КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
НООСФЕРА 1 страница
Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген. Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады. Ноосфера саналы адамзаттың іс әрекеттері дамудың негізгі анықтаушы факторы болатын қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасы. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары Экологиялық проблема - «тірі жүйе - қоршаған орта» жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын қарама қайшылық. Экологиялық проблемалар өзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылы аймақ) және жергілікті (нақтылы территория, орын) болады. Экологиялық дағдарыс - (гректің krisis- бұрылмалы пункт) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, өрт, күннің күрт суытуы, жер сілкінісі және т.б.) немесе антропогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, табиғи экожүйелердің бұзылуы, ормандардың кесілуі және т.б.) экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар. Бақылау сұрақтары: 1.Биосфера концепциясының мәні неде? 2.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағидалары қандай? 3.Биосфераның ерекшеліктері қандай? 4.Биосфераның тірі зат компонентін түсіндіріңіз. 5.Коммонер заңдарының мәнін түсіндіріңіз. 6.Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003 3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004. 4.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. Қосымша әдебиеттер: 1.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997. 2.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999. 3.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000. Дәріс 8 Тақырып: Тұрақты даму концепциясы. Мақсаты: Студенттерге «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы, Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері, экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография туралы білімдер беру. Жоспар: 1.Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері 2.Рим клубы 3.Стокгольм конференциясы 4.Рио-де Жанейро конференциясы 5.Иоханесбург саммиті 6.Киото хаттамасы Негізгі түсініктер: тұрақты даму, декларация принциптері, тұрақты даму концепциясы «Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.) «Орнықты даму» терминінің пайда болу тарихы Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. 1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды. 1980-ші жылдары «орнықты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды. 1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады: Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: · Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру; · Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру; · Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау. Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады. Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты – биосфераны қорғау және сақтап қалу. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе – теңдікті бұзбай, милиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселеллер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі-биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген lамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек: · Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау. · Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту. · Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді. · Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. · Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация) · Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну; · Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. · Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес; · Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану; · Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану; · Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру · Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою · Радиоактивті қалдықтарды жою · Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі · Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру: Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа-райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты. Сонымен қатар конферецияда мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен ретінде қарастыру керек.
Бақылау сұрақтары: 1.Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз. 2.Экологиялық жағдай типтері қандай? 3.Тұрақты даму дегеніміз не? 4.Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін халықаралық бірлестіктер қандай? Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл. 2. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999 Қосымша әдебиеттер: 1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991. 2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. Дәріс 9 Тақырып: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық. Мақсаты: Студенттерге тұрақты дамудың –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық деңгейлері, тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар жайлы білімдерді меңгерту. Жоспар: 1.Тұрақты дамудың деңгейлері 2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар 3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық Негізгі түсініктер: тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар. Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар. Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау; 2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау; 3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік). Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады: 1. Парламентаралық ынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде. 2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады. 3. Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер. Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды. Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді: Ю НЕСКО –ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Ол экология саласында “Адам және биосфера” және “Адам және оны қоршаған орта” бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулержүргізеді; ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан. ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан. ЮНИДО – халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген; МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан. ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан. МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария). МЮО -Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді. МЭС -Халықаралық экологиялық сот. 1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін мәселелерді шешумен айналысады. Бұл ұйымда әлемнің 24 елінен 29 судья жұмыс істейді. WWF -жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF — World Wide Fund for Nature) — 1961 ж құрылған. 27 ұлттық бөлімшелері бар. МОТ –Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым. ГРИНПИС (Greenpeace — «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімдері бар.
Бақылау сұрақтары: 1.Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз. 2.Экологиялық жағдай типтері қандай? 3.Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін қандай халықаралық бірлестіктерді білесіздер? Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003 2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл. 3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999 Қосымша әдебиеттер: 2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991. 3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
ДӘРІС №10 Тақырып: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы туралы білім беру. Жоспар: 1.Табиғат ұғымына анықтама 2.Ресурстардың жіктелуі 3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары. 4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен аспектілері 5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері 6.Қазақстанның қазба байлықтары Негізгі түсініктер: табиғат ресурстары, энергетикалық ресурстар, биологиялық ресурстар, генетикалық ресурстар. 1. Табиғатдегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.
Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 1693; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |