Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сможете постоять за себя и своих близких на улице. 3 страница




Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар нақты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:

а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды);

ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі);

б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).

 

59. Картографиялық проекциялардың түрлері.

1. Азимуттық проекция.

2. Цилиндрлік проекция.

3. Конустық проекция

Кеңістіктегі әр түрлі бейнелер мен заттарды қағаз бетінде кескіндеу үшін проекциялау әдісі қолданылады. Проекция – Жер эллипсоидын жазықтыққа түсіру. Картографиялық проекциялар – глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін қолданылады. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады. Осы бұрмаланушылықты болдырмау үшін картографиялық проекция қолданылады. Бұрмалану мүмкіншілігін азайту мақсатында географиялық карталарда әр түрлі проециялар қолданылады: тең бұрышты, тең ауданды, еркін проециялар. Тең бұрышты проекциялар қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындықтары мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проециялар теңіз кемелері мен ұшақтардың жүру жолдары мен ұшу бағыттарын нақтылау мақсатында пайдаланады. Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл берілгенімен, географиялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің, мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проеция негізінде жасалған карталарда бурмаланулардың барлық түрі кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді. Бұрмаланушылық картаның бір бөлігінде мүлдем байқалмайды, ал екінші бөлігінде, керісінше, бұрмаланушыдық дәрежесі күрт артады.Еркін алынған проекциялар арасында тең алынған проекциялар қолданылады.Онда белгілі бір бағытта: меридиан бойынша немесе параллельдер бойынша бұрмаланулар мүлдем байқалмайды.Проекциялар жақзықтық бетіне көшірілу пішініне қарай жіктеледі: азимуттық, цилиндрлік, конустық.

1. Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелейді.

60. 1:1 000 000 масштабтағы картаның номенклатурасы.

Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады. Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады. 1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады. Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады.1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады. 1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.

1-кесте- Карталардың номенклатурасы

Масштаб Беттің өлшемі Номенклатураның үлгілері
Ендікте Бойлықта
1:1000 000 N-36
1:500000 N-36-А
1:200000 40' N-36-ХХХ
1:100000 20' 30' N-36-54
1:50000 10' 15' N-36-54-Г
1:25000 5' 7'30" N-36-54-Г-а
1:10000 2'30" 3'45" N-36-54-А-а-1
1:5000 1'15 1'52,5 N-36-54 (256)
1:2000 25" 37",5 N-36-54 (256-и)

 

61.1:1 000 000 масштабтағы картадан Алматы қ. көршілес жатқан трапецияларын анықта? Алматы қ. 1:200 000 масштабтағы номенклатурасы.

φ =43010’15’’; =76045’28’’

1. 1:1 000 000 - K-43

2.1:500 000 – K-43-Б 3. 1:200 000 – K-43-Б-XI

А Б
В Г

 

I II III IV V VI
        XI  
           
           
           
           

 

 

  L-43  
K-42 K-43 K-44
  L-43  

62. Номенклатура дегеніміз не? Дакар қ 1:500000 масштабтағы номенклатурасы.1:1000000 масштабтағы картадан Дакар қаласы коршілес жатқан трапециялар.

Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады,. олар көптеген беттен тұрады.Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды.Топографиялық картаның əрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Картабетінің номенклатурасы рамканың солтүстік кабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураныңжанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Əрбір бетте тағыда қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырыпжапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағықабырғасының ортасында орналасады.Карталардың номенклатурасы негізін 1: 1000000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасыныңөлшемі бойлыкта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латыналфавитінің бас əрпінен жəне реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

63.Мәскеу қ. 1:500 000 масштабтағы номенклатурасы. 1:1 000 000 масштабтағы картадан Мәскеу қ. көршілес жатқан трапециялар.

φ=55020’=38004’

1. 1:1 000 000 – N-37

2. 1:500 000 – N-37-A

А Б
В Г

 


 

68. Оңтүстік Америка материгінің ауданын географиялық атластан кесте көмегімен анықтау.

Ендік белдеулер Белдеудегі трапециялық саны Градустық трапецияның ауданы Белдеудегі территорияның ауданы
100-150 100-50 00-50 00-50 50-100 100-150 150-200 200-250 250-300 300-350 350-400 400-450 450-500 500-550 550-600 4,2 5,7 7,6 9,3 6,8 5,4 4,8 3,5 1,7 1,3 0,7 0,3   18,6

70. Жалпы географиялық карталар бойынша жергілікті жерге сипаттама беру. Мысалы Австралия материгі.

Жер бедерi.

Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. • Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. • Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар. • Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.

Ауа райы

Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Австралияның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°C). Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы Австралия Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Гидрология

Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады.

2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Австралияның негізгі хал­қы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағыл­шын тілділер, оларды австралиялықтар деп то­лық айтуға болады, өздеріне тән құн­ды­лықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қа­лыптасқан.

кен байлықтары.

Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңт. мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлыктың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.

71. Жалпы географиялық карталар бойынша жергілікті жерге сипаттама беру. Мысалы Африка материгі
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

72. Жалпы географиялық карталар бойынша жергілікті жерге сипаттама беру. Мысалы Солтүстік Америка материгі.

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА – батыс жарты шардағы құрлық. Жер аум. 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солт. Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Қрі аралдары: солт-нде Гренландия, Канаданың Арктик. топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Королева Шарлотта; шығ-нда Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солт-нде), Лабрадор, Флорида (шығ-нда), Юкатан (оңт-нде), Аляска, Калифорния (бат-нда).

Солтүстік Американың шеткі нүктелері:

Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,

Оңтүстігінд Марьято мүйісі (7°12' с.е.)

Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),

Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').

Жер бедері

Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.

Климаты. убтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.

Топырағы.Арктик. және тропиктік белдеулер аралығындағы топырақтың барлық түрі кездеседі. Канаданың Арктик. топаралына тундралы арктик. және тундралы-глейлі топырақ тән. Алясканың бат., Алеут аралдарының жанартаулық күлдерін шымтезекті субполюстік топырақ жапқан. Лабрадор түбегінің оңт-нде иллювийлік – темірлі-шірінділі күлгін топырақ, Лаврентий қыратының оңт.-батысында және Ұлы жазықтың солт-нде шымды-күлгін топырақ таралған. Қоңыржай белдеудің оңт. мен субтропикте біркелкі топырақ субмеридиандық бағытта немесе жинақталған массивтер түрінде таралған. Ұлы көлдер мен Солт. Аппалач аудандарында орманның қоңыр топырағы таралған. Орт. жазықтың солт.-батысында прерияның қара топырақ тәрізді қышқылы аз, шіріндісі мол топырағы Ұлы жазықтар шекарасында қара топырақпен алмасады.

Өсімдігі

С. А-ның басым бөлігі Голарктик., оңт. бөлігі Неотропиктік флоралық әлемге жатады. Канаданың Арктик. топаралының солт. мен Гренландияда мүк пен қынадан тұратын арктик. шөл, арктик. тундра басым; топаралдың оңт-н тундра белдемі алып жатыр. Лабрадордан Макензи тауына дейін ені 100 – 200 км өңірмен орманды тундра табиғат белдемі өтеді. Бат-нда орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман белдемі құрлық аум-ның 1/3-ін қамтиды. Қоңыржай белдеудің орманы: тайга, Тынық мұхит жағалауының қылқан жапырақты орманы, аралас және жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауындағы ормандарда негізінен биік ағаштар: ситхин шыршасы, дуглас майқарағайы, батыс туясы және қарағайдың бірнеше түрлері өседі. Қылқан жапырақты орман 40 с.е-тен оңт-ке қарай субтропиктік ормандарға ұласады: шығ-нда мәңгі жасыл аралас орман және бат-нда мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман таралған. Ұлы көл ауданы мен Солт. Аппалач өңірінде аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. Жалпақ жапырақты орман Аппалачтың оңт. мен Ұлы жазықтың шығыс бөлігін қамтиды. Мұнда еменнің америкалық түрлері, шамшат, ақ үйеңкі, жөке, шынар, қызғалдақ ағашы өседі.

Жануарлары

С. А. мен Еуразия құрлықтарының геол. даму тарихының ортақтығына байланысты жануарлар әлемінде көптеген ұқсастықтар бар. Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын.

 

73.Жалпы географиялық карталар бойынша жергілікті жерге сипаттама беру. Мысалы Оңтүстік Америка материгі.

Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км2. Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.

Жер бедері

Оңтүстік Американың картасы.

Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 454; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.