Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. ЛМБ алдын ала кептіргіш

Лекция

БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ

Александр Митрофанович Плахов

 

 

Учебно-методическое пособие

 

 

Научный редактор

кандидат технических наук, доцент В. Н. Извеков

 

Редактор

Н. Т. Синельникова

 

 

Подписано к печати

Формат 60х84/16. Бумага офсетная.

Плоская печать. Усл. печ. л. 10,46. Уч.-изд. л. 9,47.

Тираж экз. 3аказ. Цена свободная.

Издательство ТПУ. 634034, Томск, пр. Ленина, 30.

Макарон өнімдерін кептіру жабдықтары. Олардың жіктелінуі. Макарон өндірісінің технологиялық линиялары.

Макарон өнімдерін кептіру аппараттары екі топқа бөлінеді: конвейерлі механикаландырылған және кезеңді жұмыс істейтін механикаландырылған емес болып бөлінеді. Кептіру аппараттарында кептіруші агент ретінде әр түрлі типті калорифрлерде қыздырылатын қыздырылған ауа қолданылады.

Конвейерлі механикаландырылған кептіру аппараттары:

1. Конвективті кептіру

2. Құрамдастырылған кептіру

Олардың өзі:

1. Сумен қыздыру

2. Бумен қыздыру

Сумен қыздыру: ұзын өнімдерді кептіру үшін.

Кептіруші аппарат түрлері: рамалы, касеталы және бастуналы.

Бумен қыздыру: қысқа өнімдерді кептіру үшін.

Кептіруші аппарат түрлері: таспалы, барабанды және шахталы.

Механикаландырылған емес шкаф типті аппараттар:

1. Кептіруші ауаны қыздырмай: касеталы, рамалы

2. Кептіруші ауаны қыздырып: сумен қыздыру және бумен қыздыру. Кептіруші аппараттары бастуналы болып келеді.

Макарондарды кептіру ең жауапты және ұзаққа созылатын процесс. Егер макаронды жасап шыгару процессі 30 минутқа созылатын болса, ал қысқа макарондарды он сағатқа дейін кептіреді, ал ұзын макарондарды кептіру жиырма төрт сағатқа созылады. Осыған сай барлық кететін уақыттың 95-98 процентін алады. Кептіргіш қондырғының өзі макарон фабрикасының өндіріс цехының ең көп(2/3) ауданын алып жатады. Кептірілген макарондар МемСТ 875-92 «макарон өнімдері,техникалық шарттар» стандартына сәйкес, жылу берілмейтін қоймаларда, өзінің сапасын төмендетпей ұзақ сақтауға жарамды болу керек. Бұл стандарт бойынша макарон өнімдерінің ылғалдылығы он үш проценттен жоғары болмау керек. Осы ылғалдылыққа дейін макаронның әр килограмынан ек жүз грамм суды ұшырыпжіберукерек. г

Мұнда: Р кепкен - бір килограмм шикі макароннан алынатын кепкен макарон.

Р шикі - кептірілмеген макарон массасы.

W шикі – кептірілгенге дейінгі макаронның ылғалы.

W кепкен – кепкен макарондардың ылғалы.

Ылғалдығы он үш проценттен жоғары макарондарды қапшыққа қаптауға болмайды, ал оны өте кептіріп жіберуге де болмайды,онда бір өлшем макарон жасауға кететін ұнның мөлшері нормадан артық ысырап болады.

Кептіргіш қондырғыдан шыққан соң макарондар кеуіп болғанша кебу процесі жалғаса түседі. Сондықтан кептіру процесін оның ылғалдылығы 13,5-14,0 проценке дейін тоқтатады. Қалған 0,5-1,0 процент ылғал олар суып, ылғалдығы тұрақтану үшін керек.

Егер макарондарды өте ұзақ уақыт суытсақ ол өңезденіп, қышқылданып, стандарт талабына сай келмейтін болып кетеді. Сондықтан кептіру процесі макаронды тек керекті ылғалдыққа дейін ғана кептіріп, мықты, ішінде сынығы, ұнтағы өте аз, шыны, қышқылдығы, ылғалдығы стандартқа сай өнім алуды қамтамасыз ететін шекке дейін жүргізіледі. Олар кепкенде ылғалдылығы 29-31%-тен 13,5%-ке дейін төмендейді.Егер шикі макарон өнімдері серпімді- созылғыш болатын болса, сол қасиеттерін олар ылғалдылығы жиырма процентке дейін төмендегенше сақтайды. Сонда олар алдымен серпімді- шымыр түрге көшіп әбден кепкен соң шымыр затқа айналады. Макарон өнімдерінің ылғалдығы төмендеп,кебуіне байланысты, олардың ұзындық өлшемдері мен көлемдері біраз төмендеп,ұзындығы сегіз процентке дейін қысқарады. Егер макаронды ақырындап кептірсек,осы қысқару процесі кептірудің басынан аяғына дейін созылады. Осы қысқару процесі, ондағы ылғалдылықтың төмендеуімен қатар жүреді, яғни олардың арасында тура пропорциялық қатынас бар. Егер макарон өнімдерін жоғары температурада өте тез кептіретін болсақ,кептірудің алғашқы минуттарында қысқару тез жүріп,оның ылғалдылығы төмендеген сайын, қысқарудың қарқыны бәсеңдейді. Егер кептіру процесі ақырын жүрсе,макаронның әр қабатының ылғалдықтарының арасында және ішкі қабаты мен сыртқы қабатының арасында айтарлықтай айырмашылық болмай,оның барлық қабаттарында тартылу,қысқару біркелкі жүріп,макаронның әр қабаттарының арасында қарсылық тумайды. Ол тартылу темір жол рельстерінің суықтан тартылу процестеріне ұқсас.

 

 

1- Сурет. Конвейерлі таспалы кептіргіш. 1- көлбеу транспортер; 2-түсіру құрылғысы; 3- таспа; 4-желдеткіштер;

 

 

 

2-сурет. 1-лоток; 2-кешенді өстік желдеткіштер; 3-кептіруші тоннель; 4-босаған касеталарды қайтаратын транспортер; 5-рольганг; 6-ортадан тепкіш желдеткіш; 7-калорифер; 8- ортадан тепкіш желдеткіш; 9-өнімді тасымалдаушы екі шынжырлы транспортер; 10-жетек; 11-пайдаланған ауа; 12-кептіру тоннеліне ауа жеткізетін желдеткіштер жүйесі;

 

Біздің елімізде қолданылатын аспалы кептіру әдісін пайдаланатын ұзын өнімді кептіргіштер (бастундарда) Б6-ЛМВ, Б6-ЛМГ және ЛМБ автоматтандырылған ағынды желілердің, сондай-ақ «Брайбанти» италиялық фирмасының құрамына кіреді. Өнімдерді кептіру екі кезеңде жүргізіледі.

ЛМБ алдын-ала кептіргіші. ЛМБ желісінде ұзын өнімдерді алдын-ала кептіруга арналған және сыртқы және ішкі қаптамаларының арасында ауалы канал 10 орналасқан тоннель 2 түрінде болады (3-сурет).

Тоннельдің ішкі және сыртқы қаптамалары жылу оқшаулағыш материалдан орындалады. Тоннельдің ішінде екі паралель транспортер 5 өтеді, олардың жоғарғы шынжырлары кептіргіш еденінен 1,3 м биіктікте орналасады. Шынжырлардың буындарына бір-бірінен 60 мм қашықтықта тістер бекітілген. Транспортерлер жоғарғы шынжырларда жатқан өнімі бар бастундарды 6 тоннель бойымен қозғалтады.

Кептіргіштегі ауа қозғалысы алты осьтік 3 және бір центрден тепкіш 8 желдеткіштер арқылы жүргізіледі. Екі осьтік желдеткіш 3 тоннельдің бүйір қабырғаларында өнімдер кептіргішке кіретін жерде орналасқан. Төрт осьтік желдеткіштер 8 камераның екінші бөлігінде төбеде жұптасып орналасқан. Осьтік желдеткіштер өнімдерді ауамен үрлеудің қажетті жылдамдығын жасайды, бұл олардың туралығын сақтауға көмектеседі. Өнімдердің үстінде ауаның біркелкі таралуы үшін жалюзи 9 қарастырылған.

Центрден тепкіш желдеткіш жұмыс істеп болған ауаны бір бөлігін камерадан шығаруға арналған. Ылғалды ауа цех бөлмесіне канал 7 арқылы шығарылады, таза ауа кептіргішке камера жабынындағы тесіктер арқылы кіреді (суретте көрсетілмеген). Канал мен тесіктер ортақ тартуы бар шиберлермен жабдықталған. Таза ауаны сору камераның артқы жағында орналасқан терезе 4 арқылы жүргізіледі.

Кептіргіш ауаны қыздыру тоннельдің сыртқы және ішкі тік қабырғаларының арасында орналасқан булы калориферлер 11 арқылы іске асырылады. Тоннельдің бірінші жартысында екі жағынан да алты қырлы калориферлер бір қатарға орналасқан, ал екінші бөлігінде әр жағында екі он бір құбырлы калориферден орналасқан.

Б6-ЛМБ ақырғы кептіргіші. Б6-ЛМБ желісінде ұзын өнімдерді ақырғы кептіруге арналған және қаптамасы Б6-ЛМВ алдын-ала кептіргішінде сияқты тоннель түрінде болады.

 

4-сурет. Соңғы кептіру Б6-ЛМВ

 

 

Тоннельде өнім салынған бастундарды кептіргіш бойымен қозғалтатын бес айдарлы транспортерлер 6 орналасқан (4-сурет).

Өнім салынған бастундар бір транспортерден одан төменірек екіншісіне шынжырлы алып-салғыштар 7 көмегімен ауысады.

Айдарлы транспортерлердің жұмысы олардың Б6-ЛМВ алдын-ала кептіргішіндегі жұмысқа ұқсас.

Тоннель ұзындығы бойынша үш кептіру аймақтарына бөлінген, олардың арасында ылғалсыздандыру камералары орналасады. Кептіру камераларында кептіргіш ауаның қозғалысы үшін бүйір және жоғарғы каналдар 11 болады. Әр камерада екі центрден тепкіш желдеткіш 2 (бір және екінші жағынан) және қырлы құбырлы сулы калориферлердің екі секциясы 5 орнатылған: бірінші аймақта – екінші және үшінші, төртінші және бесінші ярустардың арасында, екінші және үшінші аймақтарда – бірінші және екінші, үшінші және төртінші ярустар арасында.

Желдеткіштер бесінші (төменгі) айдарлы транспортерде орналасқан өнімдер арқылы өткен ауаны сорып алып, бүйір каналдар арқылы жоғары қарай жібереді. Бұл жерден ол бірінен соң бірін барлық ярустардағы өнімдерді жоғарыдан төмен қарай үрлей отырып, және калориферлерде жылытылып кептіргіш камераға бағытталады.

Таза ауа кептіргішке ылғалсыздандыру камераларының қабырғаларындағы тесіктер 1 арқылы сорылады. Пайдаланылған ауа тесіктер 8 арқылы бөлмеге шығарылады. Тесіктердің 1 және 8 заслонкалары автоматты түрде ашылып-жабылады.

Кептіргіштің соңында екі осьтік желдеткіш 9 орнатылған, олар ауаны бөлмеден сорып алып, оны калориферлер 10 арқылы айдайды да, кептірілген өнімдері бар бастундар шығатын жерден кептіргішке ауаның кіруін болдырмайтын ауалы завеса жасайды.

Кептіргіш камераның төменгі бөлігінде бос бастундарды өлшеуге қайтаратын шынжырлы транспортер 4 орналасқан. Су буларының конденсациясын болдырмау үшін кептіргіштің астында ыстық су өтетін арнайы құбырлар жүргізілген.

Кептіргіш ауаны температурасы мен ылғалдылығы кептіргіште берілген жағдайда автоматты реттеу жүйесінің көмегімен бір қалыпта ұсталып отырылады. Ауаның темпертурасы мен ылғалдылығын визуалды бақылап отыру үшін кептіргіш камераларда психрометрлер 3 қарастырылған

 

 

 

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Основная. И других работ в очагах поражения | Основные понятия и определения. Изучение данных вопросов необходимо для динамики движения центра масс механической системы, динамики вращательного движения твердого тела
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1630; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.