Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йге тапсырма беру. 4 страница




1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№8 тапсырманы орындамас бұрын мұғалім төменгі есептерді шығаруды ұсынады:

•Ілиясты Айбек күндізгі сағат 4-ке қонаққа шақырды. Ол үйден күндізгі сағат 3-те шықты, 15 минут ол Диастың үйінде болды, бір сағаттың алтыдан бір бөлігін ол телефон арқылы сөйлесті, 10 минутта Айбектің үйіне жетті. Дос балалар туған күнге кешігіп қалмады ма?

•Санат үй жұмысын 3 сағат 24 минут дайындады. Ол үй жұмысын неше минут дайындады?

•Дулат әжесіне 17 маусымда қонаққа барды. Онда 4 апта болды. Дулат қонақтан қашан келді?

•Данияр лагерьде 2 апта және 5 күн болды. Данияр лагерьде неше күн болды?

•Апайым бізге қонаққа 1 тәулік және 15 сағат жүріп келді. Ол жолға неше сағат жұмсады?

Содан кейін №1 тапсырма орындалады.

3. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі - литрмен таныстыру.

Мұғалім балаларға №2 тапсырмаға ұқсас есепті шығаруды тапсырады. Бұл үшін мұғалім балаларға пішіні әртүрлі бірнеше ыдыс ұсынады, балалар олардың қайсысының сыйымдылығы үлкен екенін анықтайды. Содан кейін мұғалім сыйымдылықты өлшеудің жаңа бірлігін енгізу қажеттігін жеткізеді. Литр мен см3 арасындағы қатынаспен балалар оқулықтан танысады (№2 (ә) тапсырма).

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін балалар №2 (б) тапсырманы тақтада түсіндіре отырып орындайды. Бұл балалардың көлем бірлігін литрмен салыстыруға арналған. Оқулықта көлемнің өлшем бірліктерінің кестесі келтірілген. Содан кейін №3 (а және ә) тапсырмалар орындалады.

№4 тапсырмадағы өрнектерді шешпес бұрын мұғалім өлшем бірлігі - литрді өмірде пайдалану туралы әңгіме жүргізеді. Содан кейін оқушылар №4 тапсырманы орындайды.

5. Өткен материалмен жұмыс.

Өрнектерді салыстыруды (№7 тапсырма) оқушылар түсіне отырып орындайды.

Өздік жұмысқа№ 5 (а) арналған.

№6 (1-нұсқа, 1-баған, 2-нұсқа, 3-баған).

6. Үй жұмысы: №5 (ә), №6 (2-баған).

Шығармашылық деңгей: №5 тапсырмаға ұқсас тапсырма құрастыру.

7. Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Біз осы мақсатқа жете алдың па? Сабақ барысындағы өз жұмысыңа баға бер.

Сабақтың тақырыбы: Есепті әртүрлі тәсілмен шығару (107-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйргту; теңдеу шешу дағдыларын дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларды жетілдіру.

Зейіндерін дамыту үшін мынадай есеп түрін ұсынуға болады: «Цифрларының қосындысы қатарында қарамен жазылған санға еселік болатын сандарды ғана жазу керек».

             
             
             

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар енгізіледі және №1, №2 тапсырмалар орындалады. №8 құрастыру жұмысын оқушылар өз беттерімен орындай алады.

3. Есептерді шығару.

№3, №4 тапсырмалардың есептерін шығару және талдау кезінде балаларға өздеріне шығаруға ұсынуға болады, әр амалды жеке жазып орындайды.

Қандай айырмашылығы бар? 1-тәсілде бірінші амалмен нені білдік? Әр шешуінде екінші амалмен нені білдік? Қай тәсіл тиімді?

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

Өздік жұмыс ретінде №7 (а) ұсынылады, №7 (ә) түсіндіре отырып орындалады.

5. Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: №6.

 

Сабақтың тақырыбы: Теңдеулерді шешу (108-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: жай және құрылымы күрделі теңдеулерді шығару дағдыларын жетілдіру; арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысы туралы білімдерін бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеуге №1, тапсырма, сондай-ақ есептеу дағдыларын жетілдіруге арналған дидактикалық ойындарды ұсынуға болады. «Артық сөзді тап» ойынын ұйымдастыру:

ҚОСУ АЙЫРМА КӨБЕЙТУ

АЗАЙТҚЫШ БӨЛУ БӨЛІНДІ

АЙЫРМА БӨЛІНГІШ БӨЛГІШ

ҚОСЫЛҒЫШ АЗАЙТҚЫШ ҚОСЫНДЫ

БӨЛГІШ БӨЛІНГІШ АЙЫРМА

КӨБЕЙТКІШ БӨЛІМІ АЛЫМЫ

3. Жаңа материалмен танысу

Жаңа материалмен танысу жұмысын оқулық материалды пайдалану немесе тақтаға осыған ұқсас жаттығуларды №2 тапсырманы жазу арқылы жүргізуге болады. Мұғалім оқушыларды «теңдеу шешуді жеңілдету» терминімен таныстырады. «Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін алдымен жеңілдетіп алу керек» деген қорытынды жасалады.

№3 тапсырмадағы теңдеулерді шешу кезінде оқушылар осындай түсініктеме бере отырып, тақтада орындайды. №4, №5 тапсырмаларды оқушылар өз беттерінше орындап, соңынан дұрыстығын тексереді.

3. Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс үшін №6 тапсырманы ұсынуға болады.

4. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №7.

Сабақтың тақырыбы: Есеп бойынша теңдеу құру (109-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: оқушыларды есепті шығарудың жаңа тәсілімен - теңдеу құру арқылы шешумен таныстыру; теңдеу құру дағдыларын арттыру; құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу біліктіліктерін арттыру; талдау және қорытындыларын дағдыларын дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

№1 тапсырма ауызша есептеуге беріледі. Берілген математикалық түсініктермен жұмысты былай жүргізуге болады: Мұғалім тақтаны ортасынан сызықпен бөліп, алдымен теңдеу құрастыруға байланысты берілген тапсырманы орындатады, содан соң екінші бөлігін мұғалімнің тапсырмасы бойынша өрнектер жазылады.

Теңдеу жазуға берілген тапсырмалар:

а) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 220 санын бөлдім. Мен қандай сан ойладым?»

ә) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 100 ді қосқанда, 220 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?»

Өрнек жазуға берілген тапсырмалар:

а) 11 санын 20 есе арттыр.

ә) 11 мен 20 сандарының көбейтіндісін 100-ге арттыр.

Осы жазулар тақтаға жазылғаннан кейін, мұғалім оң жақтағы және сол жақтағы жазулардың қалай аталатыныи сұрайды. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады Балалар осылайша «өрнек» және «теңдеу» деген терминдер анықтама береді.

Әңгімені сұрақ-жауап түрінде де ұйымдастыруға болады:

Жазулардың қайсысын теңдеу деп атауға болады?

Теңдеу деген не?

Теңдеуді шешу деген не?

Теңдеудің түбірі деген не?

3. Жаңа тақырыппен жұмыс.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, оқулыңтағы МКЧ (а) тапсырмаға ұқсас есепті шығаруды ұсынады. Есепті теңдеу құрып шығаруға болады. «Бір күнде 100 мм қар түсті. екі күнде 300 мм қар түскен болса, екінші күні қанша қар?»

Ары қарай мұғалім есепті теңдеу құрып шығару кезінде сұрағын анықтап, белгісіз санды табу керек екенін айтады. Екінші күні түскен қардың мөлшерін х деп белгілейік. Сонда мынадай теңдеу құруға болады: 100 + х = 300.

Теңдеуді шешіп, есептің сұрағына жауап береміз. Тақтаға мынадай жазу жазуға болады:

5. Өздік жұмыс үшін №3 (ә) тапсырманы ұсынуға болады

Ауылда 45 бала ойнап жүрді. Олардың 14-і ер бала, ал

қалғаны - қыздар. Неше қыз ойнап жүр?

Талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін мұғалім осы есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды ұсынады. №2 тапсырма теңдеу шешуге жаттықтыруға арналған. Жұпта бірін-бірі тексерді.

Өтілген материалдармен жұмыс.

Есептеумен байланысты №4 тапсырманың біраз бөлігі сыныпта орындалады, ал қалған бөлігі үйге беріледі. №6 тапсырманың суреті мен өрнектері бойынша есептер құрастыру жұмысы жүргізіледі, ал №5 тапсырманы үйге тапсырма ретінде беруге болады.

6. Рефлексия. Сабақтың қорытындысын шығару.

№110, №111, №112-сабақтарға есепті теңдеу құру арқылы

шығару жұмысын қосуға болады.

 

Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу және оны тексеру (110-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлу және оны тексеру тәсілдері туралы түсінік беру; өтілген масса бірліктері және олардық арақатынасы туралы білімдерін қайталау; екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Мұғалім екі санның бір-бірі байланысын құруды ұсынады және сұрақтардың орнына сандар жазып немесе сағат тілінің суретін салады. Кестелік көбейту және бөлу дағдыларын қайталау үшін бұрынғы айтылып жүрген дидактикалық ойындар ұйымдастырылады.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіруді практикалық жұмыс және демонстрациялық әдіс негізінде жүргізуге болады. Тақтаға шақырылған оқушыларға 3 дәптерден алдымен 6 дәптерді, содан кейін 12 дәптерді тарату одан соң 7 дәптерді тарату тапсырылады (3 дәптерден таратқанда 1 дәптер қалып қоятыны белгілі болады).

N21 тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

Алғашқы бекіту үшін балалар №2, №3 тапсырмаларды орындайды.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (1-баған) тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып тақтада орындайды, қалған мысалдарды өз беттерінше шешеді. Тапсырмаларды орындап болған соң мұғалім мысалдардың қайсысы қиындық келтіргенін сұрайды.

№5 тапсырма масса бірліктерінің арақатынасын қайталауға арналады. Оны орындар алдында келесі сұрақтар қойылады:

• Қандай масса бірліктерін білесің?

• Қандай ең үлкен масса бірлігін білесіңдер?

• Тоннада неше килограмм бар?

• Массаның ең кіші өлшем бірлігін ата?

• 1 кг-да неше грамм бар?

• 1 центнерде неше килограмм бар?

• 1 тоннада неше центнер бар?

№6 тапсырма кестеден тыс бөлуді бекітуге бағытталған және мұғалімнің басшылығымен немесе өз беттерінше орындауға бағытталған.

№7 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Есептің шешуін дәптерге жазуға болады. №8 тапсырма ауызша орындалады.

6. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: № 4 (2, 3-бағандар).


Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу және тексеру. Бекіту

(111-112-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлу жөне оны тексеру тәсілдері туралы білімдерін бекіту; көпбұрыштың ауданы мен периметрін табуға үйрету.

Сабақ мұғалімнің қалауынша құрылады. Сабаққа қажетті материалдар оқулықта берілген тапсырмалардан алынады. Сабақта қалдықпен бөлуді орындау тәсілдерін бекітуге негізгі көңіл бөлінуі тиіс. Фигураның боялған бөлігінің ауданын анықтау үшін (№7 тапсырма, 111-сабақ) жалпы ауданнан боялмаған бөліктің ауданын азайту керек. Тест жұмысын ұйымдастыруға болады.

Оқушылар «+» немесе «-» таңбаларымен белгілеу арқылы өз тұжырымдарын білдіреді:

• 63 пен 7-нің бөліндісі 9-ға тең.

• 56-ның жетіден бір бөлігі 9-ға тең.

• 9 санын 7 есе арттырғанда 63 шықты.

• 49 санын 7 есе кеміткенде 63 шықты.

• 56 мен 7-нің қосындысын 9 есе кеміткенде 5 шықты.

• 63 санын 27 мен 3-тің бөліндісіне бөлгенде 7 шықты.

• Бір жәшікте 8 кг алма бар. Осындай 7 жәшікте 56 кг алма бар.

• Бір қорапта 7 қарындаш бар. 6 қорапта 42 қарындаш бар.

 


Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлуге берілген есептер шығару

(113-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығару төсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; 2-3 амалды өрнектерді құрастыру, шығару дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларып жетілдіру.

Алдыңғы сабақтарда оқып-үйренген кестеден тыс көбейту мен бөлу туралы білімдерін бекіту үшін №6 тапсырма орындалады және дидактикалық ойындар ұйымдастырылады: «Үндемес», «Математикалық домино», «Қай қатар жылдам?». Бұл тапсырмаларға мынадай мысалдар енгізілген:

72:12 52:13 52:2 75:5 12-8 64:4 45-2 34-2 18-5 19-6 63: 3 60: 5 210: 10 55: 5 36: 12

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ балаларға таныс материалдар негізінде құрылған, бірақ өткен сабақта танысқан қалдықпен бөлуге берілген сюжетті есептерді шығарады, сондықтан қалдықпен бөлуге бірнеше есептер беруге болады:

• 3 қыз бала 10 жаңғақты теңдей етіп бөліп алды. Әр қыз бала неше жаңғақтан алды және неше жаңғақ қалды?

• Тігіншіде 42 түйме бар. Бір көйлекке 5 түйме кетеді. Түйме неше көйлекке жетеді және неше түйме қалады?

• 66 дәптерді 20 оқушыға тең бөліп беру керек. Әр оқушы неше дәптерден алады және неше дәптер қалады?

• 19 раушангүлінен 6 гүлшоғын жасады. Әр гүлшоғында неше гүл болады және неше гүл қалады?

Оқушылар есептің шешуін дәптерлеріне жазады. №1 мен №2 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады. №1 тапсырманы талдау кезінде оны шығару үшін ең бастысы оқушылар 100 санында 40 (30) неше реттен бар екенін білуі керек. №2 тапсырманы да талдай отырып орындайды.

4. Бекіту.

Содан кейін оқушылар №4 және №5 тапсырмаларды өздігінен орындайды. Тек қана қалдықтың бөлгіштен кіші болатынын естеріне салу керек. Есепті шығарып болғаннан соң балалар оқулықта өрнек түрінде берілген қалдықпен бөлуге арналған бірнеше есепті ауызша құрастырады және шығарады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Қалдыңпен бөлуге берілген есептерді шығару кезінде (№3 тапсырма) тексеруді қалай орындау керек екенін көрсету керек: бөліндіні бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосу керек, егер нәтижесі бөлінгішпен тең болса, онда мысал дұрыс орындалған.

№8 логикалық тапсырманы орындау үшін сағатта көрсетілген уақытты ретімен жазу керек: 9.30, 11.00, 12.00, 12.30. Одан кейін неше сағат қалып қоятынын және неше сағат озып кеткенін анықтау керек. Екі сағат қалып қоятынын, ал бір сағат озып кететіні анықталғаннан кейін үшін сағаттың дұрыс жүретінін (12.00) білуге болады. Тексеріп көрейік: егер дұрыс сағат 12.00 болса, 30 минутқа озып кететін сағат - 12.30, енді 1 сағатқа қалып қоятын сағат -11.00 болады, екі жарым сағатқа қалып қоятын сағат - 9.30 болып тұр.

6. Өздік жұмыс үшін №7 тапсырманы ұсынуға болады.

7. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6. Шығармашылық деңгей: қалдықпен бөлуді орындауды түсіндіруге иллюстрация ойластырып келу.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Білімді тексеру

(114-115-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлуді орындау дағдылары мен білімдерін бекіту; теңдеудің күрделірек түрін шешуге үйрету; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ мұғалімнің қалауынша құрылады. Негізгі көңіл қалдықпен бөлуді орындауға және теңдеудің күрделірек түрін шешуге бөлінеді. Оқулықта берілген барлық тапсырмаларды оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға пайдалануға болады және соңынан тексеріледі.

Зейіндерін дамыту үшін мынадай есеп түрін ұсынуға болады: «Цифрларының қосындысы қатарында қарамен жазылған санға еселік болатын сандарды ғана атау керек».

             
             
             

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар енгізіледі. Тапсырманың қысқаша жазылуын кестеге жазу тиімді:

Бір топтағы бала саны Топ саны Барлық бала саны
6 ер бала ? ? ер бала 80 спортшы
4 қыз бала ? ? қыз бала

Содан соң балалар есепті шығару жоспарын анықтайды:

1) топта барлығы неше бала екенін білу;

2) неше топ екенін білу;

3) барлығы неше ер бала екенін білу;

4) неше қыз бала екенін білу. Ол үшін барлық балалар санынан ер балалардың санын азайту керек немесе 1 топтағы қыз балалар санын топтың санына көбейту керек.

Сабақтың тақырыбы: 204 • 2, 408: 2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері (116-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; 3-4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету; құрылымы күрделірек теңдеулерді шығару дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін сандардың ондық құрамын қайталау пайдалы. Ол үшін оқушылар №1 тапсырманы ауызша, №7 тапсырманы жазбаша орындайды.

Кестелік көбейту және бөлуді ойын түрінде қайталауға болады. Бұл сабақта «Иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізу тиімді.

• 29 бен 3-тің көбейтіндісі 87-ге тең.

• 5 санын 19 есе арттырғанда 85 шығады.

• 17 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 98 шықты.

• 56-ның жетіден бір бөлігін 12-ге арттырғанда 96 болады.

• Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 11-ге тең. Көбейтіндінің мәні 55.

• 12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кіші.

• 57 мен 37-ні 4 есе арттырғанда 90 шықты.

• Бөлінгіш 72, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасы. Бөліндінің мәні 9-ға тең.

• Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең.

3. Жаңа сабақ.

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің жаңа түрін түсіндіру №2 тапсырма негізінде жүргізіледі. Мұғалім бірінші және екінші бағанның мысалдарын салыстырып, есептеуді орындауды тапсырады.

№3 (а, ә) (1-баған) тапсырманы жан-жақты түсіндіре отырып орындау арқылы білімдері тиянақталады, 2-ші және 3-бағандарды өздері орындайды.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 және №5 тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Оқушылар есептің шығару жоспарын өздері орындайды.

5. Өздік жұмыс үшін тура теңдік пен теңсіздік құрастыруды (№6 тапсырма) тапсыруға болады. Оқушылар тапсырманы орындап, бірін-бірі тексереді.

№8 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7. Шығармашылық деңгей: өтілген материалға ұқсас 4 мысал құрастыру.

 

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау (117-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу, қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту; тексеру жүргізу; есептің өтілген түрлерін шығару.

Мұғалім сабақты оқу материалдарын пайдалана отырып, өз қалауынша ұйымдастырады.

• 1 тоннада неше килограмм бар?

• 1 тоннада неше центнер бар?

• Центнерде неше килограмм бар?

• Тонна центнерден неше есе артық?

• Центнер килограмнан неше есе кем?

• 5 ц 6 кг-да неше килограмм бар?

 

• Даниярда 6 қарындаш бар, ал Дианада одан 2 есе артық. Дианада неше қарындаш бар?

• Салтанатта 12 фломастер бар, ал Қарлығашта одан 4 қарындашқа кем. Қарлығашта неше фломастер бар?

• Айдарда 250 теңге болды, ол 200 теңгеге кітап сатып алды. Айдарда қанша ақша қалды?

• Құлпынайдан 24 кг тосап, қараөріктен 8 кг тосап қайнатылды. Қараөріктен құлпынайға қарағанда неше есе кем қайнатты?

• Бір түйеде 2 өркеш бар. 6 түйеде барлығы неше өркеш бар?

• 10 алманы балаларға 2 алмадан таратты. Неше бала алма алды?

• 12 қалам сатып алынды, ал қарындаш одан 3 есе кем. Неше қарындаш сатып алынды?

Сабақтың тақырыбы: 242 • 2 және 484: 2 түріндегі көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдері. Пысықтау (118-121-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; 3-4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету; құрылымы күрделірек теңдеулерді шығару дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін сандардың ондық құрамын қайталау пайдалы. Ол үшін оқушылар №1 тапсырманы ауызша, №7 тапсырманы жазбаша орындайды.

Кестелік көбейту және бөлуді ойын түрінде қайталауға болады. Бұл сабақта «Иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізу тиімді.

• 25 пен 3-тің көбейтіндісі 85-ке тең.

• 5 санын 10 есе арттырғанда 15 шығады.

• 12 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 68 шықты.

• 50-дің бестен бір бөлігін 12-ге арттырғанда 130 болады.

• Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 12-ге тең. Көбейтіндінің мәні 60-қа тең.

• 11 мен 9-дың көбейтіндісі 100-ден кіші.

• 67 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырғанда 100 шықты.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1923; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.