КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жеке аптечка
Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар. Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады: 1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады. 2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады. 3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды. 4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды. 5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды. 6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді. 7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды. Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді. 2.14. Жеке химиялық пакет
Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады. Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді. Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады. 2.15. Жеке таңба пакеті
Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.
2.16. Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде. Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады: § көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау; § жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу; § апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу; § құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру; § оларды шығару; § зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру; § халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру; § адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу; § территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі. Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады: § ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау; § апаттың одан әрі тарауына жол бермеу; § бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу; § қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары; § көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету; § құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.
Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады. Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс. Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс. 2.17. Радиациялық және химиялық барлау құралдары
Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады. Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады. Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.
Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 2155; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |