Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Правила прохождения российскими туристами 1 страница




Ф1•Т

Ф1-Фж

Ж.К

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №7

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №6

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №5

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №4

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №3

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №2

ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА №1

Определение расстояний до галактик по «красному смещению».

(Составитель доц. И. Г. Румынская, В. В. Безносова)…………………....3

 

Определение постоянной радиоактивного распада нестабильных изотопов. (Составитель доц. С. П. Майбуров)…………………………....7

 

Определение энергии фотонов в видимой части спектра.

(Составитель доц. Н. В. Платонова)……………………………………...10

Внешний фотоэффект. Определение работы выхода электронов из металла.(Составитель доц. И. Г. Румынская)……………………………15

 

Определение длины волны света при помощи дифракционной

решетки. (Составитель доц. Н. В. Платонова)…………………………...19

 

Определение удельного сопротивления металлов.

(Составитель доц. С. П. Майбуров)………………………………………26

 

Измерение кровяного давления.

(Составитель Д. К. Иванов, В. В. Безносова)…………………………….29

 

 

А Т

Ө.Қ

ІІ саты: өндіріс процесінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі және өзара әрекеттесуі арқылы жаңа өнім жасалады.

 

А Т…..Ө…..Т*

ІІІ саты: осы жаңа өнімді нарықта сата отырып, кәсіпкер алғашқы авансыланған капиталдың өскен сомасын алады.

А Т…..Ө……Т* А*

Шеңбер айналымның үш кезеңінің біріншісі - жабдықтаушы -дайындаушы және үшіншісі – коммерциялық - өткізу нарықта айналыс процесін, ал екіншісі - өндіріс процесін құрады.

Капиталдың осы үш кезең арқылы кезекті өтуі және оның үш функционалды формаларының ауысуы капиталдың шеңбер айналымы деп аталады. Жекелеген акт емес, кезеңді қайталанатын процесс ретінде қарастырылатын, нәтижесінде авансыланған құнның барлық сомасы толығымен өзінің бастапқы формасына қайтарылатын капиталдың шеңбер айналымы капиталдың айналымы деп аталады. Шеңбер айналым мен айналым органикалық өзара байланысқан. Айналым шеңбер айналымнан кең, өйткені капиталдың жекелеген элементтері әртүрлі жылдамдықпен қозғалысын аяқтайтындықтан олардың авансыланған құны өзінің бастапқы формасына әртүрлі уақытта қайтарылады. Бір бөлігі - әрбір шеңбер айналымнан кейін, мысалы, тұтынылған шикізаттар мен материалдардың құны, ал екінші бөлігі – айналым жасайтын бірнеше шеңбер айналымнан кейін, мысалы, еңбек затының құны. Нәтижесінде өндіріс құралдарының бүкіл авансыланған құнының қайтарылуы капитал айналымын құрайтын бірқатар шеңбер айналымдар нәтижесінде жүреді.

Капиталдың әртүрлі элементтерінің айналымы біркелкі жүрмейді. Капитал құны айналымындағы әртүрлі функцияларына сәйкес капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

 

2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.

Өндіріс процесінде негізгі қорлар қолданылуына байланысты тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлардың тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтыну құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу – жабдықтардың техникалық погреске байланысты ескіріп құнсыздануы.

Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:

Н= -------------100%

Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны

Фж - жойылған негізгі қорлардың құны

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты),жыл

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формуламен анықталады:

А= Н•Ф

Н - амортизация нормасы, %

Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және оны есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтау керек:

- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;

- моральдық тозу;

- техникалық қайта құру жоспары;

- жабдықтардың балансы;

- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

3 Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз

Еңбекакы төлемі жұмыс күшінің құны ретінде қалыптасуын, яғни еңбекақының төлем мөлшерлерін белгілеуді жүзеге асыратын құрал келесі негізгі элементтерден құралады:

- жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлердің өкілдері арасындагы келіссөздер еңбек төлемақы шарттарын алдымен еңбекақы мөлшерлері жөнінде жүргізіп, осы шарттарды бекітетін арнайы келісімшарт түзіп, оның қабылдануымен аяқталады;

- ең төмен еңбекақы мөлшерін бекіту, инфляция әсерінен нақты еңбекакы деңгейінің төмендеуін болдырмайтын, кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда еңбекақының төленуін қамтамасыз ететін секілді, еңбекақыны нарықтық экономикадағы жағымсыз кұбылыстардан қорғайтын мемлекеттік кепілдіктер жиынтығы;

- бюджеттік проблемаларды шешу үшін қызметкердің еңбекақысын оның табысы ретінде реттеу, нақты еңбегі үшін алынған ақысы еңбек құнынан шектен тыс айырмашылығы болмауын қамтамасыз ететін салық тетігі.

- қызметкерлер еңбегін өтеу деңгейі мен динамикасы және жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған өзге де шығындары жайлы есеп беру арқылы қызметкерге де, жұмыс берушіге де келіссөздер барысында белгіленген еңбекақы мөлшерлері бойынша төленетін нақты еңбекақы мөлшерінің ауьттку деңгейі анықталады, соның арқасында енбекақыны өзгерту қажеттілігі пайда болады.

Келтірілген еңбекакы төлемінің қоғамдық ұйымдастыру элементтерін кез келген нарықтық экономикасы бар елден көруге болады. Олардың, әрине, көріну нысандары әр елдің жалпы экономикалық даму денгейіне, дәстүрлерінің ұлттық ерекшеліктеріне, бір жағынан қызметкердің, екінші жағынан жұмыс берушінің мүддесін қорғайтын ұйымдардың даму деңгейіне сәйкес болып келеді.

Әр түрлі меншік нысаны бар кәсіпорындарда еңбекакы төлеудің екі түрі кең таралған: кесімді төлеу - әрбір өндірілген өнім бірлігіне немесе орындалған жұмыс көлеміне сәйкес ақы төлеу және мерзімді төлеу - заңмен реттелген нормативті жұмыс жасалған уақыт мөлшеріне тиісті акы төлеу. Кесімді және мерзімді еңбекакы төлеу түрлерінің екеуін де тізбек түрінде беруге болады.

 

4 Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.

Нарықтық экономикада баға үш басты қызмет атқарады:

1. Бағдар беруші – сатушы мен сатып алушылар әрекеттері үшін ақпарат береді;

2. Ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді;

3. Бөлу – бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.

Бұл қызметтердің орындалуы тек ғана бағалардың табиғи динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркін баға қозғалысы арқылы ғана мүмкін болады. Бұл шарт бұзылса нарықта бейберекет, кездейсоқ құбылыстар орын алады.

Жылу-энергетикалық теңдестік халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің (электр энергиясы, жылу және т.б.) кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі.

Отын теңдестігі отынның барлық түрлерін көрсетеді, ал жылу-энергетикалык теңдестік өндірілген және қолданылған энергияны (электр энергиясы, сығылған ауа энергиясы және т.б.) ескереді.

Жылу-энергетикалық теңдестік материалдық теңдестік сияқты екі бірдей бөлімнен тұратын тор түрінде беріледі:

- сол жағында (ресурстар) өндірілген отынды, электр энергиясын, атом және геотермальді электр энергиясын, шет елден келген энергияны, басқа да келіп түскен энергия мен жыл басында қалған қалдықты есептейді.

- оң жағында (таратылғаны) жалпы пайдаланғаны көрсетіледі, оның ішінде электр энергиясына, жылу энергиясына және сығылған ауаға, өндірістіктехникалык және т.б. мұктаждарға жұмсалған, экспортқа жіберілген отын-энергетика мен жыл соңында қалған қалдық ескеріледі.

Жылу-энергетикалық теңдестік отынды және энергияны өндіру мен тұтынудың көлемі жайлы ғана емес, сонымен қатар жоспарлау мерзімінде отынның қандай түрін, қай ауданда, қанша көлемде, өндіру керектігі туралы мәліметтерді береді.

Отын және отын-энергетикалық теңдестікті жасаудың қажеттілігі:

- қазіргі заманғы отын мен энергияны өндіру, оның тұтыну көлемін зерттеу;

- отын мен энергияны қажеттілігіне қарай ресурстармен қамтамасыз ету;

- жетілдіру үшін отын-энергетикалык теңдестіктің құрылымын талдау;

- елдің отын-энергетикалық кешенін дамыту үшін қажет күрделі қаржыны анықтау;

- отын-энергетикалық ресурстардың сыртка шығару немесе сырттан алу мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау.

Сонымен, отын - энергетикалық теңдестік пен оны жасау мемлекеттің экономикалық саясатының мыңызды элементі болып табылады.

Оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- отын және отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын жақсарту;

- өнеркәсіп кәсіпорындарында шикізатты пайдалануға мұқият және сапалы дайындалу;

- шығынын азайтып, сапасын төмендетпей шикізат пен отынды тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру;

- шикізатты кешенді пайдалану;

- өндіріске химия саласын ендіру;

- өндіріс қалдықтарын дұрыс пайдалану;

- шикізатты қайта пайдалану және т.б.

Осылардың кейбіреуіне толығырак тоқталайык.

Шикізатты алғашқы өңдеу және байыту. Өндірісте пайдаланылатын минералдық және органикалық шикізаттар, көбінесе, белгілі бір дайындықты қажет етеді. Осыған орай кез келген өндіріс саласында пайдаланылатын шикізаттарға ерекшеліктеріне қарай әр түрлі алғашқы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі - концентрат, ал екіншісі - қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95%-ы, темір рудасының көпшілігі, фосфориттердің барлығы байытуға жіберіледі.

Байытудың экономикалық мыңыздылығы келесіден тұрады:

- өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;

- дайын өнім алу үшін кейінгі өңдеу арзанға түседі;

- дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;

- шикізатты алынған жерінен өңдеу орнына жеткізу шығындары азаяды;

- көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және оларды пайдалану тиімділігі артады.

Әрбір кәсіпорын өзінің ерекшілігіне байланысты өнімнін материалдық сыйымдылығын азайтуы тиіс. Бұнымен іс бітпейді. Бұл мәселені тезірек шешу үшін мемлекет өз тарапынан ұтымды саясат жүргізуі қажет. Өкінішке орай, жүргізіліп отырған мұндай саясатты әлі көріп отырғанымыз жоқ, сондықтан да бұл ұлтык экономиканың дамуына үлкен кедергі болып отыр

 

5. Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функцияларын атап өтіңіз

Кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштер деңгейі өндіріске техникалық және ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету қызметінің жұмыстарының сапасымен анықталады.

Кәсіпорындарды техникалық қайта құру мен қайта жарақтандыру қарқындарының арту жағдайында, кәсіпорындардың жоғарғы өнімді автоматтандырылған жабдықпен жарақтануы жағдайында өндіріс ырғақтылығы, еңбек өнімділігі, өнім сапасы мен өзіндік құны аталған қызметтердің жұмысының тиімділігіне байланысты болады.

Өндірісті ұйымдастыру мен техникалық қызмет көрсету қызметтерінің құрылымы өндіріс типі мен масштабына, дайындалатын өнім технологиясы мен құрылымдық ерекшеліктеріне, кәсіпорынның мамандану деңгейіне, оның басқа кәсіпорындармен кооперациялануына байланысты болады.

Көптеген кәсіпорындарда өндіріске қызмет көрсету шығындарының үлес салмағы жоғары. Бұл өндіріске қызмет көрсету жұмыстар көлемінің үлкендігімен сипатталады. Көмекші жұмыстарды механикаландыру мен автаматтандыру шығындарын қаржыландыру- бұл тиімді қаржы бөлу бағыттарының бірі болып есептеледі. Осы қызметтің жұмысының сапасы мен үнемділігін көтеру бағыттары бұл қызмет көрсету функцияларын оптимальді орталықтандыру мен шоғырландыру, анағұрлым тиімді технологиялық процестерді және қызмет ету жүйелерін пайдалану, қолдай еңбектің пайдаланылуын қысқарту, еңбек сыйымдылығы және ауыр еңбекті механикаландыру мен автоматтандыру болып табылады.

Бұл қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жоспарлауды, есепті, бақылауды және олардың жұмыстарын талдауды жетілдірудің, сондай-ақ еңбек ақының ынталандырушы жүйелерін пайдаланудың, жұмыскерлердің цехтар мен жұмыс орындарының тұрып қалуын болдырмауға материалдық қызығушылығын тудырудың үлкен маңызы бар.

6 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдістерін түсіндіріңіз

Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын нысандар жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар және т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).

Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі капитал жатады.

Иелігіне қарай негізгі капитал меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып бөлінеді.

Өндірістік шаруашылық қызметтегі пайдаланылу барысына қарай негізгі қорлар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Заттық құрамына қарай негізгі капитал мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Халық шаруашылығының әр түрлі даму сатыларында негізгі қорларды жүйелеу әр қилы болғандығын айта кеткен жөн. Саралау топтарының саны мен құрамы өзгеріп отырады. Бірақ ұлттық экономиканың барлық даму кезеңінде негізгі қорларды саралау ісінде аталған әдістемелік тәсіл пайдаланып келді.

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында барлық қызмет салалары мен меншік түрлері үшін міндетті негізгі қорларды саралау жүйесі қолданылады. Саралаудың біртұтастығы оны халық шаруашылығы салаларында есепке алуда, салыстыруда, саланың дамуын анықтауда мыңызды шарт болып табылады.

Өзінің құрамы, мақсат-міндетіне және еңбек үдерісінде атқаратын қызметіне қарай негізгі қорлар келесі топтар мен ішкі топтарға бөлінеді: үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және т. б.), ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, әстакадалар, ұңғымалар және т.б.), өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және т.б.); машина және құрал-жабдықтар (өндірістік негізгі қорлар құрамындағы бұл топ ең мыңызды әрі көп санды болып табылады және ол келесі шағын топтарға: күш машиналары мен құрал-жабдықтар, жұмысшы машиналар мен құрал-жабдықтар; өлшеуіш және реттеу аспаптары; есептеуіш техника; басқа да машиналар және техникалар, сонымен қоса автоматты машиналар мен құрал-жабдықтар болып бөлінеді); тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар және т.б.); құрал-сай-ман мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және т.б. негізгі капитал); шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, кілемдер, сейфтер және т.б.), жұмыс және өнім малдары; көп-жылдық өсімдіктер мен көшеттер; жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар және басқа да негізгі қорлар.

Халық шаруашылығының салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі капитал: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, басқару орындары, әлеуметтік сақтандыру, білім мен ғылым беру және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 3 қазанындағы №1308 қаулысы бойынша мемлекеттік мекемелер үшін бекітілген негізгі қорлардың жылдық тозу мөлшерін пайдалана отырып, негізгі қордың пайдаланылу уақытын анықтаймыз.

7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді, міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі міндеттерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс жолдарын таңдап алу болып табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда жоспарлау мынандай сұрақтарға жауап береді:

Біздің қазіргі, бүгінгі жағдайымыз қандай?

Болашақта біз қандай болуымыз қажет?

Осы жолда нендей кедергілер орын алған?

Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?

Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:

-нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;

-қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқада ресурстарды іздестіру;

-басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;

-еңбек өнімділігімен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал – жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;

-сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.

Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап ететді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.

Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.

Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді. Мідеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылуы мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.

Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.

8 Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері

Стратегия ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттіліке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында генерал шеберлігін береді. Стратегиялық жоспарлау- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 447; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.