Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

I. Жалпы ереже




ЕРЕЖЕ

1.1. Қазақстандағы ҮЕҰ қызметін ең жақсы жария еткен журналистер мен блогерлер арасындағы конкурс (одан әрі - Конкурс) Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың (одан әрі - ҮЕҰ) қызметін жария ететін журналистер мен блогерлерді тарту, үкіметтік емес секторлар көрсетететін қызметтер туралы халықты ақпараттандыру деңгейін көтеру, серіктестікті және ҮЕҰ мен БАҚ арасындағы әріптестікті дамыту мақсатында өткізіледі.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ.

1.3. Осы Ереже Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды, тәртібі мен өткізілу мерзімін анықтайды.

 

II. Қатысу шарттары

2.1. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық БАҚ-тың блогерлері мен журналистері шақырылады.

2.2. Конкурсқа қатысу үшін Қазақстандағы ҮЕҰ-дың қызметіне арналған материалдар қабылданады.

2.3. Конкурс номинациялары:

I. «Үздік газет материалы»

II. «Үздік телеарналық материал»

III. «Әлеуметтік желідегі үздік материал»

2.4. Материалдар түрлі жанрда қабылданады: (очерк, сұхбат, мақала, телеарналық және бекеттік) олар 2014 жылдың 1 қаңтары мен 15 қарашасы аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар болуы керек.

2.5. Жарияланымдар түпнұсқа немесе ксерокөшірме түрінде (шығарылымын, күнін, автордың толық байланысын көрсете отырып) ұсынылуы керек.

Бейнематериалдардың телеарналық бағдарламалар немесе жаңалықтық сюжет түріндегі көшірмесі эфирлік анықтамалық жолдамасымен ұсынылуы керек (cd/dvd дискісімен).

Электрондық БАҚ-тың журналистері, блогерлері жарияланған материалдарының көшірмесін интернет-сайттарға орналастырғанын растап жіберуі керек.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылған материалдарға қатысушылардың толтырылған анкета-өтінімі қоса беріледі.

2.6. Бір журналист, блогер үш материалға дейін ұсына алады.

2.7. Конкурсқа қатысуға қатысты барлық материалдар Қазақстанның Азаматтық Альянсының атына Ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: 010000 Астана қаласы, Ғабдуллин көшесі, 6Б, немесе [email protected] электрондық мекен-жайы.

2.8. Жұмыстар көрсетілген жарияланған мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы керек. Конкурстың тақырыбына сәйкес келмейтін, қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

 

III. Конкурстық жұмысты бағалау критериилері

3.1. Материалдарды бағалау кезеңінде келесідей критериилер назарға алынады:

- белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

- деректің растығы және оның баяндалуындағы нақтылық;

- талдаудың тереңдігі мен проблеманы ашылуы;

- авторлық көзқарас;

- түпнұсқалылығы;

- стилі;

- журналистиканың этикалық принципіне сәйкестігі;

- материалдың дұрыстығы.

 

IV. Ұйымдастыру комитеті мен Конкурстың қазылар алқасы

4.1. Конкурстың Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығы мен өткізілуі бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады.

- Конкурстың ережесі туралы және қазылар алқасының құрамын бекітеді;

- Конкурстық жұмыстарды қабылдау мен оларды бағалауға қатысты Конкурстың техникалық бөлігін қамтамасыз етеді;

- жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттауды ұйымдастырады.

4.2. Қазылар алқасы:

- Конкурстық материалдарды қарастырады және бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.

 

V. Конкурстың қорытындысын шығару және қатысушылады марапаттау

5.1. Материалдарды қарастырып және жеңімпаздарды анықтау 2014 жылдың 15 мен 20 қарашасы аралығында өткізіледі.

5.2. Номинациялардың әрқайсысына ҮШ жүлделі орындар анықталатын болады:

Бірінші орынға жүлде қандай да бір номинация – iPad;

Екінші орынға жүлде номинациялардың бірінен – ноутбук;

Үшінші орынға жүлде үш номинацияның бірінен - смартфон.

5.3. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 2014 жылдың 21 қарашасында өткізіледі.

 

VI. Ұйымдастырушылық мәселелер

Толық ақпарат үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болады:

8 (7172) 44-14-87




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 515; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.