Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 5 страница




Көзқарас қайшылықтарына байланысты ұсынылған ұсыныстардың бірде біреуі көпшілік дауыстан қажетті 2/3 дауысты жинай алмады, сөйтіп конференцияның алға қойған мақсаттары іске аспай қалды.

Теңіз құқығына қатыстыбарлық мәселелер бойынша конвенциялар қабылдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларына сәйкес 1982ж. желтоқсан айында теңіз құқығы бойынша ІІІ Конференция шақырылған болатын. Ұлттық юрисдикция әрекеттерінің шегінде теңіз бен мұхит түбін бейбіт қолдану бойынша Комитет конференцияда талқыланатын тақырыптар мен мәселелердің тізбесін анықтады.

Конференцияның міндеттерін анықтау мен оның барлығын қамтушы теңіз құқығы бойынша Конвенциясын жетілдіру процесі кезінде Халықаралық теңіз құқығының үдемелі даму мүмкіндігімен бірге құқық тәртібінің тұрақтылығын үйлестіру үшін оңтайлы нұсқалар талқыланды. Конференцияның көптеген қатысушылары, жүйелеу мен үдемелі даму элементерін үйлестіріп және уақыт сынынан өткен, әрі тәжірбиелік құндылығын жоймаған заттарды сақтауымыз және дамытуымыз керек деп есептеді.

Конференцияның рәсім ережелерінің аса маңызды құрамдас бөлігі «Джентельмендік келісімң болды, онда шешімді қабылдаудың басты құралы ретінде консенсусқа сілтеме жасалған. Конференция жұмысын ұйымдастырудың басқа маңызды элементі «пакеттікң тәсіл қағидасы болды, яғни мемлекеттер көптеген мәселелер бойынша әр түрлі мүдделерде бола отырып, жалпыға ортақ, тиімді ымыра шешім қабылдауға міндетті болды.

Конфеенцияда халықаралықжалпы адамзаттық проблемаларды шешуде екі өзара қарма –қайшы тәсілдер бой көрсетті. АҚШ терең сулы аудандардың стратегиялық шикізат түрлерін шығаруды монополизациялауға және Дүниежүзілік мұхитта өзінің теңіздегі үстемдігін орнатуға ұмтылды. КСРО АҚШ ұстанымына қарама-қарсы Дүниежүзілік мұхиттағы тұрақты құқықтық тәртіп, бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық үшін нық сеніммен өз ұстанымын көрсетті.

Осы заманғы кезеңде теңізде жүзу және теңіз ортасын қорғау саласындағы халықаралық актілерді жасау және қабылдау бойынша жұмыстар жанданып келеді. Мысалы, мынадай құқықтар актілер қабылданды: 1974ж. теңіздегі адам өмірін қорғау Конвенциясы; 1972ж. теңіздегі кемелер соқтығысуының алдын алу туралы халықаралық ережелер туралы Конвенция; 1965ж. теңіздегі кеме қатынасын жеңілдету туралы Конвенция; теңізге қалдықтар мен басқа материалдарды тастауды және ластандыруды тоқтату туралы 1972ж. Конвенция; 1986ж. теңіз кемелерін тіркеу жағдайлары туралы Ковенция және т.б. жоғарыда аталған Конвенциялар осы заманғы теңіз құқығында теңізде жүзу және теңіз ортасын қорғауда қауіпсіздік техникасые қамтамасыз етеді.

Халықаралық қауымдастық теңіздер мен мұхиттарда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін саяси-құқықтық мәселелерге, олардың тек ерекше бейбіт мақсаттарда қолданылуына назар аудара бастады. Мұндай тәсілдің нәтижесі ретінде 1963ж. ядролық қарудың үш ортада сыналуына тыйым салатын шартта бекітілген, тиісті халықаралық –құқықтық нормалардың қабылдануын; 1971ж. теңіздер мен мұхиттар түбінде және оның қойнауларында ядролық қару және жаппай қырып-жою қаруларының басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы 1971ж. шарт; теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілер мен күресу туралы 1988ж. Рим Конвенциясын және континенттік қайраңда орналасқан тұрақты платформалардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы Хаттаманы айтуға болады.

  1. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары

Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидалармен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты.

Ашық теңіз еркіндігі қағидасы. Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады. Ол іс жүзіндегі халықаралық құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай мемлекеттің ашық теңіздің бір бөлігін өзінің иелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.

Ашық теңіз еркіндігі қағидасы Дүниежүзілік мұхиттың түрлі су кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады және белгіледі. Бұл қағида теңіздің, оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтық реттеуге маңызды әсерін тигізеді. Ашық теңіз еркіндігі кеме қатынасының, барлық шаруашылығының, кабел және құбырлар жүргізудің, теңізге ғылыми зерттеулер жүргізудің, жасанды аралдарды және басқа құрылыстарды салу еркіндігінің пайда болуына, әрі қарай орнығуына негіз болды. Осы қағида ашық теңіз және халықаралық бұаздардың үстінен ұшып өту еркіндігінің пайда болуын және іске асуын анықтады.

Адамзаттың ортақ мұралары қағидасы. Оның мазмұнының ажырамас элементі ретінде терең су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке ережелерді айтуға болады. Төмендегі ережелер осы қағиданың негізгі мазмұны болып табылады:

· Бірде бір мемлекет халықаралық ауданның және оның

қорларының бірде –бір бөлігіне өзінің иелігін және егеменді құқығын жүргізе алмайды;

· Мемлекеттер, жеке не заңды тұлғалар терең су

қорларын меншіктене алмайды;

· Халықаралық ауданның қорларына деген барлық

құқық бүкіл адамзатқа ортақ;

· Халықаралық ұйымның бақылауымен жеке

мемлекеттер мен олардың компанияларына терең су қорларын барлау мен өңдеуге рұқсат беріледі;

· Халықаралық аудандағы жұмыстар барлық

адамзаттың пайдасы үшін жүзеге асырылады; теңіз түбі мен оның қойнауының қорларынан тускен қаржы және басқа экономикалық пайда әділ және дамушы елдер мен халықтардың мүдделері мен қажеттерін ескере отырып бөлінеді;

· Халықаралық аудан тек бейбіт мақсаттарға

пайдалану үшін ашық болады.

Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы.

Бұл қағида конвенциялық сипаттан пайда болды. Күш қолдануға немесе күш қолданамын деп қоқан- лоққы жасауға тыиым салу қағидасы осы қағиданың басты ережелері болып табылады. Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының заңды мағынасының өзі осында жатыр.

Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы. Ашық теңіздің барлық кеңістігінде әрбір мемлекеттің тең құқылы негізде осы кәсіппен айналыса алатын қағидасына сәйкес, балық аулау еркіндігі бұл қағиданың арқауы болып табылады. Дүниежүзілік мұхиттың тірі кәсібі теңіздің тірі қорларының ауланатын түрлерінің көбеюін қолдауды, болмаса қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей етіп, барлық мемлекеттердің жүргізуі керек.

Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің екі жақты немесе көп жақты кең халықаралық ынтымақтастығын қарастырады. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық осы қағиданы тәжірибеден жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдардың шеңберінде мүмкін болады. Экономикалық аймақта және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен, ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің, кәсіптік күштер туралы статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады. Сонымен осы қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Дүниежүзілік мұхиттың тірі қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді.

Ғылыми зерттеулердің еркіндігі қағидасы. Теңіздің құқығы бойынша өткізілген БҰҰ- ның ІІІ конференциясы және 1982ж. ол әзірлеген Конвенция осы қағиданың негізі болды. Алғаш рет ғылыми зерттеулер еркіндігі ашық теңіз еркіндігінің бірі болып табылатыны белгіленеді. Ол- әрбір мемлекеттің өзінің географиялық жағдайына қарамастан, құрметті халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатыны білдіреді. Бұл ретте, мемлекеттер теңіз кеңістігінде ғылыми зертеулерге көмектесу үшін рұқсат етілген, ақылға қонымды еределер мен орындау тәртібін қабылдауы керек,теңіздегі ғылыми зерттеулер үшін жол ашуы керек.Ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізудің негізгі шарттары:біріншіден, оларды тек бейбіт мақсатта жүргізу; екінщіден, тиісті ғылыми әдістер мен құралдарды пайдалану; үшіншіден, барлық ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді халықаралық теңіз құқығының конвенциялық нұсқасында берілген жалпы қабылданған ережелерге қатаң сәйкестікпен жүргізу; төртіншіден, жүргізілетін ғылыми жұмыстар басқа құқыққа сай жұмыс түрлеріне кедергі келтірмеуі болып табылады.

Теңіз ортасын қорғау қағидасы. Халықаралық теңіз құқығында бұл қағиданың пайда болуына алғаш әрекет теңіздің мұнай мен ластануының алдын алу бойынша халықаралық конвенция қабылдауға байланысты 1954ж. жасалды. Кейіннен осы қағида заң жүзінде көптеген конвенцияларда бекітіліп, жаңа мазмұнға ие болды. Мысалы, бұл қағида теңіз ортасын мұнаймен, радиоактивті және басқа зиянды заттармен ластаудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Теңіз ортасын қорғау қағидасы ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салады. Бұл қағида теңіз құқығының дербес институтын – теңіз ортасын қорғау құқығын құрайтын көптеген табиғат қорғау қағидаларының жүйесіне басшылық жасайды. Сонымен қатар, бұл қағида халықаралық құқықтың жалпы қағидаларының бірі – қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бір бөлігі болып табылады.

4. Теңіз кеңістігінің түрлері

Теңіз кеңістіктері олардың халықаралық- құқықтық тәртібі мен мәртебесіне байланысты жіктеледі. Теңіз кеңістігін жіктеудің бірінші өлшемінің негізіне теңіздегі аумақтық тәуелсіздіктің бар - жоқтығы қаланған. Осыдан, теңіз кеңістіктерін: мемлекет аумағының құрамына кіретін және иелену объектісі болып табылмайтын және оған егемендігін жүргізе алмайтын ашық теңіз деп үшке болуге болады.

Осы екі негізгі санаттың әрқайсысы өз ішінде бөлінеді.

мемлекеттік аумақтың бір бөлігі болып табылатын теңіз кеңістігінің құрамына аумақтық теңіз және тарихи шығанақтар мен басқа тарихи аумақтары бар ішкі сулар кіреді.

Бастапқы шектен есептелетін, жағадағы мемлекет аумағының құрамына кіретін және халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған ережелерін ескере отырып оның толық егемендігіндегі белгілі ендіктегі жағалық теңіз алабын аумақтық теңіз деп атайды. Бұл теңіз кеңістігінің сыртқы шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы дауалы болып келеді. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес әрбір мемлекет өзінің аумақтық теңіз ендігін 12 теңіз милі көлемінде белгілеуге құқығы бар. Аумақтық теңіз ендігі осы аумақтық ережелеріне сәйкес белгіленген негізгі сызықтан өлшенеді.

Аумақтық судың құқықтық тәртібі аумақтық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенциямен реттеледі. Осы Конвенцияға сондай- ақ теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес, аумақтық теңіздегі тәуелсіздікті жағалаудағы мемлекеттер халықаралық құқық нормаларын, ең алдымен аумақтық теңіздер шетелдік кемелердің бейбіт өту құқықғын сақтай отырып жүзеге асырады.

Кейбір жағдайларда, жағалаудағы мемлекеттер аумақтық суларда аталған конвенциялармен реттелген қылмыстық және азаматтық юрисдикцияны жүзеге асырады.

Тарихи сулар - бұл халықаралық –құқықтық докринаға және мемлекеттер тәжірибесіне сәйкес, кейбір жағдайларда тарихи қалыптасқан құқықтық негізге байланысты ішкі сулар болып жариалануы мүмкін теңіз сулары. Тарихи шығанақтар үшін де айрықша жағдай осы негіде болуы мүмкін. Шығанақтардан басқа, кішігірім теңіз сулары кішкене шығанақтар, бұғаздар, кірмелер, қойнаулардың жағалауы бір мемлекеттің иелігінде болса тарихи болып жариалануы мүмкін. Тарихи шығанақтар институтына қарағанда, тарихи сулар тұжырымдамасы конвенциялық бекітілген жоқ.

Қолданыстағы халықаралық құқыққа сәйкес, тарихи шығанақтар тарихи қалыптасқан құқықтың негіздер күшімен, олардың табиғи кіру ендігіне қарамастан, жағалық мемлекеттердің ішкі суларының құрамына кіруі мүмкін. Қалған шығанақтар олардың кіру бөлігінің ені 24 милден аспаған уақытта ішкі сулар деп жариалануы мүмкін. Тарихи шығанақтар деп жариялау олардың ерекше жағдайларына негізделеді:тарихи, экономикалық, герграфиялық сондай-ақ бір мемлекеттің аумағында ұзақ уақыт болуы оған негіз болып табылады. Мысалы, Гудзон шығанағы Канадаға,бристол –ұлыбританияға жатады. Халықаралықтәжірбиеде кейбір тарихи шығанақтар екі және оданда көп мемлекеттердің иелігінде. Мысалы, фонсек шығанағы Сальвадордың, Гондурастың, Никарагуаның: Ла-Плата шығанағы - Уругвай мен Аргентина иелігінде. Ашық теңізді немесе эканомикалық аймақты ашық теңізбен экономикалық аймақпен қосатын және халықаралық кеме қатынасы үшін пайдаланылатын аумақтық сулармен басып тұратын бұғаздардың режимі ерекше болып табылады. Бұл теңіз кеңістіктерінің ерекше жағдайы, олардың құқықтық режимдерінің БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясының аумақтық теңіз режимдерін реттейтін бөлігімен емес жеке бөліктерімен реттелетіндігінде болып отыр. Халықаралық кеме қатынасы үшін қолданылатын бұғаздарда бұрын дәстүрлі еркін өту тәртібі жұмыс істеген, ал 1982ж. Конвенцмяға сәйкес осы бұғаздарды құрайтын сулардың құқықтық мәртебесін, бұғазбен шекаралас мемлекеттердің өздерінің егемендігін немесе осындай суларға, олардың үстіндегі ауа кеңістігіне, олардың түбі мен қойнауларына заңды құқықтарын жүзеге асыру қатынасын қозғамайды.

Жағалық мемлекеттер егемендігі жүретін теңіз кеңістігінің тобына архипелаг сулары жатады. Олардың өзгешелігі, архипелаг-мемлекеттің егемендігі олардың архипелагтан өту құқығын міндетті түрде мойындаумен шектелгендігінде. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес, архипелаг суларына теңізге шығып тұратын және архипелагтың кеуіп бара жатқан рифтерімен қосатын архипелагтық негізгі тік сызықтарымен шектелген архипелаг-мемлекеттің сулары кіреді. Архипелагтық сулардың құқықтық мәртебесі архипелаг-мемлекеттің архипелагтық суларды және жағалық аумақтық теңізді кесіп өтетін теңіз және ауа дәліздері бойынша архипелагтық жолды мойындауымен белгіленген. Теңіз дәліздерінен тыс архипелаг суларында барлық мемлекеттердің теңіз кемелері бейбіт жол құқығын пайдаланылады. Архипелаг-мемлекет түрі немесе бойынша өзінің архипелагтық суларының кейбір аудандарында шетелдің теңіз кемелерінің бейбіт өту құқығының әрекетін ешқандай кемсітусіз өзінің қауіпсіздігін қорғау үшін қажет жағдайларда ғана тоқтата алады. Бұл шешім тиісті жариялаудан кейін ғана заңды күшіне енеді.

Архипелагтан өту -теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы бекіткен архипелагтық сулардың құқықтық тәртібінің құрамдас бөлігі. Бұл барлық теңіз кемелерінің қалыпты кеме қатынасы құқығын тоқтаусыз, тез және кедергісіз ашық теңіздің бір бөлігіне немесе ерекше экономикалық аймақтың басқа бөлігіне транзит жасау мақсатында жүзеге асырылады. Архипелаг-мемлекеттің тыйым салуы, қандай да болсын, оны тоқтатуы архипелагтан өтудің маңызды құрамдас элементі болып табылады.

Ашық теңіз- бұл аумақтық суларға, қандайда болмасын бір мемлекттің ішкі суларына кірмейтін теңіз кеңістігі. Құқықтың режимі негізін ашық теңіз еркіндігінің қағидасын құрайды. Бұл ашық теңіз бірде- бір мемлекеттің егемендігі жүрмейтінін көрсетеді. Ол жағалық және теңізге шықпайтын мемлекеттердің барлығының жалпы, тең және еркін пайдалануына ашық болады. Бірде- бір мемлекеттің ашық теңізде немесе оның бір бөлігінде өзінің егемендігін жүргізуге құқығы жоқ. Ашық теңізде кемедегі мемлекет туының ерекше юрисдикция құқығы жұмыс істейді, ғни кеме басқа мемлекеттің юрисдикциясынан иммунитеттің болуын пайдаланады. Бір мемлекеттің теңіз кемесін басқа мемлекеттің әскери немесе арнайы келісімінде қарастырылса және кемесі аталған әрекеттерді жүзеге асыратын мемлекет болса. Екіншіден, егер ол теңіз арақшыларымен және құл сатушыларме, кабель мен құбырларды зақымдаушылармен, есірткі қылмыстармен, кәсіп құқықтарын бұзушылармен күреске қажет болса. Үшіншіден, егер кемеде шетел туы ілінсе, ал іс жүзінде ізін суытпай қуғындау құқығын жүзеге асыратын әкери кеменің ұлтынан болса.

Ашық теңіз құрамын былай бөлуге болады: 1) жағалаудағы аймақ; 2)балық аулайтын аймақ; 3) ерекше эканомикалық аймақ;

Жағалаудағы аймақ- жағаға жақын мемлекеттің аумағында немесе аумақтық теңіз шегінде тиісті ережелерді бұзудың алдын алу мақсатында бақылау жасау үшін аумақтық судың сыртқы шекарасына жақын белгіленген, ашық теңіз ауданы. Ол осы ережелерді аумақтық немесе жағалық мемлекетің аумақтық суында бұзғандарды жазалау мақсатында белгіленеді. Халықаралық теңіз құқығында жағалық аймақтардың мынадай түрлері бар: кедендік, қазыналық (салықтық), санитариялық, қауіпсіздік аймағы, қылмыстық және азаматық юрисдикция аймағы, бейтарап аймақ, иммиграциялық, теңізді бақылау аймағы, қорғау аймағы. Аумақық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенцияға сәйкес, жағалық аймақтың ені 12 мильден аспауы керек, ал теңіө құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы бойынша- аумақтық сулар өлшенетін негізгі шектен 24 мильден аспауы керек.

Балық аулайтын аймақ- жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатын, теңіз түбіндегі және оның қайнауындағы тірі қорларды барлау, өндеу және сақтау, сондай-ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік немесе заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы мемлекеттердің балық аулау аймағын емес, ерекше экономикалық аймақты бекіту мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, конвенция теңіздің тірі қорларына жеке мемлекеттердің өздерінің егемендік құқығын жүзеге асыру үшін балық аулайтын аймағын белгілеуге кедергі жасамайды. Жағалық мемлекеттердің мұндай қорларға деген қатынасы экономикалық аймаққа байланысты конвенцияда қаралған құқықтардан аспаған жағдайда, бұл ереже күшінде болады. Балық аулайтын аймақ ені аумақтың сулар ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильден аспауы керек.

Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ- ның ІІІ- конференциясында экономикалық аймақ мәртебесіне байланысты келіспеушіліктер болды. Қатысушы мемлекеттердің бір бөлігі экономикалық аймақты енгізу туралы келісімге келгенге дейін аумақтық суларын 200мильге дейін бір жақты тәртіпте кеңейтіп алды. әрі қарай олар өздеріне suі generіs халықаралық- құқықтық мәртебемен, яғни аумақтық және ашық теңіз мәртебесінен бөлек ерекшк түрдегі мәртебені беру жолымен экономикалық аймақтағы жағалық мемлекеттің айрықша құзырын мейлінше кеңейтуін талап етті. Конвенцияға қатысушылардың басқа бір бөлігі аймақтың ерекше мәртебесін мойындау, шарттық сипатына өзгерістер қаупін туғызады, оның тәртібін аумақтық теңіз тәртібімен теңестіреді деп есептейді. Біріңғай көзқарасқа қол жеткізілмеді және Конвенция экономикалық аймақ мәртебесінің ұғымын бермей, жағалық, сондай-ақ барлық пайдаланушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін баяндауымен шектеледі. Экономикалық аймақ режимі осы мәртебенің ашық теңіз еркіндігінен шартты алып тастаулар нәтижесінде халықаралық құқық бекітетін жағалаудағы мемлекеттердің қатаң шектелген құқықтары мен шексіз құқықтарының затымен көлемі бойынша ғана түрлі өзгертулерге жол беретіндігімен ерекшеленеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 974; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.