КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
New командасы. Windows, Messages, Sys Utils, Classes,
End. Implementation Var Type Uses Interface
Windows, Messages, Sys Utils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
TForm 1 = class (TForm) Private {Private declarations} public {Public declarations} end; Form 1: TForm 1;
{SR *. DFM}
Проектіні сақтау және ашу Проектіні дайындап болған соң оны сақтау үшін File-Save Project As не File-Save Project All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульді сақтауды сұралатын Save Unit1 As атаулы терезе көрінеді. Проект сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Project (C:\Program Files\Borland\Delphi5\Project) бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы Сақтау терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда сақтағаны жөн. Ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Жаңа бума құру тәсілі: - сақтау сұралатын терезенің Жаңа бума құру түймесін шерту. Бума белгішесі терезеде орналастырылып қойылады; - клавиатурадан бума атын енгізу; - буманы екі рет шертіп, ашу; - терезенің Файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Модуль.pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрінеді; - Файл аты өрісіне проект атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Проект файлы.dpr кеңейтілуі бойынша сақталады да, Негізгі модуль атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.
Мұндағы ескеретін жайт: модуль мен проектіні бірдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бірақ молульді басқа проектілерде де пайдалану мүмкін. Сондықтан оларды түрлі атаулар бойынша сақтау керек. Сақтаулы проектіні ашу үшін File-Open Project командасының берілуі тиіс. Көрінген терезеден қажетті буманы ашып, онда көрінген проект атауын екі рет шертсе болғаны. Ескерту. Файл атауы латын әріптері, цифрлар және астын сызу белгісінен тұруы мүмкін, оның цифрдан басталуына рұқсат етілмейді. Басты терезенің тақырыбы бойынша проектінің қай режимде ашық тұрғанын анықтауға болады.
Меню жолында қосымшаларды өңдеу және тестілеу үшін қажет командалар бар және олар кез келген стандартты Windows-меню сияқты қолданылады. Саймандар тақтасы. Саймандар бас менюдің кейбір командаларын орындайды. Бұл панельде проектіні дискіде сақтау батырмалары, проектіні ашу, программаны орындауға жіберу батырмалары бар. Компоненттер палитрасы пиктограммалар жинағы түрінде орналасқан. Жинақтар жиынтығы визуальды компоненттер кітапханасын құрайды (VCL – Visual Component Library). Компоненттердің бірнеше категориялары бар, олардың әрқайсысында өз қосымшасы бар. Компоненттер палитрасы көмегімен формада компоненттер экземплярларын құрамыз (немесе объектілер). Форманы проектілеушінің терезесі – компоненттер палитрасында бар компоненттер программалар жиналатын басты орын. Форманың өзі – бұл орындалуға дайын программа. Форманың көрсетілген орнына объект – таңдалған тип компонентінің экземпляры қойылады. Объектілер инспекторының терезесі (Object Inspector) – тышқанды шертумен шақырылған қандай да бір компонент немесе форманың өзінің қасиеттерін бейнелейді. Шақырылған компонент аты терезе тақырыбының астында орналасады. Бұл терезенің екі қосымшасы бар – Қасиеттері (Properties) және Оқиғалар (Еvents). · Қасиет компоненттің атрибутын анықтайды, мысалы, батырма өлшемі немесе белгі шрифті. · Оқиға, мәселен, тышқанның батырмада немесе терезені жабудағы шертуі сияқты әрекеттерді білдіреді. Жұмыс барысында жүйе Pasсal тілінде формамен байланысқан программаның мәтінін Кодтар редакторының терезесінде қалыптастырады. Delphi жүктелгеннен кейін бұл терезе форманың терезесінің артында жасырынып тұрады, оны көру үшін саймандар тақтасындағы Toggle Form/Unit батырмасын басу керек. Тұтынушы программаның мәтінін өз бетінше немесе объектілердің формада орналасу кезінде жүйенің ұсынысы бойынша толықтыра алады. Модульдің проектісі немесе файлын құру және сақтау Менюдің әрбір пунктінде командалар жинағы бар. 1-суретте File пунктінің ашық менюі бейнеленген.
1-сурет
Кейбір командаларды қарастырайық. New Items терезесін ашады, оның көмегімен кейін қолданысқа енетін жаңа форма, проектінің немесе форманың шаблонын құруға болады.
Дата добавления: 2014-12-24; Просмотров: 1042; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |