КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
БИЛЕТ №10
1. Мемлекеттік қаржы қызметі Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында бөлінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады. Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға " Мемлекеттің іс - қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттерін Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу - қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына” - мемлекет кірістерінің көздеріне” - ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына - мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі. Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады”
2. Жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесі ҚР тұлғаның құқықтық мәртебесі Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды. Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады. Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады. ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі. Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.. ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді. 3. Құқық қорғау органы жүйесіндегі әділет Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады. Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді. Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар.
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 724; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |