Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница. Принципы обеспечения радиационной безопасности




Принципы обеспечения радиационной безопасности

Цель защиты человека от воздействия ионизирующих излучений - предупредить любое его поражения.

Защитные мероприятия должны иметь комплексный характер и быть направлены на постоянный контроль уровней радиоактивного загрязнения внешней среды, продуктов питания и воды, снижение доз внешнего и внутреннего облучения.

Основным правилом, которым следует руководствоваться при установлении допустимой дозы, является то, что любой вид облучения должен считаться вредным для человека, и чем больше доза, тем она вреднее.

В основу критериев радиационной безопасности человека положено сведения о биологическом действии радиации.

Основные принципы:

- Не превышать основной установленного предела дозы;

- Исключить любое необоснованное облучение;

- Снизить дозы излучения до возможно низкого уровня.

 

 

Кез-келген ақпарат жүйесін жобалау процессінің негізгі бөлігін жобалау әдістері және технологиясы құрайды. АЖ-н жобалау әдістері тұрғызылудағы АЖ-ң анықталған бір нотацияны қолдану арқылы түрлі аспектілерін сипаттауға арналған бірнеше модельдерді құрудың ұйымдастырылған процесстер жиынтығын білдіреді.

АЖ-н тұрғызудағы формальды деңгейде әдістер келесі құрамдық көрсеткіштерден анықталады:

1. тұжырымдамалар және теориялық негіздеу. Негіз ретінде құрылымдық және объектке бағытталған көзқарас алынады;

2. нотациялар – тұрғызылудағы АЖ-н динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуға арналған. Нотациялар ретінде әдетте графикалық диаграммалар қолданылады. Мысалы, «мән-байланыс» диаграммасы – құрылымдық қарастыру үшін, қолдану варианттары диаграммасы, класстар диаграммасы - объектке бағытталған қарастыруда.

3. процедуралар - әдістерді практикада, тәжірибеде қолдану (модельдердің тұрғызылуының тізбегі және ережелері, нәтижелерді бағалау критерийлері).

Әдістер нақты технологияларды және оларды қолдайтын әдістемелер, стандарттар, АЖ-н өмірлік циклының кезеңдерінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін инструменталдық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асады.

АЖ-н жобалау технологиясы – АЖ-н жобасын нәтиже ретінде көрсететін жобалаудың технологиялық операцияларының жинағы.

Технологияға қойылатын талаптар:

АЖ-н жобалаудың қазіргі кездегі технологиясы келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • ISO/IEC 12207 стандартына сәйкестілігі (АЖ-н ӨЦ кезеңдерін қолдау);
  • АЖ-н тұрғызу мақсатына бекітілген бюджет шеңберінде, анықталған сапа және белгіленген уақытта жету;
  • Жобаны декомпозициялау мүмкіндігі;
  • Жобалық шешімдердің АЖ-н тұрғызуды жүзеге асыру құралдарына тәуелсізідігі (МББЖ, ОЖ, программаны құру тілдері).

Кез-келген АЖ-н жобалау технологиясын нақты түрде қолдану белгілі объектте және белгілі жобада бірнеше стандарттарды қолдануды талап етеді:

§ Жобалау стандарты;

§ Жобалық құжаттарды рәсімдеу стандарттары;

Ақырғы қолданушы және жүйе интерфейсі стандарты.

Ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы– ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз [7]. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:

  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.

Кесте1. Ақпарат жүйесі құрылымына қойылатын талаптар

Есеп кешені Есеп атауы Кіріс ақпарат Шығыс ақпарат Қолданушылар
Маркетинг тік зерттеулер және талдау жүргізуді автоматтан дыру Ішкі есеп беру     Маркетолог
Ағымдағы ақпаратты жинау Сұраулар Зерттеу ақпараты Маркетолог
Маркетингтік зерттеулер жүргізу Қажеттіліктер Зерттеулер негізінде есеп беру Маркетолог
Маркетингтік ақпаратты талдау Ұсынылымдар Талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер Маркетолог

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпараттық жабдықтау экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпараттық жабдықтау төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:

- Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;

- Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;

- Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;

- Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпараттық жабдықтау 5 кестеде көрсетілген.

Кесте2. Ақпараттық жабдықтау

Элементтер Сипаттамалар
Ақпараттық технология Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі Реляциондық
Кодтау жүйесі Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Ұйымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады:

- Есептеу құжаттары бойынша ақпарат;

- Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар.

Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау, қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің

Іс - әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек:

- басқаруды ұйымдастыру құрылымы;

- қызмет етуі бойынша нұсқаулар;

- операторларға нұсқау;

- қызметтердің орындалуы мен тәртібі;

Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек:

- объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға, дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау;

- нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау;

- барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау;

- ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған шектеулерден шықпау;

- есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге ғана ұсыну.

Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс - әрекеттер көрсетілуі керек.

Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды. Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні құрудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.

АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер Нысанның негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.

АЖ құқықтық жабдықтау– АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік құжаттар жиынтығынан тұрады.

Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін арналған.

Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық қамтамасыз ету– АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.

Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.

Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген Нысанның, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.

Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;

- Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;

- Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;

- Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.

Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:

- есептеу техникасының құралдары;

- телекоммуникация мен байланыс құралдары;

- /ЛВС/ жабдықтау құралдары;

- әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;

- ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.

Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.

Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

- монитор SVGA, тышқан, стандартты 107 пернелер тақтасы;

- процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс;

- жедел сақтау 32 MBt және жоғары;

- винчестер 600 MBt және жоғары;

- UPS;

- Дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;

- Windows 9x және жоғары операционды жүйе;

- Принтер.

Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет. Техникалық жабдықтау 6 кестеде көрсетілген.

 

Кесте3. Техникалық жабдықтау

Техникалық құралдар атауы Физикалық модуль Сипаттамалары
ДЭЕМ Intel Pentium 4 Процессор Зерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор Батырмалар тақтасы Тышқан Intel, 2.4MHz   512Mb 120Gb 17 дюймдік 102 батырмалы 2 баспалы
Принтер Принтер HP LaserJet
Факс – модем Факс – модем Sony – 42S
Телефон Телефон Panasonik

 

Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.

Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:

1) өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,

2) сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.

Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

- Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;

- Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;

- Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;

- Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.

Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

- Қарапайым блоктарды декомпозициялау;

- Қолданбалы программалық пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандарттарды іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану;

- Программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Программалық қамтамасыздандыру– АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді.

Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек: МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;

- МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;

- қаржы несие функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;

- МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;

- шығу мәләметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.

Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:

- жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;

- диалогтың икемді болуы;

- абсолютті түсінікті болуы;

- қолданудың қарапайымдылығы;

- үйренуге жеңіл болуы;

- жұмыс үзілгеннен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;

- жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;

- тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.

Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық жабдықтау 4 кестедегі талаптарға сәйкес келуі керек:

Кесте4. Программалық жабдықтау

Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
Операциялық жүйе Microsoft Windows NT Server 4.0 Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
Microsoft Windows NT Workstation 4.0 MS Office XP Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Microsoft Windows 2000 Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
МББЖ Microsoft Access 2003  
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphi 7 Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
  Paradox 7 Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.
Қорғау
ОЖ паролі Желіге енуді бақылайды.
МББЖ паролі МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

Ақпаратты қорғау мен программалық құралдарына қойылатын талаптар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1845; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.