Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Канцерогендер 2 страница




 

Емі:
- өзгеріске ұшыраған буынға күш түсірмеу, ауруды үдетпеу үшін көп жүрмеу, ұзақ тұрмау, баспалдақпен көп көтерілмеу, таяқ немесе балдақ қолдану, қажет болса кәсібін өзгерту, салмақ тастау
- шеміршектің метаболизмін жақсарту және сүйек тіндерінің микроциркуляциясын арттыру максатында хондропротекторлар қолдану, жасанды синовиалды ерітінділер енгізу, метоболикалык препараттар, антиоксиданттар, физиотерапиялық емдер қолдану
- буындағы ауырсынуды басу үшін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қолдану
- буын қызметін жақсарту үшін емдік дене шынықтыру мен сылап-сипау, шипажай емін, ортопедиялық ем қолдану
- аурудың сатысына байланысты науқас ауруханаға жатқызылады, жылына бірнеше рет жоспарлы тексеру (буын рентгенографиясы жылына бір рет) және ем жүргізіледі

Жүйелі қызыл жегі - өз жасушалары мен оның құрамына көп мөлшерде антидене түзеп, біраз жүйелер мен ағзаларда иммунды қабыну беретін дәнекер ұлпамен мен тамырлардың аутоиммунды жүйелі ауруы.

Ауру 14 жастан 40 жас аралығында кездеседі, ал ең жиі кездесетін 14-25 жас аралығында. Әйелдер 3 есе жиі ауырады.

Бұл полисиндромды ауру, ауру әлсіздіктен, арықтаудан, дененің қызуы көтерілуден, трофикалық өзгерістерден басталуы мүмкін. Кейін жүйелі түрде біраз ағзалар зақымдалады.

Терінің зақымдалуы:

· Ең жиі кездесетіні бет ұштарында және мұрын үстіндегі эритема – көбелек. Терідегі өзгерістер ешқандай жағымсыз сезім бермейді. Кейде «көбелек» тұрақты «тілме» (рожа) қабынуына ұқсап, бет пен қабақтың ісінуіне әкелуі мүмкін

· Люпус хейлит- еріндегі қатайған құрғақ сұр қабыршақтар, эрозиялық өзгерістер.

· Капиляриттер – алақан мен саусақтардағы эритема ісіну және телеангиоэктазия.

· Сеткалы ливидо – терідегі тамырлардың өзгерісіне байланысты, көгерген сетка сияқты өзгерістер

· Трофикалық өзгерістер: терінің құрғауы, шаштың диффузды түсуі, тырнақтардың деформациясы, сынғыштығы. Мұрын мен ауыз қуысындағы эрозивті өзгерістер, ойықты ошақтар болуы мүмкін.

Буындардың зақымдануы:

· Полиартрит, артралгия, көбінесе проксималды фалангааралық буындар, алақан-фалангалық, тізе буындары зақымдалады.

Таңертеңгі құрысу тек жоғары активтілік кезінде болады, тез қайтымды.

Миалгиялар болуы мүмкін, кейде бұлшық еттің өзгерістері дерматомиозитке ұқсас болады.

Тыныс алу жүйесі зақымдалуы:

· Құрғақ немесе ылғалды плеврит дамиды. Плевра сұйықтығында LЕ клеткалыр анықталуы мүмкін.

Жүрек пен тамырлардың зақымдалуы:

Жүректің 3 қабаты да зақымдалады, әсіресе перикард.

Ас қорыту ағзаларының зақымдалуы:

50% жағдайда кездеседі. Шағымдары: тәбеттің төмендеуі, тамақтан жирену, лоқсу, құсу, қыжылдау, іштің ауырсынуы, гепатомегалия 23-50% жағдайда болады, сарғаю, гиперферментемия

Бүйректің зақымдалуы: гломерулонефрит

Нерв жүйесінің зақымдалуы:

Қызыл жегі мен ауыратындардың бәрінде болады.

Негізгі себебі тамырлық патология:

1. Васкулопатия

2. Тромбоздар мен васкулиттер

3. Инфаркттар мен геморрагиялар

Клиникалық белгілері: бастың ауруы (сақинасы) психикалық өзгерістер, перифериялық нерв жүйесінің өзгерісі. 17-50% жағдайда әртүрлі ұстамалы тырысу, офтальмоплегия, нистагм, ретинопатия, кейде гемиплегия болуы мүмкін.

Психикалық өзгерістер: депресивті немесе маниакальды, интеллект пен жадының төмендеуі.

Диагностикасы:

LE- жасушалардың (өзгерген лейкоциттер түрі) 50-80% жағдайда табылуы,

Кумбс реакциясы оң(гемолитикалық анемия)

Гиперглобулинемия

Лейкопения, әсіресе лимфоцитопения және тромбоцитопения болуы мүмкін, сонымен қатар ЭТЖ-жоғарылауы жиі кездеседі.

Жүйелі склеродермия - терінің, ішкі ағзалардың үдемелі фиброзы, облитерациялы эндартериолит сияқты тамырлық патология мен сипатталатын дифузды дәнекер ұлпасының ауруы.

Әйелдер, еркектерге қарағанда 7 рет жиі ауырады. Ауру 30-50 жас аралығында жиірек кездеседі.

Клиникалық белгілері:

1.Терінің зақымдалуы ең негізгі диагностикалық маңызы зор белгі. Тері өзгерістері көбінесе бетте және қолдарда орналасады:теріде пигментациялық және және депигментациялық ошақтар, сонымен қатар көптеген телеангиоэктазиялар болуы мүмкін.

2. Рейно синдромы - жиі және ерте кездесетін белгі:саусақтардың тоңуы, жыбырлауы, бозаруы, ұстама кезінде суық болуы. Ұстамадан кейін саусақтары қызарып, ысиды. Рейно тек аяқ пен саусақтарын ғана емес, тілдің ұшын, ерінді қамтиды.

3. Буындық синдром: полиартрит, полиартралгия, периартрит (контрактуралардың пайда болуы)

4. Жұмсақ ұлпалардың кальцификациясы –кальциноз, дисфагия, дуоденит, энтерит, колит- белгілері

5. Тыныс алу ағзаларының зақымдануы: пневмофиброз

6. Жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануы: гипертрофия, аритмия, кардиосклероз, миокардит

7. Бүйрек зақымдалуы: олигоанурия, артериалды гипертензия, протеринурия, микрогематурия, цилиндрурия, ретинопатия, энцефалопатия.

8. Нерв жүйесінің зақымдалуы-полинейропатия

9. Эндокрин жүйесінің зақымдалуы:гипотиреоз, аутоиммунды тиреоидит, гипертиреоз сирек болады.

Емдеу принциптері:

· Рейно синдромын емдеу

· Фиброзды өзгерістерге әсер ету

· Қабынуға қарсы препараттар

· Симптоматикалық ем

Дерматомиозит – қанқалық және тегіс салалы бұлшықеттің, терінің жүйелі қабынуы.(сирек кездеседі)

Этиологиясы белгісіз.

Себепші факторлар: вирустар, гендік бейімділік, ісіктер кезінде дамиды

Клиникалық белгілері:

Ø аяқ-қолдың проксималды бөліктерінің бұлшық еттерінің әлсіздігі

Ø терінің зақымдануы (көздің жоғарғы қабығының және көз айналасының ісініп күлгін түсті қызаруы (көзілдірік тәрізді);

бет әлпет доғасына, танауға, мұрын ауыз қыртысына, кеудеге, арқаға, шынтақ, тізеге эритемалар түсуі;

алақан терісінің қызарып сыпырылып түлеуі;

тырнақ айналасындағы эритема

Ø буын синдромы (сирек)

Ø кальциноз (сирек)

Ø жүрек зақымдануы: тахикардия, гипертрофия

Ø өкпе зақымдануы (пневмония)

Ø асқорыту жүйесінің зақымдануы (дисфагия, энтероколит)

Подагра – қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлық тұзының (ураттардың) тіндерде жиналуынан дамитын созылмалы ауру.

Этиология: генетикалық бейімділік, басқа аурулардың асқынуы

Себепші фактор: тағамда шектен тыс етті қолдануы

Патогенезі: ағзадағы ураттар синтезінің жоғарылауы, зәр қышқылының метаболизмінің бұзылысынан болатын гиперурикемия, мочевина клиренсінің төмендеуі.

Клиникалық белгілері:

жедел моноартрит, табан үлкен саусағының зақымдануымен жүретін, «штампталған» эпифиз кемістігі, тофусты (зәр қышқылы тұздарының жиналуы), бүйрек зақымдануы.

Диагностикасы:

зәр қышқылының денгей жоғарылау

синовиальды сұйықтығында зәр қышқылым кристалдары

Емдеу принциптері:

Диета №6 (пурин болмау қажет), сұйықтық көп мөлшерде (зәр қышқылын айдап шығу үшін), физиотерапия, зәр қышқылының синтезін төмендетуші препараттар (аллопуринол), гормоналды препараттар.

Жедел подаграның ұстамасын басатын препараттар – СЕҚҚП (индометацин, бутадион)

Подагра кезінде салициллаттар қолдануға болмайды (аспирин), зәр қышқылының синтезін төмендетуші препараттардың әсерін жояды.

Анкилоздаушы спондилоартрит ( Бехтерев ауруы ) – омыртқа бағанасыныңбуындарының (омыртқааралық, қабырға – омыртқалық, сегікөз – мықындық) басым зақымдап, анкилозына алып келетін буындардың созылмалы жүйелі қабынуы

Осыған байланысты омыртқа бағанасы өз әрекетін жоғалтып белгілі бір қалыпта, қимылсыз бекіп қалады.

Бұл ауру жастарда, көбінесе ер адамдарда болады.

Этиологиясы белгісіз.

Емі: СЕҚҚП

 

Түйінді периартериит негізінді орта калибрлі артериялар зақымдалып мүшелердің қанмен қамтамасыздандырылуы бұзылады.

Жиі ер адамдар ауырады.

Емі глюкокортикостероидтар.

 

 

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» ІІ том Б.С. Калимурзина «Асем систем» Алматы 2007 г.

«Внутренние болезни» В.И. Маколкин «Медицина» Москва 2005 г


 

Дәріс 6. Тақырып: Есекжем. Квинке ісігі. Анафилактикалық шок.

Дәріс жоспары:

1. Аллергия, жалпы түсінік

2. Есекжем, анықтамасы, клиникалық белгілері

3. Квинке ісігі, анықтамасы, клиникалық белгілері, шұғыл көмек

4. Анафилактикалық шок, анықтамасы, түрлері, клиникалық белгілері, шұғыл көмек

Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторларыК.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар,кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.)

Аллергиялық аурулар екі топқа бөлінеді:

· Бірден дамитын реакциялар: анафилактикалық шок, есекжем, Квинке ісігі, бронх демікпесі

· Біртіндеп дамитын реакциялар: бұл кезде аллергендер эпидермис және дәнекер ұлпаларын зақымдағанда дерматит, васкулит, экземалар туады

Аллергия туғызатын заттар аллерген деп аталады. Олар өсімдік тектес, жануар тектес, әр түрлі тағамдар, дәрі дәрмектер, химиялық заттар.

Есекжем – қан тамырларының өткізгіштігі күшейіп, терісінде тез тарайтын бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын аллергиялық ауру. Ауру әсіресе 20 – 60аралық жастағы әйелдерде жиі кездеседі, бұл олардың нейроэндокрин жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты.

Клиникалық белгілері: ауру кенеттен басталады, терісінің әр түрлі жерлерінде қатты қышып зуылдау пайда болады. Қышыған жердің үстінде қызарған бөртпелер (күлбіреу) пайда болады. Күлбіреулер көлемі әр түрлі: нүктелерден үлкен көлемге дейін. Олар бірігеді немесе бөлек орналасады.Шеттері тегіс емес, анық болады. Күлбіреулер тез пайда болып тез жойылады.

Науқастың дене қызуы 38 – 390 көтеріледі,әлсіздік. ағымы толқын тәріздес.

Квинке ісігі (ангионевротикалық ісік) – есекжемнің бір түрі. Бұнда патологиялық процесске тері мен тері асты шел майы қатысады.

Клиникалық белгілері: ерін, қабақ, тіл, жыныс еріндері кенеттен қатаяды және ісінеді. Ісік үлкен, тығыз, ағарған инфильтрат тәрізді болады, қышымайды және оны басқанда шұнқыр қалмайды.

Ісіктің көмейде орналасуы – ауыр түрі. Науқаста үрген тәрізді жөтел пайда болады, дауысы қарлығады, тыныс алуы қиындайды, содан кейін ентігу дамиды (әуелі инспираторлы, кейін аралас), тыныс алуы шулы, стридорозды. Беті бозғылт, көкшіл.

Науқастың бетінде орналасқан ісіктер мидың серозды қабаттарына таралуы мүмкін: басы қатты ауыруы, құсу, желке бұлшықеттерін тартуы, тырысулар пайда болады.

Емі: адреналин 0,1% 0,3-0,5мл к/т; супрастин 2%-2мл б/е немесе к/т; небулайзер арқылы сальбутамол, беродуал; преднизолон 60-90мг к/т; лазикс 2-4 мл к/т

Анафилактикалық шок - ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс.

Қауіп – қатерлі факторлар:

1. Анамнезінде дəрілік аллергиясы бар.

2. Дəрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану, əсіресе қайталау курсы кезінде.

3. Депо препараттарды пайдалану.

4. Полипрагмазия.

5. Дəрілік препараттар белсенділігінің жоғары сенсибилизациясы.

6. Дəрілермен ұзақ уақыт кəсіптік байланыс.

7. Анамнезінде аллергиялық ауруы бар.

8. Дерматомикоздың болуы (эпидермофитии), пенициллинге сенсибилизациясы бар.

Шок симптомдары:

- тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз)

- əр түрлі экзантемалар;

- қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі

- суық тер

- түшкіру, жөтел, қышу сезімі

- жас ағу

- құсу

- аяқ-қолдың клоникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау)

- қозғалыс бұзылыстары

- «өлімнен қорқу»;

- еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі
Объективті клиникалық зерттеуде анықталады:

- жиі жіп тəрізді пульс (перифериялық қан тамырларда);

- тахикардия (сирек брадикардия, аритмия)

- жүрек тондері тұйықталған

- артериалдық қысым тез төмендейді (ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды).
- жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей 90-80 мм.рт.ст. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін;

- тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу)

- қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ

Жедел көмек:

1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ жағын көтерген күйде;басын бүйіріне қарату. Оксигенотерапия жүргізу.
2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату:
— «крест тəрізді» инъекция орнына (шағу орнына) 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,5 мл 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлоридымен жəне мұзды мұйық қою..
3. Шокка қарсы іс-шаралар: 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл б/е
Эпинефринді қайталап енгізу аралығы 5 - 10 минут, АҚ бақылауымен

— антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау).

Инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литр к/т

4.Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг к/т
5.Симптоматикалық ем:
артериалды гипотензияда: вазопрессорлы аминді: допамин 200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлоридаі немесе 5% декстроза ертіндісі – минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізіледі
брадикардияда 0,1% раствор атропин ертіндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда – осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді
бронхоспазмда к\т 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық β2-адреномиметиктер – сальбутамол 2,5 – 5,0 мг небулайзер арқылы енгізу.
міндетті түрде барлық уақытта тыныс қызметін, жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын (жүрек жиырылу жəне АҚ өлшеу)!

Әдебиет:

«Неотложная доврачебная помощь» при заболеваниях внутренних органов С.А. Байдурин Астана 2006 г.

«Фельдшер скорой помощи» Медицина, Шелехов К.К. «Феникс»

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1412; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.076 сек.