады,ал одан кеш белгілер(V-VI) айда анықталады.Ерте жүктілік күмәнді және күмәнсіз белгілермен қойылады.

 

Жүктіліктің күмәнді белгілері:

 

Күмәнді белгілер жалпы жүктілікпен байланысты өзгерістерді жатқызады:

· Асқа тәбеттің өзгеруі (ет және балық өнімдерінен жиеркену), сұраныстардың жоғарылауы(ащы тағамға,топыраққа,борға),жүрек айну,таңертеңгі құсулар.

· Иістің бұрмалануы (темекі,әтір иістерінен жиеркену)

· Жүйке жүйесінің бұзылуы(ұйқышылдық,ашулағыштық)

· Бет,іштің,емшек ұшында терілік пигментацияның пайда болуы

 

Күмәнсіз белгілер:

Бұл топқа еттекір және жыныс ағзаларының өзгерістері жатады.

· Еттеккірдің тоқтауы

· Сут бездерің қысқанда уыздың шығуы

· Қынап және жатыр түтіктердің көгеруі

· Жатыр тығыздығының пішіні мен көлемінің өзгеруі

· Лабораторлы тексеру(несеп және қанда хорион гормоның анықтау)

 

Анық белгілері:

· Әйел ішің пальпацияда ұрықтың мүшелерің анықтау (Леопольд тәсілі)

· Пальпация кезінде ұрықтың қимылын анықтау

· Ұрықтың жүрек соғуын тыңдау.Жүктілік анықтауда жүрек соғысың тыңдау маңызды.

 

Жүктіліктің күмәнсіз белгілерің мына тәсілдермен анықтайды:сұрау,сүт бездерің тексергенде уыстың болуы,қынап алды және сыртқы жыныс ағзаларың тексеру;айналар арқылы,қынаптық және бимануалды зерттеу.

 

Жүктіліктің күмәнсіз белгілеріне:жатыр ұлғайуы,Гервица-Гегар,Снегирева, Пискачека,Губарева-Гаусса,Гектер белглері.

 

Жүкті әйел кеңес орнына тұңғыш келгеніңде қан және несепке,қанды Вассерман реакциясына,ИВА ға,қан тобы мен резус сәйкестәкті анықтауға жолдама алады.Әр әйелді ерте кезеннең бастап терапевт,окулист,стоматолог тексеру керек.Әр тексеруде жағдайын білгеннен соң сыртқы акушерлік тексеру және дене салмағын,қан қысымын екі қолда өлшейді.

 

Жүктіліктің мерзімің анықтау анамнестетикалық белгілермен жүргізді (еттекірдің кешігуі,ұрықтың бірінші қозғалысы).Обьективті зерттеуде анықтау(жатыр көлемі,ұрық өлшемдері және қосымша әдістерің атқару УЗИ)

 

Жүктілік мерзімі мен босану уақытың анықтау:

Соңғы еттекір арқылы. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен артқа қарай алып тастайды.Босану және уақыт күнің білу үшін соңғы еттекірдің бірінші күніне 280 күнді қосады және Негеле формуласың қолданады.Соңғы еттеккірдің бірінші күнінен үш ай артқа қарай алып тастап,оған жеті күн қосады.

 

Овуляция бойынша жүктілік мерзімі мен ұрықтың ұрықтану күнінен артқа,алдың ала екі апта қосамыз,ал босану уақытың алдын ала 38 апта овуляция күнінен артқа қарай алып тастаймыз,немесе келесі формуланы қолданады:овуляция күнінен үш апта жеті күн алып тастайды.

 

Бірінші көріну бойынша. Дәрігерге бірінші қаралу және дәрігермен жүктіліктің уақытының белгіленуі.

 

Бірінші қозғалу бойынша:бірінші босанушыда қозғалу жырма аптада, ал екінші рет босанушыда он сегіз аптада болады.

 

Ультрадыбыстық тексерулері бойынша:жүктіліктің мерзімі УЗИ арқылы нақты жүктілік бірінші триместрде ерекше.

 

Босануға дейінгі демалыс арқылы: жүкті әйел 30 аптасынан бастап демалысқа шыға бастайды.

Жуктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістер

Жуктілік кезінде әйелдің салмағы артады, ол жатырдың, ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, емшек бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тінде судың жиналуына байланысты. Екіқабат кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 9-12 кг артады, ұрықтың салмағы 1,4-1,8 кг ұлғаяды, апта сайын салмағы 250-300 г нан аспау керек. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан үш –төрт кун бұрын салмағы есеппен 1 кг шамасында төмендейді. Сонымен қатар, әйелдің дене қызуы әдетте 37-37,2 ге көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі ұлғаяды, жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады.

Жүрек-қан тамыр жүйесі

Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсудің себебі- қан көлемінің шамамен 30-50%-ға ұлғаюы және қан айналымының пайда болуы, жатыр көлемінінің және әйел салмағының өсуі, т.б. факторлар. Жүктіліктің физиологиялық ағымында – екінші триместрде систолалық және диастолалық артериялық қан қысымы 5-15мм.с.б. төмендейді. Жүктілік кезінде физиологиялық тахмкардия байқалады, үшінші триместрде жүрек соғуының жиілігі артады, жүктіліктің соңғы айларында -80-95 минутына. Жүктілік кезінде қан плазмасының көлемі (35-47%) ұлғаюы салдарынан гиперволемия байқалады, эритоциттердің көлемі де ұлғаяды (11-30%). Плазма көлемі эритроциттер көлемінен артық болғандықтан,. Жүктіліктің физиологиялық анемиясы дамиды: гематокрит саны 30%- ға және гемоглобин 135-140-тан 110-120г/л төмендейді. Жүктіліктің ағымына үлкен әсер ететін жаңа жүйе – жатыр плацента қан айналымы. Ана және ұрық қаны бір-бірімен араласпаса да, жатырдағы гемодинамикалық өзгерістер бірден плацента, ұрық қан айналымына және керісінше әсер етеді(«жатыр-плацента қан айналымы» арқылы).

Тыныс алу жүйесі

Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелері едәуір өзгерістерге ұшырайды, олар ұрықты өттегімен қамтамасыз етеді. Жатыр көлемі үлкейген сайын, іш перде қуысының мүшелері жылжымайды(диафрагма экскурсиясы ұлғаяды), бұл өкпенің вентиляциясын қиындатады. Әйелдің тыныс алуы терең, жиі болады(10%).

Асқорыту жүйесі

Жүктілік кезінде әйелдің дәм сезімдері өзгеріп, тамақ талғайды (қышқыл тағамдарға әуес келеді). Жүктіліктің соңғы айларында асқазан жоғары көтеріліп, оың қызметі төмендейді. Сонымен қатар, ішектің де қызметі төмендейдеп, үлкен дәретке отыру сирейді, бұл жағдай вегетативті жүйкенің өзгерістеріне де байланысты.

Зәр шығару жүйесі

Бүйрек қан айналымы жүктіліктің І триместрінде ұлғаяды, содан жүктілік ағымында біртіндеп төмендейді (бұл бүйректің бейімделу реакциясы, жүктіліктің соңында басқа мүшелерді қосымша қанмен қамтамасыз етеді). Жүктілік кезінде бүйректің фильтрациялық қызметі өседі. Бүйрек қызметінің өзгеруі бірден тұз-су зат алмасуына әсер етеді; организмде жалпы сұйықтық көлемі өседі, жүктіліктің сңында сұйықтық мөлшері 7л-ге дейін көбейеді. Кейде ортостатикалық протеинурия байқалады(буйрек венасын жатырдың басып қалуына байланысты.)

Жүйке жүйесі

Жүктілік пайда болуымен, ананың ОЖЖ көп толқындар ағымы тусе бастайды, бұл ми қыртысында жергілікті жоғары қозу ошағының пайдаболуына әсер етеді - гестациялық доминанта. Жүктіліктің физиологиялық ағымында вегетативті жүйке жүйесінің тонусы өзгереді, осыған орай жүкті әйкл ұйқышыл, ашуланшақ, шаршағыш келеді, кейде басы айналады. Бұл көбінде жүктіліктің тұнғыш айларында болады.

Эндокрин жүйесі

Жүктіліктің қалыпты дамуы жаңа ішкі секреция безінің – «жүктілік сары денесі» қызметіне байланысты. Сары денеде жыныс гормогдары (прогестерон және эстрогендер) өндіріледі, оның имплнатацияға және жүктіліктің дамуына әсері зор. ІІІ – ІV айлдан бастап сары дене кері дамып, оның қызметін түгел плацента алады, ол ана қанына гормондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарылады. Гипофиздің алдынғы бөлігі жүктілік кезінде 2-3 есе ұлғаяды және ФСГ және ЛГ гормондарының түзілуін басады, ал пролактиннің түзілуі артады. Сонымен қатар ТТГ қанда жүктілік барысында және босанар алдында көбейеді. Көп әйелдерде қалқанша безі көлемі өседі, қалқанща маңы безі қызметі төмендеп, кальцийдің зат алмасуы бұзылады. Жүктілік дамуында бүйрек үсті бездері глюкокортикоид гормондарының түзілуін арттырып, зат алмасу мен босану барысына үлкен әсер етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 3062; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.