Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет 1.8 – сурет




Сурет 1.6 – сурет

Сурет 1.4 - сурет

1.3 – сурет. Сығымдағышы қалақшалы және бөлу басы жоқ қамырбөлгіш. 1- қабылдау шанағы; 2-сығымдаушы білік; 3-алынатын қалақша; 4-айналмалы барабан; 5-мундштук; 6-кесуші пышақ;

1.4 – сурет. Сығымдағышы қалақшалы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-қысым реттегіш; 2-өлшемді поршень; 3-бөлу басы; 4- қабылдау шанағы; 5-айналмалы барабан; 6-алынатын қалақ;

1.5 – сурет. Сығымдағышы роторлы бөлу басы жоқ қамырбөлгіш. 1-серіппе астындағы бөліп кесуші бекіткіш; 2-бекіткіш жолын шектеуші; 3- қабылдау шанағы; 4-сығымдаушы ротор; 5-қоректендіруші білік; 6-буферлі камера; 7-кесуші пышақ;

1.6 – сурет. Сығымдағышы білікті және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1- қабылдау шанағы; 2- сығымдаушы білік; 3-өлшеу камерасы; 4-поршеннің жолын реттеуші механизм; 5-бөлу басы;

 

1.7 – сурет. Сығымдағышы білікті, жылжытып әкететін құрылғысы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-қабылдау шанағы; 2-сығымдаушы біліктер; 3-қалыптаушы барабан; 4-барабан қабырғасы; 5-айналмалы кесуші пышақ;

1.8 – сурет. Сығымдағышы бұрандалы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-жылжымалы қосарланған өлшемді поршень; 2-бөлу басы; 3-сығымдаушы бұранда (шнек); 4-қабылдау шанағы;

 

 

2 – сурет. РМК-60 қамырбөлгіш машинасы;

Пішіндеу машиналарын жіктеу. Пісірілетін нан түрлеріне байланысты қамыр дайындамаларына әр түрлі пішін беру керек. Бұл пішіндердің түріне байланысты жұмырлау(домалақтау), жаймалау және т.б. машиналар болады.

Бұл машиналар өздерінің құрылымдары бойынша былайша жіктеледі: Цилиндрлі тасушы және спиральді пішіндеуші беттері бар қамыр домалақтау(жұмырлау) машиналары (1.а-сурет). Бұл машиналар массалары 0,8...2,0 кг қамыр бөлшектерін домалақтауға арналған. Мұндай машиналардың пішіндеу беттерінің ұзындығы 4,5 м дейін жетеді. Дөңгелектеу машинасы жылжымалы жасалынып цех ішінде кез келген жерге орналатылады. Дөңгелектеу уақытын қамыр бөлшектерін цилиандрдің кез келген жерінен салып өзгертуге болады. Бірақ мұндай машиналардың кемшілігі ондағы қамыр бөлшектерінің жеткіліксіз айналуына байланысты пішіндерінің домалақ болмауында.

Тасымалдау беті конус тәріздес ал оның сыртында конусты спиральдары бар қамыр дөңгелектеу машиналары (1.б-сурет). Бұл машиналарда массалары 0,4...1,8 кг қамыр бөлшектері дөңгелектенеді. Конус бетінің сыртына бір немесе екі спиральді пішіндеуші орган бекітілуі мүмкін. Мұндай машиналар қатарына “Бойкор Перкинс”, “Американ Фаунди” (АҚШ), “Викарс” (Англия), “Вернер унд Пфляйдерер” (ГФР), “Гостол” (Югославия) және басқалар жатады.

 

 

3-сурет. Қамыр дайындамаларын пішіндеу машиналарының схемалары а, б, в, г, д, е – қамыр домалақтау машиналары.

Пішіндеу машиналарының құрылымдары

“Гостол” дөңгелектеу машинасы төмендегі 2.2-суретте кқрсетілген. Машина төртбұрышты 2-станинаға орнатылған. Станина ішінде редукторы бар жетекші электрқозғаушы және жеке жетегі бар желдеткіш бекітілген. Желдеткіш спираль мен конус беттеріне жылы ауа береді. Станина 1-роликтерге, ал оған 3-басқару пункті орнатылған. Конустың сыртында төрт 5-тіректерге 6-пішіндеу спиралі оратылып бекітілген. Спираль беттеріне тефлон жапсырылған. Қамыр бөлшектерін өңдеуге кететін уақытты реттеу үшін конустың сыртына үш жерден қабылдау қондырғыларын бекіткен.

Конустың жоғарғы жағында 7-ұн себу құрылымы бар. Оның тербелмелі жетегінің арқасында ұнның біркелкі төгілуі қамтамасыздандырылған.

 

4-сурет. Маркасы Гостол қамыр дөңгелектеу машинасы. 1-ролик; 2-арқау; 3-басқару пульті; 4-конус; 5-тіректер; 6-спираль; 7-ұн себу механизмі.

 

Конусты тасымалдау органы бар ал оның ішінде пішіндеу спиралі орнатылған қамыр дөңгелектеу машиналары (1.в-сурет). Машина массалары 0,1...1,2 кг қамыр бөлшектерін өңдеуге арналған.

Мұндай машиналар қатарына маркалары ХТО, Т1-ХТН, және Т1-ХТС ТМД елдерінде шығарылатын машиналар жатады. Сонымен қатар мұндай машиналарды АҚШ-тың АМФ, Дей, Чемпион, Унион, Жапонияның Фуйисава фирмалары шығарады.

Төмендегі 1.3-суретте Т1-ХТН машинасы көрсетілген. Машинада массалары 0,2...1,1 кг қамыр бөлшектері домалақталынады. Машинаның 4-корпусының ішінде 2-электрқозғаушы, екі сатылы белдікті беріліс және 3-червякті редуктор орналастырылған. Қуысты 5-білікке 1-пішіндеуші спираль мен 10-ауа жеңі бекітілген. Бұл жеңнен машина ішіне жел беріледі, сондықтан қамыр бөлшектері пішіндеу немесе тасымалдау беттеріне жабыспайды.

Спиральді 8-диск пен 9-саусақша арқылы білік бойымен айналдырып бекітуге болады, ал 7-винт арқылы спираль мен тасымалдау бетінің арасындағы саңлауды реттеуге болады.

 

 

5-сурет. Т1-ХТН қамыр дөңгелектеу машинасы

1-орам тісті дөңгелек білік; 2-электрқозғаушы; 3-орам тісті редуктор; 4-коррпус; 5-қуысты білік; 6-қабылдау шанақшасы; 7-бұранда; 8-табақша; 9-саусақша; 10-жең; 11- пішіндеу спиралі; 12-құбыр.

Қамыр бөлшектері машинаға 6-қабылдағыш шанақ арқылы түсіріледі. Машина ішіне берілетін ауа 10-жеңге 11-құбыр арқылы жеткізіледі. Маркалары ХТО, Т1-ХТС машиналары жоғарыдағы машинадан өздерінің өлшемдерімен ғана өзгешеленеді, ал конструкциялық ерекшеліктерімен жұмыс істеу тәртібі бірдей.

Таспалы тасымалдау және пішіндеу беттері бар қамыр домалақтау машиналары. Бқл машиналар массалары 0,5...2,5 кг қамыр бөлшектерін өңдейді. Мұндай машиналар қатарына ГФР-ның “Вернер унд Пфляйдерер” фирмасы мен Венгрияның “Эльген” фирмасының машиналары жатады.

Машина (6-сурет) 3-көлбеу станинаға бекітілген. Станина екі 2- және 4-тірек бағаналарына тіреледі. Алдыңғы бағанда екі 1-роликтер, ал соңғы бағанда 5-штифтер бар. Тасымалдау беті болып 6, 8-таспалы транспортерлар есептелінеді.

1 2 3 4 5 6 7 8

 

6-сурет. Маркасы Эльген қамыр дөңгелектеу машинасы.

1-ролик; 2, 4-тіректер; 3-арқау; 5-штифт; 6-транспортерлар; 7- пішіндеу беті.

 

Олардың айналу бағыттары әр түрлі. Пішіндеу ролін де осы транспортерлар мен 7-қозғалмайтын бет атқарады. Машина жетегі электрқозғаушы мен червякті редуктордан тұрады. Олар екі тірек бағаның ішінде. Машина жұмысы 9-редуктор, 10-Гук шарнирі арқылы 11-біліктің айналуынан басталады. Жетекші барабандар 14-шынжыр арқылы жалғасқан. Диаметрлері әр түрлі 14 және 14-жұлдызшалардың көмегімен конвейерлер әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.

 

 

Таспалы қамыр пішіндеу машиналарының қатарына TOOS машинасы да жатады.

Таспалы жазық бетті тасымалдау органы мен сфералық пішіндеу органы бар машиналар. Мұндай машиналарда (3.д-сурет) сфералық пішіндеу органы жазық бетте айналады да белгілі бір периодта көтеріліп астындағы қамыр бөлшектерін босатады. Ол массалары 0,01...0,15 кг қамыр бөлшектерін домалақтауға арналған, жазық бетті транспортер үстінде бірнеше сфералар орнатылады.

Айналмалы барабанды және цилиндр табанды тасымалдаушы, пішіндеуші органдары бар қамыр өңдеу машиналары (3.е-сурет). Транспортер таспасы барабан ұяларында орналасқан қамыр бөлшектерін пішіндеуге және олардың жылдамдықтарының әр түрлі болуына байланысты қамыр бөлшектерін айналдыруға арналған. Бұл машиналар массалары 0,04...0,12 кг дайындамаларды өңдейді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1691; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.