Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кілт деген не?




Кілт дегеніміз – кестеге енгізлетін және басқа кестедегі жазбалармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін баған (немесе бірнеше бағандар).Кілттердің 2 типі болады: бірінші ретті және екінші ретті немесе сыртқы. Реляциялық МБ-да мәліметтер арасындағы логикалық байланыс бірінші ретті және сыртқы кілттердің көмегімен жүзеге асырылады.

Бірінші ретті кілт деп мәндерінің комбинациясы кестедегі әрбір жазбаны бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше өрістерді айтамыз. Бірінші ретті кілт Null мәндерін қабылдамайды және оның әрқашан уникалды индексі болуы қажет. Бірінші ретті кілт кестені басқа кестелердің сыртқы кілтімен байланыстыру үшін қажет.

Бірінші ретті кілттің өрістерін басқа кестелерде бірінші ретті кілттің көзі болып табылатын кестеге сілтеме жасау үшін қолдануға болады. Басқа кестеде бұл өрістер сыртқы кілттер (екінші ретті) деп аталады. Мысалы, «Клиенттер» кестесіндегі «Клиенттер коды» өрісін «Тапсырыстар» кестесінен де табуға болады. Бірақ «Клиенттер» кестесінде ол бірінші ретті кілт, ал «Тапсырыстар» кестесінде ол сыртқы кілт болып табылады. Басқаша айтсақ, сыртқы кілт – бұл басқа кестенің бірінші ретті кілті.

Бірінші ретті кілттің 3 типі болады: санауыштың кілттік өрістері, қарапайым кілт, құрама кілт.

Санауыштың кілттік өрісі - кестеге енгізілетін әрбір жазба үшін өріске автоматты түрде уникалды сандық мән енгізіліп отыратын МБ өрісінің мәліметтер типі.

Қарапайым кілт. Егер өріс кодтар немесе инвентарлы нөмірлер сияқты уникалды мәндерден тұрса, онда оны бірінші ретті кілт ретінде анықтауға болады. Кілт ретінде кез келген қайталанатын мәндері мен Null мәндері жоқ өріс бола алады.

Құрама кілт. Әрбір өрістегі мәндердің уникалдылығын қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бірнеше өрістен тұратын кілт жасауға болады. Мұндай жағдай, әсіресе, екі кестені «көптің-көпке» қатынасында байланыстыру үшін қолданылатын кесте үшін туындайды.

Егер бірінші ретті кілт типін таңдауда қиындықтар туса, кілт ретінде санауыштың кілттік өрісін таңдаған дұрыс.

 

 

9. Деректер базаларын басқару жүйелері туралы ұғым, өнім сапасын қамтудағы ролі вторую часть вопроса не нашла

 

Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) дегеніміз – жаңа деректер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені. Әдетте ДББЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген ДББЖ-лар реляциялық ДББЖ-лар деп аталады.

Алғашқы ДББЖ-ларға келесілер жатады: IMS (IBM, 1968 ж.), IDMS (Cullinet, 1971 ж.), ADABAS (Software AG, 1969 ж.) және ИНЭС (КСРО АҒ ВНИИСИ, 1976 ж.).

Кез келген ДББЖ мәліметтермен мынандай қарапайым операцияларды:

• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосуға;

• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңартуға;

• Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табуға орындауға мүмкіндік береді.

ДББЖ – нің тағы бір функциясы – мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету ұғынылады.

ДББЖ – ның екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады.

 

11. Деректер базаларындағы деректер қасиеттері этот вопрос вообще не нашла, но по-моему сюда можно написать про типы данных (в 3-ем вопросы есть про типы данных), но я в этом не очень уверенна

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2321; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.