Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Иммуноглобулин препараттары 2 страница




Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, аллергиялық конъюктивит, аллергиялық тері реакциялары, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидты реакциялар, бронх демікпесі. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға – 10 мг күніне 1 рет, 6-12 жастағы балаларға 5 мг күніне 1 рет, 6 жастан төмен балаларға 2 мг/10 дене салмағына 1 рет қолдануға арналған суспензия түрінде.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация, 2 жасқа дейінгі балалар, бауыр жетіспеушілігі, гипокалиемия.

Жанама әсері. Тыныштандыратын әсер, тыныс алу жолдарының шырышты қабатының құрғауы, тәбетінің және дене салмағының жоғарлауы, тахикардия, қарыншаның фибрилляциясы, тырыспалар, коллапстық жағдайлар.

Шығарылу түрі. 5 мг N.20 және 10 мг таблеткалар N.10, 20, 100; 0,1% ішке қолдануға арналған 50 және 100 мл флакондағы суспензия.

Цетиризин (Сetirizinum), зиртек, зетринал, зодак, цетрин, парлазин. Цетиризин - Н1-гистамин рецепторларын тежейтін, гистаминнің бәсекелестік антагонисті, гидроксизин метаболиті. Аллергиялық реакциялардың ағымын алдын алады және жеңілдетеді. Қышымаға және экссудацияға қарсы әсер көрсетеді. Аллергиялық реакциялардың бастапқы сатысына әсер етеді, аллергиялық реакциялардың соңғы сатысында қабыну медиаторының босап шығуына кедергі жасайды және эозинофилдердің, нейтрофилдердің және базофилдердің көшуін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Маусымдық және жылдық аллергиялық ринит; аллергиялық конъюктивит; поллиноз; есекжем, сонымен бірге созылмалы идиопатиялық есекжем; аллергиялық дерматит, тері қышымасы, ангионевротикалық ісіну, атопиялық бронх демікпесі (үйлесімді терапиямен бірге). Ересектер және 6 жастан асқан балаларға 10 мг күніне 1 рет немесе 5 мг күніне 2 рет (10 мг таблеткалар), 2-6 жастағы балаларға 5 мг күніне 1 рет немесе 2,5 мг күніне 2 рет, 1-2 жастағы балаларға 2,5 мг (5 тамшы) күніне 2 рет (0,1% шырын).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық (сонымен қоса гидрокортизонға), жүктілік, лактация кезеңі.

Жанама әсері. Ұйқышылдық, ауыз қуысының құрғауы, сирек бас ауыруы, бас айналуы, бас сақинасы, асқазан-ішек жолындағы жайсыздық, аллергиялық реакциялар (ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, қышыма).

Шығарылу түрі. 10мг таблетка N. 5, 7, 10, 20; 1% 10 және 20 мл ішке қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 0,1% 60, 75, 100 және 150 мл флакондағы ерітінді.

Лоратадин (Loratadinum), кларитин, лоратин. Лоратадин аллергияға қарсы және қышымаға қарсы әсер көрсетеді. Үйренуді шақырмайды. Алкоголь әсерін күшейтпейді, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесіне байланысты әсерлер көрсетпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Есекжем, Квинке ісігі, қан сарысулық ауру, аллергиялық ринит, конъюктивит, дерматит, бронх демікпесінің инфекциялық емес аллергиялық түрі, медикаментозды аллергия. Жәндіктер шағуынан болған аллергиялық реакцияны басады. Ересектер және 12 жастан асқан балаларға ішке 1 таблеткадан (10 мг) күніне 1 рет. 2-12 жастағы балаларға: дене салмағы 30 кг 1/2 таблетка, ал 30 кг артық болса 1 таблеткадан күніне 1 рет.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, лактация кезеңі. 2 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде рұқсат берілмейді.

Жанама әсері. Құсу және ауыз қуысының құрғауын сирек шақырады.

Шығарылу түрі. 10 мг таблеткада N. 7, 10, 12; 0,1% 50, 60, 100, 120 және 125 мл флакондағы шырын; 0,1% 30 және 100 мл ішке қолдануға арналған флакондағы суспензия.

11.3.2. Мес жасушасының түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер

Натрия кромогликат (Natrii cromoglycatum), интал, кромолин, натрия кромогликат - аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын дәріге жатады. Месше жасушаларының мембранасын тұрақтандырады, кальций иондарының кіруін тежейді, бұзылуды және одан гистаминнің, брадикининің, лейкотриеннің, простагландиндердің және басқа да биологиялық заттардың босатылуын. Аллергиялық және қабыну реакцияларының басталуын ескертеді, бронхоспазмды хемотаксис эозинофильдерін баяулатады. Рецепторларды тежейді, қабыну медиаторлары үшін арнамалы болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, бронх демікпесінің ұстамасы, бронх демікпесінің атониялық түрінде, инфекциялық аллергия ауруларында, демікпелі бронхитте, демікпе ұстамасымен жүретін пневмосклероз, әсіресе аллергиялық құрамада, аллергиялық ринит пен конъюктивитте. Ингаляциялық аэрозоль (5-10 мг) 4-8 реттен тәулігіне, мұрынға 1 тамшыдан 3-4 рет тәулігіне, ішке 100-200 мг (капсулада 100 мг №100) күніне 4 рет.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілікте, бала емізуінде, балаларға 2 жасқа дейін (мөлшерленген аэрозольда – 5 жасқа дейін), жүктілік кезде алғашқы 3 айда және балаларға 5 жасқа дейін. Бауыр және бүйрек ауыратын науқастарға байқап қолдану керек.

Жанама әсері. Кейде жөтел және қысқа уақыттық бронхоспазм пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 20 мг капсуладағы ингаляцияға арналған ұнтақ N. 30, 50, 100; 100 мг ішке қолдануға арналған капсула N.100; 1 және 2% 2 және 10 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; мөлшерленген аэрозоль 10 мл баллонда (5 мг/мөлшер – 112 мөлшер) және 15 мл (1 мг/мөлшер – 200 мөлшер); 2% 5, 10 және 13,5мл флакондағы көз тамшысына арналған ерітінді және 0,25мл тюбик-тамшыдағы ерітінді; 4% 10 мл флакондағы ерітінді; 2% 15, 26 және 28 мл флакондағы интраназальды қолдануға арналған спрей-ерітіндісі (2, 2,6 және 2,8 мг/мөлшерде).

Рецепт үлгісі. Rp.: Natrii cromoglycati 0,02

D.t.d N. 6 in caps.

S. 1 капсуладан ингаляцияға тәулігіне 4 - 8 рет.

#

Недокромил натрия (Natrii Nedocromilum), тайлед. Недокромил натрия – демікпеге қарсы дәрі. Әр түрлі жасушалардағы (эозинофильдер, месше жасушалары, нейтрофильдер, макрофагтар, моноциттер және тромбоциттер) қабыну медиаторларының, сонымен қатар гистаминнің, цитокиндердің, лейкотриендердің С4, ПГД2, хемотаксикалық факторлардың, ферменттердің (бета-глюкуронидаза мен басқалары) босап шығуын тежейді. Ингаляциядан кейін бронх ағашының қабығында қонады және бастапқы, кешкі демікпелі реакцияларын тежейді. Өкпедегі афферентті жүйкелерге әсерін тигізеді, аксон-рефлекс және сенсорлық нейропептидтердің (Р субстанциясы, нейротоксин А) босап шығуына ықпалын басады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхо обструктивті синдром: әр түрлі генездегі бронх демікпесі, сонымен қатар бронх демікпесі физикалық жүктемеде, бронхоспастикалық реакциялар, созылмалы обструктивті бронхит. Үлкен адамдарға және кіші балаларға 12 жастан жоғары бастапқы мөлшер – 2 ингаляция (4 мл) тәулігіне 4 реттен, керек жағдайда тәулігіне 6-8 реттен, қосымша терапияға – 2 ингаляциядан тәулігіне 2 рет.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, кішкентай жастарда 12 жасқа дейін. Жүктілік (І үш айында) және бала емізуінде.

Жанама әсері. Жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, бронхоспазмдар, бас ауыру, бас айналуы, құсу, жүрек айнуы, диспепсия және т.б.

Шығарылу түрі. Ингаляцияға арналған баллондағы аэрозоль (2 мг/мөлшер – 56, 82 және 112 мөлшер); 1% 15 және 30 мл флакондағы интраназальды қолдануға арналған ерітінді; 2% 5 және 10 мл флакондағы көз тамшысының ерітіндісі қолданылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Nedocormili 2% - 5 ml

D.S. 1 – 2 тамшыдан күніне 5 – 8 рет.

#

Кетотифен (Ketotifenum), задитен. Кетотифен – месше жасушаларын тұрақтандырады, шамалы Н1-гистаминді тежеуші белсенділік қасиеті бар, базофильдер мен нейтрофильдерден гистаминнің, лейкотриендердің шығуын басады, тыныс алу жүйесінде эозинофильдің жиналуын төмендетеді және гистоминге реакциясы бар бастапқы және кешкі демікпелі реакцияларды басады. Бронхоспазмның алдын алуын ескертеді, бронходилатирлеу ықпалы жоқ. ФДЭ-ны баяулатады, нәтижесінде май тіндеріндегі жасушаларда цАМФ құрамы жоғарылайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулардың алдын алу шараларында: атопиялық бронх демікпесі, аллергиялық бронхит, пшенді қызба, аллергиялық дерматит, қышыма, аллергиялық конъюктивит. Ішке тамақпен бірге, үлкендерге 1мг 2 реттен тәулігіне таңертен және кешкілік. Балаларға 6 айға дейін – шырын 0,05 мг/кг, 6 айдан 3 жасқа дейін – 0,5 мг 2 реттен тәулігіне, 3 жастан және жоғары – 1 мг 2 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезінде байқау керек. Қояншық, бауыр жетіспеушілік.

Жанама әсері. Ұйқышылдық, бас айналу, тыныштандыратын ықпал, әлсіздік, ауыз құрғауы, тәбетінің жоғарлауы, жүрек айнуы, құсу, гастролгия, дизурия, іштің қатуы, дизурия, цистит, тромбоцитопения, дене салмағының ұлғаюы, терідегі аллергиялық реакциялары.

Шығарылу түрі. 1 мг таблетка және капсула N. 10, 20, 30, 50, 100; 0,02% 100 және 200 мл флакондағы ішке қолдануға арналған шырын.

 

11.3.3. Глюкокортикоидтар (10.1. Стероидты қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер тақырыбын қарау)

11.3.4. Симптоматикалық аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер

Эпинефрин (Адренергиялық дәрілер, адреномиметиктер).

Аминофиллин (Aminophyllinum), эуфиллин. Аминофиллин - бронхолитикалық дәрілер, бронхтардың бұлшық еттерін, қан тамырларын босаңсытады, шеткі венодилатациялық әсер көрсетеді, бүйрек қан ағысын жоғарылатады. Тыныс алу орталығын ынталандырады, жүректің жиырылу күшін және жиілігін жоғарылатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, бронхитте, өкпе эмфиземасында, бронхоспазмдардың шеттетілуі; тыныс алу орталығы жағынан бұзылыс; өкпелік-жүрек; ми қан айналымының бұзылысы; қан айналу жетіспеушілігі, жүректік және бүйректік ісінулер (қосалқы зат ретінде қиыстырылған терапия құрамында). Ішке ересектерге тамақтан кейін күніне 3 реттен 0,15 г (таблеткалар 150 мг N30, ампулалар 2,4 % - 10 мл және 24 % - 1 мл), балаларға дене салмағына сәйкес 7-10 мг/кг күніне 4 реттен.

Кері көрсеткіштері. Қояншық, миокард инфарктісінің өткір фазасы, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылысы, препаратқа сезімталдығының жоғарылауы. Балалар 3 жасқа дейін қолдануға болмайды.

Жанама әсері. Жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, бас ауыруы, мазасыздану, ұйқысыздық, тері бөртпесі, жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, гипотензия.

Шығарылу түрі. 150 мг таблеткалар N. 30; 2,4% 5 және 10 мл ампуладағы көк тамырға қолдануға арналған ерітінді; 24% 1 мл ампуладағы бұлшық етке қолдануға арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Aminophyllinі 24% - 1 ml

D.t.d N. 30 in amp.

S. 1 мл бұлшық етке тәулігіне 1 – 2 рет.

#

Теофиллин (Theophуllinum), эуфилонг. Теофиллин орталық жүйке жүйесіне ынталандырушы әсер көрсетеді, кофеинге қарағанда әлсіз; миокард жиырылуын күшейтеді. Шеткі, тәждік, бүйректік артерияларды біршама кеңейтеді, шамалы диуретикалық әсер көрсетеді, тромбоциттер агрегациясын баяулатады, месше жасушалардан аллергия медиаторларының бөлінуін тежейді. Теофиллиннің негізгі қабілеті бронхтарды кеңейтетін ықпал көрсету. Теофиллин әсерінің механизмінде негізгі рөлді фосфодиэстеразаның баяулауымен және тіндерде 3-5 –аденозинмонофосфаттардың жиналуы жатады. Жасушаларда цАМФ жиналуы миозиннің актинмен байланысын тежейді, ол тегіс салалы бұлшық еттің жиырылу белсенділігін төмендетеді, ал ол бронхтарды босаңсытады және бронхоспазмдарды шеттетеді. Бұлшық еттердің босаңсуына теофиллиннің жасушалық мембранасының «бәсең» түтікшелері арқылы кальций иондарының тасымалдануын тежеумен әсер етеді. Молекулярлы механизмде теофиллиннің негізгі әсерінің аденозинді рецепторларды тежеу әрекетінің маңызы зор.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхолитикалық зат ретінде, сонымен қатар жүректік және бүйректік тоқырау кезіндегі кардиотоникалық және диуретикалық зат ретінде қолданады. Кейде басқа спазмолитикалық және бронхолитикалық препараттармен бірге береді. Ішке 0,1-0,2 г ересектер күніне 2-4 рет тамақтан кейін қолданады. Балаларда 2-4 жаста 0,01-0,04 г, 5-6 жаста 0,04-0,06 г, 7-9 жаста-0,05-0,075 г, 10-14 жаста- 0,05-0,1 г. (ұнтақ, балауыз 0,2 г) 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Кері көрсеткіштері. Теофиллин және оның құрамындағы препараттарды көтере алмағанда тағайымдамайды және қалқанша безінің гиперфункциясында, өткір миокард инфарктында, субортальды стенозда (жүректің сол жақ қарыншасының бұлшық ет тінінің қабынусыз ауыруында, оның қуысының тез қысылуымен түсіндіріледі), экстросистолияда, қояншықта, жүктілікте. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында байқап қолдану.

Жанама әсері. Қыжыл, жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, бас ауыруы. Балауызды қолданғанда тік ішекте күйдіру сезімі болуы мүмкін. Препаратты көтере алмағанда оны қолданбайды. Көп мөлшерде қолданғанда қояншық талмалар болуы мүмкін. Теофиллинді ұзақ қолдануға болмайды.

Шығарылу түрі. Балаларға 100 мг таблеткада N.30 және 200 мг таблеткалар N.30; 100 мг ретард таблеткалар N.10, 50, 60, 200 мг N. 30, 100, 250 мг N. 50, 300 мг N. 30, 100, 400 және 600 мг N. 20, 50, 75 және 100 мг ретард капсула N. 20, 30, 125 мг N.20, 50, 100, 200 мг N. 20, 30, 40, 250 мг N. 20, 300 мг N.20, 30, 350 мг N. 20, 50, 100, 375 мг N. 20, 400 мг және 500 мг N. 20, 40, 50, 100; 0,5% шырын; 200 мг тік ішек балауыздары.

 

«Иммунотропты дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар

1. Иммунодепрессант- пептидті антибиотик:

а/ циклофосфан;

б/ азатиопрорин;

в/ актиномицин;

г/ циклоспорин;

д/ метотрексат.

***

2. Иммунды белсендіруші дәрілерді белгілеңіз:

а/ преднизалон;

б/ интерферон;

в/ циклоспроин;

г/ такролимус;

д/ даклизумаб.

***

3. Гипотоксиннің бәсекелестік антогонисті – иммунодепрессант:

а/ тималин;

б/ иммунофан;

в/ тактивин;

г/ азатиоприн;

д/ левамизол.

***

4. Антибиотик күшті әсер ететін иммуносупрессивті препарат болып табылады:

а/ циклоспорин;

б/ ронколейкин;

в/ тилорон;

г/ ликопид;

д/ продигиозан.

***

5. Табиғи макролидтер тобына жататын иммунодепрессивті препарат:

а/ азатиоприн;

б/ актиномицин;

в/ левамизол;

г/ циклоспорин;

д/ такролимус.

***

6. Моноклональды антиденелердің иммунодепрессивті препарат ИЛ-2

рецепторларына:

а/ метотрексат;

б/ азатиоприн;

в/ левамизол;

г/ даклизумаб;

д/ тактивин.

***

7. Ірі қара малдың айырша безінің полипептидті фракциясының

Иммуно түрлендіруші дәрісі:

а/ левамизол;

б/ тималин;

в/ циклоспорин;

г/ ронколейкин;

д/ тилорон.

***

8. Олигопептидті иммуномодулятор-синтетикалық гексапептид:

а/ иммунофан;

б/ актиномицин;

в/ левамизол;

г/ такролимус;

д/ даклизумаб.

***

9. Иммуномодулятор қасиетіне ие, құрттарға қарсы дәрі:

а/ продигиозан;

б/ тималин;

а/ левамизол;

г/ ликопид;

д/ тактивин.

***

10. Бактериалды тегі бар, иммуномодуляторлық препарат:

а/ актиномицин;

б/ ронколейкин;

в/ ликопид;

г/ азатиоприн;

д/ бронхомунал.

***

11. Н1-гистаминді рецепторларды тежейтін препараттар:

а) Хлоропирамин, клемастин

б) Циметидин, гистамин

в) Эпинефрин, теофиллин

г) Лоратадин, ранитидин

д) Пометазин, кетотифен

***

12. Аллергияға қарсы заттардың қолдану корсеткіштері:

а) ревматизм, ревматоидты артрит;

б) ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі;

в) асқазан және он екі елі ішектердің ойық жара ауруы;

г) есекжем, Квинке ісінуі, аллергиялық ринит;

д) эзофагит, ревматоидты артрит;

***

13. Аллергияға қарсы заттарды қолдануға қарсы көрсеткіштер:

а) жүктілік (алғашқы үш айында), көлік жүргізушілерге;

б) нейродермит, ангионевротикалық ісіну;

в) бронх демікпесі, есекжем;

г) аутоиммунды аурулар;

д) жүрек және бауыр аурулары;

***

14. Жедел типті аллергиялық реакцияларды емдеуде қолданады:

а) миотропты әсері бар бронхолитиктер;

б) теофиллин, ацетилсалицил қышқылы;

в) мебгидролин, цетиризин;

г) эпинефрин, кромогликат натрий;

д) кетотифен, прометазин;

***

15. Анафилактикалық шок кезінде қолданылатын препаратты атаңыз:

а) дифенгидрамин, хлоропирамин

б) преднизолон, эпинефрин

в) маинофиллин, квифенадин

г) натрий недокромил, теофиллин

д) дифенгидрамин, ацетилсалицил қышқылы

***

16. Гистаминді Н1-рецепторларға әсерімен байланысты туындайтын ықпалдар:

а) асқазан безінің секрециясының белсенділігінің төмендеуі;

б) қызбаны түсіруі, ОЖЖ-нің тежелуі;

в) иммуно белсендіруші;

г) тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі;

д) тамырлар өткізгіштігінің төмендеуі, ауырсыну, гиперемияның азаюы;

***

17. Н1-гистаминді рецепторлардың тежегіштерін көрсетіңіз:

а) триамцинолон, гидрокортизон;

б) кормогликат натрий, преднизолон;

в) хлоропирамин, дифенгидрамин;

г) дексаметазон, мебгидролин;

д) аминофиллин, лоратадин;

***

18. Антигистаминдік заттарды қолданады:

а) гипертониялық ауру кезінде;

б) аллергиялық аурулар кезінде;

в) миастения;

г) глаукома;

д) стенокардия;

***

19. Н2 – тежегіштер (гистаминді рецепторлардың тежегіштері):

а) фамотидин;

б) дифенгидрамин

в) мебгидролин;

г) стемизол

д) квифенадин;

***

20. Аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын препаратты көрсетіңіз:

а) лоратадин

б) цетиризин

в) астемизол

г) прометазин

д) кромогликат натрий;

 

 

Тесттік тапсырмалар үшін жауап эталондары

1. «Жалпы фармакология» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары: 1 – в; 2 – а; 3 – д; 4 – б; 5 – а; 6 – б; 7 – в; 8 – в; 9 – а; 10 – г; 11 – г; 12 – а; 13 – в; 14 - д; 15 – а; 16 – в; 17 – г; 18 – б; 19 – в; 20 – д; 21 – д; 22 – д; 23 – б; 24 – в; 25 – в; 26 – г; 27 – а; 28 – б; 29 – б; 30 – г.

 

2. «Жалпы рецептура» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар. 1 – в; 2 – г; 3 – б; 4 – г; 5 – а; 6 – д; 7 – б; 8 – в; 9 – в; 10 – а; 11 – в; 12 – д; 13 – д; 14 – б; 15 – г; 16 – а; 17 – б; 18 – в; 19 – а; 20 –г

 

3. «Афферерттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар: 1 – в; 2 – г; 3 – б; 4 – г; 5 – а; 6 – д; 7 – а; 8 – в; 9 – б; 10 – а; 11 – в; 12 – д; 13 – д; 14 – д; 15 – в; 16 – а; 17 – в; 18 – б; 19 – а; 20 – в.

 

4. «Холинорецепорларға әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар: 1 – г; 2 – в; 3 – в; 4 – б; 5 – а; 6 – в; 7 – д; 8 – а; 9 – в; 10 – а; 11 – в; 12 – г; 13 – а; 14 – б; 15 – а; 16 – а; 17 – в; 18 – д; 19 – г; 20 – д; 21 – в; 22 – б; 23 – г; 24 – д; 25 – г; 26 – в; 27 – б; 28 – а; 29 – а; 30 – в; 31 – б; 32 – г; 33 – д; 34 – г; 35 – в.

 

5. «Адренорецепторларға әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар: 1 – а; 2 – б; 3 – в; 4 – а; 5 – а; 6 – д; 7 – г; 8 – б; 9 – в; 10 – в; 11 – д; 12 – г; 13 – а; 14 – д; 15 – а; 16 – в; 17 – б; 18 – г; 19 – а; 20 – д; 21 – д; 22 – г; 23 – а; 24 – в; 25 – б.

 

6. «Жалпы медиаторға әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар: 1 - г; 2 - в; 3 - д; 4 - б; 5 - а; 6 - б; 7 - г; 8 - а; 9 - г; 10 - в; 11 - б; 12 - д; 13 - а; 14 - в; 15 - б; 16 - а; 17 - г; 18 - в; 19 - д; 20 - а; 21 - б; 22 - д; 23 - г; 24 - в; 25 - б.

 

7. «Наркозға арналған және этил спирті» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар: 1 - б; 2 - д; 3 - б; 4 - г; 5 - в; 6 - а; 7 - д; 8 - в; 9 - г; 10 - б; 11 - б; 12 - а;13 - б; 14 - в; 15 - а; 16 - г; 17 - в; 18 - б; 19 - д; 20 - а.

 

8. «ГАМК- рецепторына әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырма: 1 - г; 2 - г; 3 - а; 4 - в; 5 - д; 6 - б; 7 - в; 8 - а; 9 - б; 10 - в; 11 - г; 12 - д; 13 - б; 14 - а; 15 - б; 16 - г; 17 - в; 18 - д; 19 - б; 20 - в.

 

9. «Анальгетикалық заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырма: 1 - б; 2 - а; 3 - г; 4 - б; 5 - в; 6 - д; 7 - а; 8 - д; 9 - б; 10 - г; 11 - а; 12 - б; 13 - д; 14 - б; 15 - в; 16 - д; 17 - а; 18 - б; 19 - в; 20 - г.

10. «Қабынуға қарсы заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырма: 1 - в; 2 - а; 3 - г; 4 - в; 5 - д; 6 - а; 7 - в; 8 - б; 9 - д; 10 - а; 11 - в; 12 - а; 13 - б; 14 - г; 15 - в; 16 - б; 17 - д; 18 - а; 19 - в; 20 - г; 21 - в; 22 - а; 23 - д; 24 - б; 25 - г.

 

11. «Иммундық үрдіске әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырма: 1 - в; 2 - б; 3 - г; 4 - а; 5 - д; 6 - г; 7 - б; 8 - а; 9 - в; 10 - д; 11 - а; 12 - г; 13 - а; 14 - г; 15 - б; 16 - д; 17 - в; 18 - б; 19 - а; 20 - д.

 

Әдебиеттер:

1. И.В.Виноградов, А.И.Шевченко, Е.В.Шурыгина. Общая рецептура. Петрозаводск. 2001, 46с.

2. П.Х.Попандопуло. Общая рецептура. Шемкент. 2001. С 160.

3. Справочник Видаль: Лекарственные препараты в Казахстане. – 6-е изд. М.:

Астра Фарм Сервис, 2009.

5. Формулярный справочник лекарственных средств. Астана. 2008.

6. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск 1Х. – М.: Эхо, 2008.

7. Фармакология. Под редакций профессора Р.Н.Аляутдина. – 4-е изд. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 15-е изд. М.: Новая Волна, 2006.

9. Южаков С.Д. Лекарственные средства: полный словарь-справочник. М.:Эксмо, 2010г.

 

Пәндік көрсеткіш




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 805; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.