Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарау. Жалпы фармакология. 2 страница




Ең жоғары 50% тең болатын ықпал туғызатын дәрінің қан-тамырлар ішіндегі шоғырымдық ауқымы, препараттың ең төменгі терапиялық шоғырымы деп аталады. Осы аз ғана емдік шоғырымнан алғашқы жанамалық әсеріне дейінгі көрсеткішті терапиялық диапазон немесе қауіпсіз дәлізі деп атайды. Үнемі барабар ауқымды (тепе-теңдік шоғырымы) белгілеуге мүмкіндік беретін мөлшерді ұстап тұрушы мөлшер дейді.

Ықпал әсері дәріні қайта бірнеше рет енгізгеннен кейін көрінеді:

1/ Дағдырлану, ұзақ қайта енгізген кезде дәріге дағдырлану пайда болады, бұл кезде ықпалы болмайды;

2/ Құмартушылық, келесі жолы қайта қолданған кезде, препаратқа тәуелділік пайда болады. Алғашқыда психикалық тәуелділік, кейін жеке мерзімде физикалық тәуелділік пайда болады.

3/ Кумуляция, дегеніміз дәрілерді қайталап қолданғанда денеде жиналуы. Оны екі түрге бөледі: материалдық кумуляция, яғни дәрінің өзі жиналады, қызметтік кумуляция дәрі әсерінің жиналуын айтады.

4/ Әсіре сезімдеме, биологиялық жолмен алынған препараттарды қайта қолданғанда ағзаның аллергиясы болады.

Бір қатар заттарға үйреніп кетушіліктің дамуын рецепторлар сезімталдығының төмендеуімен байланыстыруға болады. Үйреніп кетушіліктің ерекше түрі – тахифилаксия деп аталады. Ол тез қысқа уақытта дамиды.

Канцерогендік әсер – дәрілердің жасушадағы өзгерістерінің зардабынан қатерлі ісіктердің туындау қабілеті.

Жүктілік кезде кейбір препараттарды қолданғанда ұрыққа токсикалық әсер көрсетуі мүмкін. Тератогендік әсер - кемтарлық, мутагендік әсер – генетикалық аппараттың өзгерулері, эмбриотоксикалық әсер – ұрықтың құрсақ ішінде өлуі (1.3.1. сурет).

1.3.1. Сурет Дәрі мен жүктілік

 

Дәрілерді бір-бірімен қосып науқас адамға қолданғанда араларындағы өзара әсерлесуі екі бағытта өтуі мүмкін: ақырғы әсердің күшеюі – синергизм (бір бағытта, бір-бірін күшейту) болса, екіншісі ақырғы әсердің кемуі – антагонизм (қарама-қарсы, бір-бірін кеміту) болады.

Синергизм – бір зат екінші заттың әсерін күшейтуімен сипатталынатын дәрілердің денедегі өз-ара әсерлесуі. Ол қосынды синергизм, сонымен қатар үдемелі синергизм болып бөлінеді. Қосынды синергизм – дәрілік заттарды қосып қолданғанда ақырғы әсерінің әр бір заттың бөлек қолданған кездегі әсерлерінің қосындысына тең болуы. Үдемелі синергизм – дәрілерді қосып қолданғанда ақырғы әсердің бұл заттарды бөлек қолданғандағы әсерлерінің қосындысынан асып түсуі. Сол сияқты синергизмнің басқа да түрлері болуы мүмкін, тікелей немесе жанамалы синергизм. Тікелей синергизм деп – дәрілер жасушаның бір бөлшектеріне әсер ететін жағдайын айтады. Жанама синергизм – дәрілер жасушаның әр түрлеріне әсер ететін жағдайды айтады.

Антагонизм – бір зат екінші заттың әсерін басатындығымен сипатталынатын заттардың денедегі өзара әрекеттесуі. Ол физикалық, химиялық, қызметтік, тікелей, жанама, бәсекелестік, тәуелсіз, бір жақты, екі жақты болып бөлінеді. Физикалық антагонизм – физикалық құбылыстар жатады – адсорбция, тұнбаға түсуі т.б. мысалы, белсендірілген көмір, өзінің жоғары адсорбциялаушы беткейі арқылы улы заттарды сіңіріп алады. Химиялық – химиялық өзгерістер жатады – қышқылдарды сілтілермен бейтараптау. Қызметтік антагонизм – екі қарама-қарсы дәрілердің бір жүйенің, не болмаса ағзаның қызметіне тигізетін әсері (бір зат орталық жүйке жүйесін қоздырады, екінші зат оны тежейді). Мысалы алкогол бастың ми қыртысын тежейді, ал кофеин оны қоздырады. Тікелей антагонизм немесе екі жақтылы – заттардың әсері бір жасушалық элементтерге бағытталған жағдай (адреномиметиктер және адренолитиктер). Тікелей емес антагонизм немесе бір жақты – бір препараттың әсері бір рецепторларға бағытталған, басқа препараттың әсерін жояды (мысалы, атропин прозериннің әсерін жояды), ал ол препарат оның әсерін жоймайды (прозерин атропиннің әсерін жоймайды). Сонымен қатар, бір қатар биологиялық антагонисттер бар, жануардан немесе өсімдіктерден алынған улы заттар басқа заттардың әсерін жояды.

Дәрілер емдік әсеріне байланысты әр түрлі фармакотерапиялық ықпалдарға ие:

1/ Симптомдық ем, тағайындалған препарат ауру кезінде пайда болған симптомдарды шеттетеді – пенталгин – бас ауыруы; парацетамол – дене қызуын төмендетеді.

2/ Себебін емдейтін (этиологиялық ем) – аурудың себебін жоюға бағытталған ем. Мысалыға: жұқпалы ауруларда микробтарға қарсы дәрілер, улы заттармен уланғанда олардың антидоттары қолданылады.

3/ Патогенетикалық ем, аурудың даму үрдісіне бағытталған ем. Мысалы, гипертониялық ауру кезінде аурудың дамуына әсер ететін дәрілерді тағайындаған орынды (каптоприл, клофелин, резерпин).

4/ Алдын алу шаралары үшін жүргізілетін ем (профилактикалық) – бұған уытсыздандыратын дәрілер, вакциналар т.б. қолданылады.

5/ Орын басушы терапия – биогенді заттардың жетіспеушілігі кезінде қолданылады. Мысалы: ішкі бездер секрециясы төмендегенде (қант диабетінде – инсулин).

Көптеген дәрі-дәрмектерге қолдану мөлшеріне қарай улылық қасиеттері болады, сондықтан көп дәрілер улы заттар тобына жатады. Бірақ, қазіргі кезде улы заттар өз алдына токсикология (токсикон – улы деген мағанада) ғылымы болып бөлінеді. Ол үш бағытқа қарай негізделген:

1/ Эксперименталды токсикология негізінен дене жүйесі мен удың арасында пайда болған қатынас заңдылықтарын және олардың токсикокинетикасы мен токсикодинамикасын қарастырады.

2/ Алдын алу шаралары (гигиеналық) немесе экологиялық токсикология - алдын алу үшін жүргізілетін шаралар бағыты. Оған адам баласын қоршаған ортада кездесетін химиялық заттардың улылық әсерінің қатерлі дәрежесі, соларға қарсы қолданылатын қорғану шаралары жатады. Бұл бағыттың экологиялық маңызы болғандықтан, ол келесі токсикологиялық бөлімдерден тұрады: өндірістік, үй-тұрмыстық, ауыл-шаруашылық, тағамдық және т.б.

3/ Клиникалық токсикология – адам баласын коршаған ортадағы химиялық қосылыстардың, дәрі-дәрмектердің улылық қасиеттерінің әсерінен болған ауруларды зерттейтін медициналық ғылым саласы. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

а) Химиялық қосылыстардың улылық мөлшерінің бір рет әсер ету салдарынан болған жедел улану.

ә) Улы заттардың ұзақ және бірнеше рет әсер ету салдарынан туған созылмалы улану.

б) Наркотикалық токсикология, оған кейбір наркотикалық заттарға ұқсас немесе солардың тобына жататын дәрілерді қолданғанда туатын аурулар.

в) Дәрілік токсикология. Дәрілік заттардың терапевтік индексінің кеңдігін, олардың жүйеге кері және қатерлі әсерлерін, сонымен қатар дәрілердің аллергиялық реакцияларын қарастырады.

Улар мен дәрілердің арасындағы айырмашылықтар шамалы, сондықтан кейбір жағдайларда удың өзі дәрі ретінде пайдалынады. Бірақ, сақтанышты, өте аз мөлшерде байқап қолданған жөн. Сондықтан, барлық дәрі-дәрмектер адам мүшесін улылық және емдік әсер етуіне қарай үш тізімге бөлінеді:

1/ А тізімі – өте улы “Venena” тізіміне (50-ден артық) жататын улылығы өте жоғары болып келетін улы заттар және наркотикалық дәрілер кіреді. Олар бөлек, есігі мөрмен және дыбыс жабдығымен қамтамас етілген темір шкафтарда сақталынып, босатылу ережесі қатаң тексеріліп отырады.

2/ Б тізімі – улылығы күшті “Heroica” тізіміне (300-ге жуық) улылық әсері бар заттар жатады. Бұларды медициналық бақылаусыз қолданғанда әртүрлі асқынуларға және қалаусыз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Олардың қолдану, белгілеу, мөлшерлеу тәсілі сақтықпен қадағалынады.

3/ В тізімі – улылығы төмен “Waria” тізіміне (қалған дәрілердің бәрі) улылығы шамалы заттар жатады, бірақ мөлшерден артық қолданса улануларға алып келеді. Олар жалпы тәртіппен сақталынып, босатылады.

 

1.4. Дәрілердің негізгі ықпалдары

Ең алдымен келесілерге бөледі:

1) физиологиялық ықпалдар, дәрінің АҚ, жүректің жиырылу жиілігін жоғарылату немесе төмендету сияқты өзгерістерді туғызуы;

2) биохимиялық (қанда фермент, глюкоза деңгейлерін жоғарылату).

Сонымен қатар, негізгі (немесе басты) және негізгі емес (екінші дәрежелі) дәрілік ықпалы бөледі.

Негізгі ықпалдары – дәрігер тағайындаған кезде қол жеткізуге үміттенген ықпал (ауыруды басатын дәрі – ауыру сезімін басу үшін, несеп айдағыштар – ағзадан сұйықтықты шығару үшін, гипертензияға қарсы – артериалды қысымды төмендету үшін ж.т.б.) айтамыз.

Негізгі емес – бұл ықпал дәріге тән, бірақ оның дамуы науқас үшін қажетті емес (наркотикалық емес ауыруды басатын дәрілер – ауыруды басатын ықпалынан басқа оларда қызуды басатын ықпалы бар ж.т.б.). Негізгі емес ықпалдардың ішінде қалаулы және қалаусыз ықпалдар (жанама әсерлері) болуы мүмкін.

Мысалы, Атропин – ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттерін босатады. Бірақ, осы мезгілде жүректегі атриовентикулярлы түйіннің өткізгіштін жақсартады (жүрек тежелуі кезінде), көз қарашығының диметрін ұлғайтады ж.т.б. Барлық осы ықпалдарды жеке жағдайларда қарастыру керек.

 

1.5. Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі

Дәрілерді емдік, диагностикалық және алдын алу шаралары ретінде қолданғанда кездесетін денедегі қатерлі өзгерістерді және жанама өзгерістедің кез келген реакциясын, жанама әсерлер деп айтады.

Жанама әсерлерді болжаулы және болжаусыз (бұған дәрілердің қатынасы жоқ –ауа райының, климаттың, науқастың физикалық және психикалық жағдайлары) деп екі түрге бөледі. Болжаулы жанама әсерлердің түрлері:

1/ қосымша қалаусыз фармакологиялық ықпалдар - функционалды-метаболиттік, токсикологиялық (қайтымды және қайтымсыз);

2/ аллергиялық реакциялар:

І-ші түрі – реагинді, ағзаға дәріні қайта енгізгенде, тез дамитын түрді аллергиялық реакциямен жүреді, яғни аллергиялық шок;

ІІ-ші түрі – цитотоксикалық, кейбір дәрілерге және олардың метаболиттеріне дамиды, онда олар антигендік қосылыстар түзейді;

ІІІ-ші түрі – иммуножиынтық, токсикалық иммунды жиынтықтарды түзеумен байланысты;

ІV-ші түрі - баяу гиперсезімталдық түрі, дәріні кезекті енгізгенде иммунды жауаптың жасушалық буыны арқылы 1-2 тәуліктен соң және одан көп уақыттан кейін байқалады.

3) дәрілерге тәуелділік (психикалық, физикалық және аймақты жергілікті – тоқтату синдромы);

4) дәріге тұрақтылық – дәрілерді ұзақ қолданған кезде және басқа жанама әсерлері.

Дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері препаратты таңдаумен байланысты болуы мүмкін; фармакодинамикасы мен фармакокинетика ерекшеліктеріне; препаратты енгізу жолдарына; дәрі-дәрмектердің әрекеттесуіне:

І түрі – фармакологиялық әрекеттесу, емдеу үшін бір мезгілде бірнеше препараттарды қолдану кезінде:

ІІ түрі - фармакокинетикалық әрекеттесу, препараттың сіңірілу, таралу және шығарылу жолдары бойынша жүру мезгілдерінде;

ІІІ түрі - фармакодинамикалық әрекеттесу, препараттардың химиялық және физикалық-химиялық өзгерістерге ұшырауында;

ІV түрі – фармацевтикалық әрекеттесуі – бұл препаратты дәрілік түр күйінде дайындау кезіндегі.

Сонымен қатар, жанама әсерлер дәрілерге қатынасы жоқ себептермен болуы мүмкін. Науқас адамның ерекшелігі (жасы, жыныс айырмашылығы, генетикалық ерекшелігі, алларгияға бейімділігі, аурудың ерекшелігі, зиянды әдеттері) және сыртқы ортаның себептерімен байланысы.

1.6. Фармацевтикалық кезең

Фармацевтикалық кезең - дәріні денеге енгізген кезде байқалады, бұл кезеідегі ықпал әсері әсер етуші заттың субстанциядан босап шығуы мен жылдамдығына, сонымен қатар заттардың физика-химиялық қасиеті мен оның орналасуы жүретін нысана мүшенің жағдайына байланысты. Сол сияқты ол заттың биологиялық сұйықтыққа түскен кездегі ерігіштігіне тәуелді болады.

 

«Жалпы фармакология» тақырыбы бойынша тесттік тапсырма

1. Дәріні қайта енгізген кездегі оған сезімталдықтың төмендеуі:

а/ кумуляция//

б/ үйренгіштік//

в/потенциялау//

г/ сенсибилизациялау//

д/ идиосинкразия//

 

2. Дәріні ауыз қуысы арқылы енгізгенде тән:

а/ ықпалдың салыстырмалы баяу дамуы//

б/ ықпалдың тез дамуы//

в/ медицина қызметкерінің көмегі қажет//

г/ ессіз жатқан кезде науқасқа қолдану мүмкіндігі//

д/ әсерінің күшейе түсуі//

 

3. Егер дәрілер бір бірінің әсерін күшейтсе, онда олар:

а/антидотизм//

б/антогонизм//

в/идиосинкразия//

г/синергоантогонизм//

д/потенциялау//

 

4. Дәрілік препараттың ағзада жиналуы:

а/ сенсибилизация//

б/ кумуляция//

в/ потенциялау//

г/ үйренгіштік//

д/ идиосинкразия//

 

5. Дәрінің тератогенді әсері – бұл:

а/ ұрықтың құрсақ ішінде дамуы кезіндегі кемтарлық//

б/ қайта еккенде ұрықтың дәріге бейімділігі//

в/ ұрықтың эндокринді жүйесіне теріс әсері//

г/ ұрықтың жүйке жүйесіне тері әсері//

д/ ұрықтың генді аппаратына әсер етуі//

 

6. Потенциялау дегеніміз – бұл:

а/ біріктіріп қолданғанда препараттардың ықпалының төмендеуі//

б/ біріктіріп қолданғанда препараттардың ықпалының жоғарылауы//

в/ препараттарды біріктіріп қолданған кезде қосынды ықпалының азаюы//

г/ біріктіріп қолданғаннан препараттардың ықпалы бейтараптанады//

д/ препараттарды біріктіріп қолданғаннан олардың метаболизм жылдамдығы

төмендейді//

 

7. Дәріні қайта қолданғаннан оның тиімділігінің төмендеуі:

а/ құштарлық//

б/ кумуляция//

в/ үйренгіштік//

г/ тератогендік//

д/ улылық//

 

8. Энтералді енгізу жолы – препараттың бауырға бармастан, қан

айналымына түсуі:

а/ пероральді, тік ішекке//

б/ он екі елі ішекке, пероральді//

в/ тік ішекке, тіл астына//

г/ трансбукальді, тік ішекке//

д/ он екі елі ішекке, тілдің астына//

9. “Препараттың терапевтік әсер кеңдігі” дегеніміз:

а/ дәрінің ең төменгіден ең жоғарғы терапиялық мөлшер саны//

б/ плазмадағы препарат құнарлығының дәрінің мөлшеріне қатынасы//

в/ плазмадағы препарат құнарлығының 50%-ға төмендеген уақыты//

г/ ағзада дәрілік зат құрылысының өзгеруі//

д/ көтере алатын мөлшердің ең жоғарғы терапиялық мөлшерге қатынасы//

 

10. Жүктіліктің бірінші үш айындағы дәрінің ұрыққа тигізетін әсері:

а/ мутагендік//

б/ эмбриотоксикалық//

в/ канцерогендік//

г/ тератогендік//

д/ нефротоксикалық//

 

11. Дәрінің әсер ету түрлері:

а/ талдамды, мутагендік//

б/ резорбтивті, жергілікті, сенсибилизирлеуші//

в/ жергілікті, жүйелік//

г/ жергілікті, рефлекторлы, резорбтивті//

д/ тікелей, тікелей емес//

 

12. «Б» тізіміне жататын дәрілер:

а/ сақталу және қолданылуы толығымен “Heroica” маркировкасына сәйкес келеді//

б/ сақталуы наркотикалық дәрілер сияқты жүргізіледі//

в/ улылығы жоғары болғандықтан, арнайы сейфтерде сақталуы қажет//

г/ сақталуы медицина қызметкерлерімен сақтықпен жүргізіледі//

д/ улылығы төмен болғандықтан дәрігердің бақылауысыз бостылады//

 

13. “Аффинитет” – бұл:

а/ плазмадағы препарат құнарлығының дәрінің мөлшеріне қатынасы//

б/ плазмадағы препарат құнарлығының 50%-ға төмендеген уақыты//

в/ заттың рецепторға ұқсас болуы//

г/ ағзада дәрілік зат құрылысының өзгеруі//

д/ біріктіріп қолданғанда препараттардың ықпалының төмендеуі//

 

14. Фармакотерапияның негізгі түрлері:

а/ химиотерапия, этиотропты, патогенетикалық//

б/ орын басатын ем, десенсибилизирлеуші, этиотропты//

в/ алдын алу шаралары үшін, гормоналді, патогенетикалық//

г/ жалпы қуаттандырушы, этиотропты, патогенетикалық//

д/ этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық, орын басатын ем//

 

15. «Биотрансформация» дегеніміз:

а/ дәрілік препараттың метаболит түріне биохимиялық айналуы//

б/ препараттың белсенділігінің жоғарылауына бағытталған синтетикалық

реакциялар//

в/ ферментативті гидролиз, дәрілердің липолизі//

г/ қан плазмасындағы бір қатар биохимиялық үдерістер//

д/ бауырдағы дәрілердің тотығуы//

 

16. Дәрілерге “Жанама реакциялар” - бұл:

а/ дәрінің тотығу, тотықсыздану және гидролиз арқылы басқа затттарға айналуы//

б/ дәрінің бауырдан өткеннен кейінгі туындайтын ықпалы//

в/ терапиялық мөлшер диапазонында дамитын қалаусыз ықпалдар//

г/ ағзаға препаратты енгізуді доғарғаннан кейінгі болатын реакция//

д/ дәріні қайта қолданғанда әсерінің төмендеуі//

 

17. «А» тізіміне жататын дәрілер:

а/ сейфтерде және арнайы шкафтарда сақталатын, жұмыстан кейін мөрленетін//

б/ өте улылы “Venena” тізіміне жататын //

в/ сақталуы мен қолданылуы сақтықпен жүргізіледі//

г/ наркотикалық дәрілер//

д/ улылығы төмен, дәрігердің бақылауысыз қолданылады//

 

18. Дәріге тәуелділік – бұл:

а/ дәріні қайта қолдануға жеркенішті қарау//

б/ препаратты қайта қолданғанда тиімділігінің төмендеуі//

в/ бірнеше дәрінің ағзадағы әрекеттесуі//

г/ ағзада дәрі құрылысының өзгеруі//

д/ дәріні қайта қолдануға құштарлық//

 

19. Рецептор – бұл:

а/ эндогенді гормондардың әсеріне жауап беретін макромолекула топтары//

б/ каталитикалық үдерістердің индукторы//

в/ химиялық қосылыстарға сезімталды макромолекулярлы мембрананың құрылысы//

г/ жүйке импульстарын белсендіру үшін олардың гиперстимуляциясы кезіндегі

негізгі субстанциялар//

д/ биологиялық белсенді заттардың әсерін потенциялайтын субстрат//

 

20. Парентеральды енгізу жолдарына жататындар:

а/ к/тамырға, б/етке, ингаляциялық, тік ішекке//

б/ интраперитонеалді, тілдің астына, тері астына//

в/ а/ішіне, тік ішекке, ингаляциялық//

г/ тері астына, к/тамырға, per os//

д/ к/тамырға, а/ішіне, б/етке, тері астына//

 

21. Курстық мөлшерге анықтама беру:

а/ детоксикация кезінде емдік ықпал үшін қажетті мөлшер//

б/ бір рет қабылдауға тағайындалған емдеу үшін қажетті мөлшер//

в/ көптеген науқастар үшін қажетті емдік мөлшер//

г/ парентеральді тағайындау кезінде қажетті емдік үшін мөлшер//

д/ емдеу курсын өту кезінде емдік үшін қажетті мөлшер//

 

22. Ағзаға дәрілерді энтералді жолмен енгізу:

а/ субарахноидальді//

б/ бұлшық етке//

в/ көк тамырға//

г/ тері астына//

д/ тілдің астына//

 

23. Парантералді енгізу жолдары:

а/ интрадуоденальді//

б/ артерия ішіне//

в/ тілдің астына//

г/ ұртқа//

д/ тері беткейіне//

 

24. Бір рецепторларды қоздыратын және басқаларын тежейтін ДД://

а/агонисттер//

б/ антагонисттер //

в/ агонист-антагонисттер//

г/ синергисттер//

д/ антидоттар

 

25. Аффинитет және ішкі белсенділігі бар ДД атайды: //

а/ агонисттер//

б/ антагонисттер//

в/ агонист-антагонисттер//

г/ синергисттер//

д/ антидоттар//

 

26. Кумуляция түрлері://

а/ қосындылау, потенцирлеу //

б/ бәсекелестік, бәсекелестік емес //

в/ психикалық, физикалық //

г/ материалды, қызметтік //

д/ тікелей, резорбтивті//

 

27. Фармакокинетика – бұл фармакологияның зерттейтін бөлімі://

а/ ДД сіңірілу, таралу, метаболизмі мен шығарылу ерекшелігі//

б/ дәрі-дәрмектердің асқынуы//

в/ дәрілердің генетикалық аппаратқа әсері//

г/ дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмі//

д/ дәрі-дәрмектердің жиналуы//

 

28. Дәрілермен уланғанда жүргізілетін шаралар:

а/ асқазанды жуу, жылдамдатылған диурез, антидоттарды қолдану//

б/ құстыру, жанама әсерлері төмен басқа дәрілерге ауыстыру//

в/ андитоттарын тағайындау, асқазанды жуу, науқасты төсекке жатқызу/

г/ ішті босататын дәрілерді тағайындау, ерітінділерді бұлшық етке енгізу//

д/ науқасқа ешқандай сұйықтықтарды бермеу керек//

 

29. Фармакодинамика – бұл фармакологияның зерттейтін бөлімі:

а/ ДД сіңірілу, таралу, метаболизмі мен шығарылу ерекшелігі//

б/ дәрі-дәрмектердің асқынуы//

в/ дәрілердің генетикалық аппаратқа әсері //

г/ дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмі //

д/ дәрі-дәрмектердің жиналуы//

 

30. Мутагендік – бұл фармакологияның зерттейтін бөлімі //

а/ ДД сіңірілу, таралу, метаболизмі мен шығарылу ерекшелігі//

б/ дәрі-дәрмектердің асқынуы//

в/ дәрілердің генетикалық аппаратқа әсері //

г/ дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмі //

д/ дәрі-дәрмектердің жиналуы//

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 5595; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.