Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды




Соғыстан кейінгі Германияның жағдайы адам айтқысыз нашар еді. Мемлекет түгелдей үгінді болып жатты, мемлекет болып өмір сүруден қалды. Қырғи-қабақ соғыс Германияны екіге бөлді. Европа мемлекеттері оккупациялаған аймақ олардың тірегіне айналуға тиіс болды. Батыс мемлекеттер репортация алуды тоқтатты. Өздерінің оккупациялаған зонасында ақша реформасын жүргізді. 1949 жылы Германия Федерациялық Республикасының конституциясы қабылданды. Бірінші сайлаудан кейін Христиан демократ Конрад Аденуэр бастаған үкімет құрылды. 1951 жылы ФРГ территориясында оккупациялық режим жойылды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ға мүше болды, ал 1957 жылы ФРГ Европалық Экономикалық Қауымдастықтың негізін салушылардың біріне айналды. ФРГ экономикасы тез қарқынмен дамыды. Оның қарқынды дамығаны соншалықты, дүниежүзі германдық «экономикалық керемет» туралы айта бастады. Азаматтардың өмір сүру жағдайы жақсарды. Алайда ФРГ Шығыс Германиямен шекараны мойындамады. Ол Шығыс көршілермен ешқандай қатынас жасамады. Бұл жағдай ФРГ-ның дүниежүзілік саясаттағы позициясын әлсіретті. Германияның социал-демократиялық партиясы осы саясатты қайта қарауды ұсынды. 1969 жылы ФРГ-ның концлері болып социал-демократ Вилли Брандт сайланды. Оның үкіметі жаңа шығыс саясатын жариялады. ФРГ жаңа шекараны мойындады, өзінің көршілерімен ГДР-мен қатынасы орнады. ФРГ-нің халықаралық беделі өсті. 70-жылдары басқа Батыс елдері сияқты ФРГ-да да мемлекеттің рөлі туралы пікір-талас туды. Христан-демократтар мемлекеттің араласуын қысқартуды талап етті. Оларды ерікті демократтар қолдады. 1982 жылы ФРГ-нің канцлері болып христиан-демократ Гельмут Коль сайланды. ФРГ-да мемлекеттік шығындар, салықтар қысқартылды. 1989 жылы ГДР-да революция болып өтті. Оның барысында Берлин қабырғасы бұзылды. Германияның бірігуі жөнінде мәселе туды. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция онымен келісті. 1990 жылы Германияның бірігуі жүзеге асты. Германия Демократиялық Республикасы Германия Федеративтік Республикасына барып қосылды. Қырық жыл бойы екі мемлекет болып өмір сүрген Германия біртұтас мемлекетке айналды. ГДР-дің ФРГ-ға қосылуы Германияның статусын өзгертті. Мемлекеттің территориясы 248 мың шаршы км-ден 357 мың шаршы км-ге дейін ұлғайды. Халқының саны 63,5 млн-нан 80 млн. адамға жетті. 1995 жылы Германияда сайлау өткізілді. ФРГ канцлері болып герман бірлігін жүзеге асырушы Гельмут Коль сайланды. Енді Германия өзінің болашағын біртұтастықта, бірлікте көреді.

ФРГ Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 31 желтоқсан 1991 жылы таныды. Екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы ақпанда орнады. Екі елдің арасында бұрыннан да қатынастар болғанымен, оның қарқынды жан-жақты дамуы Қазақстан дербес мемлекет статусын алған соң жүзеге асты. Екі мемлекет бір-бірімен өзара мүдделі түрде қатынас жасайды. Германия Қазақстанның Батыс Европадағы стратегиялық партнері. Тәуелсіз Қазақстан Германиямен өмірдің барлық саласында жан-жақты қатынас жасай береді.

Қазақстанда қазіргі кезде 300 мың немістер тұрады. Сондықтан да мемлекет арасындағы қатынастар саяси, экономикалық, мәдени салаларды қамтиды.

Қазақстан мен ФРГ өздерінің екі жақты қатынастарын халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда БҰҰ-да және БСЕ дамытып келеді. Екі жақты қатынастың дамуының нақты дәлелі Алматыда «неміс үйінің» ашылуы және Фридрих Эберт қорының құрылуы болып табылады.

Қазіргі кезде біздің елімізде 100-ге жуық неміс және біріккен фирмалар жұмыс істейді. Соның ішінде ірілері: СП «Казгермұнай», ТОО «Кнауф маркетинг Алматы», «БАСФ», «БАУЭР» фирмаларының өкілдіктері, және авиакомпаниялар «Люфтганза» т.б. бар. Дипломатиялық қатынастар орнағалы бері Германия Федеративтік үкіметі финанстық және техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі жобаларын жүзеге асыру үшін 100 млн евроға жуық қаржы бөлді.

Германия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2004 млрд. евроны құрайды. Қазақстан Германияға мұнай, металдар, химиялық өндірістің жартылай фабрикаттарын береді. Германияның Қазақстанға әкелетін импорты Ресейден кейінгі 2 орынды, экспорты 4 орынды алады. Қазақстан мен Германия арасындағы қатынас жүйелі түрде өмірдің барлық саласын қамтып дамып келеді.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 723; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.