Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Актау 2014




КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________М.Б. Имандосова
____________

 

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» факультеті

 

«ҚҰҚЫҚТАНУ» кафедрасы

 

 

«5В030100 – Құқықтану»

мамандығы

«ҚР ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ»

ПӘНІНІҢ ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

«ҚР ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ»

 

пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын

 

Университеттіңоқу-әдістемелік кеңесі бекіткен (______________ күнгі № _____ хаттама);

 

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы ұсынған (_______________ күнгі № _____ хаттама);

 

Бюро төрайымы       Джолдасбаева Г.У.
    (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

 

Кафедра отырысында мақұлданған (_______________ күнгі № _______ хаттама);

 

Кафедра меңгерушісі       Алибеков С.К.
    (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

 

 

Құрастырған:

 

аға оқытушы       Усенбаева А. У.
(лауазымы)   (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

 


1. Пәннің сипаттамасы

ҚР Жер құқығы 3 кредит көлемінде кәсіптендіру пәндер циклының таңдау компоненті ретінде оқытылады.

Жер Қазақстан Республикасының бірнеше құқық салаларының - конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасылық, қаржы, (салық), және аграрлық құқықтарының, тиісінше мемлекеттік шекара, мемлекет құрылымы, азаматтық мәміле жасау объектісі ретінде, ерлі-зайыптылардың жер учаскесіне меншігін бөлу, салық салудың және ауыл шаруашылық өндірістің және т.б. объектісі ретінде құқықтық реттеу пәнін құрайды.

Жердің біртұтастығы, оның атқаратын қызметінің көп салалығына қарамастан, жерге байланысты туындайтын барлық қатынастарды, жер-шаруашылық қатынастары ретінде қарастырлып, біртұтас және өзара байланысымды құқықтық реттеу қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар, жердің бір мезгілде табиғи ресурстардың: орманның, судың, өсімдіктердің және т.б. кеңістік базисін құрайтын ерекше қасиетіне байланысты, жер қатынастарын объектілердің орналасуының кеңістік базисінің аумағы ретінде құқықтық реттеу де жер құқығымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің жеке құқық саласы ретіндегі, жер құқығы деп-жерді табиғи ресурс және меншік және пайдалану құқығының объектісі ретінде пайдалану мен қорғау барысында, оны тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру мақсатында өндіріс және еңбек құралдарын қолдану және жердің құнарлығын арттыру кезінде, жер қатынастарының субъектілері өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында туындаған қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын атайды.

 

Курс Се- местр Кредиттер Аудиториялық сағаттар Аудиторидан тыс сағ. ∑, са- ғат Бақылау түрі
ҚР ECTS ДС ТС ЗС БОӨЖ БӨЖ
            -           емтихан
БАРЛЫҒЫ:         -           емтихан

Қысқартулар: ҚР – Қазақстан Республикасы; ECTS – Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі; ДС – дәрістік сабақтар; ТС – тәжірибелік (семинарлық) сабақтар; ЗС – зертханалық сабақтар; БОӨЖ – білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СБӨЖ – студенттің, МОӨЖ - магистранттың); БӨЖ - білім алушының өзіндік жұмысы.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты: ҚР Жер құқығы пәнін оқыту – ҚР-ғы заңдық білімнің маңызды құрамды бөлігі болып саналады. Конституциялық құқық шет елдердін негізгі конституциялық-құқықтық институттар туралы білім береді, студенттер жалпы кәсіби мәдениеті мен ой қабілетінің дамуына әсерін тигізеді, пәнді, оның ерекшелігін терең түсіндіру.

Студент «ҚР Жер құқығы» пәнін терең түсіну үшін мемлекеттік –құқықтық институттардың пайда болуы мен дамуы туралы жалпы сұрақтарды, саяси –құқықтық пікірлер мен жалпы теориялық бағыттарды білуі тиіс.

Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Жер құқығы пәнiнiң негiзгi теориялық жағдайларымен, ғылымымен студенттердi таныстыру;

2.Жер құқық нормалары мен жер құқық қатынастарын, жерді қорғау, пайдалану мәселелерін оқып үйрену;

3.Жерді пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтары, жер учаскелері жөніндегі сұрақтарды қарастыру.

3. Пререквизиттер және постреквизиттер:

3.1. Пререквизиттер (оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер):

1) ҚР Экологиялық құқығы;

2) ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы;

3) ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы

3.2 Постреквизиттер (аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер):

1) Халықаралық дербес құқығы;

2) Адвокатура;

3) Криминалистика.

Оқудан күтетін нәтижелер:теориялық білім алу, жер құқығы саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті сапаларды қалыптастыру.

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

Рет. №№ Сабақтың тақырыптары [әдебиет №, §§…, беттері] Көлемі, сағаты
  Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. [әдебиет №5, §1-22 беттері]  
  Қазақстан Республикасының жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары. [әдебиет №5, §1, 22-34 беттері]  
  Жер құқығының қайнар көздері. [әдебиет №5, §3, 51-57 беттері]  
  Қазақстан Республикасында жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы. [әдебиет №5, §2, 34-51 беттері]  
  Жер-құқық қатынастары. [әдебиет №5, §2, 34-50 беттері]  
  Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар. [әдебиет №5, §4, 58-67 беттері]  
  Жер пайдалану құқығы. [әдебиет №5, §5, 68-82 беттері]  
  Жерге ақы төлеу. [әдебиет №5, §8, 168-185 беттері]  
  Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. [әдебиет №5, §8, 159-168 беттері]  
  Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. [әдебиет №5, §8, 159-168 беттері]  
  Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры. [әдебиет №5, §8, 138-158 беттері]  
  Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері. [әдебиет №5, §8, 138-18 беттері]  
  Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. [әдебиет №5, §9, 185-192 беттері].Жер дауларын шешу. [№5 әдебиеттер, §8, 179-181 беттері]  
  Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §10, 193-207 беттері]  
  Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §11, 208-215 беттері]  
  Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §12, 216-223беттері]  
  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §13, 224-247 беттері]  
  Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §14, 248-252 беттері]  
  Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §14, 253-261 беттері]  
  Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §14, 258-261 беттері]  
БАРЛЫҒЫ:  

4.2. Тәжірибелік сабақтар

Рет. №№ Сабақтың тақырыптары [әдебиет №, §§…, беттері] Көлемі, сағаты
  Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. [әдебиет №5, §1-22 беттері]  
  Қазақстан Республикасының жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары. [әдебиет №5, §1, 22-34 беттері]. Жер құқығының қайнар көздері. [әдебиет №5, §3, 51-57 беттері]  
  Қазақстан Республикасында жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы. [әдебиет №5, §2, 34-51 беттері]  
  Жер-құқық қатынастары. [әдебиет №5, §7, 121-137 беттері]  
  Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар.[әдебиет №5, §6, 82-120 беттері]  
  Жер пайдалану құқығы. [әдебиет №5, §5, 68-82 беттері]. Жерге ақы төлеу. [әдебиет №5, §8, 168-185 беттері]  
  Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. [әдебиет №5, §8, 159-168 беттері]. Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. [әдебиет №5, §8, 159-168 беттері]  
  Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры. [әдебиет №5, §8, 138-158 беттері].  
  Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері. [әдебиет №5, §8, 138-18 беттері]  
  Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. [әдебиет №5, §9, 185-192беттер].Жер дауларын шешу. [әдебиет №5, §8, 179-181 беттері]  
  Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §10, 193-207 беттері]. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §11, 208-215 беттері]  
  Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §12, 216-223 беттері]  
  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §13, 224-247 беттері]  
  Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §14, 248-252 беттері]  
  Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §14, 253-261 беттері]. Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі. [әдебиет №5, §14, 258-261 беттері]  
БАРЛЫҒЫ:  

4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.

4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы

Студенттің өзіндік жұмысы – бұл аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Өзіндік жұмыс негізгі және қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қажеттілігі кейбір тақырыптарды белгілі бір сағат санымен шектеумен байланысты емес, негізінен студентті өз бетімен ізденуге, алған білімдерін творчестволық тұрғыдан ұғынуға үйрету қажеттігімен байланысты. Реферат жұмысы – студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады. Жоғарғы оқу орнында реферат жұмысын жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап зерделеуге бағытталған. Реферат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, қажетті мағлұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

Өзіндік жұмысын студент «Қазақстан Республикасы Жер құқығы» пәнінің ОӘК-нен және силлабустан бастау керек, кейін берілген әдебиет көздерінің таңдауынан жалғастырады. Ұсынылған әдебиеттерін оқи отырып, студент дәптерінде жеке сұрақтар бойынша арнаулы жазулар енгізіп, басқа жағдайда жоспар құрастырып немесе сұрақтың жауабын қысқаша жазу керек. Осы әдісті қолдану арқылы студент емтиханға дайындалған кезінде жауабын тез арада еске түсіре алады.

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары:

1. Қазақстан Республикасында жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы.

2. Қазақстан Республикасының Жер құқығының тақырыбы.

3. Қазақстан Республикасы жер құқығының қағидаттары.

4. Жер-құқық қатынастары: олардың мазмұны, дамуы және жетілуі.

5. Қазақстан Республикасы жер құқығының қайнар көздері.

6. Қазақстан Республикасыңда жерге меншік құқығы.

7. Қазақстан Республикасыңда жерге жеке меншік құқығы.

8. Қазақстан Республикасыңда жерге меншік құқығын қорғау.

9. Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығы.

10. Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығының түрлері.

11. Казақстан Республикасында жер учаскесіне сервитут құқығы.

12. Қазақстан Республикасыңда жеке меншік немесе пайдалану құқығындағы жер учаскесін кепілге беру.

13. Казақстан Республикасында жер қатынастарын мемлекеттік реттеу.

14. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі.

15. Қазақстан Республикасында жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді құқықтық қамтамасыз ету.

16. Жер құқығы теориясында жер іс жүргізуінің түсінігі.

17. Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау.

18. Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды құқықтық қамтамасыз ету.

19. Қазақстан Республикасында жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік.

20. Қазақстан Республикасында жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.

21. Қазақстан Республикасында жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.

22. Жерге, жер иелеріне және жер пайдаланушыларына келген зиянды өтеуді құқықтық реттеу.

23. Жер дауларын шешу.

24. Қазақстан Республикасында соттардың жер дауларын шешуінің іс жүргізушілік ерекшеліктері.

25. Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделіп жер дауларын шешу.

26. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы.

27. Шаруа шаруашылығы (фермерлік) жеке меншігіндегі жер учаскелерінің құқықтық жағдайы.

28. Өзіндік қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жерлердің құқықтық жағдайы.

29. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерді пайдалану құқығы.

30. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерді пайдалану құқығын қорғау.

31. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі: жалпы сипаттама.

32. Елді мекен жерлерінің жеке категорияларының құқықтық тәртібі.

33. Қала маңы жерлерінің құқықтық тәртібі.

34. Қазақстан Республикасында өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.

35. Қазақстан Республикасында өнеркәсіп жерлерінің құқықтық тәртібі.

36. Қазақстан Республикасында көлік жерлерінің құқықтық тәртібі.

37. Қазақстан Республикасында қорғаныс жерлерінің құқықтық тәртібі.

38. Қазақстан Республикасында қорықтардың құқықтық тәртібі.

39. Қазақстан Республикасында мемлекеттік табиғи заказниктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің құқықтық тәртібі.

40. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ұлттық парк жерлерінің құқықтық тәртібі.

41. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ботаникалық бақтардың, зоологиялық және дендрологиялық парк жерлерінің құқықтық тәртібі. Қазақстан Республикасында сауықтыру және рекреациялық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

42. Қазақстан Республикасында орман қоры жерлерін пайдалануды құқықтық реттеу.

43. Орман қоры жерлерін пайдалану мен қорғауға байланысты туындайтын қатынастарды мемлекеттік реттеу.

44. Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

45. Су қоры жерлерінің пайдалану құқығы.

46. Қазақстан Республикасында су қоры жерлерін пайдалану мен қорғауға байланысты туындаған қатынастарды мемлекеттік реттеу.

47. Қазақстан Республикасында босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.

48. Шет елдердегі жер қатынастарының заңнамалык негіздері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 564; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.045 сек.