КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Эпизоотия мен эпифитотия 3 страница
Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады. Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді. Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады. Жарық импулсі – 1 кал/см Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады. Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады: 1-ші дәрежелі -4 кал/см; -болса, 2-ші дәрежелі-4-7,5 кал/см; 3-ші дәрежелі -7,5-12 кал/см/тері сыдырылады/; 4-ші дәрежелі -12 жоғары кал/см/терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/. Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғау алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал. Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары - сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті. Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді. Сәулелену дозасы депқоршаған ортада гр затты не куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі. Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді. Ашық траншея – 3 есе азайтады Жабық траншея – 7-10 есе Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе Бір қабатты тас үй – 10-15 есе Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/. Арнайы дайындалған жер асты үй – 400 есе Көп қаталлы үй подвалы – 100-400 есе Арнайы салынған баспана – 1000 есе Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды /еш зиянсыз/. Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ласайды – радиоактивті заттар жерге түседі. Оның 3 зонасы: 1. қауіпті зонасы; 2. күшті ластанған зонасы; 3. аздау ластанған зонасы.
Ластау /ластану/ мөлшеріне байланысты: § жарылыс түрінен /бомбаның/; § оның күшінен /неше мегатонна/; § жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан; § эпицентрден қашықтығынан; § жарылыс кезіндегі ауа райынан; § жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.).
Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радияция деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді – 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады /демалғанда, тамақпен, сумен/. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн. Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.
10.5. Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайды болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді. Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруыпайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді. Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т. Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шарушылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі/ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек. Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цестерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауап алып жүреді. Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек. Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге “ластанған” деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабуды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керке. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады. Зардап шеккен жүрдегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары. Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде. Құтқару жұмыстары: § көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау; § жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу; § апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ау баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу; § құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру, § оларды шығару; § зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру; § халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру; § адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу; § территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға мыналар жатады: § ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау; § апаттың одан әрі тарауына жол бермеу; § бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу; § қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары; § көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету; § құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.
Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайы, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді. Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсеті, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет. Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек. Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек. Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды қауіпті алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршаады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды. Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек. Табиғат дүлейіне-су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады. Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен саоынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар. Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жиынастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіружұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды. Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайы анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т.б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі. Медициналық көмек көрсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі. Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық жгигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды құтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады. Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеу керек. Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды. Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар. Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі /жасақшылар командирі/ жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды. Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштері қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет. Ең бастысы-адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру /эвакуация/ болып табылады. Көшірілген адамдарды қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек. Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті,анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін. Жасақшылар командирі іс-жайды түгел біліп, бақылап отыруға міндетті. Мысалы: су тасыған жағдайды алайық, сол кезде не істеуіміз керек, қалай істелінеді. Су тасығанда алдымен адамдарды құтқару жұмыстары қолға алынады. Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін катерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де қауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек. Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті мыңдаған тоннамен есептеледі. Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады: § ауа толқынының соққысы; § жарықты сәулелену; § өткір радиация; § радиоактивтік ластану; § электромагниттік импульс.
Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы. Мысалы: 1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9-сек- 5 км, 22 сек- 10 жетеді. Осындай қозғалыста ол кез-келген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады. Ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынған заттардың ұшқынынан да жарақаттанады. 1 шаршы см-ге күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 метрге жетеді. Егер 1 шаршы /см-ге 0,2-0,4 -200-400 гр/ салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады. /бас айналу, құлағы шулау, бас ауру/. 1 ш/см 0,5 /500 гр/ салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін.
МАЗМҰНЫ Кіріспе ……………………………………………………….....…… I-тарау. Қауіпсіздік түсінігі.............................................................. 1.1. «Адам мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру................................................................................ 1.2. Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері................... 1.3. Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі............... 1.4. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар........................................................................ 1.5. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары... II-тарау. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс Жүйелері....................................................................................... 2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі.............. 2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары............................. 2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы.................................................................................... 2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы........................................... 2.5. Химиялық қарудың жарылу ошағы.......................................... 2.6. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы......................... 2.7. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфороргаикалық уландырғыш заттар................................................................... 2.8. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ).................................................. 2.9. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.............................. 2.10. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары............... 2.11. Теріні қорғайтын құралдар...................................................... 2.12. Медициналық қорғаныс құралдары........................................ 2.13. Жеке аптечка............................................................................. 2.14. Жеке химиялық пакет.............................................................. 2.15. Жеке таңба пакеті..................................................................... 2.16. Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары................................................... 2.17. Радиациялық және химиялық барлау құралдары................. 2.18. Эвакуация................................................................................... 2.19. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары................................................................... 2.20. Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі........................................... III-тарау. Жарақаттар түрі.................................................................. 3.1. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа 3.2. Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.................. 3.3. Жарақаттан естен тану туралы түсінік..................................... 3.4. Естен тануға қарсы шаралар...................................................... IV-тарау. Бас жарақаттары................................................................. 4.1. Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі......................... V-тарау. Жаралар................................................................................ 5.1. Жаралар инфекциясы................................................................... 5.2. Жаралардың жіктелуі.................................................................. 5.3. Жарақаттар кезінде асқынушылық............................................ VI-тарау. Суға бату.............................................................................. 6.1. Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек................................................................. 6.2. Электр жарақаты.......................................................................... 6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек............ 6.4. Күннің өтуі................................................................................... 6.5. Жүрек-тамыр аурулары............................................................... 6.6. Газбен улану................................................................................. VII-тарау. Төтенше жағдай................................................................ 7.1. Төтенше жағдайды топтау........................................................... 7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай.............................................. 7.3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай.................................... 7.4. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері............................................................................................... 7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар...................................... 7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау...................... 7.7. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар.......................... 7.8. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар.............. 7.9. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары...................................... 7.10. Көлік апаттары........................................................................... 7.11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы............ 7.12. Жер сілкінісі............................................................................... 7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті............................ 7.14. Вулкан атқылауы........................................................................ 7.15. Опырмалар..................................................................................
Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1274; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |