Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды




Тәжірибе оқытушыны» бақылауымен жүреді. Тәжірибенін нәтижелері талқыланады

және қорытынды шықарылады.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Қосымша:

1. Патологическая физиология п/р Адо А.Д.– М.: Триада-Х, 2000

2. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005

3. Мороз Б.Б. Актуальные проблемы патофизиологии (избранные лекции) Москва: Медицина, 2002

4. Патологическая физиология. Том 1, 2 //Под ред. Воложина А.И., Порядина Г.В. – М.: «МЕДпресс», 2005

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

Асқорыту бұзылуының экзогендi себептерiн көрсет:

1. iсiктер

2. операциядан кейiнгi жағдай

3. құнарсыз тамақтану, инфекция қоздырғыштары (iш сүзегi, дизентерия)

4. асқазан-iшек жолының туа бiткен аномалиясы

5. жүкті әйелдер токсикозы, нефропатия

 

Асқорыту бұзылуының экзогендi себептерiн көрсет:

1. алкоголь және никотиндi қолдану, психикалық жарақаттар, стресстiк жағдайлар

2. асқазан iсiгi, жара ауруы

3. операциядан кейiнгi жағдай

4. қантты диабет

5. аутоимунды ауру

Қандай себептер гиперсаливацияны тудыратынын көрсет:

1. сiлекей безiндегi патологиялық процеске байланысты оңдағы ткандердiң бұзылуы (паротиттер, iсiктер)

2. ауыз қуысындағы қабыну процестерi, ОНЖ зақымдалуы (бульбарлы паралич), жүктiлiктiң токсикозы

3. сiлекей өзектерiндегi тастар

4. сілекей бездерінің паренхимасының атрофиясы, күшті эмоциялар

5. ауырсыну тітіркендіргіштері

 

Қандай себептер гиперсаливацияны тудыратынын көрсет:

1. сiлекей бездерiнiң iсiктерi

2. сiлекей жолдарында тастар түзiлуi

3. стресстi жағдайлар, невроз

4. парадонтоз, ауыз қуысында қабынуы, жүктiлiктiн токсикозы

5.қызба, гипретериемия

 

Қандай себептер гипосаливация тудыратынын көрсет:

1. стрестiк жағдайлар, сiлекей бездерiнiң iсiгi

2.ангина, стоматит

3.ОНЖ зақымдалуы (бульбарлы паралич)

4.бауыр циррозы, жүктiлiк кезiндегi токсикоз

5. гельминтоз

 

Қандай себептер гипосаливация тудыратынын көрсет:

1. ОНЖ зақымдалуы (бульбарлы салдануы)

2. парадонтоз, стоматит

3. жүктiлер токсикозы

4. өңеш аурулары

5. сiлекей өзектерiңдегi тастар, вегетативтi улардың әсерi (атропин)

 

Лабораториялық көрсеткiштерге сай асқазан секрециясының қандай типке жататының көрсет: қолданылған тiтiркендiргiштерге сай асқазан сөлi мен оның қышқылдығының мөлшерi (бос және жалпы) жоғарылайды, ашқарында асқазан сөлiнiң рН-1,7-ден 5,0-ге дейiн. Асқазан секреция фазаларының қарым-қатынасы 1:1:

1. қалыпты түр

2. астеникалық түр

3. қозғыш түр

4. инерттi түр

5. тежелгiш түр

 

Асқазан секрециясының қандай типiнде асқазан бездерiнiң қозғыштығы механикалық тiтiркендiргiштерден жоғарылап, ал химиялықтан төмендейтiнiң көрсет:

1. қалыпты тип

2. астеникалық тип

3. қозғыш тип

4. инерттi тип

5. тежелгiш тип

 

Асқазан секрециясының қандай типiнде асқазан бездерiнiң қозғыштығы механикалық және химиялық тiтiркендiргiштердiң әсерiнен жоғарылайтының көрсет:

1. қалыпты тип

2. астеникалық тип

3. қозғыш тип

4. инерттi тип

5. тежелгiш тип

 

Мына лабораториялық көрсеткiштер арқылы асқазан секрециясының типiн анықтаңыз: ашқарындағы асқазан сөлiнiң рН-1,2-3,0 таңертенгiлiк байқаудан соң рН-I және осы деңгейде 2 сағат сақталады, асқазан секрециясының 2-шi кезеңi күшейген:

1. қалыпты тип

2. астеникалық тип

3. қозғыш тип

4. инерттi тип

5. тежелгiш тип

 

Келесi лабораториялық көрсеткiштер арқылы асқазан секрециясының түрiн анықтаңыз: ашқарындағы асқазан сөлiнiң рН-5,8-7,0 таңертеңгiлiк байқаудан соң 12-18 минут уақыттан соң бастапқы қалпына келiп, сол деңгейде 1 сағатта төмендейдi. Асқазан секрециясының 2-шi кезеңi басылған:

1. қалыпты түр

2. астеникалық түр

3. қозғыш түр

4. инерттi түр

5. тежелгiш түр

 

 

№ 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модул: 5. Асқорыту жүйесі

1. Тақырыбы: Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылыстары. Балалардағы ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Ас қорыту жүйесінің патофизиология білімін игеру, ұйқы безі секрет бөлу қызметінің төмендеуінің патогенезі

 

3.Оқытумақсаты:

Студент білуі қажет:

· Ас қорыту жүйесінің негізгі синдромдарының пайда болу себептері мен даму механизмдерінін

· Мальабсорбция синдромын

· Ішек қызметі бұзылуының себептері мен даму механизмдерін

Студент үйрену қажет:

Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылыстарының түрін анықтау

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ұйқы безінің экзокринді қызметінің бұзылысы.
  2. Жедел және созылмалы панкреатитін этиология мен патогенезі.
  3. Ішектік диспепсия синдромы дамуының себептері мен механизмдері.
  4. Ішектің моторлық және тосқауыл-қорғаныштық қызметінің бұзылысы.
  5. Балалардағы іш өтуының патогенезі.
  6. Мальабсорбция синдромы.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, пікір- талас, жағдайлық есептерді шығару

1-ші есеп

Науқас И., 30 жаста, ас ішкеннен кейін пайда болатын қарын үсті аймағындағы ауырсыну мен толу сезімі, жүдеу және жиі сасыған кекірік шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өзін 5 жылдай ауырып жүрмін деп есептейді. Соңғы 2 күн ішінде өзін-өзі сезінуінің нашарлауын емдәмдағы қателіктерімен (ішімдік ішкенімен) байланыстырады. Зиянды әдеттері: шылым шегеді, алкоголь қабылдайды.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, тері астылық-май қабаты толық емес айқындалған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған.

Тілі ақ таңдақпен қапталған. Іші кепкен, пальпация кезінде қарын үсті аймағында ауырсыну байқалады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

2-ші есеп

Науқас О., 20 жаста, 3-4 сағаттан кейін ас ішкеннен кейін, аш болған кезде, кейде түн ортасында пайда болатын ішінің қатты ауырсынуы, сүт ішкеннен кейін ғана бұл ауырсынуының басылуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Іш қатуына икемділік пен арықтауы анықталады. Тәбеті сақталған. Өзін бір жылдай ауырып жүрмін деп санайды.

Сыртартқысынан науқастың шылымды көп мөлшерде шегуі, ішімдікті тым артық мөлшерде қабылдайтыны белгілі болды.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары бозғылт, тері асты шелмайы қанағаттанарлықсыз дамыған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ-сары таңдақпен қапталған. Ішін пальпациялаған кезде кіндіктен жоғары ортаңғы сызығынан оң жағында ауырсыну анықталады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

3-ші есеп

Науқас 3., 62 жаста, ас қабылдағаннан кейінгі құсуы және ішінің толуы мен ауырсыну сезімдерінің пайда болуы, әлсіздіктің өсуі, тәбетінің төмендеуі, арықтау шағымдарымен дәрігерге қаралды. 5 жылдай ауырып жүр. Анацидті гастрит бойынша амбулаторлы емделген. Өзін-өзі сезінуінің нашарлауын соңғы 5 ай ішінде айқындап отыр.

Объективті: Дене қызымы 36,6°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Келбеті сарғыш-сұр түсті, тері тығыздығы төмендеген. Тері астылық-май қабаты толық емес дамыған.

Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ-сары таңдақпен қапталған. Ішін пальпациялаған кезде қарын үсті аймағында ауырсыну байқалады. Осы жерде қозғалмалы, әлсіз ауырсынған 3 см мөлшердегі тығыздалу пальпацияланады. Оң жақ ортаңғы бұғаналық сызық арқылы қабырғалық доғадан 1 см-ге төмен бауырдың жиегі пальпацияланады.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4-ші есеп

42 жасар еркек ішінің төменгі бөлігі мен сол жағындағы ауырсыну, нәжістің көп мөлшерде емес сұйық болуы, іш қатуы мен іш өтуінің кезектесуі, дәрет сындыруға ауырсынулық хабарлардың болуы, іштің кебуі шағымдарымен дәрігерге қаралды.

Әлсіздік пен тез шаршағыштық мазалай береді. Бірнеше жылдай ауырып жүр.

Объективті: дене қызымы 37,1°С.Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Тері асты шелмай қабаты толық дамымаған. Өкпе мен жүрегі өзгеріссіз. Тілі дымқыл, ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, тоғышек бойымен шамалы ауырсыну анықталады.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

5-ші есеп

Науқас Г., 42 жаста, жалпы әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, жүрек айнуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Бұдан 10 жыл бұрын жедел вирустық гепатитті басынан өткірген. Жағдайының нашарлауы 2 апта бұрын басталды.

Объективті: дене қызымы 37,3°С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары таза, физиологиялық түсті. Көздің ағы, жұмсақ таңдай таза, сарғыш реңкімен. Тынысы везикулалық. Жүрек үндері анық, ырғақты, ЖЖЖ минөтіне 82 рет, АҚ 120/80 мм.сын.бағ.

Тілі сары таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында шамалы ауырсыну байқалады. Бауыры серпімді, шамалы ауырсынады, 3 см-ге ортаңғы бұғаналық сызық арқылы қабырғалық доғаның жиегі астынан шығып тұрады. Көкбауыры пальпацияланбайды.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Дополнительная:

  1. Патологическая физиология п/р Адо А.Д.– М.: Триада-Х, 2000
  2. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005
  3. Мороз Б.Б. Актуальные проблемы патофизиологии (избранные лекции) Москва: Медицина, 2002
  4. Патологическая физиология. Том 1, 2 //Под ред. Воложина А.И., Порядина Г.В. – М.: «МЕДпресс», 2005

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

Панкреатиттің этиологиялық факторларының бірі- дуоденальды- панкреотикалық рефлекс, ол келесі жағдайларда дамиды, ТЕК:

1. фатеров емгіштігінің ашылуы

2. он екі елі ішекте қысымның жоғарылауы

3. диетаның бұзылуы

4. он екі елі ішекте қабынуы

5. панкреатикалық ахилия

 

Мальальбсорбцияның (iшектегi сорылудың кешiгуi) екiншiлiк синдромы келесi жағдайларда дамиды, ТЕК:

1. асқазанда тамақ массасының жеткiлiксiз ыдырауы

2. iшек қабырғасының ишемиясы

3. ащы-iшектiң қабынуы

4. фермен-лактазаның туа бiткен жетiспеушiлiгi

5. iшектiң шырышты қабығының атрофиясы (целиакия)

 

Спастикалық iш қатудың дамуындағы этиологиялық факторды көрсет:

1. құнарсыз тамақтану

2. қорғасын, сынаптан улану

3. клетчаткасы аз, тез қорытылатың тамақ қабылдау

4. гипохлоргидрия

5. диетада калий және кальций тұздарының жетiспеушiлiгi

 

Iшек перистальтикасының күшеюі қандай сілекей бөлінудің жағдайын көрсетеді:

1. Шеген ауруы

2. ксеростомия

3. гиперсаливация

4. қалыпты саливация

5. гиперсаливация

 

Iшек перистальтикасын күшейтетiн этиологиялық факторды көрсет:

1. асқазан iшек жолындағы қабыну процесстер, тамақтын қорытылмауы (ахилия кезiнде)

2. қорғасынмен улану

3. құнарсыз тамақтану

4. авитаминоз В1

5. ішек қабырғасының спазмы, гиперхлоргидрия

 

Спастикалық iш қату дамуының себебiн көрсет:

1. қорғасынмен улану, психикалық әсерлер

2. құнарсыз тамақтану, гиповитаминоз

3. семiру

4. гиперацидтi гастрит

5. гипосекреция, гипохлоргидрия

 

Механикалық iшек өткiзбеушiлiгiне әкелетiн этиологиялық факторлар:

1. iшек бұлшықетiнiң спазмы

2. iшек iсiгi, iшектердiң айналуы

3. iшек бұлшықетiнiң салдануы

4. iшек тамырларының тромбозы

5.ішекте қабыну процесстері

 

Тромбоэмболиялық (гемостатикалық) iшек өткiзбеушiлiгiнiң себебiн көрсет:

1. гельминттер

2. iшек тамырларының салдануы, iшек тамырларының тромбозы

3. iшек бұлшық еттiнiң салдануы

4. iшек айналуы

5. ішек бұлшықетінің спазмы

 

Iшек перистальтикасының азаюы келесi этиологиялық факторларда анықталуы, ТЕК:

1. қорғасынмен улану

2. стресс

3. құнарсыз тамақтану

4. авитаминоз В1

5. асқазан-iшек жолының қабынуы

 

 

№ 3 Тәжірибелік сабаққа арналған

әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модул: 5. Асқорыту жүйесі

1. Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

 

2. Мақсаты:: Бауыр патофизиология білімін игеру, сарғаюлардың негізгі түрлерін және балардағы ерекшеліктерін білу

 

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

· Бауыр патологиялық бұзылыстарының негізгі синдромының себептері мен патогенезін

· Нәрестелердің сарғаю синдромының этиологиясы мен патогенезін

· Бауыр жетіспеушілік синдромын

Студент үйрену қажет:

Ван Дер Берг бойынша билирубин мөлшерін анықтау

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бауыр жетіспеушілік синдромының жалпы этиологиясы мен патогенезі, зат алмасудың бұзылуы.
  2. Портальды гипертензия дамуының түрлері мен механизмдері.
  3. Сарғыштанулар, олардың түрлері: гемолиздік, ұлпалық және механикалық сарғыштанулардың көріністері, себептері, даму жолдары.
  4. Холемия және ахолия синдромдары.
  5. Балалардағы бауырдың функциялық дамып жетілмеу көріністері

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда пікір талас, тәжерибе жасау

Тәжірибе № 1: Бақаның жүрек жумысының ырғағына өттін әсері

Қозғалыссыз бақанын құрсағын жоғары қаратып тақтайшаға бекiтедi, кеуде құысын ашып, жүрек қабын кесiп, жүректi жалаңаштайды. Жүрек соққысын 1 минут арасында есептейдi. Сосын жүрекке пипетка көмегiмен бiрнеше тамшы әртүрлi-концентрациядағы (1:10, сосын 1:5, 1:2, толық өт) өттi тамызады. Әрбiр аппликациядан кейiн жүректi физ.ерiтiндiсiмен жуады. Жүрек жиырлу ырғағының өзгеруiн бақылайды.

Нәтижесi:

Қорытынды:

Тәжірибе № 2: Бакальчук модификациясында Ван-Дер-Берг бойынша

билирубинді анықтау.

Пробиркалар реті алынады: 1,2,3,4,5,6,7,8,9. Барлық прбиркаларға 0,5 мл дистирленген су құйылады, бірінші және екінші пробиркаларға 0,5 мл сарысу құйылады, 2 ші пробирка араластырылып, сосын 0,5 мл мөлшері 3 ші пробиркаға құйылады, 3ші пробиркадан 0,5 мл 4 ші прбиркаға құйылады ары қарай т.с.с, ең соңғысынан 0,5 мл төгіледі. Пробиркалар ішіндегі сұйықтық штативті қозғалту арқылы араластырылады.Әрбір прбиркаға 0,5 мл реактив құйылады. Тура реакция болғанда нәтижесі 3 минуттан кейін оқылады. Неғұрлым сарысу құрамында билирубин мөлшері көп болса, соғұрлым түсі қызғылт болады. 1 мл сарысуда 0,016 мг билирубин болса минимальды қызғылт түстің пайда болатындығы анықталған. Мына мөлшерде 1/16 (5 пробирка) араластырған кезде боялу байқалды десек, 1/16 (5 пробирка), 100 мл сарысудағы мг билирубин мөлшерін анықтау үшін 16 х 0,016 мөлшері қажет және алынған нәтижені 100 мл ға көбейту керек.Егер 1 ші прбиркада бірден боялу байқалса, онда реакция тура, егер біраз уақыт өткен соң байқалса реакция тура ақырындаған.Егер 1 ші пробиркада боялу байқалмса, онда реакция тура емес.Сау дамда Ван-Дер-Берг реакциясы тура емес.Билирубин мөлшері Бакальчук бойынша 1,6-6,25 мг %

 

ПРОБИРКАЛАР БИЛИРУБИН МӨЛШЕРІ

1 1/2 3,2 мг %

2 1/2 3,2 мг %

3 1/4 6,4 мг %

4 1/8 12,8 мг %

 

Нәтижесі:

Қорытынды:

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Қосымша:

  1. Патологическая физиология п/р Адо А.Д.– М.: Триада-Х, 2000
  2. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005
  3. Мороз Б.Б. Актуальные проблемы патофизиологии (избранные лекции) Москва: Медицина, 2002
  4. Патологическая физиология. Том 1, 2 //Под ред. Воложина А.И., Порядина Г.В. – М.: «МЕДпресс», 2005

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

1. Гепатоциттердiң бiрiншiлiк зақымдануына әкелетiн этиологиялық факторды атаңыз:

1. бактериялар (стрептокок,стафилокок,сепсис)

2. жалпы амилоидоз

3. өт бөлiнудiң бұзылуы

4. қақпалы венадағы қан айналысының бұзылуы

5. жалпы қанайналым бұзылысы

2. Ауыр металдардың түзiлу механизмiң көрсетiңiз,бауырда (мыс,сынап,мышяк) залалсыздандыру керек:

1. өтпен экскреция

2. жұп қосылыстардың түзiлуi

3. ацетилдеу, метилдеу, тотығу, қалпына келуi

4. РЭС клеткаларымен фиксация және фагоцитоз

5. токсигендiлiгi аз қосылыстардың нуклеопротеидпен байланысуы

3. Бауырда тканьдердiң ыдырауынан пайда болатын микробтарды, эндотоксиндердi залалсыздандыру механизмiн көрсет:

1. токсигендiлiгi аз қосылыстардың нуклепротеидпен байланысуы

2. ацетилдеу, метилдеу, тотығу, тотықсыздану

3. жұп қосылыстардың түзiлуi

4. өтпен экскреция,РЭС жасушалармен фиксация және фагоцитоз

5. фагоцитоз

4. Бауырдың бiрiншiлiк билиарлы циррозы кезiндегi сарғаюдың түрiн анықтаңыз:

1. бауыр үстi

2. энзимопатиялық

3. холестатикалық

4. бауырклеткалық

5. бауыр асты

5. Бауырдың тотальды жетiспеушiлiгiндегi, бауырдың эндогендi комасының даму механизмiн көрсет:

1. портокавалды анастомоздың түзiлуi

2. бауыр жасушаларының массивтi некрозы

3. iшектен қанға токсикалық өнiмдердiң түсуiнен

4. бауырдың циррозы

5. бауыр клеткаларының дистрофиясы

6. Бауыр комасының патогенезiндегi клиникалық көрiнiстердi көрсетiңiз:

1. ОНЖ функциясының бұзылуы, су-электролит алмасуының жылжуы, метаболикалық ацидоз

2. жүрек-тамыр жүйенiң бұзылуы

3. қызба

4. қан-тамыр жүйесінің бұзылыстары,су-электролит балансының жылжулары

5. ОНЖ қызметінің бұзылуы, метаболикалық алкалоз

7. Өт тастарының пайда болу үшiн оттегi холестериннiң түсуiне әсер ететiн факторды ата:

1. холато-холестерин коэффицентiнiң жоғарылауы

2. өтте өт қышқылының жоғарылауы

3. өтте холестериннiң көбеюi, холато-холестерин коэффицентiнiң төмендеуi

4. өтте уробилиногеннiң көбеюi

5. өт тоқырауы, гипохолестеринемия

8. Гепатоциттердiң бiрiншiлiк зақымдануына әкелетiн этиологиялық факторды атаңыз:

1. жалпы қанайналысының бұзылуы

2. өттiң бөлiнуiнiң бұзылуы

3. жалпы амилоидоз

4. өндiрiстiк улар (фосфор,сынап,қорғасын)

5. вегетативті иннервация бұзылыстары

9. Бауырдың функционалдық жағдайына бөтен белокты парентералдi енгiзген кездегi болатын көрiнiстердi атаңыз:

1. бауыр циррозы

2. бауырдың диффузы

3. аллергиялық гепатит

4. вирусты гепатит

5. бауыр рагы

10. Экспериментте бауырды толығымен алып тастаған кезде болатын көрiнiстер:

1. қандағы және зәрдегi мочевинаның жоғарылауы

2. қандағы және зәрдегi мочевинаның төмендеуi, қан сарысуында альбумин, фибриноген, протромбиннiң төмендеуi

3. қанда аминдi азоттың және зәр қышқылының төмендеуi

4. қан сарысуында аминқышөылдардың, билирубиннiң (тура емес) төмендеуi

5. қандағы глюкоза жоғарылауы, белок алмасу өнімдерінің қанда жиналуы

11. Асқорыту процесi кезiнде бауыр жетiспеушiлiктiн маңызын анықтайтын

эксперименттiк моделдi табыңыз:

1. Павлов-Экка фистуласы (керi)

2. Экка фистуласы (тiкелей)

3. Лондон бойынша ангиостомия

4. бауырды толық алып тастау

5. гепатотроптық уларды жiберу

12. Клеткалық бауыр жетiспеушiлiк мынадай клиникалық көрiнiстермен

сипатталады,ТЕК:

1. ентiкпе және тахикардия

2. терi жабындарының сарғайуы

3. бауыр иiсi

4. беттегi терi асты тамырларының ұлғаюы

5. тәбеттiң нашарлауы, iштегi ауырсыну, үлкен дәреттiң бұзылуы

13. Iш сүзегi қоздырғышын, бауырдағы залалсыздандыру механизмiн көрсетiңiз:

1. нуклеопротеидтермен байланыстыру кезiнде токсиндiлiгi аз қосылыстардың түзiлуi

2. ацетилдеу, метилдеу, тотығу, тотықсыздану

3. қос құрылымдардың түзiлуi

4. РЭС (купфер жасушаларының) фиксациясы мен фагоцитозы, өттiң экскрециясы

5. гидролиз, дезаминдеу, декарбоксильдеу

14. Бауыр жетiспеушiлiк кезiндегi көмiрсу алмасуының бұзылуын анықтаңыз:

1. гликолиздiң бұзылуы, глюконеогенездiң тежелуi

2. аминқышқылы ыдырауының бұзылуы

3. мочевина түзiлуiнiң бұзылуы

4. липопротеид құрамындағы триглицерид бөлiнуiнiң тоқтатылуы

5. липопротеид синтезінің бұзылуы

15. Бауыр жетiспеушiлiгi кезiндегi май алмасуының бұзылуын анықтаңыз:

1. глюконеогенездiң тежелуi

2. аминқышқылының ыдырауының бұзылуы

3. холестерин синтезiнiң бұзылуы

4. мочевина түзiлуiнiң бұзылуы

5.моносахаридтерден гликоген синтезінің бұзылуы

16. Бауыр жетiспеушiлiгi кезiндегi май алмасуының бұзылуын анықтаңыз:

1. липопротеид құрамындағы триглицерид бөлiнуiнiң бұзылуы

2. аминқышқылдарының ыдырауының бұзылуы

3. мочевина түзiлуiнiң бұзылуы

4.бауырда гликоген түзiлуiнiң және жиналуының бұзылуы

5. бауырда гликоген қорының бітуі

17. Бауыр жетiспеушiлiк кезiндегi белок алмасуының бұзылуы мынамен

сипатталады:

1. азотемия, азотуриямен

2. гипопротеинемиямен

3. қан сарысуында аминқышқылдың төмендеуiмен

4. зәрде мочевина мөлшерiнiң жоғарылауымен

5. қанда протромбинмен фибриногеннiң мөлшерiнiң жоғарылауы

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 948; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.222 сек.