Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Проколдар. Ø TCP/IP {Transmission Control Protocol I Internet Protocol)




Ø TCP/IP {Transmission Control Protocol I Internet Protocol)

Ø RIP {Routing Information Protocol)

Ø ICMP {Internet Control Message Protocol)

Ø FTP {File Transfer Protocol)

Ø HTTP {Hyper Text Transfer Protocol)

Ø POP {Post Office Protocol)

Ø SLIP {Serial Line Internet Protocol)

Ø РРР {Point-to-Point Protocol

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Протоколдар моделі немесе эталондық модель дегеніміз не?

2. протоколдардың әр қайсысының қызметі?

3. Протоколдар стегі?

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Леонтьев, Б. К./ Б. К. Леонтьев Энциклопедия WEB-дизайнера /. - 7-е изд., испр. и доп. - М.: Новый издат. дом, 2004. - 640 с

2. Прохода А.Н. / А. Н. Прохода. - М Обеспечение интернет- безопасности: практикум.: Горячая линия-Телеком, 2007. - 180 с.

3. Баловсяк Н. Интернет: Новые возможности. / Н. Баловсяк. - СПб.: Питер, 2008. - 304 с. - (Трюки & эффекты)

4. Билл Сандерс. Flash 5 Эффективная работа. – СПб: Питер 2001. – 352 с.


№ 3-тақырып. Домендік аттардың жүйесі. DNS-сервер. Web-парақтарын қарайтын программа-браузерлер және web-серверлер. URL-мекеннің форматы. – 2 сағат

Жоспары:

1. Браузерлер және танымал версиялары

2. Домен жүйесі және оның деңгейлері.

 

Дәрісның мақсаты: Интерент программалау пәнінің ең негізгі түсініктерімен таныстыру. Бұлар браузерлер, протоколдар және домен жүйесі.

 

Web сайттар жиынтығы web-торап деп аталады.

Браузерлер интерактивті программа, оның көмегімен www интернет қызметі арқылы желідегі ақпараттарды қарап шыға аламыз. Желіде web-құжаттар көп компьютерге үлестірілген. Бұл құжаттар арнайы тілдер арқылы жасалады, мысалы HTML, JAVA.

Web-броузерлер программалары күрделі құрылымдар болып табылады. Web-құжаттар сайттар түрінде Web-серверлерде орналастырылады.

Сервер – тұрақты қарапайым есепті орындайды.

· Қандай да бір браузердің байланысты ашуын және керекті Web- webрақты ашуын аталп етеді;

· Талап етілген деректер көшірмесін желіге береді;

· Байланысты жабады және келесі байланысқа сұранысты күтеді.

Құжатқа қатынас жасау және оны бейнелеуді браузерлер ұйымдастырады. Сондықтан, браузерлер бір немесе бірнеше ірі программалық компьютерден тұрады немесе олар өзара тығыз байланыста болады. Әдетте браузерге әртүрлі клиенттер, интерпритаторлар және контроллер кіреді.

Контроллер – басқа элементтерді басқарады және броузердің орталық бөлігін құрайды. Ол тышқанды басуын, пернетақтаны енгізуін интерпритациялайды, мағыналайды және қолданушы таңдаған операцияларды орындауға басқа компоненттерді шақырады.

 

v 1990 жылдардың бірінші жартысынан бастап, Интернет желісіндегі, ең алдымен, Ғаламтор өрмегіндегі жұмыс үшін, арнайы бағдарлама-браузерлер құрылды (ағылшын тілінен аударғанда “browse” - просмотр - көру, қарау). Ресей тәжірибесінде «браузер» атауы нық орын алған, бірақ кейбір жағдайларда орыс тіліне төте аудармасы пайдаланылады: “программа-просмотрщик” немесе “обозреватель -шолушы ”.

v Практикалық тұрғыда Атақты браузерлер тегін таратылады:: InternetExplorer (MicrosoftWindows), MozillaFirefox (тегін,еркін ПҚ), Safari (MacOS және Windows үшін тегін), Opera (тегін,мына версии 8.50 бастап), GoogleChrome (тегін, ПҚ), Avant (тегін ПҚ) (1-сурет).

Браузер, бұл интернет желісінде қарапайым және форматталған тексттермен қолдануды реттейтін программа.

1-сурет. Браузерлердің логотиптері.

 

Домендік адрестер.

Цифрлық адрестер-бұл да компьютердің қарым-қатынасы арқасында түсінікті болды. Цифрлық адрестерді айту және жаттау қиын. Сондықтан Internet-тегі компьютерлерге аттар беріледі. Internet қолданбалы программалары компьютердің сандықадрестерінің орнына аттар жүйесін қолданады.
Бұл аттарды қолданудың тиімсіз жақтары да бар. Біріншіден, екі компьютерге бір ат берілмеуін қадағалар отыру керек. Сонымен қатар адамдарға тиімді аттарды сандық адрестерге айналуын қадағалап, қарау керек. Сіз программаға атты көрсетуіңізге болады, бірақ та сол адресті іздеу жолы болуы керек.

Internet–тің жаңа қалыптасу кезінде аттарды
қолдану жеңіл болды. Желілік ақпараттар орталығы (NIC) арнайы тіркеу қызметін жасап отырды. Сіз толтырылған бланкіні электрондық қызмет жолдары арқылы жібересіз, сонда NIC Сізді өзінің аттар және адрестер тізіміне қосады. Бұл файл Hosts депаталады. Аттар қарапайым сөздерден тұрады. Сіз атты көрсеткенде сіздің
компьютеріңіз осы файлдың ішінен іздеп, адресті
көрсетеді.

 

Интернет жүйесіндегі аттарды оңай еске ұстау үшін DNS (Domain Name System) механизмі қолданылады. Ол DNS серверінің көмегімен атқарылады. Компьютерді IP символдық атпен табу үшін серверге сұраныс жіберіледі. Бұл процесс кері бағытта орындалуы мүмкін (символдың аттарын IP адресі бойынша табу).

DNS-сервер — тиісті хаттама бойынша жіберілетін сұрақтарға жауап беретін қосымша жабдық. Сонымен қатар "DNS – сервер" деп қосымша іске қосылатын хоста айтылуы мүмкін.

 

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Желілерді байланыстыруды ұйымдастырудың негізгі жолдары?

2. DNS (Domain Name System) домендік аттар жүйесі?

  1. Браузер құрылымы қандай?
  2. Клиенттер қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Міндетті клиенттер деген не?
  4. Міндеттісіз клиенттер деген не?
  5. Браузерлердің кейбір қасиеттерін атаңыз.

Негізгі әдебиет: 8 нег [63-77], 9 нег [23-133]

Қосымша әдебиет: 1 қос [84-106 ], 2 қос [4-7 ]

№4 тақырып.

Клиент және сервер жақтарында орындалатын технологиялар. Сервер ортасының айнымалысы. CGI технологиясы, сұраныс және жауап тақырыпшалары.PHP даму тарихы және қолдану мүмкіндіктері (1-сағат).

Жоспар:

1. Клиент-машинада орындалатын бағдарламалар.

2. Серверде орындалатын бағдарламалар.

3. Қанық интернет қосымшалар.

4. CGI скриптері және қолданылуы.

5. РНР бастапқы версиялары.

6. РНР мүмкіндіктері

Дәріс мақсаты – РНР тілінің тарихы мен бастапқы версияларымен таныстыру, сонымен қатар РНР дің ең негізгі мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен таныстыру.Клиенттік және серверлік қосымшалар, құжаттың объектілік моделі түсініктерімен танысу.

 

Ереже бойынша, Веб-қосымшалар – клиент ретінде браузер ал сервер ретінде веб-сервер болатын қосымшалар. Клиентсіз және серверсіз ешқандай НТТР-алмасу мүмкін емес. Бірақ клиент пен серверден бөлек веб-сеанста веб-бағдарламалаудың объектсісі болып табылатын басқа да бағдарламалар қатыса алады.

Веб-қосымшаның нәтижесі болып браузер терезесінде көрсетілетін веб-беттер табылады. Сонымен қатар веб-қосымшаның өзі клиенттің компьютерінде де сервердің компьютерінде де орындала алады. Екі схеманы қарастырып көрейік.

Клиент-машинада орындалатын бағдарламалар

Клиент-машинада орындалуға арналған бағдарламалар типінің бірі болып сценарийлер болады, мысалы, JavaScript (VBScript). Сценарийдің негізгі мәтіні веб-беттің бір бөлігі болады, сондықтан JavaScript сценарийі клиентке өзі кіретін документпен қоса беріледі. HTML-құжатты өңдей отырып, браузер сценарийдің негізгі мәтінін тауып оны орындауға жібереді.

Серверден клиент-машинаға берілетін және орындалатын барлық бағдарламаларға бір ортақ талап қойылады: бұл бағдарламалардың өздері орындалатын компьютердің ресурстарына қатынау мүмкіншілігі болмау керек. Бұндай талап толығымен негізделген. Өйткені Java-апплеттердің және JavaScript-сценарийлердің желі арқылы берілуі және орындалуы қолданушының араласуынсыз автоматты түрде орындалады, сондықтан бұл бағдарламалардың жұмысы компьютер үшін мүлдем қауіпсіз болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, клиент-машинада орындалатын, бағдарламаларды жасауға арналған тілдер вирустар жазуға немесе басқа да бағдарламалар жазуға жарамсыз болуы керек.

Серверде орындалатын бағдарламалар

Серверде жұмыс істейтін бағдарламаның коды клиентке берілмейді. Клиенттен арнайы сұраныс алған кезде сервер оны орындауға жіберіп сұраныстың құрамына кіретін параметрлерді жібереді. Бұндай сұраныстарды генерециялауға арналған құралдар әдетте HTML-құжаттың құрамына кіреді.

Бағдарлама өзінің жұмысының нәтижелерін HTML-құжат түрінде дайындап оны веб-серверге береді, ал соңғысы өз кезегінде алынған мәліметтерді HTTP-тақырыппен толықтырып оны клиентке береді.

 

Бағдарламаны орындау және параметрлерді беру

 

 

Сурет 5.1. Клиенттің серверде орындалатын бағдарламамен өзара әрекеті

РНР тілі практикалық есептерді шешу мақсатында жасалған құрал ретінде пайдаланды. Оның құрастырушысы Расмус Лердорф,алғашында өз сайтында, оның online резюмелерiн қанша адам оқып отыратын бiлгiсi келдi, сол мақсатта қарапайым CGI – қабықты (оболочка) Perl, яғни Perl скриптінінен құралған қабықты жазады және оның ең басты мақсаты – сайтқа кіріп шығуды санайтын статистиканы жүргізу болды.

Анықтама үшін CGI (Common Gateway Interface – шлюздердің жалпы интерфейсі) НТТР протокол негізінде жұмыс істейтін серверлік қосымшаларды құрастыруға арналған стандарт болып табылады. Мұндай қосымшаларды (оларды шлюздер немесе CGIпрограммасы деп атайды) нақты уақыт тәртiбiнде серверлермен iске қосылады. Сервер CGIнiң қолданушысының сұрау салуларын алып бередi,ал олар қолданушыға өз жұмысының нәтижесiн экранға қайтарып береді.Осылайша, пайдаланушы динамикалық ақпаратты ала алады және ол әр түрлә факторлардың әсерінен өзгеріп тұруы мүмкін. Ао шлюз (скрипт CGI) программалау тілдерінің кез келгенінде жазылуы мүмкін – Cи/C++, Fortran, Perl, TCL, UNIX Shell, Visual Basic, Python және т.б.

Біраз уақыт өте, қабықшаның өнімділігі төмен болғандықтан, оны қайтадан енді, Си тілінде толықтырып, жазуға тура келдi. Осыдан кейін түпнұсқалар көпшіліктің назарына қателер мен қосымшаның түзетуi үшiн берілді. PHP орналасқан сайттағы сервердің пайдаланушыларына бұл өосымша инструмент ретінде қызықты болды және онымен жұмыс келген пайдаланушылар аз болған жоқ. Осылайша, РНР жекеленген проект ретінде 1995 жылы пайда болып, ең алғашқы версиясы Personal Home Page Tools (жеке беттермен жұмыс істеуге арналған құралдар) деген атпен жарияланады. Бұл бірнеше командаларды түсінетін кодтық анализатор, және утилиталардың жиынтығынан құралған (олар қонақ кітабын, статистиканы бақылайтын счетчиктер, чат және т.б. жасауға арналған).

1995 жылдың ортасына таман жағартылған РНР тілінің екінші версиясы шығады, оның аты PHP/FI(Personal Home Page / Forms Interpreter – персоналды веб бет/форманың интерпретаторы). Бұл қазіргі кездегі қолданып жүрген РНР дің базалық мүмкіндіктерді қосқан, сонымен бірге html-формаларды және html-кодтарға құрастырылу мүмкіндіктері пайда болды. Бұл РНР версиясы Perl синтаксисіне қатты ұқсады,бірақ біраз жеңілдірек болды.

1997 жылы РНР дің Си реализациясындағы PHP/FI 2.0 екінші версиясы жарық көреді. Бұл уақытта РНР тілін бірнеше мың адам қолданып жүрген, 50 мыңға жуық домені бар, ал бұл Internet домендерінің 1% құраған. РНР құрасытырушылардың саны бірнеше адамға дейін өсті, бірақ сонда да бұл бір адамның үлкен проектісі ретінде әлі де қала берді. PHP/FI 2.0 версиясы ресми түрде 1997 жылдың қараша айында жарық көрді, ал оның алдында тек бета версиясы ретінде ғана жарық көрген. Кейінірек оны РНР 3.0. альфа версиясымен ауыстырды.

РНР 3.0 версиясы, бүгінгі таңдағы қолданылып жүрген РНР версиясына келеді. Оның PHP/FI 2.0 версиясынан айырмашылығы өте зор болған және ол белгілі бір қолданбалы есептерді шығара алатын қрал ретінде пайлануға болды. Оның құрастырушылары Энди Гутманс (Andi Gutmans) және Зив Сураски (Zeev Suraski) болды, олар 1997 жылы PHP/FI 2.0 кодын жаңадан жазды. Бұл версияның басты ерекшелігі, оның ядросынының кеңейтілу мүмкіндігі. Осы кеңейтілу мүмкіндігі көптеген құрастырушылардың назарын аударды, себебі олар енді бұл ядро негізінде өздерінің модульдерін жаза алды. Сонымен бұл версиясы мәліметтер қорымен,әртүрлі протоколдармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. РНР 3.0 версиясының жарықкөруімен бірге оның аты да өзгерді, енді ол рекурсивті акроним ретінде жазылды, яғни РНР: Hypertext Preprocessor, бұл дегеніміз РНР: гипертексттік препроцессор деп аударылды.»

Ресми PHP 3.0 1998 жылдың маусымында шықты, 9 ай ашық тестілеуден кейiн. ЭндиГутманс және Зив Сураски бірігіп, қысқа таман PHP ядросының өңдеулерiн бастады. Олардың жоспарына қосымшалардың жұмыс өнiмдiлiгiн арттыру және PHPның негiзгі кодтың модулдерін жақсарту болды. 1999 жылы PHP 4.0 өнделіп шығарылады. Қазір РНР веб беттерімен жұмыс жасайтын программистердің көбісі осы тілді пайдалануда, қазіргі таңда бұл тілде миллиондаған сайттар жазылған, ал бұл Интерент желісіндегі 30% домендер санын құрайды.

РНР мүмкіндіктері

«РНР барлығын да істей алады», бұл оны құрастырушылардың сөздері. Әрине, расында да РНР мүмкіндері өте зор. Сонымен, біз негізгі үш салаларды қарастырайық:

 

Сурет 1- РНР мүмкіндіктері

 

Сонымен РНР тілі көптеген салаларда қолданылуы мүмкін, соған қарамастан осындай мәселерді шеше алатын көптеген басқа да программалау тілдері бар. Бірақ неліктен РНР? Біріншіден, бұл тілді меңгеріп алу өте ыңғайлы, бастапқы синтаксистерді жаттап алсаңыз жеткілікті. Соны біле тұра, сіз кез келген программаларды жаза аласыз.

Екіншіден, РНР көптеген белгілі барлық платформаларда жұмыс жасай алады, көптеген операциондық жүйелерде және ең танымал серверлерде қолданыла береді.

РНР да программалаудың екі парадигмасы да қолданылады бұл – обьектілік және процедуралық. РНР 4 процедуралық программалауды қолдайды және сонымен біргебұл программаны обьектілік стилде де жазу мүмкін. РНР 5 те обьектілі программалаудың көптеген мүмкіндіктері пайда болды. Осылайша, сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген стилде жұмыс жасай аласыз.

Қазіргі кездегі РНР ның мүмкіндіктері өте зор: РНР көмегімен сурет жасау мүмкіндігі, PDF –файлдар, флэш-роликтер, олардың ішіне қазіргі кездегі қолданыстағы ең танымал мәліметтер қоры, кез келген форматтағы текстік мәліметтермен жұмыс жасайтын көптеген функциялар, XML ды қоса, файлдық жүйелермен жұмыс жасайтын функциялар да аз емес және көптеген протоколдармен жұмыс жасайды. Сонымен бірге Java обьектілерімен Алшақтағы обьектілеррге қол жеткізу үшін CORBA кеңейтілуін пайдалануға болады.

PHPның мәтiндiк мәлiметi бар жұмыстар үшiн Perl және UNIXтiң тiлiнен жүйелi айтылулары бар жұмыстың тетiктерi (ептеген өзгерiстермен) мұра еттi - жүйелер. API де, DOM және SAXтiң стандарттары да өңдеулер үшiн XML - құжаттар үшiн XSLT қолдануға болады.

Электрондық коммерцияның қосымшаларының жасау үшiн Cybercash, CyberMUT, CCVSтың пайдалы функцияларының көмегімен төлемдерді жасайтын функциялар пайдаланылады.

 

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

 

1. РНР программалық тілін құрастырушысы кім?

2. РНР тілінің қанша версиясы бар және олардың бір бірінен даму кезеңіндегі ерекшеліктері?

3. РНР тілінің негізгі мүмкіндіктері?

 

Негізгі әдебиет: 1 нег [63-77], 2 нег [23-133]

Қосымша әдебиет: 3 қос [84-106 ], 4 қос [4-7 ]

 

 


 

Тақырып 5. РНР мен жұмыс жасау үшін программалық қамтамасыздандыруды орнату (2-сағат).

Жоспар:

1. Локалды веб сервер

2. Windows үшін Denwer3_Base локалды вебсервері

3. Орнату қадамдары

 

Дәрістің мақсаты- РНР тілімен жұмыс жасау үшін Windows операциондық жүйесіне арналған Denwer3_Base локалды веб серверін орнатумен таныстыру.

Программалық жабдықтаманы орнату және күйге келтіру

Тілдің мүмкіндіктерін талқыладық, қолдану орталарын қарастырдық, тарихыноқып білдік. Енді қажетті жабдықтарды орнатуға болады. Курстың іс-тәжірибесі негiзі ретiнде есептерді қарастыратын болсақ біз сервермен өңделетін, клиент-сервер технологиясы сәйкесінше PHP арқылы орындалатын скрипттарды құру үшін бізге web - серверPHPиинтерпретаторын орнату қажет.

Web-сервер ретінде web-әзірлеушілер ішінен ең белгілісін мысалға, Denwer3_Base_2008-01-13_a2.2.4_p5.2.4_m5.0.45_pma2.6.1,-ді таңдаймыз. Программа қорытындысын көру үшін бізге web-браузер мысалы, Internet Explorer қажет болады.

Windows XP-ға Denwer3_Base_2008-01-13_a2.2.4_p5.2.4_m5.0.45_pma2.6.1 орнату.

Бір нәрсені орнату үшін алдымен сәйкес программалық жабдықтамаға ие болу керек. Apache –ты орнату үшін программалық жабдықтаманы мысалға, оның ресми сайтынан жүктеуге болады http://www.apache.org. Біз Denwer3_Base_2008-01-13_a2.2.4_p5.2.4_m5.0.45_pma2.6.1. файлын жүктеп алдық. Бұл Windows –қа Apache серверін автоматты орнатушы (басқаша- wizard). Бұл программа қандайда бір программалық жабдықтаманы компьютерге өздігінен орнатуға тырысады бұл жағдайда ол сервер. Орнатушы файлын іске қосқанда келесі терезе ашылады. (сурет. 1.1).


сурет 1.1. Apache серверінің автоматты орнатылуы.

HTTP- Apache серверінің 1.3.29 нұсқасын өзіңіздің компьютеріңізге орнату үшін Enter батырмасын басу қажет. Бұл программа орнатылған web-сервер ді өзгертуге немесе жоюға жол береді.

Enter батырмасын басқаннан кейін сіздің веб программа виртуалды дискті құруға ұсыныс жасайды (сурет.1.2).


сурет 1.2. Виртуалды дисктің құрылуы

С дискіге орнатылғаннан кейінWebServers директориясы құрылады.

Home директориясында біздің локалды сайттарымыздың файлдары сақталады, мысалға test1.ru,php-файлдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін оны мысалға, 1.php файл атымен C:\WebServers\home\test1.ru\www дсректориясына сақтау қажет.

Кейін оны браузерде ашу керек http://test1.ru/1.php.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 833; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.