Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Реферат 2 страница




Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі түні өтімділікті басқару жоғарыда аталған бастапқы екі әдістін көмегінмен іске асырылуда:

- жиынтық қор әдісі, яғни бұл әдіс басымдықтармен қолдануда;

- конфверсиондық әдіс, яғни бұл әдіс жекеленген жағдайларда ғана қолдануда.

Жиынтық қор әдісі бұл банктін өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктін өзінде бар барлық өтеу көздермен салыстыруда сипаттайды. Ол үшін банктін балансының өтімділігінің бағалау көрсеткіштері қолданылады. әр түрлі көздерден алынған банктін барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктін өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады сөйтіп өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құралады.

Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ –г шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банутін өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін. Банктің күнделікті операциясына қажетті немесе өтімдлік мәселесі туындай қалған кезде шешуге қажетті ақшалай резервінің болуы қажет.

Екінші әдіс, яғни конверциялау әдіс банктін қаражаттарын көздеріне және бағыттарына қарай байланыстыруда қажет етеді. Бұл әдіс қолдану барысында бірншіден, банктер қаражаттарды қалыптасу көздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай орналастыруға тиіс, екіншіден, әр бір қаражат көзін тиісті қаржыландыру бағытына бөлуі қажет.

Аталған әдістін жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалар мен қосылып (ЕКДБ-нің несиелік желісі, АДБ-нің ауыл шаруашылық бағдарламалары) тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады.

Отандық банктер банк өтімділігін банктегі талдаушылық қызметі тікелей жауапты, олар өз кезенінде банктің қаражаттарды тарту және орналастыруына жауапты құрылымдық бөлімшелернің қызметтерін бақылай отырып олардың қызметтерін үйлестіреді. Демек талдаушылық қызмет қана банктін ағымдығы өтімділік жағдайын және пруденциялық нормативтердің сақталуын бақылуға қажетті барлық ақпараттарды ала алады.

Банктің өтімділік жағдайын талдауға қажетті ақпараттары ішкі және сыртқы көздер жүйесінен тұрады.

Сыртқы көздердің ақпарат алу негізінен банктің бәсекелестері мен клиенттер нарығындағы және т.б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі мәліметтерді жинақ тауды білдіреді.

Ішкі көздер жүйесі банктің қызметін байланысты жағдайлар туралы мәліметтерді қамтиды және ол кез келген уақытта банктің ағымдағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Банктің ағымдығы өтімділігін талдауға қажетті ішкі ақпараттарды анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қол жетімді жекелеген лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады.

Банктің өтімділігін бағалау. Қаржылық қаағалау агенттігінің өтімділікке және резервтерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Банк өтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің пайдаланылған арттыру үшін қайтару мерзімдеріне байланысты тарылған қаражаттар мен активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады. Өтімділікті бақылау шегінде мыңдай салыстырулар банктің ағымдағы өтімділік ұстанымын анықтау жолмен жасалады.

Банктін жалпы өтімділік ұстанымы тартылған және орналастырылған қаражаттарды мерзімдеріне қарай салыстыру арқылы анықталады. Бұл жерде тартылған және орналастырылған қаражаттар түрлеріне қарай топтастырылады. Банктің қысқа мерзімді өтімділігі үш айға дейінгі мерзімнен, ал ұзақ мерзімді өтімділігі үшін жоғары мерзіммен анықталады. Болашақтағы төлемдік міндеттемелер мен әр күндегі талаптарды салыстыру нәтижесінде банк түсетін және шығатын, яғни сол күні төлеуге жататың ақша қаражаттарының шекті қатынасын айқындайды. Егер банктен шығатын ақша қаражаты кіретін соммадан артық болса онда банкте өтімділік жеткіліксіз болып табылады. Егер керісінше болса, онда өтімділік артық болады. Аталған жағдайларды талдаушылық бөлім қаражат тарту немесе орналастыру туралы шешім қабылдау үшін банктің тиісті бөлімшелерімен байланысады.

Банутін талдаушылық бөліміне өтімділікті басқару барысында мынадай қызметтер мен міндеттер жіктеледі:

- өтімділік жағдайына күнделкіті маниторинг жасау және Қазынашылық бөліміне жеке ақпарат беру;

- өтімділік коэффициенттердің орындалуына маниторинг жасау;

- банктің өтімділігін терең талдауға арналған коэффициенттер жүйесін есебінің жетілдірілген әдістерін жасау;

- өтімділіктің нашарлауын куәландыратын нақты немесе әлуиетті теріс үдістерді анықтау;

- теріс үрдіс туғызатын факторларды талдау;

- өтімділікті басқару стратегиясын анықтауға арналған ұсыныстарды жасау;

- мөлшері мен мерзімдері бойынша теңгерімді активтермен міндеттемелердің оңтайлы құрылымын анықтау;

- валюталы тәуекелді және пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісінен туындайтын тәуекелді талдау және бағалау.

Банктің ағымдығы өтімділігін басқаруға байланысты қазынашылықтың қызметтері мыналар:

- белгілі болған және болжанған талаптарды есепке ала отырып, күн сайынғы міндеттемелерді өтеуге қажетті қолма қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету;

- артық ақша қаражат қорларын тәуекелдер бойынша стратегияда бекітілген өлшемдер шегінде орналастыру.

Қорыта айтқанда, отандық банктердің өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге банктің активі мен пасивің теңгерімді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Активтер мен пасивтердің теңгерімділігі бұл банктің кейбір тартылған және орналасытырлған қаражаттары мөлшер мен мерзімдері бойынша бір бірімен сәйкес келуін білдіреді. Қаражатты тарту және оны орналастыру туралы шешім қабылдау барысында банк ең бастысы клиент алдындағы міндеттемесін орындауға аса көңіл аударуға тиіс. Яғни банк өтімділікті басқара отырып, бірінші кезекте қарызға алған қаражаттарын мінтетті түрде уақытылы қайтаруды, содан кейін пайда алуды ойлауға тиіс.

Біздің банктеріміздің бүгінгі күні өтімділік дағдарысты басына кешіруінің ең басты себебі осы теңгерімсіздіктің сақталмауында болып отыр. Нақтырақ айтсақ, олардың тартылған қаражаттарының басым бөлігі әлі де болса қысқа мерзімді болса ал орналастырылған қаражаттары ұзақ мерзімді. Ендеше бұл арадағы теңгеремділіктің бұзылуы өтімділіктің сақталмауына жол беруде және бұл жағдай әлі біраз уақыт жалғасуы мүмкін.

 

 

3.2 Коммерциялық банктер қызметінің табыстылығын дамыту перспективалары

Қазақстанның бүгінгі экономикалық ақиқатының фактілері мен проблемалары болып, экономикалық нақты және қаржы секторларының дамуының арасындағы ертерек пайда болған тепе- теңсіздіктерге тереңделу табылады. Нақты сектордың кәсіпорындарын несиелендіруді ұлғайту көп жағдайда, нақты экономиканың салаларындағы құрылымдық түрлендірілуінің темптері мен мінездемелері арқыы анықталады, сондай- ақ кәсіпорынның меншігінің қаржылық жағдайы мен құрылымы туралы мәлімет деңгейі мен анықталады. Осылайша, көпжағдайда экономиканы нақты және банктік секторындағы қабылданатын шешімдердің келісімділігі мен тиімділігі, бір жағынан, нарықтық және несиелік тәуекелдердің бөлістірілу механизміне; екінші жағынан, кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайынан және қалыптасқан экономикалық конюнктурасын бағалануына байланысты болады. Бұл контекстегі негізгі орынды екінші деңгейлі банктер мен нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржы жағдайының меншікті мониторинг жүйесін құру сұрақтары алады. бұл банктерге өзінің мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді және несие алушы- кәсіпорындардың бағалануын оңайлатады.Бұдан басқа, экономиканың нақты секторы мен банктік жүйенің арақатынастарындағы проблемаларды шешудегі тағы бір маңызды бағыт болып, нақты өндірістің өсуін ынталандырудың перспективті моделі ретіндегі қаржы лизингінің дамуы табылады.Айта кететін жайт, соңғы кезде клиенттердің кең ауқымына лизингтік қызмет көрсетуге бейімделген екінші деңгейлі банктермен құрылған лизингтік компаниялар дами бастады. әдетте, банктер туынды компаниялардың қызметін қаржыландырады, бірақ банктің өзіне келген клиенттерді активті түрде оларға жібереді./19/. Банктік лизингтік компаниялардың құру тиімділігі бүгінгі күнде айқын жағдай. Жалға алушыға құрал- жабдықты сатып алу емес, белгілі бір төлем үшін белгілі уақытқа қолдану тиімді. Бұл банкке де тиімді, өйткені, қымбат тұратын құралдарды жалға бере отырып, банкпен төленген құралдардың бағасынан бірнеше ел үлкен арендалық түсімдерден пайда алуға болады. Басқа жағынан лизинг банктік несие балама түрінде шығады және кәсіпкердің әрқашанда таңдау мүмкіндігі бар.Осыған байланысты, лизингтік бизнестің тиімді дамуы үшін Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің туынды лизингктік компанияларын құру ұсынып отыр.Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттің агроөнеркәсіптік бағдарламасында көрсетілген басым бағыттардың бірі болып, ауыл өндірісін және қайта өңдеуді несиелендірудің көп бағытты жүйесін құру табылады. Қалалық банктердегі несиелер қиын алынуымен ерекшеленеді: жоғары өтімді кепіл болуын талап еткеннен; ал жер банктермен кепілдікке көп жағдайларда алынбайды, ауылдағы техника құнсыз және тозғанына байланысты оны да кепіл ретінде қолдану қиын. Бұдан басқа, банктер несиелендіру үшін тиімді жобаларды таңдайды және ауыл тұрғындарының тез арадағы қажеттіліктерін қанағаттандырудан аулақ болады. Сонымен, фермерлердің негізгі бөлігі және басқа ауылды тауар өндірушілердің несиелендрілуі ешкіммен қараусыз қалады. Ауыл шаруашылығын несиелендіретін арнайы банктерді құру мүмкін емес, ал табысты коммерциялық банктердің филиалды жүйесін кеңейту рентабелді емес. Осы факторлардың барлығы ресурстарды ауылды жерлерде қолдану мен тартудың жаңа және тәуелсіз ұйымдастырылу формаларын іздеуге мәжбүр қылады және банктік емес ұйымдарға қызығушылығын білдіреді. Осылай, мысалға, Германияда несиелік кооперативтік жүйе 15 миллионнан астам мүшелерді есепке алады, олар 1621 несиелік кооперативке біріккен. Германиялық кооперативтік банктеріне, оның бүкіл несие нарығының 20%-ы келеді. Ресейде 300-ге жуық елдің 60 аумағында несиелік бірлестіктер мен ауылдың несиелік кооперативтер жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде, өзара несиелендіру негіз болатын несиелік бірлестіктер шаруаларға қажетті ресурстарға қол жеткізуін оңайлататын тиімді жолдардың бірі болып табылады. Несиелік бірлестіктерге бірігу талассыз артықшылықтар береді:

- нақты аумақтың клиентурасына қызмет көрсететін банктік емес қаржы мекемесі құралады;

- аталған регионның ақша қаражаттары айналымға максималды түрде тарту мақсатымен жұмсалады;

- толық жауапкершілік шарттарында ерікті бірігу несиелік қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді./20/

Несиелік бірлестіктердің артықшылықтарының бірі болып, территориалды несинің жеткіліктілігі және тәуекелдің азаюы табылады. Ауылды жерде жаппай жұмыссыздық болуы кезінде несиелік бірлестіктерді құру бүгінгі күнде жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесетін жалғыз сенімді және тиімді жол болып отыр. ауылды жерде банктік қызметтердің қазіргі заманғы кешендерін кеңейту, шаруашылық қожалықтарының қарқынды өсуіне және ауыл тұрғындарының жалпы жағдайының жақсаруына әкеледі. Қазақстан Республикасындағы несиелік бірлестіктер институтының дамуындағы маңызды этап болып, ауылдың несиелік кооперациясының даму концепсиясының өңделуі мен қабылдануы табылады. Бұдан басқа, қазіргі кезде іс- жүзіндегі несиелік бірлестіктер бөлектендірілген және берілген проблеманы бірігіп шешуге мүмкіндігі жоқ. Аталған проблеманың шешілуі үшін арнайы құрылымдарды құру ұсынылып отыр: ауылды несиелік бірлестіктердің одағы және ауылды несие бірлестіктерінің даму қоры. Одақ және қор- бұл бір- біріне тәуелсіз, бірақ бір мақсаты бар екі бөлек ұйым болып табылады. Олардың міндеттері: Қор- несие бірлестіктерінің қаржы көмегін жүзеге асырады, ал одақ- ауылдық несие бірлестіктің институтционалды дамуы жайлы қамқорланады. Одан басқа келесі іс- шаралар кешенін қабылдау қажет:

- несиелік бірлестіктер үшін белгілі бір салықтық жеңілдіктер беру және жергілікті атқару органдары тарапынан қамқорлық жасау;

- несие бірлестіктер үшін ұйымдастырылу құжаттардың тізімін қайта қарау, жөндеу және оңайлату;

- техникалық жабдықталуы жағынан талаптарды жеңілдету.

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасында елдің банктік жүйесінің болашақта дамуын анықтайтын құжаттарды өңдеудің өткір қажеттілігі байқалып отыр. Қазақстанның банктік жүйесінің одан ары дамуының негізгі мақсаттары болып, оның тұрақтылығын күшейту, ақша қаражаттарын аккумуляциялау бойынша орындалатын функциялардың сапасын жоғарылату, банктің салымшылары мен басқа кредиторларының сенімділігін күшейту, олардың мүдделерінің қорғанысын күшейту, банктерді сенімсіз коммерциялық тәжірибеде қолдануын тоқтату табылады.Бұл Қазақстан экономикасының даму мүдделеріне жауап беретін, банктік істі жетілдіру мен банктік жүйені қалыптастыру бойынша берілген міндеттерді шешуге Қазақстанның Ұлттық банкінің және атқарушы органдарының мақсатқа жету талаптарының орындалуына ықпал ету керек.Даму стратегиясының жүзеге асырылуы мақсатында бірнеше іс- шаралар жүргізу және ұйымдастыру шараларының кешенін жүзеге асыру қажет болады. Айта кететін жайт, бұл аталған стратегия жобасының сөзсіз өңделуі мен жетілдірілуін қажет ететіндігінде, бірақ, меніңше, ол біріншіден, Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалған “2008 жылға дейінгі қаржы секторының даму концепсиясына” балама ретінде, екіншіден, стратегия концепсияға қарағанда ауқымы бойынша таралу құжат болғандықтан, яғни тек экономиканың банктік секторын ғана қарстыратын болғандықтан, онда ол орта мерзімді перспективаға Қазақстанның банктік жүйесінің даму концепсиясының толық өңделуі үшін негіз ретінде қолданыла алар еді./21/

Кез-келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының ең негізгі саласы – қазіргі уақытқа сай банк жүйесі. Ол мемлекеттегі төлем және есептесу жүйесін басқарады; ол көптеген коммерциялық келісімдерді салым салу, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жасайды; басқа қаржылық ұйымдармен қатар банктер халықтың қаржысын фирмалар мен өндірістік салаларға бағыттайды. ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатардағы орынды алып отырған, Қазақстан Республикасының қаржы-банктік жүйесін реформалаудың мақсаттары қазіргі таңда шешілген. Осыған қарамастан отандық қаржы-несиелік жүйеде қаржы-несиелік қатынастарды аймақтандыру және экономиканың нақты саласын қаржы-несиелік ресурстармен қамтамасыз етуді белсендендіру қажеттіліктерімен байланысты ғылыми негізделген шешімдерді қажет ететін мәселелер аз емес.

Қазақстан Республикасының 31.08.1995 ж., №2444 «ҚР банктер және банк қызметі туралы» заңның 30 бабында банк қызметін «банктік операцияларды іске асыру, сонымен бірге осы бапта көрсетілген басқа да операцияларды жүргізу» деп белгіленген.

Коммерциялық банктер осы Заң мен мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына сәйкес ақша ағымдарының жүруінің, олардың айналымының жылдамдығын, эмиссиясына, айналымдағы нақты ақшаның санын қоса есептегендегі жалпы массасына әсер ете отырып реттейді.

Ақша массасының өсуінің тұрақтануы – құнсызданудың (инфляцияның) жылдамдығының төмендеуінің кепілі, баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оған баға тұрақтылығын нарықтық қатынастардың халық шаруашылығы экономикасына өте ықпалды түрде әсер етуіне әкеледі.

Коммерциялық банктер ақша жинақтарын біріктіріп, оларды ілгеріде (болашақта) әр түрлі экономикалық қажеттіліктерге жұмсайды. Салымша банктегі жинақ ақшасына пайыздық түрде сыйақы алады.

Коммерциялық банктердің негізгі функциясы тиянақты ақша алушыларға (заемщиктерге) несие беру болып табылады. Сонымен, коммерциялық банктер қажетті қызмет жасайды: несиенің көмегімен өндіріс ұлғайтылады, капитал өседі, жоғарырақ өмір деңгейіне жетеді.

Осыдан шығатыны, бүгінгі күнде әсіресе аймақтың экономикалық жағдайындағы коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін басқарудың негізі мен мақсаттарын анықтайтын сұрақтармен жұмыс істеу маңызды мәнге ие болып отыр./23/

Бастапқы ескеретініміз, «қаржылық нәтижелерді басқару» термині ғылыми және күнделікті кең қолданысқа салыстырмалы жақын уақытта енді. Негізінен банктердің төлем қабілеттілігі және өтімділігі сияқты түсініктер қарастырылды. Бірақ соңғы жылдардағы қаржылық нәтижелерді басқару мәселелеріне арналған зерттеулер әжептеуір ілгері басты – банктік сектордағы мәселелерді шешудегі қаржылық нәтижелердің құрамы, міндеттері мен орны анықталады.

Қазақстандық бас ғалымдар (Сейітқасымов Г.С., Хамитов Н.Н., Ильясов А.А) «басқару органдарының басты мақсаты – банктің коммерциялық жұмысын ұтымды нәтижелі және тез (оперативті) басқаруды қамтамасыз ету арқылы оның (банктің) негізгі міндеттерін іске асыру. Оның бар қызметі банктің ұйымдастырылғандығына, оның басқармасы мен басқарма қарамағындағылардың (еңбеккерлердің) қарым-қатынастарының дұрыс жолға қойылғандығына байланысты болады» деп есептейді.

Қаржылық нәтижелерді басқару – бұл табыс әкелетін операцияларды үнемі бақылауға және жетілдіруге бағытталған, айналымдағы ақшаның түпкі нәтижесін қамтамасыз ететін, басқару жүйесінің міндеті болып табылады.

Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижесіне таза бөлістірілмеген табыс, алынған табыс, шығындар жатады.

Қаржылық талдау қаржылық нәтижелерді басқаруда елеулі рөлді алады. Қаржылық талдау коммерциялық банктердің өміршеңдігінің сапасы мен сенімділігін арттырады.

Талдау барысында туындайтын ең қиын және ең көп тараған мәселе банктің қаржылық нәтижелерін бағалау және де бұл таң қаларлық емес. өйткені, бір жағынан қаржылық нәтижелерді талдау қаржылық талдауды пайдаланатындардың барлық категорияларын да (банк кредиторлары, ішкі бақылау, бөлімшелер, контрагенттер, рейтингтік агентстволар, банктік бақылау) туындайтын бір сұраққа жауап береді. Ол сұрақ – коммерциялық банктің сенімділігі. Екінші жағынан, банктің қаржылық нәтижелерін неғұрлым нақтырақ бағалауға тырысу банктің қаржылық жағдайының барлық мінездемелерін комплексті талдау жүргізуге әкеледі. өйткені қаржылық қызметтің нәтижелері (табыстар мен шығындар), сонымен қоса қаржылық ағындар тудырады. Қаржылық ағындар банктің өтімділігі мен банк капиталының көлеміне кіреді.

Бірақ, осы салаға аударылған көптеген назарға және де атқарылған жұмысқа қарамастан, Қазақстандық коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін бағалау, басқару мен бақылауға байланысты көптеген шешілмеген мәселелер қалып қойған. Республикамыздағы коммерциялық банктер шешімі табылмайтын дилеммамен кезігеді – тәуекелсіз саясат жүргізу, бірақ нәтижесінде табыс түспейді, дәл сонда баяу темптермен, бірақ міндетті түрде банктор болады, немесе жұмыс істеуге тырысып және тәукелге бел буып, одан төлемдердің кідіріп қалу мүмкіндігін ғана тудырмайды, сонда қайтадан, бірақ енді тез әрі күтпеген жерде міндетті түрде банкроттық болады. Бірінші жағдайда, негізінен тек қана банк зардап шексе, екінші жағдайда ең бірінші банк клиенттері зардап шегеді. Сондықтан, осындай жағдайды болдырмас үшін, банктер, тәуекел деңгейін барынша минималды ететіндей қаржылық нәтижелерді басқаратын саясатты өңдеп шығарулары керек.

Қаржылық нәтижелерді басқаруда техника мен технологияның дамуы, ақпараттың таралуы, экономикалық қатынастардың дамуы сияқты мәселелер елеулі орын алады. «Жаңа технологияның уақытылы енгізілуі, - деп жазады э.ғ.к., профессор С.С. Сатубалдин – глобальды бәсекелік шарттарындағы бәсеке қабілеттіліктің шынайы императиві. Қазіргі әлемдік нарықта тек қана ұстап тұра алатын экономикалық жүйелер ғана ұтады».

Бүгінгі таңда, ҒТП жылдам темптермен даму кезінде, шешімдерді соншалықты нақты және жылдам қабылдау керек, кері жағдайда кешігу салдары аз емес залалдарға айналуы мүмкін.

Отандық және шетелдік зерттеушілер анықтағандай, «коммерциялық банктердің қызмет атқаруының (өміршеңдігінің) басты мақсаты максималды пайда табу, ол пайда коммерциялық банктің табыстары мен шығыстарының айырмасы ретінде көрінеді, ал бұл пайданың қалыптасу моделі есепбастылық пен есеп жүйесімен тікелей байланысты. Олардың айтуы бойынша тәуекелді операциялар есебінен банк пайдасының көлемі ұлғаяды. Тәуекелді операциялар нәтижесінде банк көбірек табыс табады».

Ресейлік экономистер (И.О. Лаврушин және басқалар) коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрылымдық элементтерін анықтаған:

-банк табыстарын басқару;

-банктің пайдасының қалыптасуын бақылау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 437; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.09 сек.