Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе

Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы деректер базасын басқару жүйелері, оларды пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.

Деректер базасының пайда болуы жалпы жағдайда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезеңде есептеуіш техникалар тек «қолмен» шығаруға болмайтын математикалық күрделі есептеулерді шығару үшін қолданылады. Кейін компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәлеметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу, беру /алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланылатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіп жетілдірілуде.

Жұмыстың басты мақсаты болып жоғарыда келтірілген сұрақтар мен жұмыстар тақырыбын жан жақты, тыңғылықты және терең түрде қарастыру болып табылады.

Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттер төмендегідей:

1. Деректер қорын басқару жүйесінің негізін ашу;

2. Деректер қоры теориясымен танысу және ДҚБЖ түрлерін қарастырып, олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алу;

3. Access деректер қорын басқару жүйесінде «көрсеткіштері» қосымшасы бойынша мәлеметтер қарастыру;

4. Access те кестелер, сұраныстар, формалар, арқылы ақпараттық жүйе құрастыру.


1. Деректер базасы туралы жалпы мәліметтер, (ДДББЖ)

Деректер базасы ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдында басқару функциясын орындау үшін әр алуан деңгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.

Деректер базасы деп компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық жүйелердың мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автоматты түрде, басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.

Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:

1. Ғылыми зерттеуге арналған;

2. Автоматталған жобаларға арналған;

3. Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;

4. Технологиялық процессорды баспаға арналған.

Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлісіп пайдалану және программалау құралдарының жиынтығын айтады.

Деректер базасы дегеніміз мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпарапен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді. Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен тікелей байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактирлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. Деретер базасын құру жүйесі бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізіледі, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізіледі, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды.

Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені олардың құрылымы бар.

Деректер базасын құрастыру:

1 қадам. Оның құрылымын құрастыру.

2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру.


 

1.1 Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері

Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетіледі.

Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің көрселі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады.

Формалар – кестенің деректерін енгізуге және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелер мен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.

Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың тиімді құралы.

Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады.

Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылатын программа.

Жұмыс жасаудың режимдері:

1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу яғни ақпараттық қарап шығу, өзгерту, таңдау.

2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді.

Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізіледі, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізіледі, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.


 

1.2 Деректер моделі және түрлері

Иерархиялық модель – мәліметтер арасындағы байланыс реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдаланылады.

Желілік модель – мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдаланылады: жазбы және байланыс.

Реляциялық модель – мәліметтердің реляциялық моделін JMB фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделген.

Қатынас деп картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.

Постреляциялық модель – мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлінбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.

Көп өлшемді модель – ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерді талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Объектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады.

Объектіге бағытталған модель – объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттый иерархиялы деректер қорына ұқсас.

Деректер түрлері:

- Мәтіндік - мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255таңбаға дейін).

- Сандық - есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер.

- Мерзім/уақыт - мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.

- Ақшалы - ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер.

- Memo - көп көлемдік мәтінді сақтау.

- Санауыш - арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік номерін береді.

- Логикалық - екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады(иә, жоқ)

- OLE объекттің өрісі - Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект.

- Гиперсілтеме - әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол.

- Алмастыру шебері - тұрақты мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс.

Access дерекқорындағы кесте сипаттары тұтас кестенің көрінісіне немесе әрекетіне әсер ететін кесте төлсипаттары. Кесте сипаттары құрастырушы көрінісінде кестенің сипаттар кестесінде орнатылады. Мысалы кестенің бейнелене жолын көрсету үшін көрініс сипатын орнатуға болады.

Өріс сипаты кестедегі белгілі бір өріске қатысты қолданылады және өрістің сипаттамаларының біреуін немесе өріс күйінің бір жағын анықтайды. Кейбір өріс сипаттарын Деректер кестесі көрінісінде орнатуға болады. Сондай ақ Өріс сипаттары аумағын пайдаланып, құрастырушы көрінісінде кез келген өріс сипатын орнатуға болады.

Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактирлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған.

 


 

2. Тоңазытқыштар. Тоңазытқыш түрлері мен типтері.

Тоңазытқыш – камерада төмен температураны сақтауға қабілетті құрылғы болып табылады.

Ең алғашында тұрғындар тоңазытқыш ретінде табиғи суық көздерін, яғни мұз бен қарды қолданған.

1803 жылы американдық ғалым Томас Мур майды тасымалдау үшін металлдан жасалған май сыятын қорап қолданды. Қораптың төменгі қабатына қоянның жүнін салып, жоғарысынан кішкене кедрден жасалған бөшкеге салып, үстінен мұз ұнтақтарын тастады. Мур өзінің тапқан құрылғысынан патент алып, «рефрижератор» деген атақ берді.

Американдық дәрігер Джон Гори, 1850 жылы жасанды мұзды алу жолын зерттеп, өңдеді. Горидің ойлап тапқан құрылғысы қазіргі таңдағы тоңазытқыштарда қолданылып келеді, сондай ақ салқындатқыш ретінде де қолданыла алады.

Жасанды мұздың өндірісте өндірілуі Карл фон Линденің бастауымен 1879 жылы компрессор аппаратымен аммиюакты қолдану негізінде жасалынып шықты.

1895 жылы француз физигі Марсел Одифрон тоңазытқыштың жылуалмасымдылығы жоғары, қарапайым қызмет көрсетуге икемді және автоматты басқару жүйесінің конструкциясын ойлап тапты.

1910 жылы «General Electric» компаниясы тоңазытқыш өндіруді бастады, және өз өнімін «Одифрен» деп атап, 18 жылдай шығарып отырды. Тоңазытқыш тұрмыста сонымен қатар, сатылымда қолданылды.

1926 жылдан бастап «General Electric» инженер Кристиан Стринструптың патентіне ие болып, герметикалық қауіпсіз және шусыз, электродвигатель және компрессорлар калпак астында орналастырылды. «Monitor tip» тоңазытқыштарының миллиондаған үлгісі сатылды.

30 жылдары фреон қолданылатын хладагентті тоңазытқыштар шығарылып келеді.

40 жылдан бастап мұздатқыш бөлігі бар тоңазытқыштар кейіннен мұздатқышы бөлек камералы тоңазытқыштар ойлап табылды. 50 жылдардың соңында салқындату функциясы бар тоңазытқыштар шықты.

 

2.1 Тоңазытқыш құрылымы.

Бір компрессорлы және электромагнитті клапандары бар тоңазытқыштар.

1. Жарықтандырғыш плафон.

2. Температурына реттегіш.

3. Тез мұздату бастырмасы

4. Есікті тығыздағыш.

5. Тез мұздату бастырмасы

6. Термореттеуіш плафон

7. Электромагнитті клапан.

8. Реттеуіш аяқ.

9. Су ағызғыш.

10. Копроссорды тіреуіш.

11. Компрессор

12. Резервуар

13. Мұздатқышты буландыру камерасы.

14. Конденсатор

15. Жылытқыш

16. Тоғазытқышты буландыру камерасы.

 

 

2.2 Тоңазытқыштың жұмыс жасау принципі.

Тоңазытқыш пен мұздатқыштың температурасының әр түрлілігіне қарамастан жұмыс жасау принципі бірдей болып келеді.Тоңазытқыштың салқындауы жүйенің ішіндегі газ циркуляцияның(хладагент) есебінен болады. Тоңазытқыш(мұздатқыш) жұмысы кезінде, хладагенттер компрессорға барып түседі, онда қысым әсерінен сығылып тоңазытқыштың артқы бөлігінде орналасқан конденсаторға түседі.

Конденсатты түтікшеден өтіп, газ салқындайды және сығылады, содан кейін сүзгі-кептіргіште сүзгіленеді де, капиллярлы түтікше арқылы салқындату камерасына (16) түседі.

Буландырғыш (салқындатқыш пластина) тоңазытқыштың артқы бөлігінде орналасқан және мұздатқыш камерасына таратады.

Буландырғышта хладагент қызуы (хладагенттің қызу температурасы 0 градустан төмен), қызу кезінде хладагент ішкі аумақтан жылуды жұтады да, соның арқасында өнімдерді салқындатады.

Буландырғышта қызу кезінде хладагент газға айналады да, газ күйінде қайта компрессорға түседі.

Жүйе герметикалық болғандықтан, үрдіс температураның белгіленген шегіне жеткенше қайталанып отырады. Содан соң компрессор жұмысы тоқтатылады.


3. Тоңазытқыш көрсеткіштеріне байланысты деректер базасын құру.

3.1 Access туралы жалпы түсінік.

MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүргізетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:

· 1995 Access 7(Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)

· 1997 Access 97(MS Office 97 пакеті)

· 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)

· 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)

· 2003 Access 2003 (MS Office 2003)

· 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)

· 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Microsoft Access бағдарламасы ол кез келген фирма, мекеме, шпғын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір бірі туралы мағлұмат алу үшін немесе келісу үшін арнайы қағаздар толтырып құжаттар дайындап, қағаздарының санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәріносы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кезкелген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.

Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құралы ретінде кеңірек қолданылады. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі.

Microsoft Access кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өндіріс орындарында, баспа кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда саттық айналымында, есептік жүйелерді орындауда ерекше роль атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойыша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау және т.б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметтерінд, жоба жасау, типографиялық және топографиялық, жалпы инженерлік салалардың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәселдерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.

Microsoft Accessте ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мұмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтер деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар және т.б.)

Microsoft Access кіру жолы: создать - MS Access, яғни

 

1-сурет. «Access кіру жолы»

 

Кесте – деректер қорының негізі болады. MS Access те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Формалар – форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шеңбердің көмегімен форманы, оған алдын ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырылып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкторы көмегімен кзе келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.

Есеп берулер – деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.

Сұраныс – деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. Те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді алуға болады.

Деректерге қатынау беті немесе деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді. Бағддарламасы кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өндіріс орындарында, баспа кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда суда саттық айналымда есептік жүйелерде орындаудда ерекше рөлді атқарады.

Пуск – программы – MS Access командаларымен орындалады немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін екі рет шерту қажет. Суретте мәліметтер базасын ашуға мүмкіндік беретін терезе көрсетілген.

 

2-сурет. MS Access ті ашу.

 

Осы терезеддегі «Жаңа деректер қорын»(Новая база данных) деген мәліметтерді «Деректер қорын ашу»(Открыть базу данных) пунктін таңдау қажет. Оны бір рет шертеміз.

 

3-сурет. Деректер қорын ашу терезесі.

Терезесінің жалпы түрі 3-суретте көрсетілген.

Негізгі меню ағымындағы жұмыс режиміне байланысты өзгеріп отырады, оның құрамында келесі пункттер болуы мүмкін: Файл (File), түзету(Edit), түр(view), кірістіру(insert), сервис(Tools), терезе(Window), пішім(Format), жазбалар(Records), сұраныстар(Query), іске қосу(Run), байланыстар(Relationships), сүзгі(Filter), анықтама(Help).

Меню пунктін Alt пернесімен бірге команда атының асты сызылған әріпті бір мезетте қатар басу жолымен немесе тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдауға болады.

 

 

4-сурет. Access терезесінде жалпы көрініс.


 

3.2 MS Access –те кесте құру

 

Мәліметтер терезесі ашылады. Сол терезеден Кестелер бастамасын басып мәліметтерді енгізуге болатын, конструктор режимін таңдаймыз. Осы конструктор режжимін екі рет шерткен кезде кесте шығады. Бұл кестеге мәліметтер бағаналарын енгіземіз. Енгізіп болғаннан кейін деректер қоры ашылады. Осы деректер қорына өзіміздің мәліметтерімізді енгіземіз.

 

 

5-сурет. «Конструктор» режимінде жаңа кестенің көрсеткіштерін анықтау.

 

 

5-сурет. Деректер қорының базасын құру режимін таңдау терезесі.

 

Кесте режимін таңдағаннан кейінгі бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, кесте құру мүмкіндігіне ие болады. Кестеде 10-ға дейін өріс болуы мүмкін. Төменде көмпьютерлі орталық деректер қорын құрудағы кестелердің жалпы көрінісі:

 

 

6-сурет. Қажетті кестелер.

 

 

3.3 Деректер сұлбасын байланыстыру схемасы

Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады. Негізгі және қосымша кестелердің байланыс өрістері қалай анықталуына тәуелді. Жалпы жағдайда екі кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі орнатылуы мүмкін:

1:1 негізгі және қосымша кестелердің өрістері кілтті болған жолдарда құрылады және мұнай екі кестенің кілттік өрістің мәндері қайталанылады;

1:К негізгі кестенің бір жазбасы өосымша жазбаның бірнеше жазбаға сәйкес келген кезде орындалады;

К:1 бір немесе бірнеше негізгі кестенің жазбаларының бір жазбасы сәйкес келсе, оны бірдің көпке байланысы деп атайды;

К:К негізгі кестенің бірнеше жазбалары қосымша кестенің бірнеше жазбаларына сәйкес келгенде орындалады.

 

 

7-сурет. «Негізгі кестенің бір жазбасы қосымша жазбаның бірнеше жазбасына сәйкес келген кезде орындалады».

Ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауы олардың архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент сервер архитектурасы пайдаланылады.

Архитектура кооперативті деректер қоры және дербес деректер қоырын өосатын компьютерлік желі. Соған қатысты бұл архитектура таратылған деректер қорының мәліметтерін талап кооперативті деректер қоры компьютер серверінде орналасады, ал дербес деректер қоры кооперативті деректер қоры клиенті болып табылады. Ақпараттық жүйелердің клиент сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімділігі, жалпы кооперативті ақпарат ұйымы болып табылады.

 

 

3.3 MS Access те сұраныс (Запросы) құру.

Кестелерді сұраныс арқылы байланыстырамыз. Ол үшін сұраныс батырмасын басып сұраныс коснтаруктор режимінде құру батырмасын басу арқылы немесе сұранысты шебер режимінде құруға болады.

 

8-сурет. Сұраныс құру.

 

Конструктор режимін құрамыз. Ол үшін сұраныс конструктор режимін құру батырмасын екі рет шертіледі. Сол кезде таблица қосу терезесі ашылады. Бұл терезе енгізген мәліметтердің тақырыбын таңдалады және қосу (добавить) батырмасын басамыз.

Бұл сұраныс атын «Бейнекарта» деп, оның «таңдау шартына» және «немесе» деген өрістеріеде қалауымызша тік жақшалар орналастырамыз. Ол таңдауды жеке терезешеге енгізуді және ол арқылы жұмысымызды жеңілдетеді.

Екіншіден, сұранысты шебер (мастер) көмегімен құрамыз. Осы сұраныс режимінде сұраныс құру үшін осыған арналған Шебер іске қосылады, өрістерін таңдап алу негізінде жасалады.

Шебер көмегімен сұранысты құру мысалын қарастыралық. Сұұраныс құру кезіндегі сұхбаттасудың бірінші қадамы көрсетілен. Мұндағы өрістер «Тоғазытқыш модельдері» кестесінен алынады. Бұл терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші бетке >/>> ларын басу арқылы көшіреді. Көшіріп болғаннан кейін келесі (далее) батырмасын басамыз. Сол кезде сұраныстың түрін таңдау терезесі шығады.

 

 

9-сурет. Сұраныс түрін анықтау.

 

Сұхбаттасудың екінші қадамында сұраныстың қандай болатыны жазбалардың барлығы шығарылатын толық (подробный) да, әлде нәтижелілік (Итоговый) пе, сол көрсетіледі. Содан подробный батырмасын басыпп, келесі (Далее) түймешігін басу керек. басқаннан кейін сұранысқа ат беру терезесі шығады.

 

10-сурет. Сұранысқа қажетті мәліметтері іріктеу.

 

Сондай ақ белгілі бір дүкен немесе жалғыз функция сұранысын енгізуге болады. Мысалы төменге «Технодом» сауда үйіндегі кездесетін тоңазытқыш түрлеріне сұрау енгізу.

 

 

11-сурет. «Технодом» сауда үйінің сұрауын құру.

 

 

12-сурет. «Технодом» сауда үйіндегі тоңазытқыш түрлері.

 

Сұхбаттасудың үшінші қадамында сұраныстың аты енгізілген. Сұхбаттасудың үшінші қадамында сұраныстың аты енгізіледі.


 

3.4 Access – те форма құру.

 

Сұраныстар құрылғаннан кейін форма жасалынады. Оны құру үшін Форма батырмасын басып қалаған режимінде құруға болады. Олар шебер фөмегімен құру режимі және конструктор көмегімен құру режимдері бар. Ең алдымен біз конструтор режимінде құрамыз. Ол үшін конструктор көмегімен құру батырмасын басып, Құру (Создать) түймешігін басқанда келесі терезе ашылады.

 

 

13-сурет. Конструктор режимінде форма құру.

 

Бұл терезе қай кестеге форма құру керек екенімізді таңдайды. Таңдағаннан кейін форма терезесі ашылады. Сол терезе кестенің батырмаларынан көшіреміз. Ол үшін тышқанды басып тұрып кестедегі бағанды көтеріп форма қою қажет. Қойып болғаннан кейін жауып сақтау керек. сақталған терезені ашқанда, мына терезе экранда пайда болады.

 

14- сурет. Конструктор режимінде шебер көмегімен форма құру.

 

Бұл конструктор режимінде құрылған форма. Екінші шебер көмегімен құрылан форма. Ол үшін шебер көмегімен құру батырмасы басылғаннан кейін мына терезе пайда болады.

 

 

16-сурет. Форма жасауда өрістерді таңдау терезесі.

 

Мәліметтер бағанасынан бірінші бетінен екінші бетіне көшіру керек. көшіргеннен кейін Келесі(Далее) батырмасын басу керек. Батырманы басқаннан кейін Форманың Сыртқы пішінін таңдау терезесі шығады.

 

17-сурет. Форма түрін таңдау терезесі.

 

Осы терезеден қалаған сыртқы пішін көрінісін таңдауға болады. Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) басу керек. осыдан келесі терезе ашылады, ол терезеде форманың стилін таңдаймыз.

Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) батырмасын басамыз. Келесі терезеде формаға ат беру терезесі шығады. Сол терезеге «Тоңазытқыш түріне форма құру» деген ат беріп, форманы сақтадым.

 

3.5 Access –те Есептер(Отчеты) құру.

Форма құрылғаннан кейін ендігі кезекте есептер жасалынады. Есептердің де екі режимі бар. Констуктор режимі және Шебер режимі көмегімен. Есептерді шебер көмегімен жасайық. Ол үшін шебер көмегімен жасау режимі батырмасын басамыз. Есептер терезесі пайда болады, ол терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші бетке >/>> батырмаларын басу арқылы жүзгізіледі. Көшіргеннен кейін Келесі (Далее) түймешігін басу керек. Түймешік басылғаннан кейін топтастыру терезесі ашылады.

 

 

18-сурет. Топтастыру терезеcі.

Топтастырғаннан кейін Келесі (Далее) функциясын басамыз. Келесі терезеде сұрыптау тәртібін таңдау терезесі ашылады. Таңдағаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Осыдан кейін макеттің түрін таңдау терезесі ашылады.

 

 

19-сурет. Есептер макеті таңдалғаннан кейінгі автоматты түрде берілген команда бойынша есеп құрылу көрінісі.

 

Бәрін жасап біткеннен кейін басылымға ат береді. Мен оны «Тоңазытқыш түріне есеп құру» деп атадым. Яғни дүкендердегі тоңазтқыш түрлеріне басланысты, қай дүкенде қандай тоңазытқыш бар екенін анықтау мақсатында, сондай-ақ тоңазытқыш бағасын бақылау үшін құрылған есеп.

 

 

20-сурет. Тоңазытқыш түрлері көрсеткішінің есебінің көрінісі.

 

Сондай-ақ есепті А4 форматындағы қағаз жүзінде көруге, оны парақ бетіне шығаруға мүмкіндігіміз бар. Оны «Предворительный просмотр» командасының көмегімен көре аламыз.

 

21-сурет. Құрылған есептің А4 форматындағы көрінісі.

 

Есепті құру – барлық деректер қорын, сонымен қатар деректер қоры объектілерін жеке жеке өзімізге ыңғайлы етіп баспаға беру үшін қолданылатын объект болып табылады.

 

3.6 Макрокомандалар құру.

Макрокомандалар қандай да бір әрекеттің автоматты түрде орыдалуын қамтамасыз етеді. Бұл құрылған деректер қорынан өзіңізге қажетті ақпараттар алу үшін ең ыңғайлы объект болып табылады. Мысалы «Тоңазытқыштар» деген форманы ашу командасын жасау үшін Макростар – Құру(Создать) командасын орындап, ашылған терезеде Макрокоманда өрісін белгілеп, пайда болған тізімнен Форманы Ашу(Открыть Форму) командасын белгілейміз. Форма аты өрісінен «Қойылым есебінен» таңдап, Деректер режимі өрісіне ауыспалы жолын белгілеп ат береміз. Бұл қадамдар төменгі суретте көрметілген.

 

22-сурет. «Тоңазытқыш түріне форма құру» командасының макросын құру

 

 

Осы ретпен сұраныстарды, есептерді, функцияларды, көріністерді ашу және тағы басқа көптеген юкомандаларды орындауға болады. Ақпараттық жжүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан деңгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.

 

Қорытынды

Деректер қорын құру барысында Microsoft Access мүмкіндіктерінің шектеусіз көп екеніне көз жеткіздім. Оны құруда көптеген ДҚБЖ бойынша білімді керек екені сөзсіз. Бәрақ нәтижесі айтарлықтай жоғары және қандайда болмасын кез келген саланы қамтитыны сапалы өнім алуға болатыны айқын. Осы мәліметтерді енгізіп, тиімді әрі жеңіл пайдалануға арналған.

Курстық жұмыстың барысында ақпараттатр жүйесін жасаудың негізгі принциптері, жобалау сатылары рет ретімен мысалдармен көрсетілді. Осы көрсетілген мысалдар мен түсіндірулер жаңа жүйе жасауға негіз бола алады.

Деректер қорын құру барысында оны неғұрлым әмбебап, түсінікті қолдануға ыңғайлы етіп шығаруға ұмтылдым. Сол үшін жүйенің объектілері анықталып, олардың арасындағы байланыстар орнатылды, әр түрлі кестелерге ыңғайлы формалар құрылды.

«Компьютерлік орталық» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесін қолдану аясы кең және оның мәнінің жоғары болуын дәлелдеу.

Қорыта келгенде, деректер қоры бұл көптеген деректер қорын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.

Сондай-ақ бұл ыңғайлы және тиімді программа болып табылады. Тек деректер қорларын құру жүйелерімен жұмыс істеуді толық меңгергенде ғана біз аз уақытта тиімді жүйе жасап шығара аламыз.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Четырёхтактный цикл | Инструкция к тесту
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-09; Просмотров: 5694; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.