Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 13 страница




Ашық бұрышты глаукома (АБГ) -симптомсыз өтеді және науқасқа білінбей соқырлыққа әкеледі.Көз сырттай өзгермейді.Белгілері КІҚ жоғарлауы,офтальмоскопиялық өзгерістер.Ажыранды диагноз:АБГ катарактадан ажыратылады.ЖБГ тән ерте субъективті белгілері(созылмалы ағымында): көзде емес, иррадияциялық ауырсынулар – басында,қасы маңында, тісте,жүректе және т.б.,әсіресе жалпы шаршағанда,психо-эмоционалды зорығу,ыстық ваннаға түскенде,ұзақ қараңғы бөлмеде отырғанда,басын ұзақ төмен ұстаса,гипертониялық криз түсында және т.б.Оған тән белгілері –жарыққа қарағанда көз алдында кемпірқосақ көрінеді,айналасын «терлеген терезеден»қарағандай.Объективті:алдыңғы кірпікті веналардың кеңеюі,иректелуі(кобра симптомы),қасаң қабықтың ісінуі,алдыңғы камера таязданады,көру өткірлігі төмендейдікөру аймағы тарылады,көру нервісінің экскавациясыЖБГ дамуына көз алмасының құрлысының ерекшелігі әкеледі: көз алмасының мөлшері кіші,көз бұршағы қалыпты,көз бұршағының мөлшері үлкен,кірпікті дене алдыға қарай орналасқан,немесе шлеммов каналының артқы орналасуы.Глаукоманың жедел ұстамасы дамуы мүмкін:басталуы кенеттен,кешкі немесе түнгі уақыттарда,түрткі факторлардан соң.Пртоцесс бір жақты,қатты ауырсыну көзде,ауырсыну көзде ғана емес,жүрек айнып,құсу,қалтырау. Объективті-сүйелденген инъекция,қасаң қабық ісінген,алдыңғы камера таяз,қарашық кеңейген,жарыққа реакциясы жоқ,Көз түбі көрінбейді.КІҚ 60-80 мм.сын.бағ.

Жедел иридоциклитттен ажырату керек.Біріншілік глакоманың алдын алу шаралары - 1 40 жастан асқандар арасында глаукоманы белсенді анықтау,яғни тонометрия өткізу(жаппай);2)глаукомасы бар,оған күдігі бар науқастарды диспансерлік есепке алу;3)глаукомасы бар науқастарды үнемі емдеу және жүйелі түрде байқау;4)глаукомасы бар науқасты сауықтандыру және еңбекке бағыттау;5)қалың халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары.Глаукоманы анықтау тәсілдері-тәуләктік тонометрия, периметрия, кампиметрия, офтальмоскопия, гониоскопия, эластотонометрия, тонография,түрлі сынамалар. Біріншілік глакоманың емі – кешенді ем (жергілікті гипотензивті ем жәнежалпы трофикалық). Гипотензивті дәрілер–КІС ағуын жақсарту: холиномиметиктер, антихолинестеразды; простагландиндер (артқы жолмен сұйықтың ағуын жақсарту);КІС шығаруын төмендету: b–блокаторлар,жергілікті карбоангидразаның ингибиторы. Жалпы трофикалық ем,витаминдер,антисклерозды,қан тамырларын қеңейтетін,антиоксиданттар және т.б.Глаукоманың жедел және жедел асты ұстамаларының емі - 1% пилокарпин – алғашқы бір сағатта 2 там. әрбір 15 мин.сайын,келесідеәрбір жарты сағатта (3-4 рет) және келесіде - әрбір сағат сайын тәулік аяғына дейін (+ b–блокаторлар, азопт қолдануға болады);ішке диакарб - 0,5 г х 3 рет 1-ші күні,келесіде 0,25 х 1-2 рет күніне немесе глицерин (1-2 г./кг дене салмағына 1-2 рет күніне); аяғын шымшым суға салу,клизма немесе тұзды ішті айдайтын дәрілер,самайға сүлік салу.Бір сағаттан соң КІҚ төмендемесе,литикалық қоспа б\е жатқан жағдайда, 3 сағаттан соңнауқас емханаға бағытталады (24 сағаттан кем емес)оперативті емге - иридэктомия немесе фистулизациялық микрооперация (ал АБГ- синустрабекулэктомия). Іштен туа пайда болған глаукома көздің дренажды жүйесінің дұрыс дамымауы салдарынана дамиды жіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.Алдыңғф камераның бұрышында мезодермалды тін бар немесе оның толық сіңбеуі(глаукоманың жәй формасы).Сол себепті көзден ағып кететін сұйық жолында кедергі пайда болады,немесе кірпікті бұлшық еттің,дренажды жұйенің даму ақауы(тұқым қуалау факторы).Ерте белгілері - қасаң қабықтың қарауытуы,алдыңғы камера терең,қарашық кеңейген,оның жарыққа реакіиясы баяужарыққа қарай алмау,жарықтан қорқу,тамаққа тәбеті төмендеген,бала мазасызданады.Кеш белгілері -КІҚ жоғары,екі жақты макрокорнеа, макрофтальм (сатысына байланысты),алдыңғы камера терең, көру нервісінің глаукоматозды экскавациясы (семуі).Жас өспірімдік глаукома- балаларда 6 жастан 35 аралығында болады.Ол іштен туа пайда болған глаукоманың кеш көрінісі.Глаукоманың жіктелуі:біріншілік,екіншілік,құрастырмалы,көздің алдыңғы бөлігінің неме се бүкіл организмнің дамуының ақауы(Реклингаузен нейрофиброматозы; Гиппель-Линдау ауруы және Стюрж-Вебер).Емі іштен туа пайда болған глаукоманының - хирургиялық -гониотомия мен гони опунктура,кеш сатыларында- фистулизациялық операциялар.. Екіншілік глаукомалар– көз аурулары салдарынан дамиды.(қабыну,тамырлы,ісікті,жарақаттық және т.б.).Ондай глаукомалдың бірі факогенді глаукомалар(көз бұршағының жағдайымен түсіндіріледі)– факоморфиялық,факолитикалық, факотопикалық. ГЖҰ және факогенді катарактаның ажыранды белгісі-қарашықтың сұр түсі. Жедел жәрдем– ГЖҰ дай(пилокарпин ғана тамызылмайды),келесіде-жедел катарактаның экстракциясы.

4.Көрнекті құралдар: 1) бейнеатериалдар; 2) кестелер–КІҚ тәуліктік сызығы,кзру аймағы глаукоманың түрлі сатыларында;глаукоманың жедел ұстамасы суреті;қалыпты жағдайда көз түбінің сипаттамасы жіне көру нервісінің семуі;алдыңғы камераның бұрышының құрлысы; 2.глаукомадан слайдтар, 3. Бейнефильм.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1.Глаукоманың негізгі клиникалық белгілері.

2. Глаукоманың негізгі түрлері

3. Факогенді глакоманың түрлері.

 

Дәрістер

Көру нервісінің аурулары

Оқу мақсаты:көру нервісінің ауруларының клиникалық белгілерін, көру нерісінің организмнің жалпы,қабыну, орталық нерв жұйесінің,тамыр ауруларында өзгеруімен таныстыру.

Оқу уақыты:50 мин.

Сабақ өткізу орны:топпен оқу бөлмесінде

Көрнекті құралдар:1.кестелер:көру анализаторының,қалыпты көз түбінің суреті,көру нерівінің сүйелденуі,невриттер,гипертониялық аурулардағы өзгерістер,диабет,бұйрек ауруларында

2.Слайдтар.

3.Бейне материалдар.

Көз ағзасының анатомиялық ерекшелігі басқа ағзалармен салыстырғанда 12 жұп нервтердің 6 көз ағзасын нервтендіруге қатысады.;қанды миды қанмен қамтамасыз ететін артериямен бірге алады;лор ағзалармен,одонтогеді аппаратпен көршілес орналасуы;қан тамырлары мен нервтермен организмнің басқа ағзалары мен жұйелерімен байланыста;

Көру нервісінің ауруларының басты белгілері:алысқа көру өткірлігінің төмендеуі,көз алдында қара дақтың болуы(скотома),көру аймағының тарылуы,түсті көрудің бұзылуы,ымыртта,түнде көрудің төмендеуі,қараңғыға бейімделудің төмендеуі.

Көру нервісінің ауруларын анықтау тәсілдері:

офтальмоскопия,периметрия,цветоощущение, ЭРГ,флюоресцентті ангиграфия,доплерография,түсті доплерлі карталау, ішкі ұйқы,омыртқа,көз артерияларының дуплексті және триплексті сканерлеуі,РЭГ,мидың және көздің компъютерлі томографиясы.

Жалпы организмдерде болатын өзгерістер көз арқылы білінеді.

Көру нервісінің ауруларының 3 түрін ажыратады:

1.қабыну аурулары(невриттер)

2.көру нервісінің сұйелденуі

3 көру нервісінің семуі

Невриттер ағымына сай жедел және созылмалы.

Оптикалық неврит(папиллит)-көру нервісінің дискісінің қабынуы(КНД)

Себептері:жалпы жедел және созылмалы инфекциялар-грипп,мерез,туберкулез, бруцеллез, және т.б.;организмдегі ошақтық процесстер:синуситтер,ангина,отит,иридоциклит,көз ұясының флегмонасы,кариозды тістер және т.б.;мидың және оның қабаттарының қабыну аурулары.

Клиникалық белгілері:басталуы жедел,наукастардың көру өткірлігі төмендеген,көз алдында дақ бар,ауырсыну болмайды.Периметрияда көру аймағы тарылған немесе орталық скотома бар.Көз түбінде:КНД ісінген,ісік бар,шекарасы анық емес,артериялар мен веналар біраз тарылған,диск үстіне және оның айналасына қан құйылған.Процесс көбінесе екі жақты және бірнеше жұмадан бірнеше айға созылады.Невриті сүйелденген дискіден ажырату керек.Емі:негізгі ауруды емдеу.Себебі анықталған ша

Антибиотиктер,сульфаниламидтер,уротропин40%,5-10 мл № 10,глюкоза 40%,дегидратациялық,десенсибилизациялық терапия,(диакарб,глицерин),спазмолитиктер,(дибазол 0,02 күніне 3 рет),В тобындағы витаминдер;ретробульбарлы -0,4% дексаметазон, 1 мл барлығы емге 10-15инъекция.Рефлекторлы ем де тағайындалады- орта мұрын қуысына 5% кокаин мен 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісінен тампон койылады(10 мл ерітіндіге 8 тамшы),желкегк горчичник басу,аяғын ыстық шымшым суға салу.Болжамы:Дер кезінде ем тағайындалса,болжамы жақсы,басқа жағдайда көру нервісінің семуі дамид

Ретробульбарлы неврит.Оптико-хиазмальды арохноидиттің басқа көру нервісінің ауруларынынан

айырмашылығы.

Ретробульбарлы неврит –көру нервісінің көз алмасының артқы жағындағы бөлімінің қабынуы.Бұл тор қабаттың макулярлы тұйнегінің зақымдалуымен өтетін көру нервісінің дегенеративті немесе қабыну аурулары.Этилогогиясы:шашыранды склероз және тұму,басқа инфекциялық аурулары,метил спиртімен улану,хининмен,қорғасынмен,сульфаниламидпен,никотинмен улану,ботулизм.Клиникалық белгілері:көру өткірлігінің күрт,кейде біртіндеп төмендеуі,көз алдында дақ пайда болады,көзді қимылдатқанда ауырсыну бар.Периметрияда орталық скотома.Офтальмологиялық өзгерістер анықталмайды немесе КНД біраз қызарады,шекарасы анық емес;дамыған сатысында КНД самай жағы ағарады.Процесстің жедел өтуі жастарда байқалады.Көбінесе процесс сауығумен аяқталады.

Ретробульбарлы неврит шашыранды склероздың жалғыз және бірінші белгісі.Оның ажыранды белгісі-көздің көру өткірлігі бір немесе екі көзде бірдей төмендейді толық соқырлық сирек болады;көбінесе көру өткірлігі жоғары;көру аймағындағы өзгерістер әр түрл-скотоматарылуы(биназалды немесе біржақты немесе біргелкі тарылған),орталық (абсолютты немесе салыстырмалы),гемианопсиялар(месе бір жақты,гомонимді немесе битемпералды немесе біржақты темпоралды,биназалды немесе бір жақта),көру аймағы түстерге,әсәресе жасыл түске тарылады;кейде гоизронталды нистагм боуы мүмкін.Шешімі- көру нервісінің біріншілік немесе екіншілік семуі.Біріншілік-процесс мида,хиазмада киста,тыртықтану салдарынан,сему жоғарыдан төмен қарай түседі;КНД самай жағы ағарады.

Екіншілік семудің себебі-қабыну процессі мидың қабатынан көру нервісіне өтеді,көру нервісінің сүйелденуі саладары.

Емі:антибиотиктер б\е,к\т,сульфаниламидтер,уротроин,осмотерапия;ісікті басу мақсатымен диакарб,глицерин ішуге;зәр шығаратын дәрілер,адреналинкокаин блокадасы,В топты витаминдер,негізгі ауруды емдеу көп жеңілдік береді.

Көру нервісінің дискісінің сүйелденуі,ажыранды диагноз.

Көру нервісінің сүйелденуі-көру нервісінің қабынусыз ісігі,процесс екі жақты,бірақ басталғанда бір көзден басталады және мида ішкі қысымның жоғарлауының белгісі.

Себептері:1)нерв жұйесінің аурулары(мидың ісіктері,абсцессі,арахноидтер,менингеттер,аневризмалар,ми ішіне қан құйылу және т.б.)2)гипертониялық ауру,созылмалы нефрит,жүктілік токсикозы,3)көз ұясының ісіктері;

Патогенез:аталған себептердің салдарынан көру нерівінің талшықтары арасында сүйықтың ағуы тежеледі,көру нерісінің дискісінде венозды сүйелдену болады.Клиникалық 5 сатысын ажыратады:1) Бастапқы сатысы -КНД біраз қызарған,ісіктің салдарынан шекарасы анық емес,алғашқыда төменгі,одан кейін жоғарғы,танау,самай шекараларыдиск маңында радиарлы ақшыл түсті ісік,веналар кеңейгенартериялар өзгермеген,бірақ соқыр дақ ұлғаяды.Қысқа уақытта көу өткірлігі күрт соқырлыққа дейін төмендейді(көру нервісінің артериясының тұйілуімен тұсіндіріледі).Бұл сатысында болатын қан құйылыстардың себебі-тез арада дамитын ми ішілік қысымның дамуы(артерияның аневризмасы жарылғанда субарахноидалды қан құйылыстар,қатерлі ісіктердің тамыр қабырғасына токсикалық әсерінен) 2)Айқынсатысы: Ісік бар КНД алады,шекарасы анық және ұлғайған,шыны тәрізді денеге қарай ығысқан,артериялар тарылған,веналар кеңейген,иректелген.Қан тамырлары ісінген дискінің шетінен шығып тұрады,арасында ісінген тіндерден қан тамырлары көрінбейдід;кеңейген веналардан қан дискіге,оның маңына құйылады,ақ түсті транссудативті ошақтар пайда болады.Макула аймағында ұсақ қан құйылыстар және ақ түсті мақта тәрізді ошақтар пайда болады. Көру өткірлігі сақталады немесе біраз,соқыр дақ ұлғаяды. 3)Асаайқын сатысы: КНД шекарасы анық емес,ісік соншалықты анық болады,тіпті айналасындағы тіндермен қосылып кетелі;Офтальмоскопия кезінде КНД кеңейтілген қарашық арқылы толық анықталмайды.Дискі шыны тәрізді денеге қарай саңырауқұлақ тәрізді шығыңқы орналасады(тор қабық бетінен, 2-3мм (скиаскопиялық 6,0Д-7,0Д) беткей орналасады),дискінің бетінде көптеген ұсақ және ірі қан құйылыстар және ақ ошақтар бар.Ісік макулярлы аймаққа қарай тарайды.Макулада ақ немесе сары-ақ түсті ретсіз орналасқан көптеген ошақтар «жұлдызша» немесе «жартылай жұлдызша» симптомдары бар,сол себепті көру қызыметі төмендейді; 4)Көру нервісініңсүйелденуінің семуге өту сатысы:ұзақ уақыс сүйелдену болса дискіде ісік азаяды,шекарасы анық болмайды,веналар өзгермейді,қан тарайды,артериялар тарылған күйінде,диск сүр түсті болады.Көру өткірлігі төмендеп,көру аймағы тарылады. 5) Көрунервісінің семуі: диск ақшыл түсті,веналар мен артериялар тарылған,біртіндеп дискінің шекарасы айқындалады.Көру өткірлігі толық соқырлыққа дейін төмендейді

Процесс бастапқа сатысында да тоқтауы мүмкін.Кері даму 1-2 айға барады.

Емі.Бастың ішкі қысымын төмендететін себепті жою.Бұл науастар невропатологта,нейрохирургте,терапевтте еделу керек.

Болжамы:Көру өткірлігі төмендемейді,егер бастапқы сатысында ауру емделсе.Процесс қайтымсыз егер ем 4-5 сатыларында басталса.Процесс алғашқыда екіншілік,кейін біріншілік семумен аяқталады.

Көру нервісінің семуі. Ол көру нервісінде қабынумен,ісікпен,немесе оның қысылуымен түсіндіріледі.

Себептері алуан түрлі:1)нерв жүйесінің аурулары-ісіктер,мерез менингит,абсцесс,энцефалит,туберкулез,бастың жарақаттары және т.б.2)уланулар;3)гипентониялық аурулар мен атеросклероз;4)көз ағзасының аурулары- тор қабықтың пигментті дегенерациясы,глаукома,невриттер,көру нервісінің сүйелденуі,тор қабықтың орталық артериясының жедел өтімсізділігі;5) ауқымды қан ағулар және т.б;

Патогенезі:жоғарыда айтылған себептердің ссалдарынан капиллярлар қаннан босайды,көру нервісінің нерв талшықтары мен миелин қабығы дегенеративті өзгереді,олар байланыс тініменжәне глиозбен ауысады;Семудің келесі түрлерін ажыратады:біріншілік,екіншілік;толық және толық емес.Клиникалық белгілері:диск ағарған,артериялар тарылған,дискінің диаметрі кішірейген,көру өткірлігі төмендейді,көру аймағында түрлі өзгерістер болады.Офтальмоскопиялық біріншілік сему:КНД ақшыл түсті, шекарасы анық,дискідегі тамырлар азайған,тарылған;веналар өзгермеуі мүмкін,көру өткірлігі төмендеген,көру аймағы тарылған;екіншілікте:КНД шекарасы анық емес,артериялар тарылған,веналар кеңейген және иректелген,көру қызыметі төмендеген.

Емі:ең бірінші негізгі ауруды емдеу,яғни кешенді ем:қан тамырларн кеңейтетін-никотин қышқылы 1%-1мл т\а:трентал,кавинтон к\т,атропин 0,1% (р\б 0,5 мл ккүн әрі),В,с,тобында витаминдер,милдронат к\т,АТФ 1,0 мл б\е,көру нервісінің ультрадыбыспен,элетрлі-,магнитті-,лазерлік стимуляциясы,пирогенал схемамен, тіндік терапия;

Ишемиялық оптикалық нейропатия.Түрлі себептерге байланысты көру нервісінің тамырларында қан айналымының бұзылуы.Оның себептері –гипертониялық ауру, атерсклероз,қантты диабет,тиреотоксикоз,зат алмасудың бұзылуы (гиперлипопротейнемия),қанның(гиперкоагуляция)ауруы,коллагенездер және т.б. Процесс бір көзде,кейде екі көзде болуы мүмкін;жастар мен қарттарда бірдей кезігеді.Егер қан айналым көз алмасы ішіндегі бөлігінде болса-алдыңғы,көз алмасының артқы бөлімінде болса-артқы деп аталады.Толық оптикалық нейропатияда көру өткірлігі толық соқырлыққа дейін төмендейді;жартылай нейропатияда көру өткірлігі сәл төмендейді.Клиникалық белгісі көру өткірлігінің күрт төмендеуінен (0 дейін)басталады,көру аймағында ақаулар (скотомалар)пайда болады.

Алдыңғы ишемиялық оптикопатия артқы қысқа кірпікті артерияларда қан айналымның бұзылуымен қамтамасыз етіледі.Офтальмоскопиялық:КНД ишемия,ісінген,ұлғайған,шыны тәрізді денеге қарай ығысқан.Ісік аймағында вена тарылған,шет жағында веналар кеңейген.Қан құйылыс және экссудация ошақтары бар.Диск маңында ісік бар,макулада «жұлдызша»көрінеді.Диагнозды айқындайтын зерттеу тәсілдері:ФАГ, қанның коагулограммасы(гиперлипопротеинемия),липидтердің алмасуын (гиперкоагуляция)анықтау.Шешімі: секторалды немесе толық көру нервісінің семуі.

Артқы ишемиялық нейроретинопатия - көру нервісінің артқы бөлімінде,ішкі және жалпы ұйқы артерияларында қан айналымның бұзылуы.Неғұрлым процесс артқа қарай орналасса,соғұрлым көз түбінде өзгерістер болмайды.Офтальмологиялық өзгерістер:алғашқыда көз түбінде өзгерістер болмайды,ал 6-8.жұмадан кейін КНД ағарады,көру аймағында сәкес ақаулар пайда болады.

Емі:кешенді (жалпы-жалпы ауруды емдеу және жергілікті.Жедел сатысында –тура және тура емес тромболитиктер,склерозға қарсы ем,кортикостероидтар,гиперосмалық дәрілер.Процесс көру нервісінің семуіне көшсе,қан тамырларын кеңейтетін,нейротропты,витаминдер,көру нервісінің жұмысын жақасартатын ем қолданылады.

Дәріс

Тор қабықтың аурулары

Оқу мақсаты:көру нервісінің ауруларының клиникалық белгілерін, көру нерісінің организмнің жалпы,қабыну, орталық нерв жұйесінің,тамыр ауруларында өзгеруімен таныстыру.

Оқу уақыты:50 мин.

Сабақ өткізу орны:топпен оқу бөлмесінде

Көрнекті құралдар:1.кестелер:көру анализаторының,қалыпты көз түбінің суреті,көру нерівінің сүйелденуі,невриттер,гипертониялық аурулардағы өзгерістер,диабет,бұйрек ауруларында

2.Слайдтар.

3.Бейне материалдар.

Көз ағзасының анатомиялық ерекшелігі басқа ағзалармен салыстырғанда 12 жұп нервтердің 6 көз ағзасын нервтендіруге қатысады.;қанды миды қанмен қамтамасыз ететін артериямен бірге алады;лор ағзалармен,одонтогеді аппаратпен көршілес орналасуы;қан тамырлары мен нервтермен организмнің басқа ағзалары мен жұйелерімен байланыста;

Тор қабықтың ауруларының белгілерін білу,келесіде

дер кезінде тиімді көмек көрсетуде,ендеше көру қабілетін сақтауда

маңызды.Тор қабықтың ауруларының белгілері:көру өткірлігі

алысқа төмендеуі, көз алдында «дақ» сезіну (скотома),көру аймағы

тарылған,түсті көрудің бұзылуы.

Процесс тор қабықтың ортасында орналасса,көз алдында от

Жарқылдағанға(фотопсия),заттардың пішінінің өзгеруіне(метаморфопсия)

 

 

Д Ә Р І С

ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы аурулардағы

көздегі өзгерістер. Балаларға көрсетілетін офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру».САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Балаларда инфекциялық аурулардағы офтальмологиялық сиптомдарды, іштен туа пайда болған зат алмасуының бұзылуына байланысты және авитаминоздарда, эндокринді өзгерістерде коллагеноздарда, орталық нерв жүйесінің ауруларында бүйрек ауруларында кездесетін көздегі өзгерістерінің клиникасын оқу. Балалар арасында офтальмологиялық аурулардың құрылысын және оған көрсетілетін көмекті ұйымдастыру туралы түсінік беру.

КӨЗДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҮКІЛ ОРГАНИЗММЕН БАЙЛАНЫСЫ

1. Барлық сезімтал органдардан көз ең көп ми нервтерін алады. 12 пардан 6-ы көздің нервтенуіне қатысады. Олар ІІ пар – көру нервісі, ІІІ пар – көз қимылдатқыш, ІV пар – блокты, V пар- үшкіл, VІ пар – әкеткіш, VІІ пар – бет нервісі.

2. Көздің және мидың қанмен қамтамасыз етілуі бір артериямен жүзеге асырылады. Ол ішкі ұйқы артериясы. Топографиялық көздің қосалқы қуыстармен және адонтогенді аппаратының жақын орналасуы өте жиі пердокальді инфекцияның (тістің және қосалқы қуыстардың қабыну аурулары) және патологиялық процесстің, ісіктің, танаудың қосалқы қуыстарынан немесе адонтогенді аппараттан көз ұясына өтуге себеп. Жалпы аурулардағы көздегі өзгерістер жиі тамырлардың зақымдануынан басталады. Эдокринді орталық нерв жүйесінің, жұқпалы және вирусты аурулардың белгілері болады. Жалпы аурулар жиі нашар көру мен соқырлықтың, көзді қимылдатқыш аппратының жартылай және толық салдылығының (қылилықтың), нервттердің, торлы қабықтың түрлі өзгерістерінің суқараңғының, катарактаның және басқа көз ауруларының себебі.

Педиатрдың алдыңғы мақсаты – балаларда дер кезінде офтальмологиялық симптомдар мен көру қызметінің бұзылуы арқылы жалпы ауруларды анықтау.

ЖАЛПЫ АУРУЛАРДАҒЫ КӨЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Балаларда жұқпалы ауруларда жиі конъюнктива және қасаң қабық зақымданады. Соның салдарынан көз соқыр немесе нашар көреді. Жиі инфекциялық аурулар балаларда көздің зақымдануынан басталады.

ҚЫЗЫЛША – ерте белгілерінің бірі – жарыққа қарығу, жиі конъюнктивада. Бірақ балада қызылшаға тән белгілер (бортпелер) болмайды. Аурудың 4-5 күні көздің жасқа қарығуы ұлғайады, конъюнктивада кілегейлі сұйық ағады. Конъюнктивада Коплик – Филатов дақтары пайда болады. Қасаң қабықта субэпителальды кератит. Көздегі өзгерістер анық білінгендіктен баланың әке-шешесі алдымен көз дәрігеріне апарады. Аурудың жазқылу сатысында қасаң қабықта инфильтраттар пайда болуы мүмкін, оның салдарынан қарауытулар пайда болып, көру өткірлігі төмендейді. Кейде қызылша тамырлы жолға (увеиттер) және нервісіне (невриттер) асқынулар беруі мүмкін. Сондықтанда педиатрлар қызылшаның көздегі белгілеріне көңіл аударып, ондай ауруларды окулистке көрсетіп, емін тағайындау керек. Қызылшалы конъюнктиваның емі: көз саңылауын фурацилин 1:500 ертіндісімен жуамыз, көзге 0,01 процент рибофлавин және балық майын «А» витаминімен бірге тамызу, 1 процент синтамицин эмульсиясын көзге жағу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 2379; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.047 сек.