Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Социология




Психология

ТБК

12. Синхрониялық және диахрониялық тіл білімі

32. Корей тіліне сипаттама: типологиясы, генеологиясы, жазуы.

52. Орыс тілі: типологиясы, генеологиясы, жазуы

12. Қабілеттің психологиядағы орны.

32. Сана және психика.

52. Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы

34. Экономикалық мәдениет түсінігі мен қызметтері. Экономикалық әлеуметтануы. Негізгі категориялары.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретіндеэкономиканың өзалдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде- өндіріс-бөлу-айырбастау-тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: “Сұраныс және ұсыныс”. Нарық дегеніміз, тар мағынада- азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Таурларды ұсыну жіне оған деген төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері-инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсеңділігі, шаруа қорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтіп, сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлері, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсеңділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінің де зерттейдң.

Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономика құбылыстар мен процестерді жеке адамның топты оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарқытық экономикаға өтуде. Ал, нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар- бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеуметтік топтың, жіктің экономикалық мінез-құлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық қшбылыс, процес болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысаны бағыттары, тіртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың құбылыстары мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірегі, адамның өмір сүріп, отырған ортасы – қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерітсерге (ой-пікірлері, көзқарастары), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың болып жатқан іс-әрекеті сол уақыттағы кер тартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2-3 жыдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері джамуына күш салуда. Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар:

1. Қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішіндегі топтың, мұң-мұқтажы, мүдде, талап-тілегі тұрғысынан зерттейді.

2. Қандайда бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады.

3. Экономиканы, ондағықатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді.

4. Әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешуде әлеуметтік, яғни,адам факторына басты назар аударады.

5. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отыралы,

6. Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсінетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді;

7. Экономикалық және әлеуметтік саяси тығыз байланыста болатынын есте ұстау.

Осы құбылыстар мен процестердің қатынастары мен байланыстарының негізінде экономикалық әлеуметтану, бір жағынан, әлеуметтік алуан түрлі топтардың, жіктердің мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілегін қанағаттандырып, іске асыру жағын ойластырса, екінші жағынан, жалпы экономикалық дамудың факторлары мен алғы-шарттарын, экономикалық және әлеуметтік дамудағы байланыс-қатынастардың мәнін зерттеп, анықтайды. Экономиканың әлеуметтік қатынастарға ықпалын, әлеуметтік топтарға бөлінудің экономикалық себептерін ашу, экономика дамуының әлеуметтік факторларын талдап көрсету қажет. Мысалы, экономиканың кейбір әлеуметтік мәселелері, атап айтсақ,қызметкерлердің білім және мамандық, үй-тұрмыс, жалақы, табыс, кірісі, бала тәрбиелеу, т.б. біршама дұрыс шешеілген, ал, өндіріс жүйесіндегі топтардың, олардың ішіндегі жіктердің қоғамдық өндіріс орындарындағы іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары әлі осы уақытқа дейін зерттелмей келеді. Бұл өте маңызды, өзекті мәселе. Бұл мәселені дұрыс шешпейінше өндіріс қарқынмен дамиды, еңбек өнімділігі жоғарылайды, сапалы тауарлар көп шығарылады деп айту қиын. Өйткені өндірістегі өндірілген өніімді бөлу, айырбастау, тұтыну, оларды жоспарлап, жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы жүргізу осындағы әр түрлі адам топтарына – олардың мінез-құлқына тікелей байланысты.

Ал, мінез-құлық адамның іс-әрекетінің, қызметінің субъективтік жағын құрайды. Адамның мінез-құлқы оның өз алдына қойған мақсатын терең білу, оны жүзеге асыру арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Адам ісінің мазмұны біршама қатаң ережеге негізделеді де, оның өндірістегі көрінісі және басқаларға әсері төмен болады.

Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі. Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру құрал-әдістерін толық қамтиды. Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқалай да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса,оларға құқық ережелерін (санкция) қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек ұжымын, жеке жұмысшы, қызметкердің, маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өндірісте қажеттібағытта жүргізуге зорықпалын жасайды. Екінші жағынан,өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтк реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.

Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару құралдары депондағы экономикалық тұрақты тәртіп жүйесі мен алуан түрлі әлеуметтік топтардың өзара байланысын, әлеуметтікфакторлардың іс-әрекетін реттеуді айтады. Сөйтіп бұл механизм әлеуметтік-экономикалық объектілердің іштей бірлігін, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын сәйкестендіріп отырады.

Енбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізіндеқызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын де ашады.

Жоғары адамгершілік қасиеттерге еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек процесінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсенділік, т.с.с. жатады. Ал, керісінше, кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлердің өзінің Отан, ел, халық алдында борышына, немқұрайлы, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істеу, оларға жауапсыз қарау сияқты келеңсіз мінез-құлықтары да орын алып отырды.

35.Қазіргі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы.Әлеуметтік стратификация және мобилділік.

Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады. Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер.Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу онай емес. Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру –тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар – феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.

Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік құрылымның қызмет етуінің аса маңызды жағы болып табылады. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамдардың бір әлеуметтік топтан басқа бір топқа өтуі. Мәселен, шаруа ауылдық жерден қалаға көшіп барып зауытқа жұмысқа орналасса, онда, ол қала тұрғынына, басқа таптын, кәсіби топтын өкіліне айналады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қауымдықтар арасында және олардың ішінде жүреді. Әлеуметтік мобильділікті зеттеудің мемлекеттік маңызы бар. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті динамиканы сақтау мақсатында ондағы әлеуметтік қозғалыстарды, олардың себептері мен негізгі бағыттарын толық түсінуіміз керек.

Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар жүесіндегі алатын орны. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің) негізгі концепциалары.Таптар үлкен әлеуметтік қауымдықтар ретінде әлеуметтік құрылымның маңызды буыны болып саналады. Қоғамдық таптар туралы ілім маркстік кезеңге дейін пайда болды. Бірақ мұндай концепциялардың көптеген кемшіліктері болды. К. Маркстің бұл ілімге қосқан жаналығы, ол, таптардың өмір сүруін өндірістің белгілі бір тарихи даму кезеңдерімен байланыстырды.Адамдар арасындағы айырмашылықтар ішінде таптық дифференциация қоғам үшін негізгі болып табылады, себебі ол өндіріс саласында қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншіктің шығуы негізінде пайда болады. Таптар қосымша өнім мен еңбек бөлісі жұмыс күшін қанауды экономикалық тұрғыдан тиімді ететін өндіріс сатысында пайда болады. Қоғамның таптық құрылымын талдаудың маңызды методологиялық мәнісі бар, себебі ол әлеуметтік үлкен топтардың нақтылы экономикалық мүдделерін айқындауға, әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың нақтылы мәнің түсінуге, ғылыми негіздегі саясатты айқындаудың жолын білуге мүмкіндік береді. Марксизм философиясында таптардың біршама толық ғылыми анықтамасын берген В.И. Ленин болды. «Таптар деп, - деді ол, - адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орнына қарай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына деген (көбінесе заң түрінде тұжырымдалған, бекітілген)қатынасына қарай, еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесіне және оны алу тәсіліне қарай айырылатын үлкен топтарын айтады».Бұл анықтамада В. И. Ленин тап құрастырудың төрт негізгі белгісін атап көрсетті. Бұл белгілерді жеке қарастырудан бұрын, келесі жайттарға назар аударайық. Біріншіден, В. И. Ленин таптарға үлкен әлеуметтік топтарды жатқызды. Бұл – олардың текті белгісі, өйткені, қоғамда басқа да жастық, этникалық, кәсіби және т. с. с. үлкен топтар бар. Екіншіден, таптарды сипаттағанда бұл белгілермен шектелмейміз, таптардың саяси және психологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. В. И. Ленин таптардың басты төрт экономикалық белгілерін көрсетумен шектелді, өйткені олар алғашқы, базистік, ал саяси, психологиялық және т.б. белгілері қондырмалық, екінші болып табылады. Үшіншіден, таптардың барлық белгілерін олардың өзара бірлігінде, жүйесінде қарастырамыз. Бірде- бір белгі жеке алып қарастырғанда таптарды толық сипаттай алмайды. Ал енді бұл белгілерді жеке қарастырайық. 1. Таптың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орны. Бұл орын не қанаушы, не қаналушынікі болмақ. 2. Өндіріс құрал- жабдықтарына деген қатынасы екі түрлі болуы мүмкін. Таптық қоғам тарихында өндіріс құрал- жабдықтарына толығымен ие болған және ондай мүмкіндігі болмаған таптарды білеміз. 3. Еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөлі де әр түрлі болуы мүмкін. Тарихта бір таптар өндірістің ұйымдастырушысы және басқарушысы болып рөл атқарса (құл иеленушілер, феодалдар, буржуа), ал басқалары тек орындаушы (құлдар, крепостнойлар, пролетарийлер) рөлінде болды. 4. Қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесі еңбектік және еңбектік емес болады, оның мөлшері де әр қалай болады. Таптарды анықтауға белгілер жүйесін қолданамыз дедік. Сонда, Ленин келтірген төрт бегінін ішіндегі ең бастысы, шешушісі болып табылатыны не? Таптын белгілері жүйесіндегі мұндай рөлді атқаратын екіншісі - өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы. Өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы, басқаша айтқанда, меншіктік қатынасқа қарай таптардың қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі айқындалады, сондай–ақ табысының мөлшері алу тәсілі де соған байланысты болады. Қысқасы, таптардың қоғамдық топ ретінде шығуының себебі қоғамдық өндіріс тәсілінің дамуында жатыр. Жеке меншікке негізделген әрбір жеке формацияда негізгі және негізгі емес таптар болады. Негізгі таптар – сол қоғамның өндіріс тәсілі тудырған және өздерінің өзара қатынастарымен сол өндіріс тәсілінің мәнің, оның негізгі қайшылығын айқындайтын, жүзеге асыратын таптар. Мұндайларға құл иеленушілер мен құлдар, феодалдар мен крепостнойлар, буржуа мен жұмысшылар жатады. Әрбір таптық экономикалық формацияда негізгі емес таптар да бар. Олар бұрынғы таптардың қалдықтары немесе жаңа өндіріс тәсілінің бастамалары болып табылады. Мәселен, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар мен қолөнершілер болды. Капитализм жағдайында мұндайларға шаруаларды жатқызуға болады. Негізгі таптар арасындағы қатынастар антагонистік сипатта болады, сондықтан оларды антагонист- таптар деп атаймыз. Негізгі және негізгі таптар арасындағы қатынастар біркелкі емес болды. Мәселен, капитализм дәуіріндегі буржуазиа мен жұмысшы тап арасындағы таптық қайшылық антагонистік болса, онда шаруалар мен жұмысшы тап арасындағы қайшылық антагонистік емес сипатта болды.

36. Отбасы әлеуметтануы тарихи түрлері, Отбасының әлеуметтік проблемалары, оны шешу жолдары

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.

Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.

“жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”.

“Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”.

“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы”.

Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады.

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.

Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

-экономикалық (өндіру және тұтыну);

-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

-балаларды оқыту-тәрбиелеу;

-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);

-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.

Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;

Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.

Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» (6, 59)

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.

Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.

Патриархалдық туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіеуропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұларда бірнеше ұрпақ бірге тұрады, есімдері де жалпы болады. Бұл ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу – ол отбасының атасы болады.

Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды отбасының басшысы – еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл-жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Бұл отбасының мүшесі – ері (құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары (әкесі өлгенше), қыздары (тұрмысқа шығып кеткенше).

Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ.

Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы - бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер осындай.

Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.

Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері де көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес еңбек екендігіне ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге маңыз беріледі. Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп, ата-ананың балаға деген қатынасын анықтайды. Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономикалық, құқықтық т.с.с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік.

Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.

Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.

Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.

Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 622; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.