Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

D) мышления к бытию 1 страница




Сурак

Сурак

Интермәтін — бір мәтіннің өзге мэтінге кіруі, мәтіндердің кірігуі. Бұл ұғымды әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде қарастырғанМ. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. Ол үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен таңбалардың әрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы. Интермәтін мәтін шекарасын бұлдыратып, оны жаңаша пайымдауға жол аша түседі. Интермәтін негізгі қасиеті оның ішкі әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Мәтін өзге мәтіндерден, өзге мәтіндерге қатысты шығарылады. Және тек бұрынғы мәтіндерге қатысты емес. Интермәтіндік аталатын құбылысқа кейде шығармадан кейін жазылған мәтіндерді енгізеді. мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бұрын емес, онан кейін де тірлік етеді, — дейді Р. Барт. Бұл тұрғыда кез келген мәтін өзге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудырады. Интермәтіндік құбылыс семиотикалық жүйе ретінде бүкіл мәдениетті қамтиды. Интермәтін тұрғысынан мәтін мен оқырман, оқу мен хат арасындағы айырмашылық және қарсы тұру жоққа шығарылады.

Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы. Алайда Сюжеттің аякталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі үластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын сөза бермей, кайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше окиғаны суреттеу арқылы кейіпкерлердің характерін, мінез-бітімін айкын айтып корсетуі ықгимал. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлкы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі корінсе, солғүрлым шығарманың Сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі. Романдарда оқиға бір-біріне ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аякталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер, оқиғаның жеке түйіндері толық анықталмай қала береді. Осындай ерекшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалык туындыларды "ашық роман" деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды "тұйық роман" деп ажыратып, бөлек қарастырылады.

Мотив [1] (италиян тілінде motіvo – мелодия (әуен), тақырып) – 1)шағын музыкалық құрылым, үзінді. Өзіндік көркемдік сипатқа ие, бір әуендік тақырып, интонация. 1 – 2 тактіге немесе бірнеше ноталар құрамына сиып кететін мотив негізінен мелодияның болмысын анықтайды. Ауыспалы мағынада мотив әуен яки тақырып деген түсінікте қолданылады. 2) Мотив [1](латын тілінде moveo – қозғаушы, итермелеуші) – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Тұлғаның іс-әрекеттеріне, қылықтары мен пиғылдарына баға беру үшін оның мотивтерін айқындау керек. Мотивтің мәнін, құрылымы мен маңызын зерттеумен психология, заң, этика ғылымдары шұғылданады.

 

53 – сурақ Драманын жанрлық турлери. Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып ушке бөлінеді. Көркем шығармалар түрлі оқиғаларды, күресті көрсетеді. Көздеген өз мақсаттарына жету үшін қатысушылар бір-бірімен ішкі(психологиялық) және сыртқы бөгеттермен күреседі. Трагедия сахнаға арналып жазылады. Трагедияның көпшілігі қахармандардың өлімімен аяқталады. Жаңа дәуірдегі трагедияның ұлы жазушысы Шекспир болды. 16ғ аяғында, 17ғ басында өмір сүрген жазушы. Трагедияның жанрлық ерекшелігі – өмірдегі шиеленіскен тартысты, бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін, қақтығысын суреттеу. Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған күштердің, кертартпа топтардың арасындағы тартыс бейнеленеді. Өмірдегі ауыр жағдай мен қиын-қыстау кезеңдегі адамзат басына түскен ауыртпалық баяндалып, шығарма көбіне негізгі кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады. Бірақ жеке адамның трагедиялық халге ұшырауы оның үміті кесіліп, арманы орындалмады деген сөз емес, керісінше, ол ғұмырын арнаған арман-мақсаттың биік те зор екендігін танытады.Әдетте кертартпа топтар әшкереленіп, шығарма оқырманды алға ұмтылуға, ізгі арман-тілек, мақсат үшін күресуге жігерлендіреді. Мысалы, “Абай” трагедиясындағы жауыздыққа батыл қарсы тұратын, жазықсыздың жақтасы Абай бейнесі, “Ақан сері – Ақтоқтыдағы” өмір қыспағына түсіп, қиянат-зорлықты көп көрген Ақан бейнесі. Трагедиялық кейіпкердің бойына үнемі жақсы қасиеттерді үйіп қою шарт емес. Мысалы, ақын С. Пушкиннің “Борис Годунов” трагедиясындағы Годунов бейнесі – қатпары көп, қайшылығы мол тұлға. Оның трагедиясы мансапты, тәж бен тақты халық мүддесінен жоғары қоюынан туындаған, сондықтан халық оны қолдамады. Шекспирдің “Отелло”, “Гамлет”, Мұхтар Әуезовтің “Қарагөз”, Ғабит Мүсіреповтың халық эпосының сюжетіне құрылған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиялары дүние жүзі мәдениетіне қосылған зор үлес саналады. Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқышта” тартыс басты-басты үш тарауға бөлінеді: мерт, яки әлектекті тартыс (трагедия);сергелдең, яки азапты тартыс (драма);арамтер, яки әурешілік (комедия). Драма - сахнаға қоюға лайықталып жазылатын жанрдың бір түрі. Драмаларда әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар салт-тұрмыста күнбе-күнкездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егертрагедияда күлкінің кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерлік күлдіргіоқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдейкездесе береді. Сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түрболып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда, драма трагедия мен комедиядан кейін туған. Алғашқы туа бастағанкезінде (ХVIII ғасыр) драма көпке шейін «қарапайым адамдардың үй ішіндегітрагедиясы» немесе «салмақты комедия» деп аталып келді. Сөйтіп, драманың аты ХVIIIғасырда пайда болған. Бірақ оның көрнекі үлгілері Шекспирден де табылады. Бұлтуралы Белинский драманың атасы ХVIII ғасыр әдебиетінің өкілдері емес, Шекспирдеп ашық айтады («Венецианский купец»). Әйтсе де ол кезде оны драма депатамаған. Өйткені онда «драма» терминіәлі жоқ болатын.Трагедиямен, әсіресеоның ескірек түрлерімен, салыстырсақ, оларда қаһармандарға кездесетін қиыншылықтар әр басқа екендігі аңғарылады.Трагедия адамныңжеңуіне болмайтын, адамның күшінен тыс күштермен күреседі. Автордың ойынша,бұның көпшілікке және әр дәуірге айнымайтын мәні бар сықылды көрінеді. Алдрамадағы қиыншылық ондай емес, мезгілмен, белгілі жағдаймен байланысты болыпкеледі.Мысал үшін Мұхтардың«Түнгі сарынын» алалық. «Түнгі сарында» байларға қарсы шаруалардың көтерілісінкөрсетеді. Сол көтерілістің негізгі себептерінің бетін ашады.Езілген еңбекшітаптың өкілі етіп Жантас, Тәнекелер тағы басқаларды көрсетеді. Езуші таптыңөкілі етіп Кәрім, Майқан тағы басқаларды алады. Бұл тартыста Жантас және солсияқты бірнеше адамдар құрбан болады.Автор олардыңкүрестегі қайғылы халдерін, мезгілсіз өлімдерін көрсетеді. Бұндай көтеріліспролетариат бастамаған, коммунист партиясы басқармаған шаруа көтерілісініңәрқашан да жеңілетінін, бұл біздің қазақ халқының жағдайында да болғанынайқындайды. Бірақ жеңіліс уақытша ғана жеңіліс, көтеріліс өшпейтін, өсетін,бүгін болмаса, ертең жеңетінін, жағдай соған тірелгенін көрсетеді. Мұны бізЖантасты өлтірген жердегі сөздерден анық көреміз.Сол сықылды жағдайдаекі тап түйіскенде, кейде шаруаның басына түскен қиыншылық, ауыр халінсуреттеумен қатар, жеке қаһарманның басындағы қиыншылықты да көрсеткенібайқалады. Ушиншиси- Комедия- өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше; сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі.Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады. Комедияда көбінесе жамандық жеңілт, жақсылық үстем болып аяқталады. Жағымсыз кейіпкерлер бармақ шайнап, қателігін мойындады, жеңіліп тізе бүгеді, адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құрады. Әлем әдебиетінде комедияның көптеген классик, үлгілері жасалды. Англияда -У.Шекспир,Испанияда-Лопе де Вега, Францияда - Ж.Б. Мольер, П.Бомарше, Италияда- К.Гольдони тамаша комедиялық шығармалар жазды. Орыс әдебиетінде Д.И. Фон-визиннің "Тоғышары" А.С. Гри-боедовтің "Ақылдың азабы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" шебер жазылған туындылар қатарына жатады. Қазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б.Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б.).М.Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж.Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә.Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ.Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С.Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т.Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т.б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналды.

54.Әдеби реминисценцияның теориялық анықтамасы. Әдебиетте, жалпы өнерде реминисценция деген ұғым-түсінік бар. Реминисценция - латынның сөзі. Реминисценция - поэзиядағы, музыкадағы болсын, жалпы өнер атаулыда бірді-екілі сөз, сөйлемнің, тіпті, оқиғаның өзге шығармада қайталануы, жаңғыруы. Яғни ақындардың поэтикалық байланысының бір көрінісі. Бұл тарихи-табиғи категория. Осы заңдылық бойынша кейбір образдар, сөз орамы, тіркес, бірдей сөздер мен сөйлемдер, жолдар, жалпы ырғақ бір ақындардан ауысып, екінші ақынмен үндесіп жатса, ол ешқандай да ұрлыққа жатпайды. Екі қыздың дауы осы әдеби категорияны түсінбегеннен туып отыр. Құралайдың ұғымымен ойласақ, кез келген ақынды «ұры» етіп шығаруға болады. Мысалы, ұлы Абай «Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр» десе, Пушкин «Вот Муза, резвая болтунья» дейді. Бұл - екі ұлы ақынның үндестігі, түсінік-танымының астасуы. Бұрын Мағжан Жұмабаев «Әлдиле өлім, әлдиле» деген өлең жазды. Ал, қазір орыстың көзі тірі ақыны Глан Онаняннің «Убаюкай меня, смерть, убаюкай» деген өлеңі бар. Мағжанды өмірі көрмеген, оның өлеңін білмейтін Онанянның Мағжан айтқанды қайталауы тағы да сол ақындардың үндестігін көрсетеді. Байрон «Хочу я быть ребенком вольным» десе, Есенин «Я хочу быть отроком светлым» деп жазған. Анна Ахматова «И такая могучая сила» десе, Блок «И такая влекущая сила» дейді. Некрасов «Лес обнажился, поле опустел», деп толғаса, Леонид Андреев «Лес опустел, и поле обнажилось» деп қайталайды. Ал, біздің Мұқағалиымыз да «Сәби болғым келеді» деп өлең шығарды. Сабырхан Асановтың «Өмір өтіп барады, өмір өтіп» деген жолдары Жарасқан Әбдірашевте жолма-жол кездеседі. Төлеген Айбергеновтың:

«Сен өзімді көрсең,

Тұрысым осы менің.

Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,

Шошыр едің», - деп келетін өлеңі бар. Өмірзақ Қожамұратовтың да:

«Білмеймін сені,

Мен сені,

Жолсерік болып тосып ем,

Сезімді көрсең мендегі,

Сен қазір, жаным, шошыр ең», - деген өлеңі бар. Дәл осы Өмірзақ Қожамұратовтың бір өлеңі Зейнолла Тілеужановтың өлеңімен үндеседі. Зейнолла ақын «Жылату оңай болғанмен, Жұбату қиын қыздарды» деп жырласа, Өмірзақта «Жылатып алып біреуді. Жұбату оңай деймісің» деген жолдар бар. Сонда Құралай айтқандай, бұлардың бәрін қайталаған, ұрлаған дейміз бе? Онда Абай, Пушкин, Мұқағали мен Мағжандар да «ұры» боп шығады. Мұның бәрі - мен айтқан реминисценцияның жемісі. Ақындар табиғатының үндесуі. Сондықтан Құралайдың «Назгүл баспасөз арқылы менен кешірім сұрасын» дегені дұрыс емес. «Сылқым елес, егес, күлкім емес, мүмкін емес» деген ұйқасын менікі дегені де далбаса. Мүмкін емеске ұйқас іздеген ақын басқа қандай ұйқас алуы мүмкін?! Мұндай ұйқас менде де бар. Құралай мені де ұрлады десін онда. «Бұл жолдарды ертеректе ауылда жүргенде жазғанмын. Ол кезде Құралайда мұндай жолдар бар екенін де білмедім», - деп шырылдапты ғой Назгүл. Тіпті өзінен кешірім де сұрапты. Кешірім сұрап жүргені кішіпейілдік, әрине. Бірақ Назгүлдің мұнысы да әдебиеттің заңдылығын білмегендіктен. Сондықтан екі қызға әдеби сауаттарыңды ашыңдар. Өз жазғандарыңды ғана оқи бермей, өзге ақындарды, әлем әдебиетінде нендей жаңалық, құбылыстар болып жатыр, соны өз әдебиетіңмен салыстыра біліңдер дер едім. Әдебиеттің, поэзияның заңдылығын білмей, «ұры» тұтып, бір-біріне «күйе» жағып жүргендері ұят. «Мен бірінші жазған едім», - деп Назгүлді кінәлағаны үшін, әдебиеттің заңдылығын ескермегені үшін Құралайдың қаламдас құрбысынан кешірім сұрағаны дұрыс. Андрей Вознесенский деген орыстың ақыны «Стихи не пишутся, а дышатся» деп өлең жазып, «пишутся, дышатся» деген ұйқасты мен бірінші жаздым деп мақтанып жүрсе, мұны Вознесенскийден бұрын 1853 жылы бір ақын жазып қойған екен. Өмірде мұндай жағдайлар көп. Әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білу керек.

55. Көркем туындыдағы деталь және оның қызметі Деталь - көркем шығармада белгілі бір мағыналық, идеялық-эмоциялық жүк көтеріп тұрған көркемдегіш құрал. Ол бірер сопы сөз, сурет-деректеме арқылы берілуі мүмкін. Детальда аз ғана сөз суретке айналып, оқырманды әсерлі сезімге белейді, шындықтық ой-қырын ашады, яғни шындыққа жанасымды келеді. Мысалы, эпопеяда келіні Қамқа қайтыс болған күйеуінің түсіне кіргенін айтып толқығанды, атасы Қодар: «Түс шіркін жұбаныш па, тәңір-ай» деп қысқа қайырады. Бірақ бұл жай ғана айтылған сөз емес, қыр елінің қатыгез тұрмысынан хабар бөретін деталь Мұның соңы Қамқа мен Қодардың ажалымен бітеді («Қайтқанда»). Көркемдік деталь (бөлшек, бедер-белгі) - мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік, сөз болып отырған нәрсенің жекелеген сипат-белгілері. Әншейінде оп-оңай көзге түсе бермейтін өзгешеліктерді байқағыштықтан, көрегендіктен туындайды, сондықтан ол өмір қүбылысының әр түрлі нәрсенің ерекшелігін сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет- сипатты дәл тауып, бейнелеп беру шеберлігін танытады. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылысындағы жекелеген ерекшеліктер немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әр түрлі бояу-нақыштар - міне, осылардың қай-қайсысын да Көркемдік деталь ретінде алып карауға болады. Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь - қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы әсерлі елестетуі. Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық, кымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығын үрлап кеткендей жұтып кетті". Шолпының әдемі сылдыры жас қыздьщ қимыл-козғалысының, жүрісінің бір ажырамас белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сөттері суреттелгенде-ақ біздің көңілімізге берік үялайды. Шолпының дыбыстык әсері жас қыздың қимыл-қозғалысының айрықша келісті сәнділігін көзге елестетеді. Бұл көркемдік тәсілдің айрықша ұтымдылығы - аз сөзбен көп мағына беріп, өмір күбылысын ықшамды, орамды түрде, ұтымды бейнелеуге ұмтылуда. Айталық, адамның мінезін, қимыл-әрекетін суреттегенде, бірнеше дөп басып көрсетілген сипат-өзгешелік аркылы оның бейне-тұлғасын көзге тұтас күйінде айқын елестетуге мүмкіндік туады. Не нәрсе суреттеліп, қандай жағдай баяндалса да, бүтінді жеке бір бөлшегі арқылы, тұтас құбылысты кейбір дара сипаттары арқылы не- месе адамның іс-әрекетін, жүріс-түрысын бір-екі кимыл-қозғалысы арқылы әсерлі көрсету - міне, Көркемдік деталь қолданудағы жазушының шеберлігі осыдан жақсы аңғарылады.

56-сұрақ. Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер.

Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған.Бағыттар қатар да,әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады.Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы.Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Жеке сөздер, тіркестер қолжазбалар тарихын бажалайды. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бқл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биграфизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп – әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт.Бұл ағымдағы оқымыстылар Дарвин теориясын әдебиет ғылымына әкеп қолданады және дәлелсіз қолданады. «Ағылшын әдебиетінің» тарихы деген еңбектің авторы Ипполит Тен көркем шығарманы қаламгерлікті тану үшін үш буынға(нәсіл,орта, сәт) НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК дейді. Белгілі бір халықтың әдебиетінің тууы қалыптасу,даму кезеңдерін география мен климатпен топырқпен байланыстырады. Бұл мектепте бірқатар фактілер жинақталғанымен, метофизикалық, идеолистік әдіс әдеби дамуды әдебиет пен қоғам арасындағы байланыстан шет қалды. Тарихи-салыстыру мектебі немесе компративизм ағымының россияда туын көтерген Веселовский, Миллерлер. Мұндағы негізгі принцип- салыстыру. Компративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап форма мәселесіне сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Психологиялық мектеп – принципі б/ша әдебиетші көрекм шығарманы тудырған суреткердің психологиясын зерттеу керек немесе суреткер жасаған бейнелердің психологиясына назар аудару керек. Украин ғалымы Потебня және оның шәкірттері кейбір еңбектерінде жалпы бейне табиғатына әдеби процестерге объективті баға беруден тыс. Психо-аналитикалық мектеп немесе Фрейдизм 20 ғ. Бас/да австрияда көрініс берген. Негізін салушы - З.Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Екі халықтың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, түйсіктің жұмбақ құпиялары. Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет- адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі нәпсі және қанға ұмтылу. Адамның қателіктері нәпсінің кесірі дейді. Формализм мектебі- өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеу басты нәрсе дейді.Формалистердің ден қойған мәселесі- өлең құрылысы, әуезділік, ұйқас, ырғақ. Өкілдері: Жирмунский, Якобсон, Лотман. Социологиялық мектеп – әдебиеттану ғылымында 20 ғ. басында бет алған бұл бағытты дөрекі социолизм деп атайды.Бұның өкілдері – қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып метофизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушының шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған. 20- жылдары Мирский –Пушкинді, Кравченко – Гогольді,Нусинов-Успенскийді орыс әдебиетінің тарихынан сызып тастады.Қазақта Абай және Мағжан қараланды. Осы ағымның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиеттануына салқыны тиді.Проза жауһарлары саналатын «Қаралы сұлу», «Қараш-қараш» оқиғалары, «Қилы заман» сынды туындылардың кезінде әділ бағаланбауы эстетикалық талғамның саясыздығынан деп білеміз. Структурализм.20 ғасырдың алпысыншы жылдары Р.Барт, Ц.Тодоров, А.Греймастың еңбектерінің шығуымен Францияда структуализм сынға ұшырады. Себебі, структуализм бағыты негізінен әдебиетте қалыптасқан биографиялық және тарихи әдістерге қарсы бағыттарды ұсынды.Әдебиетте структуализмнің негізгі төрт аспкектісін атап көрсетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1425; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.