Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер




Негізгі әдебиеттер

  1. «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңы. 2000 жыл 27 қараша. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 2000. - № 20.33.
  2. «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» ҚР заңы. 1997 жыл 19 мамыр. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 1997. - № 10.
  3. «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» ҚР Заңы.1999 жыл 10 желтоқсан. // Егемен Қазақстан. – 1999, 21 желтоқсан.
  4. «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» ҚР Заңы. 1994 жыл 5 қазан. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. – 1994. - № 16-17.
  5. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» ҚР Заңы. 1996 жыл 15 шілде. // Егемен Қазақстан. – 1996, 20 шілде.
  6. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР Заңы. 2002 жыл 4 желтоқсан. // Егемен Қазақстан. – 2002, 6 желтоқсан.
  7. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы. 1996 жыл 15 шілде. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 1996. - № 14.

Қосымша әдебиеттер

  1. Таранов А.А. Концепция взаимодействия местных органов государственного управления. //Фемида, 1997. - N 9 - с. 57.
  2. Григорьев В.И. Административно-юрисдикционные проблемы РК в последние 10 лет. –Право и государство, 1997. № 4.
  3. Овсянко Д.М. Административное право. Учебное пособие. - М., Манускрипт, 1998.
  4. Коренев А. Б. Административное право России. ч.І. - М.: МЮН МВД России, 1996

5. Татарин В. Г., Омаров И.А. Казахстанское административное право. Ч. I. Алматы, 1997.

6. Козлов Ю.М. Административно-правовые отношения. – М., 1976.

  1. Демин А.В. Нормативный договор как источник административного права. // Авторский указатель, 1998.- N 2 - с. 15.

 

5 тақырып. Басқарудың құқықтық актілері.

  1. Басқарудың құқықтық актінің түсінігі және белгілері.

Басқарудың құқықтық актілері заңға бағынышты сипаты бар, яғни заңдардың атқарылуына бағытталған атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметісен байланысты қарастырылады. Демек, атқарушы биліктің қызметі де, оның салдары болатын басқарудың актілері де құқықтық болып табылады.

Құқықтық актілерді қабылдаудың мақсаты мемлекеттік міндеттерді орындау болғандықтан олар атқару билігінің мақсаттарын орындаудың негізгі құралы болып табылады.

Құқықтық актілер келесілермен сипатталады:

  1. заңға бағынышты;
  2. ресми құжаттарда бектілілген (қаулылар, өкімдер, бұйрықтар);
  3. мемлекеттік орган және лауазымды тұлғаның биліктік еркін; әкімшілік құқық субъекті орындауға міндетті мінез-құлық тәртібін және жеке нұсқауларды қамтиды; әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындатады, өзгертеді және тоқтаттырады.

Актінің құқықтық болуы үшін бірқатар іс жүргізушілік талаптар сақталады. Акт Конституция және заңдар негізінде қабылдануға тиіс. Құзырлы органмен қабылдануға тиіс. Ол өнделп, ұсынылып, келісіліп, қабылданып, қажетті жағдайда тіркеліп (адам құқы мен бостандықтарын қамтитын ведомстволық актілер) және жарияланып болу керек.

Сонымен басқарудың құқықтық актісін ресми тағайындалған құжатттарда әкімшілік-құқықтқық норма, жеке әкімшілік нұсқау түрінде бекітілген, заңға негізделген атқарушы биліктің органдарының және лауазымды тұлғаларының көрініс тапқан заңдық еркі деп айтуға болады.

 

2. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері.

 

Басқарудың құқықтық актілерін басқару органының басқарушылық деңгейіне байланысты келесі түрлерге бөлуге болады: 1) жалпы; 2) жекргілікті; 3) локальді (ішкі ұйымдастырушылық).

ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес жалпы нормативтік-құқықтық актілер атқарушы органдарының құрылымын, биліктік субъектілердің және атқарушылардың мінез-құлық тәртібін бекітеді.

Жалпы актілердің ішінде Президент актілері маңыздылау болады. Олар ке,лесдей болады: құрылтайшы, жүйе құрушылық, сәйкестендіріп реттеуші. Құқықтық реттеу механизміне байланысты Президент актілерін құқықшығармашылық және құқыққолданушылық деп бөлуге болады.

10 желтоқсан 1993 жылғы ҚР-ның «ҚР Президентіне және жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларына қосымша өкілеттіліктерді уақытша беру туралы» Заңына және Конституцияда көрсетілген кейбір жағдайларға сәйкес Президент Заң күші бар жарлықтар (61 б. 2 п.) және заңдар (53 б. 4 п.) қабылдайды.

Атқарушы билікті қамтамасыз ету үшін, атқарушы органдардың қызметін реттеу үшін Үкімет республика территориясында міндеттілік күші бар қаулылар шығарады.

Қаулылар алқалы түрде қабылданады, кешендік салааралық сипатта болады. Олар экономикада, ғылым мен техникада, оқуда және мәдениетте пайда болатын түрлі қатынастарды реттейді.

Премьер-министр жеке сипаттағы өкімдер шығарады.

 

3. Басқарудың құқықтық актілерін қабылдау, ұсыну, талқылау тәртібі.

 

 

Құқықтық актілердің өнделу, ұсынылу, талқылану тәртібі көптеген құқықтық актілермен реттеледі. Атқарушы биліктің көптеген органдары регламенттерге, яғни ішкі қолдануға арналған, бұл тәртіпті анықтайтын құжаттарға ие. Бұлар тиісінше ведомстволық бағытта болады. Нәтижесінде көп актілер құқықтың қайнар көздері бола отырып, әрқашанда жүйеліктің, құқықтың біртұтастығының, заңның жоғарлығының болуына ықпал жасамайды.

Сондықтан құықтық актілерді өндеу, ұсыну, талқылау кезінде техникалық-заңдық ережелерді ғана емес, сонымен қатар құқыққа жүйелік деген көзқарасты сақтау керек. Бұл үшін норманың қажеттілігін және құқық саласындағы орнын көрсететін акт тұжырымдамасын жасау қажет. Мамандардың еңбектерінде аки қабылдау кезеңджері анықталған: 1) актінің қабылдану қажеттілігін анықтау, 2) акт жобасын дайындау, 3) Актіні қабылдау және қарастыру, 4) атқарышуларға дейін жеткізу, жариялау.

Актіні қабылдау қажеттілігі, яғни оның жобасының тұжырымдамасы келесіде туындайды: 1) бұл жоғарғы номативтік актімен қарастырылса, 2) жаңа актіге фактілі қажеттілік туындағанда.

Жаңа актіге қажеттілік келеслер негізінде анықталады:

әрпекет етуші заңдылықтардың жағдайын, оның жаңы мәселелерді шеше білуін талодау;

басқа мемлекеттерде құқықтық құралдар арқылы ұқсас міндеттерді шешу тәжірибесін зерттеу;

жаңа актінің қабылдануына байланысты басқа актілерді өзгерту, оларды келісілген жүйеге біріктіру қажеттілігін анықтау.

Жаңа актінің қажеттілігі анықталғанда оның жобасы дайындалады; қаржылық-экономикалық негіздеу жүргізіледі, актінің нақты атқарушылары анықталады.

Жаңа актілердің инициаторлары келесілер бола алады: а) бұндай актіні қабылдай алатын өкілеттігі бар орган; б) басқарудың төменгі органы; в) басқа мүдделі субъектілер.

Басқарудың құқықтық актісі келесі реквизиттереге ие:

нысан атауы;

қысқаша түрде реттеу пәнін анықтайтын тарау;

қабылдаудың мерзімі және жері;

тиісті актіге қол қоюға өкілеттілігі бар тұлға;

күшке ену мерзімі, ал керек жағдайда актінің әрекет ету мерзімі.

 

4. Актілердің заң күшіне енуі, өзгертілуі, тоқтаттырылуы, әрекетінің тоқтатылуы.

 

Актінің заң күшіне енуі арнайы актілермен анықталған оның ресми жариялануынан немесе атқарушыларға дейін жеткізілуінен басталады.

Заңдылықтармен сонымен қатар басқа да жағдайлар қарастылрылған: кей жағдайда күшке енуінің басқа мерзімі көрсетілуі мүмүкін, немесе бұндай мерзімді анықтау органнның өзіне берілуі мүмкін.

Актіге өзгеріс ережеге сәйкес бірдей органмен немесе лауазымды тұлғамен енгізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 893; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.