Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Астана - 2014

Сынып

 

 

Мазмұны

  1. Дағдылар тізімі.......................................................................................................2
  2. Кіріспе.....................................................................................................................2
  3. 8-сыныптағы ішкі жиынтық бағалау жұмысы мен дағдыларға шолу..............3

3.1 ішкі жиынтық бағалаудың тоқсан бойынша өткізу барысы.......................3

  1. 2- тоқсан...................................................................................................................4

4.1 2-тоқсанда қамтылатын сұрақтар мен балл қою схемасы...........................7

  1. Қосымша құралдар..................................................................................................8
  2. Әкімдік ету ережелері.............................................................................................8
  3. Стандарттау және балдарды қою...........................................................................9

 


1. Дағдылар тізімі

1-дағдылар тобы Сипаттамасы
Білу Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен анықтамаларды, нақты деректерді білуі және еске түсіруі
Түсіну Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізуі, болжауы немесе түсіндіре білуі
2-дағдылар тобы Сипаттамасы
Қолдану Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдануы
Сыни ойлау Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдауы
Анализ Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды және/немесе нәтижелерді жинақтап, материалдарды немесе тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білуі
Синтез Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білуі
Бағалау Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес белгілі критерийлер арқылы материалдың немесе идеялардың құндылығы туралы шешім қабылдауы
Рефлексия Пікірлерді, ойлар мен оқиғаларды талдау және талқылау, сонымен қатар ой толғаныс нәтижесінде әрекет немесе шешім қабылдау. Айғақтарды жинақтау мен пайдалану арқылы (пән мен сыныпқа сәйкес) жорамалдарды зерттеу және нәтижесінде бағалау мен өзіндік қорытынды жасау. Жасалған қорытындыларды талдау қабілетін көрсету.
Математикалық сауаттылық Әр түрлі пәндер, контекстер мен күнделікті жағдаяттарда сандарды, есептеуді, график, кесте және басқа да математикалық концепцияларды түсінгенін және қолдана алатындығын көрсету.

2. Кіріспе

Мақсаты: ішкі жиынтық бағалау жұмысы оқушылардың білім, түсінік, дағдыларының оқу бағдарламасы мазмұны мен оқу жоспарына сәйкестігін дәлелдеуге бағытталады. Бағалау оқу жоспарындағы тоқсанға арналған жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

География бағдарламасының басты мақсаттары: географиялық білім ғылыми әлемнің ажырамас бөлігі екендігін таныту, феномендер мен үрдістердің түрлерін бағалай отырып, белгілі бір жерде өмір сүруге бейімделуін түсіндіре отырып, қоршаған ортаны өмірдің тірегі ретінде бағалай отырып, географиялық білімді күнделікті өмірде қолдану қабілетін дамыту және мәселелерді шешу. Географиялық ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың географиялық объектілердің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау құралдарын қолдану, олардың құрылымдарын жақсарту сияқты практикалық дағдыларын, сараптау және сипаттау дағдыларын және кестелер, сызбанұсқалар, диаграммаларды талдауды жақсартуға мүмкіндік беру. Оқушыларға географияның ғылыми пән ретіндегі ролі мен қазіргі адамзат пен жаһандық мәселелерді шешудегі мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беру

3. Ішкі жиынтық бағалау жұмыстары мен дағдылар тобына шолу

Спецификация Назарбаев Зияткерлік мектептері 8-сыныптағы «география» пәні бойынша ішкі бағалау жұмыстарының мазмұнын сипаттайды.

 

Оқушының «География» пәні бойынша алған білімі төменде көрсетілген дағдылар бойынша бағаланады

 

Дағдылар тобы Дағдылар түрі  
  · Білу · Түсіну  
  · Қолдану · Анализ · Синтез · Бағалау  

Берілген спецификацияда әр тоқсан бойынша дағдылар тобына бөлінген балдар көрсетілген. Берілген ақпаратты нұсқаулық ретінде қарастырып, кейбір сұрақтарды сәйкесінше өзгертуге болады. Оқу жоспарының бөліктеріне сай бөліп ұсынылған балдар дағдылар тобын да көрсетеді. Балды бөлу оқу деңгейі мен пән бойынша дағдылар тобына енген бағалауға сай келетін тапсырма түрлерін қарастыруға негізделген.

Ішкі жиынтық бағалау жұмысының әр тоқсан бойынша өткізілу реттілігі:

Тоқсан 1-ші дағдылар тобы 2-ші дағдылар тобы Жалпы балл
       
       
       
       

4. 2-ші тоқсан

Ұзақтығы: 80 минут

Жиынтық балл: 25

Бағалау жұмыстарының саны: 1

 

Оқу жоспарының бөлімдері 1-ші дағдылар тобы 2-ші дағдылар тобы Балдар
Гидросфера және адам әрекеті        
Биосфера және адам әрекеті        

 

2-тоқсан бойынша әртүрлі типтегі сұрақтардың бөлінуі

Сұрақтардың типтері Балдардың бөлінуі Жалпы балл
Бірнеше жауаптары бар сұрақтар / Жабық сұрақтар 1 ғана дұрыс жауабы бар 7 сұрақ. Кейбір сұрақтарды топтастыруға болады.  
Қысқа жауапты сұрақтар 2 бірдей сұрақ, әр дұрыс жауапқа 2 балл қойылады.  
Құрылымдық сұрақтар 2 сұрақ, әр дұрыс жауапқа 3 балл беріледі.  
Толық жауапты сұрақтар 2 сұрақ, бірнеше бөлімнен тұрады, дұрыс жауап 4 балмен бағаланады  

2-тоқсан бойынша сұрақтардың бөлінуі

Оқу жоспарының бөлімдері Бірнеше жауаптары бар сұрақтар / Жабық сұрақтар Қысқа жауапты сұрақтар Құрылымдық сұрақтар Толық жауапты сұрақтар Жалпы саны
Құрлық суы            
Топырақ            

 

4.1 2-тоқсан бойынша сұрақтар мен балл қою схемасы

І. Сәйкестендіріңіз (7 балл)

Термин, анықтамалар Дұрыс жауабы Анықтамалары
Жер асты сулары   А. топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы
Көшкін   В. топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар
Мұздықтар   С. топырақтың жетілген кезде көлемі мен пішіні, құрамы әр түрлі болатын жеке бөліктерге бөліну қабілеті.
Гумус   D. топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым
Топырақ құрылымы   E. ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры
Топырақ эрозиясы   F. жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су
Докучаев   G. таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе топырақ массасы

ІІ. Қысқа жауапты сұрақтар (4 балл)

1. Төмендегі сурет арқылы жер асты суларының қабаттарын жазыңыз (2 балл)

2.
3.
1.

2. Топырақтың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтаңыз (2 балл)

 

 
Антропогендік  
Топырақ

ІІІ. Құрылымдық сұрақтар (6 балл)

3. Төмендегі диаграммадағы деректерді пайдалана отырып, өзен режиміне қатысты сұрақтарға жауап жазыңыз. (3 балл)

 

a) Деректерді пайдалана отырып, өзеннің жылдық режимінің графигін сызыңыз

b) Өзеннің режимінің әр жыл мезгілінде әр түрлі болуын түсіндіріңіз

c) Өзенді пайдаланудың бір жолын ұсыныңыз

 

1. Төмендегі суреттерді қолдана отырып, топырақ эрозиясына сипаттама беріңіз (3 балл)

1-сурет 2-сурет

a) Топырақ эрозиясы қай суретте көрсетілген?

b) 2- сурет қалай аталды?

c) Болашақта адамзат -1суреттегі топырақ түрін қалай өзгерте алады, болжам жасаңыз

 

IV. Толық жауапты сұрақтар (8 балл)

1. Қапшағай суқоймасы Іле өзенінде салынған, Қазақстандағы ірі суқоймаларының бірі. Сыйымдылығы 28,14 млрд. м³, қуаты 434 мың кВт. Жылына 1163 млн. КВт сағ. энергия береді. СЭС 1972 ж. толық қуатымен жұмыс істей бастады. Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, талдаңыз (4 балл)

 

a) Қапшағай суқоймасы не себепті салынғанын анықтаңыз.

b) Шығындары және пайдасын қалай түсінесіз, сипаттап жазыңыз.

c) Болашағына болжам жасаңыз

 

2. Антропогендік әсерлер топырақтың құнарсыздануына әкеледі. Сондай әрекеттердің бірінен тақыр пайда болатынын білесіздер. Суретте тақыр берілген, талдаңыз (4 балл)

a) Топырақ бетінде мұндай тақырдың пайда болу себептерін атап шығыңыз

b) Адамның іс-әрекеті топырақтың одан әрі жұтаңдануына қалай әкелетінін түсіндіріңіз.

c) Болашақта мұндай жерлерді қайта қалпына келтіруге болады ма? Ойларыңызды толық дәлелдермен жазып, қорытындылаңыз.

Балдарды қою схемасы 2 -тоқсан  
Бөлім Дағдылар Балл Жауаптары Қосымша
  Құрылық суы   Топырақ     1. Жер асты сулары - F. 2. Көшкін – G. 3. Мұздықтар - E. 4. Гумус - В. 5. Топырақ құрылымы - С. 6. Топырақ эрозиясы - А. 7. Докучаев - D. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі
  Құрылық суы     Жер асты суларының қабаттыры 1. грунт суы 2. су өткізбейтін қабат 3. Артезиан сулары немесе қабат аралық су  
  Топырақ     Топырақтың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықта: a) Биологиялық b) Химиялық c) Физикалық d) Антропогендік  
  Құрылық суы         a) Өзен режимінің диаграммасын сыза алса толық 1 балл беріледі b) Өзеннің режимінің әр жыл мезгілінде әр түрлі болуын түсіндірсе 1 балл беріледі c) Өзенді пайдалану жолдарын ұсынса 1 балл беріледі  
  Топырақ     a) топырақ эрозиясы 1 суретте көрсетілгенін анықтаса 1 балл беріледі b) 2 суретте террасалар деп жазса 1 балл беріледі c) 1суреттегі топырақ түрін өзгертуге болжам жасай алса 1 балл беріледі  
Құрылық суы       a) Су бөгені не себепті салынғанғанын анықтаса 1 балл беріледі b) Шығындары және пайдасын түсінсе 1 балл беріледі c) Болашағына болжам жасаса 2 балл беріледі  
  Топырақ     a) Топырақ бетінде мұндай тақырдың пайда болу себептерін анықтаса 1 балл беріледі b) Адамның іс-әрекеті топырақтың одан әрі жұтаңдануына қалай әсер ететіндігін анықтаса 1 балл беріледі c) Болашақта мұндай жерлерді қайта қалпына келтіру жолдарын ұсынып, дәлелдесе 2 балл беріледі  

 

5 Қосымша құралдар

Оқушы ішкі жиынтық бақылау жұмысына өзімен бірге алып келуге рұхсат етіледі:

· 7-10- сыныпқа арналған географиялық атлас

· Қарындаш

· Калькулятор

 

6. Әкімдік ету ережелері

· Өзіңіздің кабинетіңіздегі кез-келген көрнекі материалдарды мысалы диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды тест уақытында жауып қойыңыз.

· Тест басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып алып, жұмыстың орындалуына қанша уақыт берілгендігі туралы оқушыларға хабарлаңыз. Оқушылардың жұмысты орындау барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын естеріне түсіріңіз. Тесті бастамас бұрын барлық оқушылардың нұсқауды түсінгендігіне көзіңізді жеткізіп сұрақтары барма екенін сұраңыз.

· Барлық жұмысты орындау уақытында оқушылар жұмыстарын жеке және өздігінен орындап жатқандықтарына көзіңізді жеткізіңіз. Тест уақытында олардың бір-бірімен сөйлесулеріне немесе бір–бірінен көшіріп алуларына болмайды.

· Жұмысты орындау барысында көмек беретін мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілетін ресурстардан басқа) оқушылардың қосымша ресурстарды пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.

· Оқушылардың қажетсіз жауаптарды өшіргішпен өшіргенше, сызып тастауға рұқсат беріледі.

· Оқушылардың тест орындау процесінде нұсқауға немесе орындау уақытына байланысты сұрақтары болса жауап беріңіздер. Сіздердің оқушылар үшін сөздерін оқуға, емле ережелеріне көмектесуге, сұрақтарын өзгертіп айтуға және кез келген ақпаратты беруге мүмкіндіктеріңіз жоқ.

· Тестің аяқталуына 5 минут қалғанда оқушыларға хабарлап отырыңыздар.

· Тест аяқталғаннан кейін сыныптағы оқушылардың жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын сұраңыз.

7. Стандарттау және балдарды қою

Барлық мұғалімдер стандарттау процесінде бекітілген балдарды қою схемасының бірдей нұсқасын қолданады. Стандартталған балдарды қою схемасын қолданғанда қателіктер мен ауытқушылықтарды жібермес үшін, балдарды қою процесінде мұғалімдердің қойған балдарының мысалдары тексеріледі.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Установка растений в сосуд | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 3295; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.