Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы. Маркетингтегі жоспарлау – бұл үздіксіз циклды процесс; оның мақсаты дәріхана ұйымдары мен еаҰ-ның




Маркетингтегі жоспарлау – бұл үздіксіз циклды процесс; оның мақсаты дәріхана ұйымдары мен ЕАҰ-ның мүмкіндіктерін мақсатты бағытталған іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан нарық мүмкіндіктерімен, сонымен бірге бақылауға көнбейтін нарықтың сыртқы факторларымен сәйкестендіру болып табылады..

Денсаулық сақтауда маркетингтік зерттеулердің көптеген түрлерін бөлуге болады. Көп болғанымен олар бір-бірінен мақсаты және зерттеу объектілері бойынша ерекшеленді.

 

Маркетингтік зерттеулер

 


Мәселені анықтау үшін Мәселені шешу үшін

жүргізілетін зерттеулер жүргізілетін зерттеулер

 


- нарық потенциалын зерттеу - сегменттеу үшін зерттеу

- нарық үлесін зерттеу - тауарды зерттеу

- имиджді зерттеу - бағаны зерттеу

- нарық сипаттамаларын зерттеу - жылжытуды зерттеу

- болжамдық зерттеулер - бөлуді зерттеу

- іскерлік тенденцияларды зерттеу

 

1 сурет. Зерттеу мақсаттарына байланысты маркетингтік зерттеулердің түрлері

 

Маркетингтік зерттеулер

 


 

ҚЫЗМЕТ ТАУАРЛАР

 

медициналық фармацевтикалық медициналық фармацевтикалық

 


жаңа жаңа жаңа жаңа

бұрыннан бар бұрыннан бар бұрыннан бар бұрыннан бар

 

2 сурет. Зерттеу объектісіне байланысты денсаулық сақтаудағы маркетингтік зерттеулердің түрлері

 

Әрбір нақты жағдайда маркетингтік зерттеулердің жоспары мен технологиясы бір-бірінен ерекшеленеді. Дегенмен, кез келген маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезінде зерттеу объектілерінен басқа, төмендегілер зерттеледі:

- макро- және микроорта;

- маркетинг субъектілері – тұтынушылар (тікелей, аралық, институциональды), жабдықтаушлыар, өндірушілер, бәсекелестер;

- өндіріс технологиясы;

- процесстер – тасымалдау, сақтау, қызмет көрсету.

Маркетингтік зерттеулерді жүргізу этаптары:

1. зерттеу мақсаты мен міндеттері анықталады;

2. маркетингтік зерттеу үшін ақпаратты жинаудың детальды жоспары жасалады;

3. ақпарат жинайды және мәліметтер базасын қалыптастырады;

4. ақпаратты талдайды;

5. стратегия мен тактиканы анықтайды.

Бірінші этапта зерттеудің мақсатын анықтау керек. Және де анықталған мақсат:

- өте кең немесе тар мағынада болмау керек;

- зерттеудің нақты міндеттерін көрсетуі керек;

- себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік беруі керек;

- пациент және толығымен қоғамның мұқтаждығына бағыт түзеуі керек.

Екінші этап – маркетингтік зерттеу жоспарын жасау. Жоспарды жасай отырып, осы жоспарды жүзеге асыру құнын да бағалайды және жоспар фирманың кірісін жоспарды жүзеге асырмай тұрғандағы қызметімен салыстырғандағыға қарағанда жоғарылатуына және жүзеге асыруға кеткен шығын сомасын фирманың бұрын жоспарлаған кірісі қамтамасыз етуін қадағалайды.

Үшінші этап – ақпаратты жинау және мәліметтер базасын қалыптастыруу. Медициналық және фармацевтикалық тауарларға маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезінде маркетинг бөлімі сыртқы және ішкі ақпараттарды жинайды. Және бұл жағдайларда пайда болу кезеңіне, қолданылуына, өңделуне және т.б. байланысты маркетингтік ақпарат әртүрлі сипатта болуы мүмкін.

Пайда болу кезеңдігі немесе тұрақтылығына байланысты маркетингтік ақпараттар тұрақты, ауыспалы және эпизодтық болып бөлінеді.

Қолданылуы бойынша маркетингтік ақпараттарды реттейтін, нормативті, ресми, анықтамалық, рекомендациялық және сигнальды деп бөледі.

Өңделуі бойынша маркетингтік ақпараттар біріншілік, екіншілік және өндіруші (производные) болып бөлінеді.

 

 

АҚПАРАТ
Ішкі ақпарат Сыртқы ақпарат
Тавуарлар Сатып алушылар Жабдықтау-шылар Нарық Экономикалық ақпарат
Қандай да бір дәрінің сипаттамасы Баға түзу Сатып алушылардың шағымдары Шығындар Аты, сипаты, мекен-жайы Бумаладың сатылу көлемі, бағасы Борлжанатын сатылу көлемі Болжаммен сәйкес келмеу себептері Тауарлар Бағасы Шағымдар Тауарлар: бағасы, тауар сипаттамасы Сатып алушылар: сатып алу туралы шешімге әсер ететін негізгі факторла Жылжыту: шығындар, ақпарат типтері Өтім және дистри-бьюция: аймақтық қамту, үстеме баға Бәсекелестердің стратегиясы: нарық үлесі, тауарлар, бағасы, дистрибьюторлар, сатып алушылар Тенденциялар (жалпы ұлттық өнімдегі, отбасының кірісіндегі және т.б. өзгерістер) Инфляция деңгейі Экспорта және импорта ережесі Заңдар мен ережелер

3 сурет. Дәріілк препараттарға маркетингтік зерттеу жүргізу барысында жиналатын ішкі және сыртқы ақпарат

 

Төртінші этап – ақпаратты талдау

Бесінші этап – стратегия және тактикасын жасау.

Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың жалпы жоспары келесі негізгі бөлімдерден тұруы қажет.

А. Стратегиялық маркетинг

I. СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1. Макроортаның әсерін талдау - сыртқы ортаның (құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және т.б. көзқарас тұрғысынан олар қандай қысым көрсетеді).

2. Микроортаның әсерін талдау

2.1. Сыртқы қоршаған ортаның әсерін талдау.

2.1.1. Қажеттілікті талдау, нарықтың базалық сегментін анықтау.

2.1.2. Қажеттіліктерді талдау, нарықтың мақсатты сегменттерін анықтау.

2.2. Ішкі ортаның әсерін талдау.

2.2.1. Тауардың тартымдылығын талдау (тауарға нарықта жайлы жағдай жасау).

2.2.2. Нарық потенциалын зерттеу, тауардың өмірлік циклының этапын анықтау.

2.2.3. Бәсекелестік мүмкіндігін талдау, тұрақты бәсекелестік артықшылығы болатын жағдайды анықтау.

3. Болжау (қазіргі жағдайда зерттелетін объектіні не күтіп тұр), қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік.

II. МАРКЕТИНГТІК СИНТЕЗ

4. Мақсаттарды ұсыну (жағдайды түзету немесе сақтау үшін не істеу керек).

5. Мақсаттарды бағалау (неліктен басқаша емес, дәл осылай істеу керек).

6. Стратегиялық жоспарлау үшін шешім қабылдау (шешімі басты соңғы мақсатқа жетуге қажет болатын міндеттердің иерархиясы қандай болу керек).

Б. Операциялық маркетинг

III. СТАРТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

7. Стратегияларды ұсыну (мақсатқа жету үшін қандай іс-әрекеттерді жасау керек).

8. Стратегияны таңдау (қандай стратегия жақсы және неліктен).

9. Тактиканы жасау туралы шешім.

IV. ТАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

10. Тактиканы анықтау (қандай іс-әрекеттерді қабылдау керек және неліктен).

11. Оперативті жоспарды жасау (кім, нені, қашан және қайда жасауы керек):

а) Мақсатты элементті таңдау.

Б) Маркетинг кешенін зерттеу.

В) Маркетинг бюджетін жасау.

12. Оперативті жоспарды жүзеге асыру.

V. МАРКЕТИНГТІК БАҚЫЛАУ

13. Мәліметтерді жинау (тактикалық жоспармен қарастырылған есеп беру кезеңіндегі қызмет нәтижелері қандай).

14. Мәліметтерді бағалау (соңғы басты мақсатқа қаншалықты жылжыды).

15. Ситуациялық талдауды жүргізу туралы шешім (тактикалық жоспарды жүзеге асыру бойынша жағдай өзгергенде немесе теріс нәтижелер алған жағдайда).

Бұл жағдайда тактикалық жоспардың үш варианты жасалады: минимальды, оптимальды және максимальды.

Минимальды жоспар оқиғаның жағымсыз дамуындағы қызметті анықтайды, оптимальды жоспар «қалыпты» жағдайдағы қызметті, максимальды – оқиға жақсы дамыған жағдайдағы қызметті анықтайды.

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Мақсаттарына байланысты маркетингтік зерттеулер қалай бөлінеді?

2. Маркетингтік зерттеулер қандай этаптардан тұрады?

3. Кезеңділігі бойынша маркетингтік ақпараттар қалай бөлінеді?

4. Қолданылуы бойынша маркетингтік ақпараттар қалай бөлінеді?

5. Ішкі маркетингтік ақпаратқа не кіреді?

6. Сыртқы маркетингтік ақпаратқа не кіреді?

7. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың жалпы жоспары қандай бөлімдерден тұрады?

8. Тактикалық жоспарлауға не кіреді?

9. Стратегиялық жоспарлауға не кіреді?

10. Маркетингтік бақылауға не кіреді?

 

 

ТАҚЫРЫП: ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

МАҚСАТЫ:

Студенттердің медициналық мақсатта қолданылатын тауарлар, медициналық мақсатта қолданылатын таураларға талдауды жүргізу, өнімдер мен тауарларды стандаттаудың жалпы сұрақтары бойынша бағдарлама материалдарын игеру деңгейін тексеру.

 

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Өткен тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ:

1 вариант

1. Тауартану ғылымы нені зерттейді?

2. Тігу материалдары қалай жіктелед?.

3. Медициналық бұйымдардың функционалдық қасиетінің маңызды сипаттамасына не жатады?

4. Мемлекетаралық стандарттар.

5. Жалпыхирургиялық медициналық саймандардың қолданылу саласын көрсетіңдер. Оларға қандай талаптар қойылады?

6. Гинекологиялық саймандар қалай жіктеледі?

7. Сіңбейтін тігу материалдарына не жатады?

 

2 вариант

1. Тауар деген не және оның тұтынушылық қасиеттеріне не жатады?

2. Кетгут, шығарылу формасы, стерильдеу әдістері, сапасын бағалау.

3. «Фармацевтикалық тауарлар» термині нені білдіреді?

4. Стандарттау бойынша жұмыстар қандай әдістемен жүргізіледі?

5. Буж және зондтайтын саймандар не үшін қолданылады?

6. Урологиялық саймандардың функционалдық қасиетін сынау.

7. Тіндерді біріктіруге арналған материалдардың көптігі немен байланысты?

 

3 вариант

1. Тауар сапасының көрсеткішіне не жатады?

2. Хирургиялық атравматикалық инелер, шығарылу формасы, сапасын бағалау.

3. Тауардың сенімділігі нені білдіреді?

4. Стандарттаудың негізгі міндеттеріне не жатады?

5. Қысқыш саймандар қандай мақсатпен қолданылады, олардың тауарлық түрлері?

6. Нейрохирургиялық кесетін саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

7. Тіндерді біріктіруге арналған материалдар мен саймандарға қандай талаптар қойылады?

 

4 вариант

1. Тауартануда тауар сапасының көрсеткіштері қалай жіктеледі?

2. Тігу материалдарына қандай талаптар қойылады?

3. Тауардың антропометриялық қасиеттері нені сипаттайды?

4. Стандарттаудың негізгі принциптері қандай?

5. Медициналық аралардың тауарлық түрлері, сапасын бағалауды жүргізу.

6. Кесетін және қысатын офтальмологиялық саймандардың сапасы қандай әдістермен бағаланады?

7. Атравматикалық ине не үшін қолданылады?

 

 

5 вариант

1. Материалтануға және оның негізгі түсініктері мен анықтамалары.

2. Лигатуралық инелер, тауарлық түрлері, сапасын бағалау.

3. Тауардың химиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

4. Өнімдердің халықаралық стандарттары.

5. Хирургиялық қайшылардың тауарлық түрлері, тауарлық талдауды жүргізу?

6. Стоматологиялық саймандар қалай жіктеледі?

7. Әртүрлі мүшелер мен тіндерді тігуге арналған тіккіш аппараттардың конструкциялық ерекшеліктері қандай?

 

6 вариант

1. Қолданылуы бойынша материалдар қалай жіктеледі?

2. Сүйектерді тігуге арналған тігу материалдары, тауарлық түрлері.

3. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың қандай негізгі тұтынушылық қасиеттерін білесіздер?

4. Стандарттардың қандай түрлері болады?

5. Қысқыш саймандарға қандай талаптар қойылады, сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

6. Трахеотомияға арналған жиынтыққа қандай саймандар кіреді?

7. Хирургиялық инелер қалай жіктеледі?

 

7 вариант

1. Металл материалдардың жіктелуі.

2. Тігу материалдарын сақтау ережесі.

3. «Медициналық тауарлар» термині нені білдіреді?

4. Медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдардың стандарттары.

5. Кескіш саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

6. Урологиялық саймандардың жіктелуі және сапасын бағалау қалай жіктеледі?

7. Лигатуралық ине қалай қолданылады және сапасын бағалау?

 

8 вариант

1. Қара металдар және металдардың құймалар.

2. Хирургиялық жібек жіп, шығарылу формасы, стерильдеу, сақтау.

3. Әсер ету сипаты бойынша химиялық заттар қалай бөлінеді?

4. Дәрілік заттардың стандарттарына не жатады?

5. Ығыстыратын саймандарды қандай топшаларға бөлуге болады?

6. Кесетін ЛОР-саймандарды дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?

7. Тігу материалдарының жіктелуінің негізіне қандай принцип алынған?

 

9 вариант

1. Коррозия және коррозиялық бұзылыстардың түрлері.

2. Хирургиялық инелер және оларға қойылатын талаптар.

3. Тауардың физиологиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

4. Стандарттаудың міндеттері.

5. Жалпыхирургиялық медициналық саймандарға анықтама беріңдер.

6. Акушерлік, гинекологиялық саймандарға қандай техникалық және функционалдық талаптар қойылады?

7. Тігу материалдары қалай бөлінеді?

 

10 вариант

1. Коррозияға қарсы қорғаныштың түрлері.

2. Тіккіш аппараттар.

3. Тауардың механикалық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

4. Стандарттау деген не?

5. Жалпыхирургиялық саймандар қалай жіктеледі?

6. Акушерлік саймандар қалай жіктеледі?

7. Сіңетін тігу материалдарына не жатады?

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

ТАҚЫРЫП: ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

МАҚСАТЫ:

Студенттердің фармацевтикалық және медициналық тауралардың жіктелуі, кодтау, ассортименті; фармацевтикалық және медициналық тауарларға маркетингтік зерттеу жүргізу, маркетингтік зерттеудің жоспарын жасау бойынша бағдарлама материалдарын игеру деңгейін тексеру.

 

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Өткен тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ:

1 вариант

1. Жіктеудің негізгі міндеттері қандай?

2. Дәріханада және емдеу ұйымдарында ассортиментті басқару қандай мақсатпен жүргізіледі?

3. Ішкі ортаға маркетингтік зерттеулер қандай құраушылар бойынша жүргізіледі?

4. Мақсаттарына байланысты маркетингтік зерттеулер қалай бөлінеді?

5. Керамикалық бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі.

6. Диагностикаға арналған приборлар мен аппараттардың жіктелуі.

7. Тасымалдау иммобилизациясына арналған заттарды атаңыз, түрлері.

8. Тараның анықтамасы және оның түрлері.

 

2 вариант

1. Жіктеудің қандай түрлерін білесіздер?

2. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментінің қандай түрлерін білесіздер?

3. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезінде қандай әдістер қолданылады?

4. Маркетингтік зерттеулер қандай этаптардан тұрады?

5. Әйнектен бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі.

6. Қатты және иілгіш эндоскоптар, қолданылуы.

7. Емдік иммолбилизацияда қолданылатын заттар.

8. Біріншілік орам және оларға қойылатын талаптар.

 

3 вариант

1. Түпнұсқа тауарларды жалған тауарлардан қалай ажыратуға болады?

2. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың талдауы қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі?

3. Макроортаға маркетингтік зерттеулер қандай құраушылар бойынша жүргізіледі?

4. Кезеңділігі бойынша маркетингтік ақпараттар қалай бөлінеді?

5. Пластмасса массаларының құрамы.

6. Интроскопияға арналған аппараттар мен приборлардың жіктелуі.

7. Гипс. Гипспен жұмыс жасағанда қолданылатын құрал-саймандар.

8. Буып-түю материалдың тазалық көрсеткіштері.

 

4 вариант

1. Жіктеудің қандай әдістерін білесіздер?

2. Ассортимент кеңдігі деген не және оны қалай анықтайды?

3. Микроортаға маркетингтік зерттеулер қандай құраушылар бойынша жүргізіледі?

4. Ішкі маркетингтік ақпаратқа не кіреді?

5. Пластмасса массаларының артықшылығы мен кемшіліктері.

6. Артериалды қан қысымын өлшеуге арналған аппараттар.

7. Травматологиялық және ортопедиялық аппараттар мен саймандарды сақтау және тасымалдауды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

8. Дәріханада жағдайында қолданылатын орау материалдары.

 

5 вариант

1. Кодтау не үшін қолданылады?

2. Ассортимент тұрақтылығы нені білдіреді?

3. Ұйымның макро- және микроортасын қандай мақсатпен зерттейді?

4. Қолданылуы бойынша маркетингтік ақпараттар қалай бөлінеді?

5. Резеңке қоспаны алудың негізгі стадиялары.

6. Термометрияға арналған приборлар.

7. Материалдары бойынша иммобилизациялаушы шиналардың түрлері.

8. Материалдардың қорғаныш қасиеттерінің көрсеткіштері.

 

6 вариант

1. Тауарларды кодтау кезінде қандай әдістер қолданылады?

2. Дәріхана ұйымдарының ассортименттік саясаты қандай факторларға байланысты болады?

3. Ұйымның макроортасына не жатады?

4. Сыртқы маркетингтік ақпаратқа не кіреді?

5. Резеңке бұйымдарды сынау.

6. Аускультация және перкуссияға арналған приборлар.

7. Остеосинтезде қолданылатын саймандар.

8. Екіншілік орам, олардың түрлері және қойылатын талаптар.

 

7 вариант

1. Штрих кодтау не үшін қолданылады?

2. Ассортименттің жаңаруы деген не және оны қалай анықтайды?

3. Маркетингтік зерттеулер қандай функцияларды орындайды?

4. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың жалпы жоспары қандай бөлімдерден тұрады?

5. Резеңкенің құрамы (вулканизациялайтын агенттер, тездеткіштер, толықтырғыштар, жұмсартқыштар және т.б.).

6. Рентгенодиагностикалық құрылғылар.

7. Көздің оптикалық жүйесі және көздің рефракциясы.

8. Тараның, тығындайтын заттардың, орау материалдарының тұтынушылық қасиеті.

 

8 вариант

1. Штрих кодты енгізу тәртібі қандай?

2. Ассортимент толықтығы – сипаттамасы және анықтамасы.

3. Маркетингтік зерттеулердің қандай түрлерін білесіздер?

4. Тактикалық жоспарлауға не кіреді?

5. Полимерлі материалдар және олардың түрлері.

6. Электрокардиографияға арналған приборлар.

7. Көзілдірік линзалары, жіктелінуі және қолданылуы, қойылатын техникалық талаптар.

8. Тығындайтывн заттар және олардың жіктелуі.

 

9 вариант

1. Штрих кодтың мөлшерлері қандай?

2. Ассортимент тереңдігі деген не?

3. Фармациядағы маркетингтің негізгі міндеттері қандай?

4. Стратегиялық жоспарлауға не кіреді?

5. Әйнек және әйнектің құрамы.

6. Диагностикаға, эндоскопияға және интроскопияға арналған приборлар мен аппараттарды қабылдау кезінде қойылатын талаптар.

7. Көздің көру өткірлігі деген не, түсіндіріңдер, оны анықтауға қандай приборлар қолданылады.

8. Тығындайтын заттарға қойлатын техникалық талаптар.

 

10 вариант

1. Медициналық мақсаттағы тауарларды жіктеу

2. Ассортименттің үйлесімділігі деген нені білдіреді?

3. Маркетингтің негізгі түсініктерін көрсетіңдер.

4. Маркетингтік бақылауға не кіреді?

5. Керамикалық медициналық бұйымдар.

6. Диагностикаға, эндоскопияға және интроскопияға арналған приборлар мен аппараттарды буып-түю және сақтау.

7. Көз рефракциясының аномалиясының түрлерін атаңыз, олардың туындау себебін түсіндіріңіз.

8. Бума, буманың түрлері, жіктелуі және қойлыатын талаптар

 

ӘДЕБИЕТ:

 

4. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

5. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

6. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

 

ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛІК ЗАТТАР, ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР, ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 1614; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.174 сек.