Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Цементаторлар




 

Байланыстырғыштардың (цементаторлардың) рольі.

 

Құрамның мықтылығы жоғары болу үшін жоғары қысымда қысып (престеп) мақсатқа жету мүмкін емес.

Заттың мықтылығын арттыру үшін құрамға байланыстырғыш енгізеді (кейде оларды цементаторлар деп атайды). Цементатор ретінде жасанды және табиғи смолалар, каучук және басқа да органикалық заттар қолданылады. Егер цементатор бірдей уақытта жанғыш болса, онда жану процесі баяулайды және құрамның химиялық тұрақтылығы артады.

Мықтылықты анықтау үшін оны бұзатын күштің мөлшерімен анықталады. Ол үшін пиротехникалық құрамнан тұратын цилиндрлі үлгіні арнайы сынақ машиналарында бұзады. Үлгіні (әдетте диаметрі 20 мм ұзындығы 30 мм) екі болат пластина арасына орналастырып, екі болат пластинаны тұрақты жылдамдықта, баяу қозғалыста бір-біріне жақындатады. Осы кезде үлгіні бұзуға кеткен күш бойынша мықтылығын анықтайды.

Үлгінің мықтылық шегін a деп белгілеп, келесі формуламен анықтаймыз:

 

a = Pmax/S

 

Pmax – үлгіні бұзуға қажет күш

S – үлгінің көлденең қимасының ауданы см2.

 

 

Мықтылыққа әсер ететін факторлар

 

Қысылған (престелген) заттың мықтылығы келіслерге тәуелді:

1. тотықтырғыш-жанғыш негізгі қоспаның қасиетіне;

2. байланыстырғыш қасиетіне және оның құрамдағы мөлшеріне;

3. компоненттердің ұнтақталу дәрежесіне;

4. құрамға байланыстырғышты енгізу тәсіліне; құрғақ түрде, ерітінді түрінде (лак), ерітінді концентрациясына және тағы басқалары;

5. қысудың (престеудің) меншікті қысымына және қысымда ұстау уақытына;

6. құрам тығыздығының биіктігіне және биіктік пен диаметр қатынасына.

Заттың қысылуы қысылудың меншікті қысымынан 20-25 % артық болмайды. Ұзындығы диаметрінен 1,5 еседен артық болмау керек.

Құрамның ішіндегі қысымды келесі формуламен анықтаймыз:

 

Рһ = Pе-Аһ

р – пуансон қысымы

е – натурал логарифмнің негізі

А – пропорционалдық константа

 

 

Байланыстырғыштардың жіктелуі және олардың қасиеттері.

 

Жиі қолданылатын байланыстырғыштар:

1. жасанды смолалар – идитол, бакелит, эпоксидті смолалар және басқалары;

2. шынай смолалар және оларды өңдеу өнімдері: канифоль, резинаттар;

3. кебетін май – олифу;

4. клей – декстрин.

Сонымен қатар әртүрлі асфальттар мен битумдар қолданылады. Кейбір жағдайларда сәйкес ерітіндідегі нитроторлар мен каучуктар қолданылады. Нитроторлар үшін спирт-эфир қоспасы, ацетон, ал каучук үшін бензол, бензин және тағы басқалары қолданылады.

Қатты пиротехникалық отында байланыстырғыш ретінде полиуретандар, тиоколдар, каучуктар қолданылады.

Смолалардың сипаттамалық қасиеттері:

1. суда ерімейді;

2. органикалық еріткіштерде ериді;

3. смола ерітінділері кепкенде қабықша түзу қабілеті;

4. шіру процесіне барынша қарсы тұрады.

Смолалардың белгілі түрлері:

Идитол – С13Н12О2. Бакелит – С12Н11О2. Канифроль – С20Н30О2. Резинат – (С20Н29О2)2Са. Олифа – С16Н26О2. Декстрин – (С6Н10О5)n.

 

 

2.3. Электр разрядындағы реакциялар

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 649; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.